мəселе материалды қайталау емес, тақырыпқақайта орала отырып, оны адамныңөз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал- жабдығы ретінде пайдалану. Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру – тек қажетті кұралғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету: қисынды ойлауды, түрліқұбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту; ұғымдарқалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену; интеллекті жəне креативтілікті (шығармашылық қабілетті) дамыту мүмкін емес. Бұл бөлімде оқуүдерісіндегі оқушылардың барша танымдыққызметініңқорытындысы болып табылатын мақсатқа жəне оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатарқол жеткізіледі (олардың caй немесе сай еместігін салыстыру оқу модулініңүшінші – қорытынды (бөлігінде жүргізіледі). Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінқұрудағы мұндай тəсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал етеді. 3, 4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі (І, ІІ жəне ІІІ деңгейлер). Тақырыптаүш деңгейдегі (ォжеңілдетілген стандартサ, ォстандарттыサ, ォстандарттан жоғарыサ) оқушыларға арналған топтық тапсырмалар ұсынылады. ІІІ деңгей – білім стандартының талаптарына сай қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар. ІІ деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімін қолдану жəне талдау деңгейіндегі тапсырмалар. І деңгей – шығармашылық жəне ізденушілік сипаттағы тапсырмалар. Қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырамалар беріледі. І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интеллектуалдық жəне креативтік дарынды балаларға арналған. Оқушыларқандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделігеқарай кезек – кезегімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігінеқарай таңдауға ерікті. Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Атақты педагог ғалымдардың зерттеу нəтижелері көрсеткендей, оқудың белсенді жəне ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мəрте (13-тен 24 ретке дейін) қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың дəстүрлі бес балдық (шын мəнінде, үш балдық) жүйесін емес, тоғыз балдық жүйеніқолданған дұрыс, бұл оқушыға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңілінеқаяу түсірмейөтуіне мүмкіндік береді, өйткені əр деңгей ауқымындаォөте жақсыサ, ォжақсыサ немесе ォқанағаттанарлық__________サ баға алуға болады. Үшінші ォжеңілдетілгенサ деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезінде-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. рөлдерді атқара алады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімі оқушылардыңөзін-өзі оқытуына жəне өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуынан жəне бірін-бірі бағалауынанқұрылған. Бұл əрбір оқушыүшін тек ІІІ 280 281 деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардыңүлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады. Сөйлесу бөлімі оқытаүйрету ойындары арқылы жүреді. Мысалы: ォБрейн-рингサ, ォҚарлы кесекサ, ォБілім биржасыサ, ォАкционерサ, т.б ойындар. Оқу модулініңқорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрліғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушыөзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пəнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі. Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, дағдысын бағалауда оқу модулініңқорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағаларықойылады. Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларғаүш деңгейдегі (ォжеңілдетілгенサ стандарт, ォстандарттыサ, ォстандарттан жоғарыサ) тапсырмалар ұсынылса, қортынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі. Оқушылардыңөз бетінше ізденіп шығармашылықпен айналысуына ォМодульдік оқытуサ технологиясы тиімді. Оның ерекшелігі оқушының білімді өз бетінше меңгеругеұмтылғандығы, алуан түрлі (есту, көру) арнайы жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, шығармашылыққажеттілігін қанағаттандыруға, сөздікқорын (ауызша, жазбаша) дамытуға бағытталады. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын жəне нəтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарынұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады. Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей əрекет – қадамдардан тұрады: 1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік пен дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау. 2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу. 3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйіндіұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін