Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бұлшық еттер тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі ретінде



Pdf көрінісі
бет13/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   258
Бұлшық еттер тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі ретінде
Дене шынықтыру мен спорттың барлық түрлерінің адамның 
қозғалыс əрекеті арқылы атқарылатыны баршамызға белгілі. Спорт-
тық жаттығуларда ең əуелі вегетативтік (қан айналу, тыныс алу) 
мүшелер қызметімен неғұрлым тиімді қамтамасыз етілетін бұлшық 
ет жүйесі белсендіріледі. Бұлшық еттер адам организміндегі əртүрлі 
қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді 
бөлігі болып табылады (Осыған орай бұл пəнді толық меңгеру үшін 
ең алдымен, бұлшық еттің құрылымы туралы білуіміз қажет, ал 
бұлшық ет жəне бұлшық ет күші физиологиясы туралы толығымен 
7-тарауда баяндалады). 
Кез келген жұмыс əрекеті талдағыштардың жəне орталық жүйке 
жүйесі қатынасуымен жүреді. Өйткені сыртқы мəліметтер сезім 
мүшелері арқылы қабылданып, мида өңделеді, сөйтіп жауапты 
қимыл əрекеті ұйымдастырылады.
Жұмыстың барлық түрлері қозғалыс аппаратымен атқарылады. 
Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыс-
тыруды жəне сыртқы əсерлерге белсенді қимыл əрекеттің туында-
уын қамтамасыз ететін мүшелер мен ұлпалар жиынтығын айтады. 
Қозғалыс аппаратына бұлшық еттер, оларды жиырылтатын мото-
нейрондар жəне қаңқа жатады (8-сурет).


30
Адам денесінің жартысына дерлігі қаңқа бұлшық еттерінен 
тұрады. Олардың көпшілігі негізінде сіңір арқылы сүйекке бекиді, 
бірақ кейбір бұлшық еттер екінші ұшымен теріге, сіңірге, бұлшық 
етке, шеміршекке бекуі мүмкін. Бұлшық ет жиырылуы кезінде 
туындаған күш пен қозғалыс сіңірлер арқылы қаңқаға беріледі. 
Сондықтан спортшыларды жаттықтыруды жоғары деңгейде өткізу 
үшін бұлшық еттің маңызды физиологиялық қасиеттерін, оның күші 
мен жылдамдығын ескеру қажет. Бұлшық еттердің жиырылуына ор-
таша жүктеме мөлшері тиімді келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет