Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет38/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттерді атаңыз

  2. Сәбилік шақтағы іс-әрекеттің түрлеріне тоқталыңыз

  3. Бала психикасының дамуына заттармен әрекет етудің ықпалы бар ма?

  4. Сәбилік кезеңде заттар мен әрекет ету арқылы қарым-қатынасқа бейімделудің жолдарын атаңыз

  5. Сәбилік кезеңде жетістіктерге жетуге заттармен әрекет етудің ықпалы.

  1. тапсырма

1 жас 6 айлық Серікті анасы киіндіріп отырып, «Қазір көйлегіңді киесің. Көйлегің кәне, маған әкеліп бер, шұлығыңды, бәтеңкеңді де ала кел» дейді. Серік баяу болса да анасының айтқандарын орындайды. Ананың әрекетімен келісесіз бе? Анасы сөз арқылы баласына тәрбиенің қандай сипатын қалыптастырғысы келеді? Қалай пайымдайсыз, осыдан соң Әли өз ықыласымен киіне ме?

  1. тапсырма

2 жас 8 айлық Меруерттің шешесі тәрбиешіге: «Қызым балаларға арналған кешкілік ертегі мен теледидар хабарын зейін қойып таңдайды. Кейде мультфильм көрсетер алдында оған түсінік берілсе, зейіні басқа жаққа тез ауып кетеді. Ал егер ертегі кітаптан оқылса, онда оны, тіпті тыңдамайды» дейді.

Сұрақ: Меруерт неліктен ауызша әңгімені тыңдамайды? Оның зейінін ауызша айтылған әңгімеге қалай тұрақтандыруға болады?

  1. тапсырма

Хайуанаттар паркінен қасқырды алғаш рет көрген Мерей шешесінен: «Рекс мұнда неғып тұр?» деп таңдана сұрады. (Рекс көршінің иті)

Баланың жас ерекшелігін анықтаңыз. Баланың қасқырды қалай қабылдағанын түсіндіріңіз.



  1. тапсырма

Сырым қолына қарындаш, қағаз алып, «ұшақтың суретін саламын» деді. Алайда суретті салғаннан кейін, «пойыз салдым» деді.

Сұрақ: Осы құбылыс заңды ма? Мұндай әрекет баланың қай жас кезеңіне лайық?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет