Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ептіліктің даму заңдылықтары мен механизмдері



Pdf көрінісі
бет114/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   258
Ептіліктің даму заңдылықтары мен механизмдері
Ептілік жəне иілгіштік (немесе икемділік) негізгі дене 
сапаларының қатарына жатады. Ептілік адамның жеке дара өмірі 
барысында, соның ішінде спорттық жаттығу үдерісінде жақсы да-
миды. Ал, керісінше, иілгіштік айтарлықтай генетикалық бақылау 
ықпалында болады жəне осыған орай оған тыңғылықты іріктеу 
жүргізу қажет. 
Ептілік  жаңа, үйреншікті емес жағдайларда жаңа қозғалыстар 
түрлерін жылдам меңгеру кезінде дене қимыл-қозғалысының коор-
динациясымен жəне дəлдігімен анықталатын дене сапасы.
Ептілік қабілет вестибулярлық аппарат пен қаңқаның барлық 
бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді. Бұл 
дене сапасының барлық спорт түрлері, соның ішінде күрделі 
координациялық спорт түрлері (кедергі арқылы жүгіру, гимнастика, 
акробатика) үшін маңызы зор. 
Ептіліктің өлшемін анықтау өте күрделі болып келеді, оны қандай 
көрсеткіштермен өлшеу əлі де анықталған жоқ. Ептілікті бағалау 
кезінде орындалатын жаттығудың күрделілігі, дəлдігі, уақыты есеп-
ке алынады.
Епті қозғалыс – бұл қозғалыс түрлерін кеңестікте өте дəл 


219
жəне белгілі бір берілген уақыт аралығында дұрыс орындап шығу 
шеберлігімен анықталады. Cонымен қатар кеңестікте қозғалу, уақыт 
мөлшері, орындалу дəлдігі əртүрлі өзгермелі жағдайда да өтуі 
ықтимал. 
Сонымен адамның ептілік қабілеті жаңа қозғалыстар 
түрлерін жылдам меңгерумен, күтпеген жағдайда пайда болған 
жаңа қозғалысқа тез бейімделу жəне дəл орындау мүмкіндігімен 
анықталады.
Ептілік белгілері координациялық күрделілік, қозғалыс дəлдігі 
жəне оны тез орындау болып табылады. Бұл қабілеттердің негізінде 
экстраполяция құбылысы жатыр (экстраполяция құбылысы жайын-
да 6-тарауда толығымен баяндалған). Экстраполяция дегеніміз – 
жүйке жүйесінің бұрын болған тəжірибе негізінде келесі туындаған 
қозғалыс міндеттерін барабар шешу қабілеті яғни ортаны жақсы 
бағдарлау, алда болуы ықтимал жағдайды болжау, алдын ала 
көре білу, қозғалмалы объектіге жылдам реакция, лабилділіктің
(мүмкіндігінің) жəне жүйке үдерістері қозғалғыштығының жоғары 
деңгейі, əртүрлі бұлшық еттерді жеңіл басқара білу қабілеті. Ептілік-
ті дамыту үшін жаттығу үдерісінде сол бір қимыл əрекетін орында-
уды əртүрлі жағдайларда өзгертіп отыру, қозғалыс нəтижесі жайын-
да қосымша жедел ақпарат қолдану, уақыт тапшылығы жағдайында 
шешімді тез қабылдау дағдысын қалыптастыру қажет етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет