Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


5.2. Топырақтағы химиялық құрамның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет57/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

138
5.2. Топырақтағы химиялық құрамның қалыптасуы
Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер 
құрамы көп жəне ол көп жылға жетеді. Н. П. Ремезов деректері бо-
йынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, 
бидайдан орташа түсім алғанда небары 250 жылға жетеді екен, ал 
калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік. Бірақ өсімдіктер үшін эле-
менттер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы фор-
малары маңызды.
Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық ғана түрінде бола-
ды, сондықтан ол күрделі келеді, соның ішінде мəдени өсімдіктер 
үшін сіңірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нəтижесінде пай-
да болатын аммоний жəне нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.
Фосфордың органикалық қоспалары жəне фосфор құрамы – 
минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий 
негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына 
кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.
Өсімдіктер сіңірілген калийді жəне калийдің суда еритін 
қоспаларын бойына тартады, бұлардың топырақтағы мөлшері 
мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген жəне суда еріген 
күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы. Өсімдіктерге сіңімді түрдегі 
химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда 
өте аз. Сондықтан мəдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, 
жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада 
топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.
Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге 
химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, 
өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азая-
ды, бұл егін өніміне əсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ-тың 
орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы 
азот мөлшері 20%-ға кеміген, келесі 20 жылда 10%-ға, келесі 20 
жылда 7%-ға кеміген.
Сондықтан агрохимия ережесіне сəйкес тыңайтқыш қолдану 
ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жəне жер құнарлылығын 
көтеретін маңызды тəсіл болып табылады.
Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық ай-
налымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді. 
Органикалық минерал тыңайтқыштарды қосумен қатар соңғы жыл-


139
дары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар 
массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді 
күшейтуге жəне химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол 
жеткізіледі. Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыды-
ратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макро-
элементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін жəне бытырап 
орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.
Олардың болмауы немесе аз болуы мəдени өсімдіктердің ауруы-
на, түсімнің аз болуына əкеледі.
Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар 
кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп 
кездеседі («өңдеу сырқаты» деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл 
ауру жойылған, астық өнімі көбейген.
Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік 
саңырауқұлақтарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, 
марганец, молибден жəне сирек кездесетін элементтер топыраққа 
қосқанның əсері болатыны анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет