Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет184/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   258
70-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі əйелдер мен ер адамдардағы 
максималды анаэробтық қуаттылық (Я. М. Коц бойынша)
Əйелдердің аэробтық жұмысқа қабілеттіліктері (төзімділіктері)
Оттегіні максималды пайдалану
Ұлдар мен қыздарда дене мөлшері мен құрамы бойынша 
ерекшеліктері минималды аз болатын жыныстық жетілу кезеңіне 
дейін ОМП мəні шамалас деуге болады. Ол орта есеппен жас ер 
адамдарда өздерімен құралпас əйел адамдарға қарағанда, 20-30%-ға 
артық келеді. Қартаю барысында ОМП айырмашылығы ерлер мен 
əйелдер арасында азая түседі. 


362
Əйелдер мен ер адамдардағы ОМП арасындағы айырмашылық 
дене салмағымен есептегенде шамамен, 15-20%-ға дейін төмендейді. 
20-30 жастағыларда дене салмағының 1 кг-на ОМП орта есеп-
пен əйелдерде 35-40 мл/кг*мин, ал ер адамдарда 45-50 мл/кг*мин. 
құрайды. ОМП дене массасының майсыз салмағына шаққанда 
айырмашылық одан да əрі азаяды, өйткені май ұлпасы метаболизмдік 
активті (белсенді) емес болып табылады əрі мүлдем оттегі пайда-
ланбайды. Егер ОМП активті бұлшық ет массасына сəйкестендірсе, 
əйелдер мен ер адамдар арасындағы ОМП айырмашылығы жойыла-
ды. 
Бір жас кезеңіндегі ерлер мен əйелдер арасында ОМП өлшемінің 
айтарлықтай индивидуалды (жеке дербес) өзгерістері болуы 
ықтимал. Дене жүктемесімен барынша жаттыққан əйелдердегі ОМП 
дене жаттығуларымен аз айналысқан ер адамдардағы сияқты бола-
ды. Спортпен шұғылданбайтын топтарда шамамен, 75% əйелдердің 
ОМП өлшемі 50% ер адамдардың ОМП өлшемімен сəйке келеді. 
Төзімділікке байланысты спорт түрлері өкілдерінде – спортшы
əйелдерде ОМП, 1 кг дене салмағына шаққандағы ОМП сияқты
басқа спортшы əйелдерге қарағанда (қатардағы спортшы əйелдерде 
орта есеппен 55-60 мл/кг*мин, ал айтулы спортшыларда, əсіресе, 
шаңғышыларда 70-75 мл/кг*мин) айтарлықтай артық болса, ал 
спортпен шұғылданбайтындармен салыстырғанда тіптен көп бола-
ры сөзсіз. Алайда, орта есеппен ОМП айырмашылығы жаттықпаған 
əйелдер мен ер адамдарға қарағанда спортшы əйелдер мен ерлер-
де көп болады. Дене салмағына шаққандағы ОМП спортшы-ер 
адамдарға қарағанда спортшы-əйелдерде 20-25%-ға төмен. Ал 
жаттықпаған тұлғаларда бұл айырмашылық 15-20%-ды құрайды. 
Тіпті, дене массасының майсыз салмағына шаққандағы ОМП айту-
лы марафоншы-əйелдерде (76,5 мл/кг*мин) ер адамдарға (96,6 мл/
кг*мин) қарағанда 8,6%-ға азырақ болады. Финдік ұлттық коман-
да мүшелері болып табылатын шаңғышы ер адамдар (89,8%) мен 
шаңғышы əйелдер (86,4%) арасындағы айырмашылық тек орта 
есеппен 3,7%-ды құраған.
Жоғарыда келтірілген мəліметтер ер адамдармен салыстырғанда 
əйелдерде максималды аэробтық өнімділіктің (қуаттылықтың) 
төмен болатындығын көрсетеді. Бұл əйелдердің төзімділікті талап 
ететін спорт түрлерінде төменірек нəтижелер көрсетуін айғақтайды. 
Атап айтқанда, қашықтықтың артуына сəйкес ер адамдармен 


363
салыстырғанда əйелдердің рекордтық нəтижелерінің салыстырмалы 
төмен болу себебін түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет