Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар жəне



Pdf көрінісі
бет219/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   258
Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар жəне 
барабар емес таңдау маңызы
Спортшының шыныққандығын одан əрі жақсы дамыту үшін 
іріктеу жəне болжау жоспарында:
1. Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар таңдау;
2. Спортшының арнаулы жүктемелерге бейімделу жылдам-
дығына генетикалық ықпалды ескере отырып, көп жылдық 


433
даярлықтың əрбір кезеңдерінде көп сатылы іріктеу сияқты 2 фактор 
қажет.
Тек осы екі факторды қатар үйлестіру ғана жоғары жетістіктер 
спорты деңгейінде жақсы нəтижелерге жету мен спортшы ден-
саулығының сақталуын қамтамасыз ете алады. Спорттың сан алуан 
түрлерінде шыныққандық жайында пайымдаудың негізі жеткілікті 
танымал ақпараттық морфологиялық жəне психофизиологиялық 
критерийлер болып табылады. 
Жоғары дəрежеде жəне төмен дəрежеде жаттыққан спортшылар 
арасында сол бір спорттық шеберлік деңгейіне жету мерзімі бойын-
ша айтарлықтай айырмашылықтар болуы мүмкін. Мəселен, К.Б Ка-
зак (1998) мəліметтеріне сүйенсек, спорт шебері нормативін төмен 
дəрежеде жаттыққан спортшыларға (4 жыл 8 айда) қарағанда жоғары 
дəрежеде жаттыққан ауыр атлетші-кір тасын көтерушілер (3 жыл 7 
айда) 1,5 жылдай бұрын, төмен дəрежеде жаттыққандармен (7 жыл 
8 айда) салыстырғанда дзюдошы-əйел адамдар (5 жыл 6 айда) 2 
жылдан аса жылдамырақ, ал олардан (9 жыл 1 айда) дзюдошы-ер 
адамдардың (6 жыл 5 айда) 2,5 жылдан да көп ерте орындайтындығын 
көреміз. 
Жоғары дəрежеде жаттыққандық жоғары білікті спортшы-
ны дайындау уақытын қысқартумен қатар, тек биологиялық 
міндеттердің (оның денсаулығын сақтау) ғана емес, сонымен қатар 
əлеуметтік міндеттердің (жарыстарда жеңіске жету) де орындалу-
ын қамтамасыз етеді. Осылармен қатар, бапкер еңбегіне, ғимаратты 
жалға алуға, т.б. кететін шығындарды қысқарта отырып, жаттығу 
үдерісінің жоғары экономикалық əсеріне қол жеткізуге мүмкіндік 
береді. Уақыт факторының спортшының жеке өмірінде де маңызы 
зор екені белгілі.
Спорттық шынығудың барабар емес түрін таңдау көптеген артық, 
нəтижесіз жəне тіптен мақсатқа сай емес организмнің жүйе ішілік 
пен жүйе аралық өзара байланыстары тəн тиімсіз физиологиялық 
жүйелердің 
бейімделуінің 
қалыптасуымен, 
компенсациялық 
механизмдердің тиімсіз түрлерінің жұмылдырылуымен, қалпына 
келу үдерістерінің қиындауымен, шыныққандық дəрежесінің 
баяу дамуымен, жарыстарда жеңістердің азаюымен, спорттық 
шеберліктің жоғары деңгейінен төменірек деңгейге түсуімен, 
болашақта көңіл көншітпейтін болжаулармен қатар жүре оты-
рып, ең ақыры организмнің физиологиялық, генетикалық қосалқы 


434
қорларының тез азаюына, тіпті, кейде сарқылуына орай спорттық 
шеберліктің артуының тоқтауына да əкеледі.
Осыған орай практикада спорт түрі мен жарыс стилін (шабуыл-
шы немесе қарсы шабуылшы) барабар таңдаудың аса маңызы зор.
Алайда, кейбір мəліметтерге сүйенсек, самбошы-күрескерлер 
арасында спортшылардың жартысына жуығы дерлігі өздерінің туа 
біткен типтік ерекшеліктеріне сəйкес келмейтін стилді қолданады 
екен. Осының салдарынан спорттық техниканы меңгеру қарқыны 
баяулайды, спорттық нəтижелер төмендейді, спорттық дəреже 
нормативтерін орындау мерзімі артады. Шабуылшы ма, əлде қарсы 
шабуылшы стилі ме, оған тəуелсіз «өзінің» стилін қолдану спорттық 
шеберліктің өсуі жылдамдығын арттырады жəне бұл айырмашылық 
неғұрлым спорттық біліктілік жоғары болған сайын, соғұрлым 
көбірек болады. Мысалы, самбошы-күрескерлерде «өз» стилдерін 
(4 жылда) таңдау кезінде «басқа» стилді (5 жыл 4 айда) таңдаумен 
салыстырғанда 1 дəрежедегі нормативтер орындау уақыты 1,5 жылға 
жуық азырақ болады. Спорт шеберлігіне кандидат нормативін орын-
дау 2 жылдан аса ерте уақытта, яғни бұл нормативке стилін дұрыс 
таңдамағандар 7,2 жылда, ал өз стиліндегілер 5 жылда-ақ қол жеткізе 
алады. «Өз» стиліндегілер (6 жылда) «басқа» стилдегілерге (11 жыл 
2 айда) қарағанда спорт шебері нормативін тіптен 5 жылдан да көп 
уақыттан бұрын орындай алады. 
Ситуациялық спорт түрлерімен шұғылданатын, яғни боксшы, 
волейболшы, баскетболшы жəне т.б. спортшылар ішінде көптеген 
психологиялық-физиологиялық көрсеткіштер бойынша шабуылшы 
мен қарсы шабуылшы стиліндегі спортшылар арасында айтарлықтай 
айырмашылықтар орын алған (Сологуб Е.Б. жəне əріпт., 1986, 1993).
Мəселен, қарсы шабуылшылармен салыстырғанда шабуылшы 
боксшыларда тактикалық ойлау мен сенсомоторлық реакциялардың 
уақыттық көрсеткіштері нақтылы қысқарақ болады, теппинг-тест 
пен бұлшық ет күші көрсеткіштері жоғары, жұмыс алдыңғы элек-
троэнцефалограммада (ЭЭГ) алдын ала күйге келтірудің барынша 
жоғары деңгейі, яғни ми қыртысы белсенділігінің синхрондалуы 
(бірнеше үдерістерді уақыт жағынан дəл, сəйкес келтіруі) тəн, ал 
қарсыласымен жұптық өзара əрекеті кезінде электроэнцефалограм-
мада (ЭЭГ) мидың сол жақ жарты шарының төменгі төбелік, көру 
жəне моторлық бөлімдерінде қозғалысты басқарудың неғұрлым 
асимметриялық жүйесі (шартты түрде «қабылдау жүйесі») 


435
қалыптасады. Кері байланысты электромиография (ЭМГ) кезінде 
бұлшық ет күшеюін ерікті басқару қабілетінің өсімі азырақ көрінген. 
Ал қарсы шабуылшы боксшыларда жетекші рөлді мидың 
маңдай алды бөлімі атқаратын үлкен ми сыңарлары қыртысында 
өзара байланысты белсенділіктің неғұрлым симметриялы жүйесі 
(«шешім қабылдау жүйесі»), Г. Айзенктің ауызша тесті бойын-
ша интеллектуалдылықтың (зерделіліктің) барынша жоғары 
коэффициенті, кері байланысты электромиография (ЭМГ) кезінде 
бұлшық еттің сезінуі мен тағайындалған (берілген, орындалуға 
тиіс) күш салудың жаңадан өндіру дəлдігінің барынша табысты 
жетілдірілуі орын алған.
Волейболшы, баскетболшы, футболшы жəне сайыскер спорт-
шыларды зерттеу барысында алынған ұқсас мəліметтер шабуыл-
шыларды вербалды емес (тілден тысқары) ойлау тəн тұлғаларға, 
И.П. Павлов бойынша «көркем» типке, ал қарсы шабуылшыларды 
(қорғаушыларды) вербалды (сөзбен білдіру) ойлау тұлғаларына не-
месе «ойшыл» типке жатқызуға мүмкіндік береді. 
Шабуылшы жəне қарсы шабуылшы стилі тəн спортшылар топ-
тарында 2/3 бөлігі туа біткен жеке дара-типологиялық ерекшелікте-
ріне сəйкес келетін жарыста өз стилдерін тапқан спортшылар бол-
са, 1/3 жуығына барабар емес таңдау тəн, олар бұл таңдауларын 
организмнің басқа да қызметтік мүмкіндіктерімен компенсациялауы 
(өтеуі) ықтимал. Дегенмен, стилді дұрыс таңдамау əсіресе, жүйке 
жүйесінің жылдамдығына байланысты қасиеттері мен қимыл ап-
параты сынды барынша генетикалық ықпалдың бақылауында бо-
латын сапаға ие шабуылшы спортшылар шеберліктерінің өсуін 
айтарлықтай қиындатады (29-кесте). Мысалы, жоғары жетістіктер 
спортында ұрыс жүргізудің барабар мəнерін таңдамаған шабуылшы 
боксшылардың үлесі (І санаттағы спортшылар тобында) 36%-дан 
(спорт шебері мен халықаралық спорт шебері топтарында) 25%-ға 
дейін қысқарады. 
Спортшыларды физиологиялық-генетикалық ерекшеліктері бо-
йынша дифференциациялау оларды үйретудегі түрлі педагогикалық 
əдістерінің негізін құрайды. Жəне жаттығуларды дұрыс іріктеуге, 
барабар өз стилін таңдауға, жарыстың табысты болуын моделдеу 
мен болжау алгоритмдерін жасауға мүмкіндік береді. 


436
29-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет