Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет193/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   258
3 Ересектік шақ
3.1
Кемелге келу 
3.1.1 Кемел жас немесе 
ересектік мерзімнің 
1-жартысы
22-35 жас 
(ерлер)
21-35 жас 
(əйелдер)
Адамның өсуі (ерлерде 
25, əйелдерде 23 жаста) 
тоқтайды, организмнің 
құрылымы мен қызметі 
толық қалыптасады, іс-
əрекеті белсенді жəне 
тиянақты болады. Қоғам 
алдындағы жауапкершілігін 
толық сезінеді
3.1.2 Кемел жас немесе 
ересектік мерзімнің 
2-жартысы
36-60 жас 
(ерлер)
36-55 жас
(əйелдер)
Жүйке жəне эндокриндік 
жүйелері өзгеріп, қайта 
қалыптасады, организм 
қызметі күрделі өзгерістерге 
душар болады, климакс 
кезеңіне сəйкес кейбір 
аурулардың алғашқы 
белгілері біліне бастайды
3.2
Егде жас немесе 
мосқалдық кезең
60-74 жас 
(ерлер)
55-74 жас 
(əйелдер)
Қимыл əрекеті баяулайды, 
зат алмасу қарқыны 
бəсеңдейді. Жүйке 
жүйесінде тежелу айқын 
басымдылық көрсетеді, 
реттеу қызметі де баяулайды. 
Кейбір гормондар бөлінуі 
азаяды. Сүйек құрамында 
бейорганикалық заттар 
мөлшері арта бастайды. 
Организм тез қартаяды, 
компенсациялық қабілеті 
азайып, бейімделу 
төмендейді. Сондықтан 
олар осы жас кезеңдерінде 
кездесетін ауруларға жиі 
шалдығады


379
18-кестенің жалғасы
3.3
Қариялық немесе 
кəрілік жас
75-90 жас 
(ерлер мен 
əйелдер)
Организм тозып, инволюция 
– кері даму, қайту байқалады, 
негізгі қызметтер күрт 
төмендейді, қызметтік 
қорлар сарқылып төтенше 
жағдайларда өлім қаупі 
төнеді
3.4
Ұзақ өмір 
сүрушілер
90 жастан 
асқандар
Организм қызметі əлсірейді, 
тірек-қимыл əрекеті 
үйлесімсіз болады, қол-аяғы 
қалтырайды, зат алмасу 
қарқыны төмендейді, 
жүйкесі қажиды, тежелу 
құбылысы дендейді, ұйқы 
нашарлайды, талдағыштар 
жүйесі кемшін келеді, есте 
сақтау қабілеті төмендейді. 
Дегенмен ширақ қарттар да 
кездеседі
Жоғарыдағы классификациямен қатар балаларды тəрбиелеу, 
үйрету жəне оқыту жағдайларын ескеріп, педагогтар:
1. Жаңа туған нəресте (1 ай);
2. Емшектегі бөбек (1 айдан 1 жасқа дейін);
3. Бөбекхана (ясли) жасы балбөбектер тобы (1-4 жас);
4. Мектепке дейінгілер тобы (5-6/7 жас);
5. Мектеп жасындағылар:
5.1. Бастауыш сыныптағы оқушылар (6/7-11 жас);
5.2. Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);
5.3. Жоғары сыныптағы оқушылар (14-18 жас) сияқты жас 
кезеңдерінің топтарын ұсынады.
Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте 
көп. 18-кестеде көрсетілгендей, əрбір жас кезеңдерінің белгілі бір 
ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын 
«өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Кейбір ғалымдар 
бұл мерзімді мүшелі жас деп те атап жүр. Бірақ оның жас кезеңдері 


380
қазақтың мүшелі жасымен сəйкес келе бермейді, дегенмен белгілері 
ұқсайды. Өзгеру мезгілі əр кезеңде де ауыр, организм көп күш 
жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан 
бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі 
біршама əлсіреп, сыртқы орта жағдайларының өзгерістерін қиналып 
өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне 
түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның 
жасы ұлғайған сайын қиын келеді. Жас кезеңдерінің уақыттары 
əртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне 
негізделген. Жас кезеңдерінің уақыт шектері (хронологиясы) бол-
сын, оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын əлеуметтік 
жағдайларға байланысты ұмытпаған жөн (Қ. Дүйсембин, 2007)
Жеке-дара дамуды неғұрлым нақтырақ бағалау үшін күнтізбелік 
(төлқұжаттық) жаспен қатар биологиялық жасты да ескеру
ұсынылады. Бұл əрбір организм үшін өзіңе ғана тəн даму темпінің 
болуымен байланысты. Сондықтан да биологиялық дамудың жеке 
жас кезеңдерінің мерзімдері үнемі күнтізбелік жаспен сəйкес келе 
бермейді. Биологиялық жас дене дамуы (бой, салмақ жəне т.б.), 
қаңқаның сүйектерінің қатаю мерзімі, жыныстық есею дəрежесі 
сияқты көрсеткіштердің жиынтығы бойынша бағаланады. 
Шынайы жастың нақты сипатын бұдан да едəуір қиындататын 
фактор акселерация үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс дене 
дамуының жылдамдауы, мерзімінен бұрын ерте жыныстық жетілу, 
дене мөлшерінің артуы сияқты негізгі ерекшеліктерімен сипаттала-
ды. Мəселен, Мəскеу қаласының жасөспірімдері мен бозбалалары 
1923-1925 жылдармен салыстырғанда 10-13 см-ге өскен, оларда дене 
салмағы 9-11 кг-ға артқан. 1979 жылғы 12 жасар ер балалардың бойы 
1930 жылдағылардан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. ХХ ғасырда 
өмір сүрген Алманиядағы балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір 
жас кезіндегі көрсеткіштері ХІХ ғасырдағылардан артық болған. 
Жыныстық жетілу көрсеткіштерінің бірі – алғашқы етеккір Ленин-
град (қазіргі Санкт-Петербург) оқушыларында 1927-1930 жылдары 
орта есеппен 14 жас 2 айда басталса, 80-жылдардың аяғында 12 жас 
11 айда байқалған. 
Қ. Дүйсембин (2007) еңбегінде мұндай мəліметтердің қазақ 
балаларының өсуінде де кездесетіні қарастырылған. Айталық, 1976 
жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта 
шамамен, 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса 


381
(Алиакбарова 1995), 1950 жылдары ол көрсеткіштер 146,6 см, 37,03 
кг, 70,67 см (Шəкенов, 1960) болған. 
Өсу мен даму акселерациясының бірнеше белгілері бар:
4) Жаңа туған нəрестелердің ірі болуы (1970-1980 жылдары Ал-
матыда туған нəрестелер 1950-1955 жылдары туған нəрестелерден 
3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр);
5) Белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің 
ірі болуы (жоғарыдағы Мəскеу мен Алматы қаласындағы оқушылар 
мəліметтері);
6) Ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық 
жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның 
белгілері:мысалы, (жоғарыдағы Ленинград (қазіргі Санкт-Петер-
бург) оқушылары мəліметтерін қараңыз) қыздардың етек кірінің 10-
12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің 
өсуі);
7) Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі: 
баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері пайда бо-
лады, маңдай еңбегі ерте жабылады – қазіргі кезде баланың маңдай 
еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі);
8) Жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты 
жағдайларда жігіттерде 22-24 жаста (25 жасқа дейін), қыздарда 20-
20 жаста (23 жасқа дейін) бойының өсуі тоқталса, акселераттарда 
өсу 2 жылдай бұрын аяқталады, яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, 
қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Даму үдерісі жылдамдаған акселерат-балалармен қатар дене да-
муы мен жыныстық жетілуі кешеуілдеген, баяу дамитын ретардант-
балалар да бар. Сондықтан бір күнтізбелік жастың биологиялық 
жағынан əртүрлі балалар контингентін біріктіруі сирек жағдай емес. 
Дене тəрбиесі мен спорттық жетілдіру үдерісінде спортпен 
шұғылданушылардың тек күнтізбелік жасын ғана емес олардың 
биологиялық жасын, дамуының жеке-дара ерекшеліктерін де ескеру 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет