Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жүректің минуттық қан көлемінің таратылуы, бұлшық



Pdf көрінісі
бет109/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Жүректің минуттық қан көлемінің таратылуы, бұлшық 
ет қан айналымы жəне АВА-О
2
. Жаттыққан спортшылардың 
аэробтық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейі тек жүректің минуттық 
қан көлемінің көп болуына ғана емес оны неғұрлым тиімді пай-
далану қабілетіне де байланысты. Бұл қабілет жүйелік АВА-О
2
өлшемімен, яғни оң жақ жүрек арқылы өтетін аралас веналық қан 
мен артериялық қандағы оттегі мөлшерінің айырмашылығымен 
бағаланады. Неғұрлым жүйелік АВА-О
2
көп болса, соғұрлым ор-
ганизм жүректің минуттық қан көлемін тиімді пайдаланады жəне 
соғұрлым оның оттегі тасымалдау жүйесі үнемді жұмыс атқарады. 
Жаттыққан спортшылардағы артериялық қандағы оттегі мөлшері 
тыныштық күйде де, кез келген қуаттылықты аэробтық жүктеме 
кезінде де спортпен шұғылданбайтын адамдардағы мөлшерден 
ерекшеленбейді. Сондықтан төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде 
жүйелік АВА-О
2
ұлғаюы аралас веналық қандағы оттегі мөлшерінің 
төмендеуі есебінен, яғни қанмен тасымалданатын оттегінің 
соншалықты толық пайдалануы есебінен болуы мүмкін. 
Қалыпты жаттыққан жəне жаттықпаған ер адамдарда ара-
лас веналық қандағы оттегі мөлшерінің орындалатын жүктеме 
қуаттылығы өлшемі бойынша шамамен бірдей төмендеуі байқалады. 
Максималды аэробтық жұмыс кезінде аралас веналық қанның əр 
литріне ол орта есеппен 55 мл О
2
жуық болады. Бұл жағдайларда 
жүйелік АВА-О
2
шамамен, 140 мл О
2
/л болады. Өте төзімді спорт-


208
шыларда жаттықпаған адамдармен бірдей (оттегі пайдалануы тең) 
жұмыс орындау кезінде аралас веналық қандағы оттегі мөлшері 
төмен. Мұндай спортшыларда аралас веналық қандағы оттегінің ми-
нималды мөлшері орта есеппен 25 мл О
2
/л жуық болады. Сондықтан 
оларда АВА-О
2
максималды жүйесі жаттықпаған адамдарға 
қарағанда жоғары, орта есеппен 150-155 мл О
2
/л тең келеді 
(10-кестені қараңыз).
Сəйкесінше төзімділікті жаттықтыратын спортшылар өздерінің 
оттегі тасымалдау жүйесі мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді жүзеге 
асырады, себебі жаттықпаған адамдарға қарағанда жүректен айдала-
тын қан көлемінің əр бірлігінен оттегіні көбірек алады.
Жаттықтыру үдерісінде белсенді жəне белсенді емес мүшелер 
арасында қан айналымының қайта таратылуы жетілдіріледі
сондықтан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда жұмыс 
атқарушы бұлшық еттерге бағытталған жүректің минуттық қан 
көлемінің максималды үлесі көбірек болады. 
Төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде жаттықтырылған бұлшық 
еттердегі капиллярлар саны артады. Жаттықтырылған бұлшық 
еттердің молынан капиллярлануы – олардың жұмыс қабілеттілігін 
жоғарылатудың маңызды механизмдерінің бірі. Капиллярлық 
тор көлемінің ұлғаюы арқасында спортшыларда спортпен 
шұғылданбайтын адамдарға қарағанда максималды мүмкін бо-
латын бұлшық еттік қан айналымы жоғары болады. Төзімділікті 
жаттықтыратын спортшыларда капиллярлық қабырғалар арқылы 
түрлі заттардың, соның ішінде оттегі диффузиясының жалпы 
жылдамдығы да жоғары болады, сəйкесінше жаттықпаған бұлшық 
етке қарағанда жаттыққан бұлшық ет ала алатын оттегінің макси-
малды мөлшері көп болады. 
Жаттықтырылған бұлшық еттер қаннан оттегіні экстракциялау-
дың (жəне утилдеудің) жоғары қабілеттілігіне ие. Жаттықтырылған 
бұлшық еттердің көлем бірлігіне максималды оттегіні пайдалану 
жылдамдығы жаттықтырылмаған бұлшық еттерге қарағанда шама-
мен, 1,5 есе жоғары болады. Бұл жаттықтырылмаған бұлшық еттер-
ге қарағанда жаттықтырылған бұлшық еттерге осындай мөлшерде 
оттегіні алу үшін қанның аз көлемінің қажет екенін білдіреді. 
Сондықтан бірдей жұмыстарды орындау кезінде жұмыс атқаратын 
бұлшық ет арқылы өтетін қан айналымы жаттықтыруға дейінгіге 
қарағанда жаттықтырудан кейін төмен болады. Бірдей субмаксимал-


209
ды жұмыс кезінде спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда 
жұмыс атқаратын бұлшық ет массасының 1 кг-на қан айналымы 
төмен болып келеді.
Бірдей субмаксималды аэробты жұмысты орындау кезінде 
(оттегі пайдалануы тең) спортшылармен спортпен шұғылданбайтын 
адамдарда жүректің минуттық қан көлемі шамалас мəнге тең. 
Сəйкесінше, спортшыларда жұмыс атқарушы бұлшық еттерге 
бағытталған жүректің минуттық қан көлемінің үлесі (абсолюттік 
л/мин. жəне салыстырмалы %-бен) азырақ келеді. Сонымен, олар-
да жұмыс кезінде дененің басқа мүшелері мен ұлпаларына, соның 
ішінде жатыр бөлімі мен тері торларына көп қан бағытталуы мүмкін. 
Сондықтан спорттық жаттығуларды орындау кезінде жаттықпаған 
адамдарға қарағанда спортшылардың маңызды ішкі мүшелері 
неғұрлым қанмен жабдықталудың қолайлы жағдайында болады. 
Жүректің минуттық қан көлемінің тері қан айналым жүйесіне 
неғұрлым айтарлықтай бөлігінің бағытталу мүмкіндігі спортшылар-
да жылу шығарудың күшеюі үшін жақсы жағдай жасалғанын жəне 
осылайша дене температурасының қажетсіз жоғарылауының алдын 
алуын көрсетеді. Бұл бірдей жұмысты орындау кезінде жаттықпаған 
адамға қарағанда жаттыққан тұлғаның дене температурасының 
төмен болып келуінің басты себептерінің бірі болып табылады.
Максималды аэробтық жұмыс кезінде іс басқаша белгілі 
жағдайда болады. Ең əуелі мұндай жүктемелер қуаттылығы мен 
шекті ұзақтығы бойынша спортшыларда спортпен шұғылданбайтын 
адамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары жəне екіншілерге бұл қол 
жеткісіз болады. Спортшылардың оларды орындау мүмкіндіктері, 
атап айтқанда, жұмыс атқарушы бұлшық еттерге бағытталған 
жүректің минуттық қан көлемінің көптігімен жəне оның ұлғайған 
үлесімен (%) қамтамасыз етілетін жұмысшы бұлшық еттерге 
уақыт бірлігінде оттегінің көп мөлшерін жеткізетін оттегі тасымал-
дау жүйесінің жоғары қабілеттілігімен анықталады. Максималды 
аэробтық жүктеме кезінде спортпен шұғылданбайтын адамдардың 
жаттықпаған бұлшық еттеріне қарағанда спортшының жұмыс 
атқарушы бұлшық еттері уақыт бірлігінде қанның айтарлықтай 
көп бөлігін алады жəне сонымен қатар одан оттегіні көбірек экс-
тракциялайды. Бұл жағдайларда жүректің минуттық қан көлемінің 
өте көп үлесі (85-90%-ға дейін жұмыс атқаратын бұлшық еттер-


210
ге бағытталса да жаттықпаған адамдарға қарағанда спортшыларда 
өмірлік маңызды («белсенді емес») дене мүшелері мен ұлпаларының 
қанмен қамтамасыз етілу жағдайы жақсырақ болады.
Сонымен қатар максималды аэробтық жұмысты орындау кезінде 
спортшыларда рН айтарлықтай төмендейтінін жəне жұмыс атқа-
рушы бұлшық еттер арқылы өтетін веналық қан температурасының 
жоғарылайтынын атап өткен жөн. Нəтижесінде оксигемоглобин 
диссоциация қисығының оңға ығысуы (Бор əсері) жүреді, бұл ұлпа 
капиллярларында қандағы гемоглобиннің оттегіден босауын жəне 
оның бұлшық ет жасушаларына диффузиясын жеңілдетеді. Осы-
мен қатар диссоциация қисығының ығысуы маңызды «қорғаныс» 
қызметін атқарады: жаттыққан бұлшық еттердің оттегіні күшті экс-
тракциялауына жəне оттегімен гемоглобиннің қанығу пайызының 
өте төмендеуіне қарамастан, спортшылардың бұлшық еттік веналық 
қанындағы оттегі парциалдық кернеуі орта есеппен жаттықпаған 
адамдардан ерекшеленбейді жəне 10-20 мм сынап бағанасынан төмен 
түспейді. Бұл оттегі кернеуінің жеткілікті градиентін ұстап тұруды 
қамтамасыз етеді, сондықтан тіпті, капиллярдың вена ұшына тақау 
орналасқан бұлшық ет жасушалары да қаннан оттегінің жеткілікті 
мөлшерін алуын жалғастырады. 
Сонымен, жүрек-тамыр жүйесіне қатысты төзімділікке 
жаттықтырудың басты əсерлері:
А) жүрек қызметінің жоғарылауынан, яғни максималды жүректің 
минуттық қан көлемінің (систолалық көлем есебінен) артуынан;
Ə) систолалық көлемнің ұлғаюынан;
Б) тыныштық күйдегі сияқты стандартты жұмыс кезінде де 
ЖЖЖ төмендеуінен (брадикардия);
В) 
жүрек 
жұмысының 
тиімділігінің 
(үнемділігінің) 
жоғарылауынан;
Г) дененің белсенді жəне белсенді емес мүшелері мен ұлпалары 
арасында қан айналымының неғұрлым жетілдірілген қайта тараты-
луынан;
Ғ) жаттыққан бұлшық ет жəне басқа дененің белсенді мүшелері 
мен ұлпалары (соның ішінде жүректің) капиллярлануының 
күшеюінен тұрады.


211


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет