Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ХІІ ТАРАУ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет190/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   258
ХІІ ТАРАУ
ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ 
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дүниеге келгеннен бастап қайтыс болғанға дейін адамның да-
муы, яғни онтогенез – организмнің жеке-дара дамуы үздіксіз біртекті 
үдеріс болып табылады. Өмір сүру барысында организм бірнеше 
заңдылықты (физиологиялық) өзгерістерге ұшырайды.
Жеке-дара даму жəне жас кезеңдері
Жеке-дара даму. Онтогенез тұқым қуалайтын факторлардың 
ықпалына байланысты жəне ата-аналық гендердің өзара əсерлесуі 
нəтижесінде құрылатын генетикалық программамен анықталады. 
Жеке-дара дамудың генетикалық программасы қоршаған ортаның 
белгілі бір жағдайларында жүзеге асырылады. Онтогенездің түрлі 
сатыларында генетикалық ақпарат пен қоршаған ортаның əсерлері 
бірдей болмайды. Мəселен, өмірдің алғашқы жылдарында соңғы 
жылдарына қарағанда сыртқы ортаның ықпалы өлшеусіз күштірек 
болады. 
Дамып келе жатқан организмнің органдары мен жүйелерінің бірі 
ертерек, басқасы одан кешірек дами отырып, олардың қалыптасуы 
бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды өтеді. Мəселен, ми 
мен жұлын морфологиялық жағынан ерте балалық шақта барын-
ша қарқынды өсіп, 10-12 жаста мөлшері өз шегіне жетеді. Жыныс 
мүшелерінің де қалыптасуы 11-12 жасқа дейін салыстырмалы түрде 
баяу, ал 12-14 жаста шапшаң өтеді. 
Адамның жеке-дара дамуы барысында бір-бірімен өзара бай-
ланысты ассимиляция (жасалу) жəне диссимиляция (ыдырау) де-
ген үдерістер үздіксіз жүріп жатады. Дамудың түрлі кезеңдерінде 
бұл үдерістердің арақатынасы өзгеріп отырады. Организмнің 
қалыптасуы мен өсу кезеңдерінде ассимиляция басым келеді. Ере-
сектерге қарағанда энергия жұмсауы салыстырмалы жоғары болып 
келетін белоктар синтезінің күшеюі байқалады. 
Адамның жеке-дара дамуының түрлі кезеңдерінде организм 


374
қызметінің нейрогуморалдық реттелу сипаты да өзгеріп отырады. 
Мысалы, дамудың ерте кезеңдерінде салыстырмалы тыныштық 
күйде ЖЖЖ едəуір болуымен көрінетін жүрек-тамыр жүйесінің 
симпатикалық реттелу механизмдері басым келсе, жас келген сайын 
жүректің жиырылу ырғағының баяулауымен айқындалатын кезеген 
(вагус) жүйкенің ықпалының күшеюі орын алады. 
Адамның дамуына қозғалыс, дене жаттығулары орасан зор 
ықпал жасайды. Гипокинезия деп аталатын қозғалыс белсенділігінің 
шектелуі, қозғалыстың жетіспеушілігі организмнің қалыптасуына 
теріс əсер етеді. Əсіресе, балалық шақта организмнің түрлі 
жүйелерінің қызметі қаңқа бұлшық еті белсенділігімен тура 
тəуелділікте болады. Қозғалыс белсенділігі зат пен энергия алмасу-
ын стимулдайды, организмнің жүйелерінің де барлық қызметтерін 
жетілдіреді жəне оның жұмысқа қабілеттіліктерін жоғарылатады. 
Американдық ғалымдар 400 м жүгіру мен шахмат ойыны кезін-
дегі нəтижелерді жасқа байланысты салыстыра зерттеген (71-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет