Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет122/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

институтының авторлық ұжымы Информатика ойындар мен
есептердеатты курс бастауыш мектеп оқушылары үшін арналып
жасалған.
Курстың негізгі міндеттері:
 ақпараттық технология саласында есеп шығару
біліктілігін дамыту:
 есептерді шығаруда логиканы пайдалану;
 есептерді шығаруда алгоритмдік тəсілді қолдану;
 есептерді шығаруда жүйелілік тəсілдерді қолдану;
 есептерді шығаруда белгілі бір нəтижеге бағытталған тəсілді
қолдану.
Бастауыш мектептерге арналған компьютерлік
технологиялардың қарастырылған талдауынан көргеніміздей,
қалыптасқан оқу мазмұнының екі жетекші компонентін бөліп
қарастыруға болады. Біріншісі – оқушылардың ойлау əрекеттерінің
құрылымын қалыптастыратын, адам өмірі мен қоғамдағы ақпарат-
тық үдерістің маңызын ұғындыратын, ақпараттық технологияны
қолдануда машықтық біліктіліктерді дамытушы ғылым ретінде
информатиканы оқып-үйрену қажет. Екіншісі – мектеп пəндерін,
мысалы, математикадан есептер шығаруға үйретуде, орыс тілінің
сауаттылығын арттыруда жəне т.б. пəндерді оқытқанда оқушылар-
дың оқу қызметінде компьютерлік технологияларды пайдалану
қажет. Осы екі компоненттің екеуі де қоғамның қазіргі талабына
жəне информатика бойынша білім стандартының талабына жауап
береді.
Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдануда
оқу мазмұнының жетекші компоненттерін бөлу басқа да шетел
мектептерінде пайдаланылуда. Францияда 1986 жылы қабылданған
бастауыш мектепте білімді компьютерлендіру бойынша деректива-
лық құжатта былай делінген: Мұғалім компьютерге қандай
мақсатпен баратынын анық білуі тиіс: информатика ұғымын меңгеру
үшін бе немесе басқа пəндерге қатысты білімді меңгеру үшін бе?.
Осыған байланысты оқушылардың меңгерген білімдерін бағалауға
болады.
Жоғарыда айтылған компьютерлік əдістемелік-бағдарламалар-
дан өзге, Мəскеудегі Никитафирмасында жасалған 3 жастан 10
жасқа дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындар да белгілі
болып отыр. Олар балаларды көркемдік деңгейінің жоғарылығымен,
сюжеттік тартымдылығымен, грaфикалық__________, музыкалық қасиеттері-
мен өзіне тартады. Алайда, олардың көпшілігі мектепке дейінгі
балалар үшін ойындық сипатта жасалған, əдістемелік нұсқауларының
жоқтығынан оларды қолдану тиімділігі төмендейді.
Компьютерлік Əліппе сабақтарыбағдарламасы қазіргі
заманғы қуатты компьютерлерге арналған. Ол балаларды оқытуға
ыңғайлы, өзінің керемет кең мүмкіндіктерін жақсы көрсете біледі.
266 267
Мысалы, ғажайып түрде жасалған мультипикация элементтері,
компьютерлік дизайн жəне музыкалық стерео сүйемелдеулері бар.
Əліппе сабағынакəсіпқой дикторлардың дауысы жазылған,
бұл балаға оны үлкендердің көмегінсізқ пайдалануға қолайлы
жағдай туғызады. Мұнда бағдарламаланған оқыту идеялары да
жақсы қолданылады: бала бір əріпті толық меңгермей тұрып, келесі
əріпке көше алмайды. Өкінішке орай, Əліппе сабағынегізінен
компьютерді үй жағдайында пайдаланатын балалар үшін арналған
жəне өзінің техникалық талабы бойынша оған көп мектептердің
қолы жетпей отыр.
Қазіргі уақытта үй жағдайындағы компьютерлерге балаларға
тартымды болуы үшін оларға қойылар талапты, яғни компьютерлік
бағдарламалардың жоғары көркемдік деңгейі, мультипликациялық
жəне музыкалық элементтермен толықтығы, əдемі ойластырылған
дизайні толық қанағаттандырады. Алайда, отандық мектептердің
экономикалық жағдайының төмен болуына байланысты мұндай
бағдарламалар алдымен жеке секторлар үшін арналып жасалған.
Мектептегі оқу үдерісіне компьютерлік технологияны ендіру,
қиындықтармен бірге, басқа да жаңа мəселелерді туғызады.
Жұмысқа жоғарыда аталып өткен шектеулерден өзге, санитарлық-
гигиеналық нормаларға сəйкес, тағы да талап етілетіндері:
техниканың əртиптілігі;
компьютер жəне шығын материалдарының жоғары
құны, сонымен қатар компьютерлік əдістемелік-бағдарламамен
қамтамасыз ету;
сервистік қызметтің сапасының төмендігі;
оқулықтар мен көмекші құралдардың тапшылығы;
тəжірибе алмасу жүйесінің жоқтығы;
информатика пəні мұғалімінің тұрақтамауы;
бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы ақпараттық
сауаттылығының төмендігі.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен
экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мəселесі бүкіл
халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары
психологиясын меңгерген дүиежүзілік бəсекеге төтеп беретін,
өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке
айналады. Ол дəрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас
ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
Қорыта келгенде, бастауыш мектепте компьютерлік
технологияны қолдану барысына жасалған талдау төмендегідей
тұжырым жасауға мəжбүрлейді:
Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері,
балалардың мектепке дейінгі жастан бастап компьютерге ойын
құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарауы, олардың сапалы
оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта шетел жəне отандық мектептерде компьютер-
лік технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының
кеңейе түсу үдерісі байқалады. Жаңа педагогикалық-бағдарламалық
жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-
гигиеналық нормалары анықталып, үй жəне қашықтан оқыту
жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып
келеді. Негізінен пəнаралық белсенді байланыстарға орныққан оны
теориялық біліммен салыстырғанда информатиканы ғылым ретінде
оқытуға бағытталған.
Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың
өзіне тəн ерекшелігі – сабақты ойын үлгісінде жүргізу.
Компьютерлік технологияны оқу үдерісіне пайдалануды
жетілдіруде бірқатар кедергілер кездеседі, олардың негізгісі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет