Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет129/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

бағыттайды.
Бастауыш мектепте əдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарын
модульдік технология арқылы оқытуға мұғалімнің даярлығын
анықтайық.
І кезең мұғалімнің модульді даярлауы:
 Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне
(тақырыптар блогіне) бөлу;
 Оқытудың нақты нəтижелері тізбегін құру (əрбір оқушы нені
біліп, үйрену тиіс);
 Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын
ұйымдастыру.
 Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек, сызба-
конспект құрастыру.
 Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер
жəне бақылау жұмыстарын əзірлеу.
 Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар
дайындау.
ІІ кезең мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау əрекеті.
 Сөйлесу бөлімінде оқу материалын оқып үйрену үшін
оқытудың белсенді формаларын таңдау Қарлы кесек», «Брейн-
ринг», «Жеке топтық», т.б.);
 Əр түрлі күрделілік дəрежесіндегі деңгейлі тапсырмалар
жəне олардың жауап үлгілерін дайындау;
 Əрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар
əзірлеу.
Бақылау формалары:
1. Тестілеу (еске алушы тест, балама жауаптары бар тесттер,
сəйкестілік тесті, т.б.).
2. Сынақ.
3. Релелік сынақ.
4. Бақылау жұмысы.
5. Диктант.
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту
емес, оқушының танымдық қабілетін жəне танымдық үдерістерді
жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны
қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін
арттыру.
Бастауыш мектепте əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарын модульдік
оқыту технологиясы арқылы оқытудың басты ерекшелігі бастауыш
сынып оқушыларының қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту,
тұлғаның дамуына жағдай жасау; Оқушы + оқушымен + топпен +
ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру.
Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігінен күрделіге
қарай бірнеше іс-əрекет формалары ауысып отырады. Мысалы:
сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық неме-
се бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты
қолданған тиімді. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың
өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуға,
жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлу қажет.
Əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарында сөздікпен жұмыс бастауыш
сынып оқушысының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс
оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады.
Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі
сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау жəне
қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс
түрлерінің бірі сабақта мəтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру.
Бастауыш мектептің əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарындағы мəтінмен
жұмыс (мазмұндама жазғызу, т.б.) дегеніміз сабақта өтілетін
əртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
 Дыбыстармен жұмыс;
 Сөздіктермен жұмыс;
 Сөздік қорларын жетілдіру;
 Тіл дамыту;
 Ережемен жұмыс;
 Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
286 287
Мəтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
 мəтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
 мəтінмен жұмыс кезеңі;
 мəтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мəтін алдындағы жаттығулар мен соған сəйкес жұмыс түрлері
мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін
мəтінде танып, айыра білу жəне əртүрлі құрылымдық материалдарды
(сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.
Келесі мəтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мəтіннің тілдік
материалы мен құрылымы орындалады. Мəтін ішінен қажет
мəліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын
əртүрлі тəсілмен орындау. Мəтінмен жұмыс былайша
ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мəтін бойынша
сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту,
негізгі жанама ойды топтастыру, қорытынды жасату.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мəтінді оқып,
түсініп, негізгі ойды дəптерде түсінікті етіп жеткізе білу.
Мəтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
 логикалық сұрақтар;
 сөздік жұмыстар;
 фонетикалық жаттығулар;
 сөйлем құру;
 мəтінге жоспар құру;
 мəтінге ат қою;
 диалог, ситуация құру;
 мəтіннің мазмұнын жоспар бойынша жазу, айту.
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында мəтінді оқытудың
мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдануға болады:
 Дауыстап __________оқыту арқылы оқушының сөйлеу элементтерін
меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі оқушылар
бірінің қатесін бірі естіп жəне түзетіп отырады;
 Іштей оқу бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң
оқу дəрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу
үшін бір мəтін беріп, қай жерге дейін оқу керектігін белгілейді. Əркім
белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады.
Солай оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін анықтауға
болады.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану
бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырып, оларды
ынталандырады, теориялық білімдерін тəжірибеде қолдануға
үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдалануға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет