Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет180/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   258
0
100
200
300
400
500
600
700
0
0,5
1
1,5
2
Ɉɪɬ
ɚ
ɲ
ɚ
 ɠɵɥɭ
 ɚԑɵɦɵ
,W/
ɤɜ

Ɍɬ-Ɍɫ
Ɍɵɧɵɲɬɵԕ ɤԛɣɞɟ
Ɍɵɧɵɲɬɵԕ ɤԛɣɞɟ 
66-суретТыныштық күйде əртүрлі температуралық градиент (тері 
температурасы (Тт) мен су температурасының (Тс) айырмасы) мəні 
кезінде орташа жылу ағымы (Я. М. Коц бойынша)
Бейтарап (33°С) температурадан тек 2°С төмен су темпера-
турасы кезінде шеткі (тері жəне бұлшық ет) тамырлардың тары-
луы тез жүретіндіктен ұлпалық оқшаулануды арттырады: дене 
ядросынан теріге жылу шығару азаяды, яғни дененің жылуды 
жоғалтуы төмендейді. Өте жылы су вазодилятацияға жəне ұлпалық 
оқшауланудың азаюына (жылу жоғалтудың артуына) əкеледі. 


351
Ұлпалық оқшаулану тері асты май қабаты қалыңдығына тура бай-
ланысты. Судағы дене ядросы температурасының өзгерісі тері асты 
май қабатының қалыңдығымен кері байланысты. Сондықтан тері 
қан айналысы төмендеуі есебінен жылу өтуінің азаюы əсіресе, арық 
адамдар үшін маңызды. Мысалы, 26°С су температурасы кезінде 
арық жүзгіштерде эзофагалды температура 0,2°С-қа төмендейді, ал 
толық адамдарда тіпті, 0,3-0,9°С-қа артады.
67-сурет. Жүзу кезінде əртүрлі температуралық градиент (тері 
температурасы (Тт) мен су температурасының (Тс) айырмасы) мəні 
кезінде орташа жылу ағымы (Я. М. Коц бойынша)
Температурасы 10°С суға түскеннен 10-20 мин. кейін (ауыз 
қуысында өлшенген) дене температурасы 32,5°С-қа дейін, ал қыста 
шомылғанда 30°С-қа дейін түседі. Мұнда тері асты май қабатының 
қалыңдығы мен мұндай жағдайларға жаттығу дəрежесінің маңызы 
зор. Мəселен, су температурасы 16°С болғанда жаттықпаған арық 
адамның ректалды температурасы 34,5°С-қа дейін төмендеп, 30 
мин. кейін судан шығуға мəжбүр болса, толық, жаттыққан ер адам 
осы жағдайда ректалды температурасы өзгеріссіз 6 сағат бойы жүзе 
алады. 
Жүзу кезінде барлық энергия өнімінің 95%-ға жуығы жылуға 
айналады. Жүзу жылудың ұлпалық өтуін арттырады, бұл əсіресе, 


352
салқын суда дененің жылу шығаруын тудырады. Мұнда жылу 
шығару жылу өндіруге қарағанда көбірек. Сəйкесінше салқын суда 
(25°С-тан төмен) жүзгіштің қозғалыссыз қалпы кезіне қарағанда 
белсенді жүзу кезінде дене тезірек салқындайды. 
Судағы қозғалысқа қан айналу реакциясы бір жағынан метабо-
лизмге (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің оттегімен жабдықталуы) 
даулы сауалды жəне екінші жағынан қалыпты жылу реттелуді 
көрсетеді. Осы талаптардың ешқайсы (əсіресе, суық суда) толығы-
мен қанағаттандырылмайды. Үлкен жылу реттеуші жүктемелер 
(денені салқындату) тері қан айналымын күшейте отырып, бұлшық 
еттердің қанмен жабдықталуының төмендеуіне əкеледі.
Егер салқындату нəтижесінде ішкі дене температурасы 37°С-қа 
төмен түссе, кез келген субмаксималды жүзу жылдамдығы кезінде 
О
2
пайдалану шамамен, 0,5 л/мин-қа жоғарылайды. ОМП қалыпты 
дене температурасы кезіндегі ОМП салыстырғанда 6-18% азаяды. 
Субмаксималды жүзу жылдамдығы кезінде О
2
жоғары пайдалану 
мен ОМП төмендеуі төмен су температурасы жағдайында жүзгіштің 
жұмыс қабілеттілігін (төзімділігін) күшті азайтады. 
Су температурасы оптималды (қолайлы) кəдімгі бассейндерде 
қарқынды жəне ұзаққа созылмаған жүзу кезінде жүзгіш организмінің 
жылу балансы бұзылмайды. Сонымен қатар ыстық жағдайларда 
ұзақ арақашықтыққа жүгірген желаяқтарға қарағанда жүзгіштерде 
жүректің минуттық қан көлемінің салыстырмалы аз бөлігінің тері 
торларына бағытталуына (жылу реттеуші механизм ретінде) жағдай 
жасалады. 
Ауамен салыстырғанда су жоғары жылу сыйымдылыққа 25 
есе жəне жылу өткізгіштікке 5 есе жоғары болғандықтан тіпті, са-
лыстырмалы жылы судың өзінде де ұзақ уақыт болу жылудың 
айтарлықтай жоғалуынан дененің салқындауына əкеледі. Деген-
мен, шыныққан жүзгіштерде салқындауға бейімделмеген адамдарға 
қарағанда температуралық гомеостазды қамтамасыз ететін меха-
низмдер жақсы жетілген. Сондықтан кез келген жаста жүзумен ай-
налысу шынығудың ең тиімді əдістерінің бірі болып табылады.


353


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет