Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет11/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   258
Төзімділік (резистенттілік) – əркелкі зиянды факторлар əсер 
еткендегі организмнің орнықты күйін, яғни оларға төтеп беру 
қасиетін көрсетеді. Бұл оның реактивтілік қасиетін қалыптастырады. 
Реактивтілік организмнің төзімділік механизмінің жалпы атын 
көрсетеді. Ал төзімділік – реактивтіліктің қорғаныс жəне икемделу 
ісі екендігін айқындайды. Бұл сатыда бүйрекүсті безінің қыртысты 
қабаты белсендіріліп, кортикостероидтар көп түзіледі.
Төзімділіктің арнайы жəне бейарнайы түрлерін жіктейді. Ар-
найы төзімділік қоршаған ортаның тек белгілі факторларында 
ғана байқалады. Ол кейбір жұқпалы аурулардан немесе жасанды 
иммунитет қалыптастырудан кейін пайда болады. Сонымен бірге 
ортаның белгілі бір факторларына (биік таулы жерде, суыққа, күшті 
жүктемелерге жəне т.б.) бейімделу кезінде туады. 
Шетелдік студенттердің жергілікті мекені мен Семей қаласында 
желтоқсан айына тəн ауаның орташа температура айырмашылығы 
28°С сипатталатын суықтық факторлар иммундық жүйенің нақты 
өзгерістерін тудырған.
Кейбір тітіркендіргіштер əсер еткенде пайда болатын бейімделу 
мен жоғары төзімділік басқа да факторларға қарсы байқалады. 
Мұны айқас төзімділік деп атайды. Алайда, кейбір жағдайларда, 
керісінше, жоғары төзімділікпен қатар, басқа тітіркендіргіштерге 
айқас өте сезімталдық болуы ықтимал. Бұл айқас сенсибилизация 
деп аталады. Ол организмнің иммундық қасиеті арқылы ішкі жəне 
сыртқы антигендерге əсіресезімталдығын сипаттайды. Өйткені ар-
найы төзімділік механизмі негізінен иммунитет арқылы жүзеге асы-
рылады.


27
Организмнің бейарнайы төзімділігі деп оның табиғаты əр алуан 
көптеген факторлардың төтенше əсерлеріне тұрақтылығын айтады. 
Бұл орасан жүктемелер кезінде ғарышкер, ұшқыш, сүңгушілерде 
байқалады. Бұл төзімділіктің шығу механизмі өте күрделі, толық 
анықталған жоқ. Алайда, организмнің зиянды əсерлерге жауап-
тары, ол іс жүзінде асырылатын деңгейіне қарамастан, біртұтас 
жүйенің жауабы түрінде қалыптасады. Ол басқа мүшелер мен 
ұлпаларға өз ықпалын жүйке жəне эндокриндік жүйелер арқылы 
жеткізеді. Əсіресе, Л. А. Орбели бұған симпатикалық жүйкенің 
қатысатындығын, оның бейімделу-нəрлендіру (адаптациялық-
трофикалық) ықпалын жеткілікті дəлелдеді. 
Ал А. Д. Сперанский улы жəне уыттық (токсин) заттарға, 
жарақаттарға организмнің төзімділігі əртүрлі жүйкелер арқылы 
қалыптасатындығын, олай болмаған жағдайда, дистрофиялар пайда 
болатындығын көрсетеді.
Жалпы сенсибилизация немесе резистенция кезінде алдағы 
жаңаша тіршілік жағдайларының сипатына қарай адам мен жа-
нуарлар организмінің морфологиялық қалпын қалыптастыруда 
нейрогуморалдық реттеуші жүйе жетекші болып саналады.
Организмнің бейімделуге даярлығы, оның бірнеше рет икемде-
лу кезінде немесе арнайы жаттықтыру арқасында бейімделген ме-
ханизм қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, қоршаған ортаға 
бейімделу қабілетіне сəйкес адамдарды екі топқа бөледі. Бірінші то-
бын спринтрлер («шапшаңдар») деп атайды. Олар қоршаған ортаның 
қауырт қысқа мерзімді құбылыстарына оңай жəне тез бейімделеді. 
Ал стайерлер («шыдамдылар») деп аталатын екінші топ өкілдері ор-
ганизм əрекеттерін өзгерте алатын, ұзақ уақыт əсер ететін фактор-
лар əсеріне жақсы бейімделеді. Олардың бейімделуі тиянақты жəне 
тұрақты болып келеді.
Негізінде организмнің бейімделуге даярлығын жəне оны 
нəтижелі жүзеге асырылуын, яғни бейарнайы төзімділігін 
нығайтатын көптеген маңызды факторлар бар. Олардың қатарына 
ұтымды дұрыс тамақтану, белгілі режим, бейімдегіш дəрі-дəрмектер 
(адаптогендер), дене шынықтыру жəне жаттықтыру, биологиялық 
ырғақтар жатады. 
Пəкістандық студенттердегі иммунологиялық ауытқулар кезінде 
пантогематоген жəне аралия адаптогендерін қабылдау иммунитет 
жүйесінің функциялық белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз ет-


28
кен. Адаптогендерді қолдану барысындағы иммундық жүйе күйінің 
жағымды өзгерістері, атап айтқанда, олардың вегетативті жүйке 
жүйесіне жəне энергиялық алмасуға ықпал етумен байланысты 
болған.
Пантогематогенді бастапқы парасимпатикотония фонында 
қолдану иммунологиялық көрсеткіштерге жақсы ықпал етсе, ал ара-
лия тұнбасы – бастапқы симпатикотония фонында сондай ықпал 
жасаған. 
Сондықтан 
бейімделуге 
толық 
даярлық 
генотиптік 
жəне фенотиптік факторларға негізделіп, бейімдеуші жəне 
гомеостатикалық механизмдер арқылы қалыптасып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет