Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет191/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   258
71-сурет. Жасқа байланысты əртүрлі спорт түрлеріндегі (400 м жүгіру мен 
шахмат ойыны кезіндегі) нəтижелер (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, 
Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c American, 2013)


375
Екі спорт түрінде, яғни дене жаттығуы мен интеллектуалдық 
спорт түрінде де бұлшық ет талшықтары санының азаюы, жүрек-
тамыр жүйесі немесе жүйке импульстерінің берілу жылдамдығы 24 
пен 30 жас аралығында максимум мəнге жетіп, содан соң жұмысқа 
қабілеттіліктің дереу төмендеуі орын алады. Алайда, шахмат ойы-
нында бұл жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі баяулау өтеді. 
Еңбекке даярлауда қозғалыс белсенділігінің маңызы зор. 
Жаңа қозғалыстарды меңгере отырып, адам еңбек пен спорттық 
шынықтыруға қажетті күрделі қозғалыстарды, бұлшық ет жұмысын 
басқарып үйрене алады.
Қозғалыс белсенділігі сезім мүшелері арқылы сыртқы ортадан 
түскен ақпараттардың меңгерілуіне əкеледі. Бұл ақпараттың тек 
дене жұмыс қабілеттіліктері мен ақыл-ой қабілетін жоғарылатуда 
ғана емес, адамның тұлға ретінде қалыптасуында да маңызы бар.
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық 
ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас 
кезеңінде организмнің даму дəрежесі бір деңгейге жетіп, келесі 
деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Организмнің жеке дамуын 
онтогенез (грек. «ontos» – жекелей, «genes» – шығу тегі) деп атайды.
Қазіргі кезде адам өмірін кезеңдерге бөлудің классификациясы 
жаңа талаптарға сəйкес келмейді. Себебі педагогика саласында жəне 
медицинада қолданып жүрген жас кезеңдерін атаудың салыстырма-
лы айырмашылығы бар (Х. Қ. Сəтпаева). 
Адам өмірі:
1) Құрсақта даму;
2) Балалық шақ;
3) Ересектік шақ деп үш сатыға бөлінеді.
18-кесте
Адам өмірін жас кезеңдерге бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет