Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет5/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
китап

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Балалар психологиясы ғылымы қандай мәселелермен шұғылданады?

  2. Балалар психологиясы ғылымы нені зерттейді?

  3. Балалар психологиясы ғылымы қандай пәндермен байланысты?

  4. Балалар психологиясы ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіз?

  5. Бала психикасының даму заңдылықтары деген не?

  6. Қазіргі балалар психологиясының теориялық және псиактикалық міндеттеріне не жатады?

  7. Психология ғылымында жас кезеңдерін зерттейтін қандай ғылым?

  8. Психология ғылымы бойынша жас кезеңдері қалай бөлінеді?

  9. Мектеп жасына дейінгі жас кезеңдерін жеке-жеке талдаңыз.

  10. Балалар психологиясы ғылымының бүгінгі қоғамдағы рөлі қандай?

  1. тапсырма.

Қай әдіс диалектикалық-материалистік зерттеу талабына сай екендігін анықтаңыз.

а) Оқушы арнаулы кабинетте болады. Аспаптап оның тыныс алу өзгерісін, тамырының соғуын, егу жұмысы кезіндегі тітіркендіргіштерді байқап, жазып жатыр. Тәжірибе қорытындысы оның бұрыннан белгілі жағдайларымен салыстырылып қарастырылады.

ә) Оқушының жазу үлгісі оның жеке басының ерешеліктерін және мінез-құлық сипаттарын анықтап білуге болатынын көрсетеді.


  1. тапсырма.

Мысалда қандай зерттеу әдісі қолданылған?

Зерттелушінің сезімін анықтау мақсатымен оған қорқынышты суреттер көрсетіледі де, сол кезде терінің астында болып жатқан өзгерістер электрондық аппараттармен зерттеледі.



  1. тапсырма

Не себептен балалар салған суреттер зерттеуші үшін бала психикасы жайында бағалы материалдар болып табылады?

Балалардың салған суреттерін қалайша зерттеуге болады?

Өзіңіз зерттеген мәселенің жоспарын жасаңыз.


  1. тапсырма

Баланың ақыл-ойының даму деңгейін анықтау үшін қандай тестерді пайдалануға болады?

  1. тапсырма

Балалар бақшасында зерттеушілер социометрия әдісін жиі қолданады. Сол социометрия әдісінің көмегімен қандай жайттарды анықтауға болады? Бұл әдістің жеткіліксіз жақтары қандай? Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу балалардың әрекет кезіндегі таңдаулары арқылы нәтижелі болуының себебі неге байланысты?

Тест тапсырмалары:



  1. Балалар психологиясының зерттеу пәні:

  1. бала психикасының даму заңдылықтары мен фактілері

  2. баланың психикалық даму заңдары

  3. баланың қарым-қатынасы

Д) баланың психикалық іс-әрекеті

Е) баланың психикалық дамуы



  1. «Егер педагог баланы барлық жағынан тәрбиелегісі келсе,онда оны алдымен жан-жақты зерттеп білуі керек» - деген кімнің сөзі:

  1. К. Д. Ушинскийдің

  2. А. Құнанбаевтің

  3. Н. К. Крупскаяның

Д) Д. Б. Элькониннің

Е) А. С. Макаренконың



  1. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың конвергенциясы жайлы идеяның негізін салған кім?

  1. В. Штерн

  2. Дж Локк

  3. Ж. Пиаже

Д) А. Бине

Е) З. Фрейд



  1. К. Д. Ушинскийдің: «Қуатты әрекетшіл қиял ұлы ақылға қажетті жабдық»-деген сөздерін қалай түсіндіруге болады?

  1. қиялдың жеке тұлғаның ойлау іс-әрекетімен өзара байланысы

  2. барлығы қиялмен міндеттелінген

  3. қиял ойлаумен бірлесіп шығармашылық іс-әрекетке еніп, әлемді өзгертуге, жаңалықтарды ашуға ықпал етеді

Д) шығармашылыққа қиял ілеседі

Е) қиял іс-әрекеті жеке тұлғамен, оның қажеттіліктермен өзара байланысқан



  1. Шетел балалар психологиясындағы әлеуметтеуші бағыттың өкілдері үшін не нәрсе маңызды?

  1. бала-ересектің қолындағы тіл алғыш құрал

  2. жеке тұлғаның белсенділігін жоққа шығару

Д) сыртқы құбылыстар

  1. дамудың социумынан тәуелсіздігі

Е) баланың сыртқы ортаға тәуелді болуы

  1. Психика дамуының маңызды шартын не құрайды?

  1. жас ерекшелігі анотомиясы мен физиологиясының жетістіктерін пайдалану

  2. еліктеу

  3. ми қызметін жетілдіру

Д) қарым-қатынасының дамуы

Е) жүйке жүйесінің қалыпты пісіп жетілуі мен жұмыс істеуі



  1. Шетел мектептеріндегі балалар психологиясы нені оқытады?

  1. интеллект мінез-құлық, сезімдер

  2. сана

  3. дағдылар

Д) таным

Е) басқа балаларды асыра мақтау



  1. Балалар психологиясы қай ғылымның жетістектерін үнемі қолданады?

  1. жас ерекшеліктері анатомиясының

  2. педагогиканың

  3. математиканың

Д) философияның

Е) кибернетиканың



  1. Балалар психологиясы курсының оқу тапсырмаларын шешуде болашақ педагог нені білуі керек?

  1. бала психикасының дамуына ересек пен баланың қатынасымен байланысты белсенді әрекеті мен әлеуметтік жағдай ықпал етеді

  2. балалар еліктегіш

  3. бала психикасының дамуы - әлеуметтік үрдіс

Д) бала психикасының дамуы өзінің белсенді іс-әрекетінде жүзеге асады

Е) баланың іс-әрекеті әрқашанда баланың ересектермен қатынасына байланысты.



  1. Жас ерекшелігі психологиясы пәнінің негізгі қызметі:

  1. Білім, іскерлік, дағдыларды калыптастыру.

  2. Тәрбие жұмыстарын жургізу.

  3. Адамның әр түрлі жас кезеңіндегі психикасының ерекшеліктерін зерттеу.

Э) Жас ұрпаққа білім беру.

Е) Оқыту жұмыстарын жүргізу.



  1. Бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу
    әдістері
    .

Жоспар:

  1. Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі

  2. Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттеу

  3. Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс- тәжірибемізде қолдана білу

  4. Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін жүзеге асыру

Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі

Балалар психологиясының зерттеу әдістері - баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.

Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені зерттейтініне байланысты. Былай қарағанда, осы фактылар бізді барлық жағымыздан қоршап тұрғандай. Әрбір ана, әрбір тәрбиеші баланың дамуын қадағалап отырады және бала дамуының барысын айтып, көптеген мысалдар келтіре алады. Бірақ әдеттегі әсер кезінде басты мәселе екінші кезектегі ұсақ-түйекпен, болжам мен жорамал, нақты фактылармен араласып кетеді. Ал ғылым бақылаушының жеке басының әсеріне байланыссыз жасалған және тексеруге болатын кез келген басқа зерттеуші айта алатын сенімді де объективті фактілерді қажет етеді.

Атап өткеніміздей балалар психологиясы балалардың психикалық дамуын зерттейді. Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.

Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен
зерттеу

Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері - бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет