Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Төзімділікке жаттықтыруға бұлшық еттердің биохимиялық



Pdf көрінісі
бет112/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   258
Төзімділікке жаттықтыруға бұлшық еттердің биохимиялық 
бейімделуі. Жаттықтыру нəтижесінде төзімділіктің жоғарылауы 
жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегінің жеткізілуі бойынша 
оттегі тасымалдау жүйесі мүмкіндіктерінің артуымен ғана байланыс-
ты емес. Қаңқа бұлшық еттерінде оттегі пайдалануда бүкіл тұтас 
организм мүмкіндіктерінің артуына, яғни жаттыққан спортшының 
аэробтық мүмкіндіктерінің (төзімділігінің) жоғарылауына əкелетін 
үлкен өзгерістер жүреді. Бұлшық ет төзімділігін жоғарылатуда 
жаттықтыру əсерінің олардың биохимиялық бейімделуімен бай-
ланысты басты механизмдері биохимия курсында толығымен 
қарастырылады. Мұнда тек осы биохимиялық механизмдердің 
негізгі физиологиялық салдарының əсері атап көрсетілген.
Төзімділікке жаттықтыруға тəн барынша əсер жұмысшы 
бұлшық еттердің аэробтық метаболизмі жоғары сыйымдылығы мен 
қуаттылығы болып табылады. Осы əсерлердің басты биохимиялық 
механизмдеріне:
1. Аэробтық (тотығу) метаболизмнің арнайы ферменттер 
мөлшері мен белсенділігінің артуы;
2. Миоглобин мөлшерінің (максималды 1,5-2 есе) өсуі;
3. Бұлшық ет гликогені жəне липидтер сияқты энергиялық субс-
траттар мөлшерінің (максималды 50% дейін) жоғарылауы; 
4. Бұлшық еттердің көмірсуларды жəне əсіресе майларды 
тотықтыру қабілетінің күшеюі жатады.


215
Жаттыққан адам аэробтық жұмыс кезінде жаттықпаған адамдар-
мен салыстырғанда майлардың тотығуы есебінен салыстырмалы көп 
энергия жəне сəйкесінше, көмірсулар тотығуы есебінен аз энергия 
алады. Бұл бірдей абсолютті немесе салыстырмалы қуаттылықты 
жұмыс кезінде жаттыққан адамдарда жаттықпаған адамдармен 
салыстырғанда неғұрлым тыныс коэффицентінің төмен болуымен 
көрініс береді. Мұндай майларды басым қолдану жаққа субстратты 
энергиялық ығысу «май ығысуы» ретінде белгіленуі мүмкін. Мұның 
неғұрлым шектеулі көмірсулар қорын сақтауда маңызы зор. Субмак-
сималды аэробтық жүктеме кезінде қажудың басты механизмдерінің 
бірі бұлшық еттік гликогеннің шығындалуы болып табылатындығы 
өткен 5-тарауда айтылған болатын. Төзімділікке жаттыққан 
спортшылардағы «май ығысуы» бұлшық еттік гликогеннің баяулау 
(үнемдірек) шығындалуына əкеледі жəне осылайша оның түгесілуі 
уақытын жылжытады, сəйкесінше, жаттығуды орындау ұзақтығын 
жоғарылатады. Неғұрлым бұлшық еттің тотығу қабілеті жоғары 
болса, соғұрлым «май ығысуы» көбірек жəне соғұрлым сəйкесінше, 
тапшы бұлшық ет гликогені аз шығындалады (көп сақталады).
Май қышқылдарын көп қолдану жұмысшы бұлшық еттердің глю-
козаны пайдалануын азайтады жəне осының арқасында спортшыны 
жұмыс қабілеттілігін шектейтін (лимиттейтін) гипогликемияның да-
муынан қорғайды.
Бұдан басқа, көмірсуларды азырақ қолдану бұлшық еттерде лак-
тат мөлшерінің төмендеуіне əкеледі. Ақиқатында жақсы жаттыққан 
спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда бұлшық етте лак-
тат мөлшері төмен болады. Тура осындай жағдай сол бір адамда 
төзімділікке жаттықтыру кезеңінен кейін байқалады. 12 апта бойы 
төзімділік жаттығуларының энергиялық алмасу ферменті сукцинат-
дегидрогеназа (СДГ) белсенділігіне əсері 51-суретте көрсетілген.
Сонымен төзімділікке жаттықтыру:
1. Организмнің максималды аэробтық мүмкіндігін күшейтетін;
2. Аэробты жұмыс орындау кезінде организм қызметінің 
тиімділігін (үнемділігін) жоғарылататын екі негізгі əсерді тудыра-
ды.
Бірінші əсер максималды аэробтық жүктеме кезінде ОМП (жəне 
басқа функциялық көрсеткіштердің) артуымен көрінсе, ал екінші 
əсер туралы стандартты максималды емес аэробтық жүктеме 
кезінде ЖЖЖ, ӨВ, дене температурасы, қандағы лактат концентра-


216
циясы жəне т.б. физиологиялық көрсеткіштердің төмен болатындығы 
бойынша бағалауға болады. 
Төзімділікке жаттықтырудың оң əсерлерінің негізінде оттегі та-
сымалдау, оттегі утилдеу жəне басқа физиологиялық жүйелердің 
құрылымдық-функциялық өзгерістері, сонымен қатар аэробтық 
жұмысты орындау үдерісінде бұл жүйелер қызметінің орталық-
жүйкелік жəне гуморалдық реттелуінің толық жетілдірілуі жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет