Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Етеккір циклі жəне дене жұмыс қабілеттілігі



Pdf көрінісі
бет188/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   258
Етеккір циклі жəне дене жұмыс қабілеттілігі
Əйелдердің түрлі жүйелерінің физиологиялық күйі мен 
тұтасымен дене жұмыс қабілеттілігі етеккір циклі фазаларымен 
белгілі бір тəуелділікте болады. Сонымен қатар дене жүктемелері 
оның өтуіне де ықпал жасауы мүмкін. Етеккір циклі барысындағы 
физиологиялық өзгерістердің сипаты мен қарқындылығы бойынша 
өте айтарлықтай жеке-дара вариациялар кезінде жиі қайталанатын,
барынша типтік өзгерістерді бөліп қарастыруға болады.


370
Еттекір циклінің орта кезінде-ақ эритроциттер, гемоглобин, 
лейкоциттер мен тромбоциттердің, сонымен қатар денедегі су мен 
тұздың кешеуілдеуінен туындайтын гемодилюциямен (қандағы 
плазма көлемінің артуымен) байланысты қандағы белоктар азая
бастайды. Əсіресе, спортшы-əйелдерде етеккірдің басталуының ал-
дында қандағы эритроциттер мен гемоглобиннің мөлшері артады. 
Етеккір күндеріндегі эритроциттер мен гемоглобин жоғалту салда-
ры дəрежесі жоғалтылған қан көлеміне байланысты болатын қанның 
оттектік сыйымдылығының төмендеуіне əкеледі. Осы фазада тром-
боциттер саны мен фибринолизистік жүйелер белсенділігі кемуінің 
нəтижесі ретінде қан ұйығыштығы төмендейді. Қан жоғалту келесі 
эритропоэздің күшеюі үшін қуатты физиологиялық тітіркендіргіш 
болып табылады. Шамамен, етеккір циклінің ортасына таман 
қанның оттектік сыйымдылығы максимум мəнге жетеді.
Етеккір алды жəне етеккір фазаларында негізгі алмасу мен 
дене температурасы төмен болады. Етеккір фазасында бұлшық ет 
жұмысы кезінде тер бөліну циклдің басқа фазаларына қарағанда 
ертерек басталады. Бұл тер бөлінуіне тежеуші ықпал ететін эстро-
гендер (əйел жыныс гормондары) мөлшерінің төмендеуімен байла-
нысты болуы ықтимал. Осыған орай етеккір кезінде бұлшық еттің 
жұмысқа қабілеттілігі қоршаған ортаның жоғары температурасына 
ерекше сезімтал келуі мүмкін.
Етеккір циклі барысында анаэробты энергиялық жүйелердің 
сыйымдылығы көрсеткіші ретінде ОМП немесе О
2
қарыздылықтың 
ешқандай айтарлықтай өзгерістері орын алмайды. Сол бір аэробты 
жүктемеге пульстік реакция біраз өзгеруі мүмкін. Тіпті, пульстік 
реакция мен О
2
пайдалану жылдамдығы өзгеріссіз бола тұра 
етеккір кезеңіндегі орындалған дене жүктемесі субъективті түрде 
неғұрлым ауырырақ болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан етеккір 
циклінің дене жұмыс қабілеттілігіне ықпалы көбіне, əйел адамның 
психикалық күйіне байланысты болады.
Максималды бұлшық еттің ерікті күші көбіне, етеккір 
басталғанға бірнеше күн қалғанда төмендейді де, етеккірдің басқа 
барлық күндерінде солай болып қала береді.
Əдетте, етеккір циклі спорттық жұмысқа қабілеттілікке барын-
ша ықпал етпейді. Дегенмен, үлкен жеке-дара вариациялар болады. 
Мұнда спорт түрінің белгілі бір маңызы бар. Етеккір спринтерлердің 
(қысқа қашықтыққа жүгірушілердің) жұмысқа қабілеттіліктеріне 


371
азырақ, ал төзімділікті жаттықтыратын спортшы əйелдердің жұмысқа 
қабілеттіліктеріне көбірек ықпал етеді. Волейболшы, баскетболшы, 
гимнастардың жұмысқа қабілеттіліктері етеккір кезеңінде көбіне, 
қалыпты жағдайдағыдан төмен, бірақ төзімділік жаттығуларына 
маманданған спортшыларға қарағанда жоғары болып келеді. 
Қарқынды спорттық жаттығулар мен жарыстарға қатысу етеккір 
циклінің басталу мерзімі мен өту сипатына біраз ықпал жаса-
уы мүмкін. Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан 41% 
спортшы жаттығулар мен жарыстар қандай да бір шамада олардың 
етеккір циклінің үйреншікті өтуіне, тіпті, оны бұзылуына дейін 
əсер ететінін байқаған (Е. Захарьева, 1965). Спортшы əйелдерде 
етеккір орташа кешірек басталған жəне аменорея (етеккірдің 
жоғалуы) немесе олигоменорея (етеккірдің азаюы) жиі байқалған. 
Бұл бір жағынан соматикалық (денедегі майдың аз болуы) жəне 
ішкі секреция бездерінің кейбір ерекшеліктеріне қарай спортқа ар-
найы сұрыптаудың салдары да болуы ықтимал. Дегенмен, жаттығу 
жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығының ықпал етуі күмəнсіз. 
Мысалы, орташа қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда аменорея 
апталық жүктеменің жалпы көлемі 16 км болғанда 20%, апталық 
жүктеме 80 км болған кезде 30%, ал апталық жүктеме 120 км жуық 
болғанда 40%-дан аса жағдайларда байқалған. 
Аменорея басталуы жүйелі түрде берілген дене жүктемесінің 
нəтижесінде майды жоғалтумен байланысты екендігі атап өтілген. 
Аменореяны етеккірмен бірге темірдің жоғалуының алдын алатын 
қорғаныс механизмі ретінде қарастыру кажет. Темір тапшылығы 
төзімділікті талап ететін спорт түрлерімен айналысатын тұлғаларда, 
бірақ əсіресе, стайер-əйелдерде (ұзақ қашықтыққа жүгіретіндерде) 
көбіне жиі байқалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет