Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет175/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   258
Жүзудің тиімділігі (эффектілігі). Жұмыс тиімділігі пайдалы 
жұмыстың оны орындауға жұмсалған энергияға пайыздық қатысы 
ретінде анықталады. Жүзу тиімділігі аса төмен. Тіпті, жоғары 


342
білікті жүзгіштерде ол 4-7% құрайды (Салыстыру үшін: жүру, 
жүгіру, велоэргометрдегі жұмыс сияқты жер үсті жұмыстарында 
механикалық тиімділік 20-30%. Бірақ тиімділік «құрғақтағы» қол 
эргометрімен жұмыс кезінде де – шамамен, 10% төмен екенін атап 
өту керек). Жоғары тиімділік кролль əдісімен жүзу кезінде – 6-7% 
(максимум 15% дейін), ал төмен тиімділік брасс əдісімен жүзу 
кезінде (4-6%) байқалады. 
Жүзудің (бірдей əдіспен) бірдей жылдамдығы кезінде жаттыққан 
жүзгіш жаттықпаған адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды 
(65-сурет). 
65-сурет. Брасс əдісімен əртүрлі жылдамдықпен жүзудің энергиялық 
құндылығы (Я. М. Коц бойынша)
Жүзу тиімділігі жаттықпаған адамдарда жоғары білікті 
жүзгіштерге қарағанда 8 есе төмен болуы мүмкін. Жүзуде 
механикалық тиімділіктің жеке-дара өзгерістері жер беті спорт 
түрлеріне (жүгіруге, жүруге, велоэргометрде жұмыстарға) қарағанда 
айтарлықтай жоғары болады.
О
2
пайдаланудағы үлкен айырмашылықтардың тек жаттықпа-
ған мен жаттыққан адамдар арасында ғана емес, тіпті, жоғары 
дəрежеде жаттыққан жүзгіштер арасында болуы ең алдымен, жүзу 
техникасының күрделілігін көрсетеді. Осымен қатар бұрын аталып 


343
өткендей (тіке кедергіні анықтайтын) дененің өлшемі мен пішінінің, 
судағы дене қалпының, қозғаушы күшті түзетін «ескектердің» 
өлшемі мен қозғалмалылығының маңызы зор. 
Жүзу жылдамдығының оптималдыға дейін артуымен белгілі бір 
шекте тиімділік өседі. Жылдамдықтың əрі қарай артуы кезінде ол 
кемиді. Оптималды жылдамдық жүзгіштің техникасына жəне жүзу 
əдісіне байланысты. Салыстырмалы аз жылдамдық диапазонын-
да (0,4-1,2 м/с) сол адам үшін энергиялық құндылық 1 км (кролль 
əдісімен) жүзуде тұрақты, яғни жүзу жылдамдығына байланысты 
емес. Техникасы нашар жүзгіштер кез келген жылдамдық кезінде 
арақашықтық бірлігінде көп энергия жұмсайды. 
Ұлдар мен қыз балалардың салыстырмалы салмағы бойынша 
жыныстық жетілу кезеңіне дейін елеулі айырмашылықтар болмай-
ды. Сəйкесінше, дене өлшемдерін ескере арақашықтық бірлігіне 
жүзудің энергиялық құндылығы (0,7 м/с жылдамдықпен) олар-
да бірдей болады. Шамамен, 15 жастан бастап бұл көрсеткіш 
айтарлықтай қыздарда төмендейді жəне ұлдарда жоғарылайды. Өте 
ұзын арақашықтықтарда əйелдерде тіке кедергі мен механикалық 
тиімділік арасындағы оптималды қатынас олардағы салыстыр-
малы төмен ОМП-ды өтейді. Бұл өте ұзын арақашықтарға жүзуде 
ер адамдарға қарағанда əйелдердің белгілі бір артықшылығын 
көрсетеді. 1 км арақашықтықта жүзудің энергиялық құндылығы 
жаттықпаған əйелдерде 250-300 ккал, жаттықпаған ер адамдарда – 
400-500 ккал, спортшы əйелдерде – 75-150 ккал, спортшы ер адам-
дарда – 150-200 ккал құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет