Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет39/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
Тест сұрақтары:

  1. Сәбилік кезеңдегі баланың психикасын дамытудағы жетекші фактор қайсысы?

  1. заттық әрекет

  2. сөйлеу

  3. тік жүру

Д) қарым-қатынас

Е)еңбек


  1. Қай жас кезеңінде баланың барлық психикалық қызметтері «қабылдау маңында, қабылдау арқылы және қабылдау көмегімен» дамиды (Л. С. Выготский)

  1. сәбилік жас

  2. орта мектепке дейінгі жас

  3. кіші мектеп жасы

Д) ересек мектепке дейінгі жас

Е) нәрестелік жас



  1. Сәбилік кезеңде ерекше байқалатын ес ерекшеліктері.

  1. қимылдық ес

  2. сөздік ес

  3. эйдетикалық ес

Э) эмоциялык ес

Е) логикалық ес



  1. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алуы қалай аталады?

  1. локомодация

  2. идентификация

  3. эмпатия

Д) атракция

Е) симпатия



  1. Қай жастағы балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі, ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер тән

  1. мектеп жасына дейінгі

  2. сәбилік кезеңге

  3. нәрестелік кезеңге

Д) мектепке даярлық кезеңге

Е) жаңа туған кезеңге



  1. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтын әрекеті мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық қалай аталады?

  1. таяудағы даму аймағы

  2. жақындағы даму аймағы

  3. алыстағы даму аймағы

Д) қашықтықтағы даму аймағы

Е) болашақтағы даму аймағы



  1. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал келеді. Сондықтан бұл кезеңй атайды?

  1. сензитивті

  2. локалді

  3. сихиялы

Д) саналы

Е) бағытталған



  1. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

  1. үлкендер

  2. оқу

  3. қоршаған орта

Д) тұқымқуалаушылық

Е)тәрбие


  1. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде

туғызады.

  1. жағымды эмоциялық көңіл-күй

  2. үрей

  3. жалтақтық

Д) жағымсыз эмоциялық көңіл-күй

Е) қорқынышты эмоциялық көңіл-күй



  1. Дүниеге келгеннен дүниеден өткенге дейінгі аралық қалай аталады?

  1. онтогенез

  2. фелогене

  3. жас даму сатысы

Д) жас даму кезеңі

Е) акселерация



  1. Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы

Жоспар:

  1. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы

  2. Көріп қабылдаудың ерекшеліктері

  3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері

  4. Сәбидің ойлауының ерекшеліктері

  5. Сәбидің зейіні мен есінің ерекшелігі

  6. Эмоцияның ерекшеліктері

Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы

Сәбилік кезеңнен бастап, бала айнала қорғашан ортадағы заттардың қасиеттерін қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды байқап, осы байланыстарды өзінің іс-әрекетінде қолданатын болады. Осының өзі баланың құралдарды қолданып әрекет

ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдарды пайдаланып, әрекет етуіне байланысты ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады. Өйткені нәрестелік кезеңнің өзінде кейбір заттарды қолымен ұстап, әрекет етіп, көзімен көріп, оның кейбір қасиеттеріне байланысты қабылдап, ажырата бастағаны мен сол зат туралы толық түсінігі болмайды. Нәрестелік кезеңнің соңында айналадағы заттарды жақсы бағдарлап, таныс адамдарды, заттарды танитындай болғанымен танудың өзі әр түрлі болады. Бұл кезде бала затты белгілі бір ерекшеліктерімен қасиеттерін қарап ажыратуы мүмкін. Яғни заттың бір ерекше көзге түскен белгісіне қарап ажыратады. Мысалы, құстың суретін көрсетіп тұрып әңгімелессек, кейіннен құстың тұмсығына ұқсас затты көрсе құс деп қабылдайды. Екі жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1. Заттың суретін немесе адамның бейнесін фотографиядан көрген кезде ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3. Екі жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды.


  1. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады.

  2. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті де артады. Өйткені үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті дамиды. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы қарым- қатынас жасау арқылы жүзеге асатын болғандықтан, бала екі жастың өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік кезеңінің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.

Көріп қабылдаудың ерекшеліктері

1) Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай жағдайда заттың жеке бөліктерін қабылдайды да оның тұтастай зат екенін ұмытып кетеді. 2) Қозғалмайтын заттың фонында қозғалып тұрған затты қабылдайды. 3) Бала фигураны көріп қабылдап қоймай, оның кейбір ерекшеліктерін қолымен сипау арқылы қабылдайды. Алғашқыда тек саусақтарының ұшымен сипап қабылдаса, бірте-бірте тұтастай алақанымен сипап қабылдайды. Сонда сәбилерде көріп қабылдаудан кейін сипап сезу арқылы жүзеге асады. Үш жасқа келгенде баланың тұтастай қабылдауының мынандай ерекшеліктері болады:



  1. Заттың түсі онша анық емес, жалпы нұсқа пішіні болса да, тұтастық мағына беріп, тұтастай зат ретінде қабылдай береді. Яғни қарапайым заттың бейнесі дұрыс бейнеленсе, бала дұрыс қабылдайды. Оны баланың «сыңарыңды тап» деген ойынды ойнауынын байқауға болады. Бірақ та өзіне таныс емес заттарды ерекше белгісі, формасы, түсіне байланысты талдап ажыраттырмаса, бала қателеседі. Бір жас сегіз айдан бастап заттың атын сөз жүзінде айту мен тікілей көрсетіп тұрып байланыстырса дұрыс қабылдайды. Мысалы, балаға анау себеттің ішінде тұрған допты әкеп бер деп себеттегі допты қолыңмен көрсетіп тұрып сұрсаң, балада бұрыннан доп туралы түсінігі болса, сөзді жеңіл түсініп қабылдайды. Екі жастың соңында қойылған сұраққа қабылдаған заттың атын атап, жауап береді. Бірақ әлі де болса, жеке бөліктерінің ерекшеліктерін ескермей жалпылама қабылдайды.

Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері

Үш жастағы баланың суретті қабылдауының өзінде мынандай өзгешеліктер болады. Қарапайым сюжетті жалпылама қабылдайды. Мысалы, екі жасар бала суретте қыз, мысық, ат, бала, ағаш бар деп тізбектеп атын айта салады. Ал ересек балалар қызы мысықты тамақтандырып жатыр, бала атпен шауып бара жатыр, ағаш өте әдемі болып өсіпті деп суреттің мазмұнына сипаттама береді. Бала кеңістік туралы ұғымды жүрген кезде ғана қабылдайды.

Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою дағдыларын жақсы меңгереді. Бірақ олар әлі де болса, заттар мен кеңістіктердің ара-қатынасын бөліп қабылдай алмайды. Негізінде заттың қасиеті туралы түсінік кеңістік туралы түсініктен ерте қалыптасады. Кеңістікті дұрыс қабылдату үшін заттың формасын, көлемін дұрыс қабылдай білуінің маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде заттар мен белсенді әрекет ету нәтижесінде екі жастың өзінде заттың алыс-жақындығын, кеңістікте орналасуын, кенестезиялық және көру, вибрациялық түйсіктер арқылы ажыратып қабылдайды. Ал қимыл қозғалысы толық дамымаған бала арақашықтықты ажыратуы қиынға түседі. Бала бір жарым жастан соң, үлкенді кішіден ажырата бастайды. Үш жастан бастап, бала кеңістікті өзінің дене мүшесімен тікелей байланыстыру арқылы қабылдайды. Мысалы, өзінің оң және сол қолын ажыратқан соң кеңістікті соған қатыстырып меңгереді. Мысалы, менің оң қол жағымда терезе, сол қол жағымда есік, алдымда тақта, артымда орындық деген сияқты. Осыдан кейін балада заттарды салыстыра отырып, қабылдату дағдысын иегерді.

Сәбидің ойлауының ерекшеліктері

Сәбилік кезеңнің өзінде баланың заттар мен әрекет етуінен ойлауының дамығандығын көруге болады. Мысалы, шашылып жатқан ойыншықты біріктіріп, олар мен өздігінен әрекет етуді үйренуі әлде қайда маңызды іс, бірақ әлі де болса, мәселені өздігінен шеше алмайды да, үлкендердің өздеріне үлгі көрсетіп, басшылық жасауын талап етеді. Соның нәтижесінде әрекетті дербес орындауға тырысады. Алғашқы кездің өзінде баланың тәжірибе жүзінде ойланып, әрекет етуі кенеттен болмайды. Екі жастағы бала үстелден тысқары отырғанда үстел үстінде өзін қызықтыратын бір ойыншық тұрса, оған зейіні ауып, алғысы келеді. Бірақ, қолын созып көріп жетпеген соң, жанында жатқан таяқшаны алып ойыншықты қозғайды. Ақырында таяқшамен қозғалған ойыншықтың қозғалысына зер салып, әрекетті бір неше рет қайталайды да, соның нәтижесінде өзінше белгілі бір қорытындыға келеді. Баланың сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауын көрнекі іс- әрекеттік ойлау деп аталады. Бала көрнекі әсерлік ойлауды айнала қоршаған ортадағы әртүрлі заттар мен құбылыстардың байланыстарын зерттеу үшін қолданады.

Сәбилік кезеңде бала мәселені қарапайым тар көлемде көрнекі бейнелік ойлау жолымен шешеді. Неғұрлым күрделі мәселені шеше алмайды немесе көрнекі бейнелік жастарда ғана шешеді.

Қандай болмасын көрнекі бейнелік әсер етудің қорытындысынан шығатын мәселені іштей шешуді баланың көрнекі бейнелік ойлауы дейміз. Мысалы: таяқшамен әрекет етуді үйренгеннен кейін өзінің диванның астына домалап кеткен ойыншығын алуға болатынын түсінеді. Баланың ойлауының дамуына тілінің шығуы негіз болады. Өйткені бала тұтас сөзді құрастыра алмай тұрып сөз тізбектерін байланыстырып айтады. Заттың нақты сапасын және амалын көрсететін сөздерді пайдаланады. Осы кезден бастап, бала заттар мен құбылыстар арасындағы өзара қарым-қатынас байланыстарды білуге деген қызығушылығы артады, үлкендерге көптеген сұрақ қоя бастайды.

Сәбидің зейінінің ерекшелігі

Сәбилік кезеңде баланың зейінінің шоғырлануы әлсіз және жаңа уақытқа өтеді, өйткені жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы. Мысалы: олар ойнап отырған ойыншығын 12 минөттің ішінде сегіз рет ауыстырады. Сонда

баланың әрбір ойыншықпен әрекет етуі екі минөттен аспайды. Себебі: бала өзінің зейініне басшылық жасап меңгере алмайды. Бұлардың зейіні көбінесе ырықсыз болады да, зейінін ашық түсті затқа, қатты дыбысқа ерекше түске аудара береді.

Сәбилік кезеңде олардың зейінінің көлемі тар болады. Мысалы, үстел үстінде бір неше ойыншық тұрса, соның екі-үшеуін ғана қабылдап есте сақтап қалады. Сондай-ақ осы кезде бала екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде шоғырландыра алмайды. Баланың жасы өскен сайын ойын әрекетімен шұғылдану нәтижесінде зейін тұрақтала түсетінен көруге болады. Осы кезде бала әдемі ойыншықпен ойнап отырса да, одан да ашық түсті дыбысы жақсы қызықтыратын ойыншықты көрсетсең, қолындағысын тастай салып, жаңа ойыншыққа ұмтылады. Бұл да зейіннің тұрақсыздығына байланысты. Сәбилер бір мезгілде екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде бөле алмайды және ұзақ уақыт зейінін шоғырландыруы да қиын.

Баланың жасы өскен сайын ойын және оқу әркетімен шұғылдануының нәтижесінде зейіннің тұрақтала түсетінін көруге болады.

Баланың жасы өскен сайын есте сақтауының көлемі арта түседі. Мысалы, бір жасар бала көргенін екі аптаға дейін ұмытпайды, ал үш жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің дамуы жүрумен және айналасындағыларымен тіл арқылы қарым- қатынас жасаумен байланысты, сонымен қатар ойын әрекетімен де шұғылдануының маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде бала тілімен мазмұны жағынан түсінікті өлең, тақпақ, ертегілер сияқты ұйқасы, ырғағы жақсы келетін мәтіндерді тез ұғып алады. Үш жастағылардың есте қалдыруларының негізгі ерекшелігі жаттайтын материалдардың сыртқы түріне, аз көптігіне көңіл бөлетіндігі, есінің нақты бейнелі келетіндігінде. Үш жаста балада еріксіз есте сақтау күшті дамиды. Мысалы, тақпақты, өлеңді тез жаттап алғанымен оның мән мағынасына түсінбейді.

Эмоцияның ерекшеліктері

Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық функциялардың дамуынан бөліп қарауға болмайды.

Сәбилік кезеңдегі қабылдаудың аффективті басымдылығы байқалады. Бала өзі қабылдағанына ғана эмоциялық тұрғыда жауап қайтарады. Ол дәрігерді көргенде қатты уайымда болады, бірақ біраз

уақыт өткеннен кейін тынышталып, жаңа нәрселерге қызыға бастайды. Бала келешекте оны қиындық күтіп тұр деп ренжи алмайды немесе бес күннен кейін ол сыйлық аламын деп қуана алмайды. Бала тілегі тез, ауыспалы, тұрақты емес, ол оларды қадағалап немесе ұстай алмайды: оларды тек қана үлкендердің жазалуы мен мадақтауы шектей алады. Бар тілектері бірдей күшке ие: сәбилік кезеңде салыстыру уәжі болмайды. Мұны таңдау жағдайларында байқауға болады. Егер балаға 2-3 жасында бірнеше ойыншықтың ішінен өзіне біреуін таңдап ал десек, олар ұзақ қарап сұрыптай бастайды. Әйтеуір біреуін таңдап алады, енді сол ойыншығыңмен басқа бөлмеге бар десек, өз таңдауынан бас тартады. Ойыншықты орнына қойып, оны қызықтыра тартып тұрған заттардан алып кетпейінше, сол жерде ойыншықтарды сұрыптап тұра береді. Біреуін таңдап, шешім қабылдауға бала әлі қабілетті емес. Эмоциялық қажеттіліктер аймағының дамуы үлкендермен және өзімен жасты балалармен қарым-қатынас негізінде дамиды. Жақын адамдарымен қарым-қатынас жасау арқылы бала «үлкендер әлемін» тани бастайды. Махаббаттан, эмоциялық жылылықтан бөлек бала өзінің барлық іс- әрекетінде үлкендердің қатысуын қалайды.

Сәбилік кезеңде басқа балалармен қарым-қатынасқа түсу пайда бола бастайды. Бірақ қарым-қатынастың мұндай түрі тұрақты емес. Сәбилік кезеңде бала басқаның тілегін есепке алмайды, ол өз тілегінің қалауы бойынша жүреді. Өзімшіл басқа баланы түсінбейді және басқалардың көңіл-күйіне ортақтаса алмайды. Баланың эмоциялық механизмі кешірек, мектепке дейінгі кезеңнің алдында ғана қалыптасады. Соған қарамастан балаға құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау тиімді, эмоциялық дамуына көмегін тигізеді. Сәбилік кезеңінде баланың тілігіне байланысты эмоциясы жарқын сипатта болады. Осы кезде де баланың эмоциялық қажеттілігі өзіндік сана-сезіммен тығыз байланысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет