Эксперимент - балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек.
Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-
тәжірибемізде қолдана білу
Бақылау әдісінің ерекшелігіне балалардың күнделікті өмірдегі әрекеттері, ойлары жатады. Бақылау әдісі келесі жағымды жақтарымен ерекшеленеді:
Ғалым баланың шынайы әрекеті туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан ешкім бақылап жүргенін білмесе ғана өздерін еркін ұстайды.
Балалардың мінез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретінде көреді.
Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзі, күйзелістері оның құрдастарының сөздерінен, қылығынан туындайды. Сондықтан бақылау әдісі баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым- қатынаста болатынына мүмкіндік береді.
Бақылау әдісі бала мен мұғалім арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді
Жағымсыз жақтары:
Бақылап жатқан деректердің шындылығы әр құбылыстың түсінушілігін, талдауын қиындатады;
Балаларды бақылай отырып, зерттеуші ешнәрсені түзете алмайды, тек қана бақылап жатады.
Зерттеуші бір деректі бірнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.
Бақылау әдісі арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |