Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет125/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның
білімді меңгертуде, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін жəне
танымдық үдерістерін: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру,
қимыл жəне т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы
жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондай-
ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас
жасау, ойын танымдық жəне шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша жəне жазбаша
тілде) дамытуға бағытталуында.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі – дарынды балалармен
тұрақты жəне жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде.
Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген
тəсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.
Модульдік оқыту іс-əрекет принципіне негізделген, оқушының
274 275
кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-əрекеті болғанда ғана
білім мазмұны саналы меңгеріледі.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды
оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды,
балалардың өзін-өзі бақылау жəне бағалау жүйесін анықтайды, сол
арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту үдерісін қамтамасыз
етеді. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:
Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының
көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында
деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне
септігін тигізеді. Өйткені, ол бүгін басқалардың көмегімен
орындалған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл
аяқталады да, оқушы актуалды даму аймағына енеді. Осылай жаңа
деңгейде келесі цикл бастау алады.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін
көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу əрекетінің əртүрлі
формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың жəне ауыспалы құрамда)
ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.
Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері:
 іс-əрекеттегі нақтылық логика;
 белсенділік жəне оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі;
 жеке жұмыстың қарқыны;
 нəтижелерді салыстыру (аралық жəне қорытынды);
 өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау.
Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі
оқыту үдерісін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал
жұмсай отырып жоғары нəтижеге жетуді талап етеді.
Модульдік оқытудың принциптері:
- модульдік принципі;
- оқыту мазмұнынан ерекше мəселелерді бөліп алу принципі;
- қарқындылық;
- білім мен оның жүйесінің əсершілдігі мен жылдамдығы;
- болашақ міндеттерді саналы түсіну;
- əдістемелік кеңестің жан-жақтылығы принципі;
- теңбе-тең принципі.
Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты.
С. И. Ожегов: Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің,
ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі, – деді.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш
құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен жəне
қорытынды бөлімнен тұрады.
Əр оқу модулінде сағат саны əр түрлі болады. Бұл оқу
бағдарламасы бойынша сол тақырыптар тобына немесе сағат
санына байланысты. Ғалымдардың зерттеулерінде 7-12 сағаттан
тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екені көрсетіледі.
Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан,
кіріспе жəне қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Қалған
барлық сағат сөйлесу бөліміне бөлінеді.
Психологтардың пайымдауынша, əрбір дербес тарауды
(тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе-
қызықтырушылық, операционолдық-танымдық жəне рефлексиялық-
бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л. М. Фридман). Кіріспе-
қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің
жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.
Сондықтан мұғалім осы оқу модулін барлық уақытына есептелген
оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте жəне
т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып, түсіндіреді.
Технология ауқымында оқу үдерісі мынадай бастапқы
жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық
қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі
барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше
мəн беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану
əр оқушының соңында жоғары нəтижеге қол жеткізудің маңызды
факторларының бірі. Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар
мен бағалау ынталандырушы сипатта болады. Оқу модулінің
бұл бөлімінде оқу еңбегінің нəтижесін бағалауда тəтті лимон
қушы атқарған əрекеттің құндылығын асыра көрсету) жəне көк
жүзім(оның теріс нəтижесін құнсыздандыру) қағидалары кеңінен
қолданылады (Р. М. Грановская, Ю. С. Крижанская).
Бұл технологяның маңызды шарты – оқушылардың кез келген
ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануға
болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші
ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.
276 277
Жоғарыда атап өткендей, кіріспе-қызықтырушылық кезең
кіріспе бөлімінде іске асырылады. Бұл кезеңде оқушылар
бағдарламаның осы тарауын неге жəне не үшін оқып-үйренулері
керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың
негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет