Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қазіргі өмір жағдайларындағы дене шынықтырудың рөлі



Pdf көрінісі
бет221/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   258
Қазіргі өмір жағдайларындағы дене шынықтырудың рөлі
ДДСҰ-ның есебі бойынша адам денсаулығының 20-25%-
ы экологиялық факторларға, 20% биологиялық факторларға 
(тұқымқуалауға), 10%-ы медициналық факторларға, ал 50-55%-
ы салауатты өмір салтына, яғни адамның өзіне байланысты 
екендігі анықталған. Адамның денсаулығы мен жоғары жұмысқа 
қабілеттілігінің қажетті деңгейін сақтайтын СӨС факторларының 
арасында дене шынықтыру маңызды орын алады. 


438
Адам организміне қазіргі өмір жағдайларының ықпалы
Адамға ықпал ететін сыртқы орта факторларының жағымды ғана 
емес, жағымсыз əсер ететіні де белгілі. Топтастырылған қатерлі фак-
торлар бір-бірімен байланысты, бірақ аурудың шығу тегіне қарай 
оларды шартты түрде: 
1) өлі табиғат (абиотикалық);
2) тірі табиғат (биотикалық);
3) əлеуметтік орта факторлары деп 3 топқа жіктеуге болады.
Осы айтылған жағдайларға байланысты адамның жəне əлеуметтік 
топтың саулығын болжауға болады. 
Денсаулыққа əсер ететін сыртқы физикалық факторларға ауаның 
қысымы, температура, газ, радиация, шу, вибрация, жел, жарық, 
қараңғылық жəне т.б., химиялық факторларға су, ауа, жер, тағам 
құрамындағы түрлі заттар; ал биологиялық факторларға инфекция, 
вирустар жатады. Ал ішкі жағдайларға гендік қасиеттер, қанның 
құрамы мен қысымы, тыныс алу, жүрек ырғағы, зат алмасуы, т.б. 
жатады. Бұлардың өзгеруі адам организміне, оның денсаулығына 
əсер етеді. Əуел баста организм олардың өзгерістеріне бейімделіп, 
икемделіп немесе төзімділігін күшейту арқылы ішкі ортасының 
тұрақтылығын сақтайды. Егер өзгеріс тым күшті болса, адамның 
денсаулығы нашарлайды, түрлі аурулар пайда болады. Ішкі 
тұрақтылықты сақтауды француз ғалымы Клод Бернар гомео-
стаз деп атаған (грек. гомозис – бірдей, стазис – жайы). Гомеоcтаз 
организмнің ішкі тұрақтылығын бір қалыпта ұстайтын үдерістердің 
жиынтығы. Бұл тұрақтылық ферменттердің қызметінің, зат 
алмасуының қарқынды жүруіне мүмкіндік тудырады. Денедегі 
қуаттың алмасуын да осы физиологиялық механизм реттейді.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың орасан өрлеуінің 
нəтижесінде «өркениет аурулары», яғни табиғат пен қоғамның 
қауырт өзгерістерінің организмге əсерінен туатын аурулар кең 
өріс алуда. Бұл өзгерістерге адам организмі жылдам жəне толық 
бейімделіп үлгермеу салдарынан аурулар туады.
Итальяндық физиолог А. Моссо «дене жаттығулары көптеген 
дəрі-дəрмектің орнын алмастыра алады, бірақ бірде-бір дəрілік зат 
дене жаттығуларының орнын толтыра алмайды», – деп атап өткен-
дей қазіргі адам өміріндегі дене шынықтырудың рөлі зор. Жануар-
лар əлемі, соның ішінде адам эволюциясы үдерісінде көптеген орга-
низм мүшелері мен жүйелері əр текті қозғалыстармен тығыз өзара 


439
байланысты қалыптасқан. Бұлшық еттердің жұмысынсыз адамның 
кеңістікте қозғалуы, сыртқы тыныс алуды жүзеге асыруы, жүректің 
қан айдауы, ас қорыту жолдарымен тағамның жылжуы, несеп-жы-
ныс жүйесі жұмысы, есту аппаратында дыбыс толқындарының өтуі, 
көздің мəтінді оқу жəне іздеу қызметі, сөздің айтылуы тəріздес, т.б. 
көптеген қызметтер мүмкін болмас еді. 
Қазіргі əлемде қозғалыс шектелуінің қарыштауы организмнің 
түрлі жүйелері қызметтерінің бұзылуына əкеліп, жұмысқа 
қабілеттілікті төмендетіп жəне денсаулық күйін нашарлата отырып, 
адамның биологиялық табиғатына қайшы келеді. Неғұрлым ғылыми-
техникалық прогресс адамзатты ауыр еңбек пен артық қозғалыстан 
босатқан сайын, соғұрлым қозғалыс белсенділігін өтеу қажеттілігі 
арта түседі. 
Бұл жағдайларда жаппай дене шынықтыруды дамытудың рөлі 
зор. 
Ертедегі гректер: «Егер сұлу болғың келсе – жүгір, егер сау 
болғың келсе – жүгір, егер күшті болғың келсе – жүгір», – деген 
екен. Дене қимылы организмнің тіршілігін қозғалтып, жанданды-
рып отырады. Тыныс алу жақсарады, қан айналысы жеделдейді, 
бұлшық еттің қозғалысынан лимфа ағысы жылдамдап, денеде жи-
налып қалған улы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Академик
В. В. Париннің айтқанындай, дене қимылы зат алмасуын тездетеді, 
тірек-қимыл жүйесінің, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін 
арттырады, ал бұл дененің қуат көзін ашады, жүйке жүйкесінің 
қызметін қалыптастырады. 
Дене шынықтыруға əйел адамдардың тартылуы өте маңызды
себебі олардың денсаулығына ұрпақ сапасы байланысты. Балалар 
мен жасөспірімдер организмі дамуы қозғалыстың жоғары деңгейін 
аса қажетсінеді. Ал егде жас тұлғалары үшін сергектік пен көп 
жасаудың бірден-бір факторы болып табылады. 
Аз қозғалып қызмет ететін, əсіресе, жасы ұлғайған адамдардың 
қанында эритроциттер төмен болады, ал май ұлпасының мөлшері 
жоғарылайды. Бұлшық еттердің массасы азаяды, ал сүйектері 
опырылғыш келеді. 
Қара жұмыстағы адамдардың, спортпен шұғылданатын 
кісілердің эритроциттерінің мөлшері қажетті деңгейде болады, 
оттегінің жетіспеуінде төзімді болып, тыныс алу жəне бұлшық ет 
жүйелері бір қалыпта қызметін атқарады.


440
Дене шынықтыру жаттығуларының əсерінен бұлшық еттердің 
қан айналысы күшейеді де, жасушалардың оттегімен, амин. 
қышқылдарымен, т.б. қоректік заттармен қамтамасыздануы 
жақсарады. Жаттығу кезінде бұлшық еттің 1 мм көлемінде 2500 қан 
капиллярлары ашылып, қанның қозғалысын жеделдетеді. И.М. Се-
ченов осындай əсердің ми жасушаларында да болатынын болжаған, 
ол болжамды ғалымдар кейіннен іс жүзінде дəлелдеді. 
Дене шынықтыру жаттығулары ішкі мүшелерге де, ішектегі 
лимфаның түзілуіне де əсер етіп, лимфаның қозғалысын жыл-
дамдатады. Соның нəтижесінде ішек-бауыр лимфасы арқылы 
зат алмасуының соңғы қажетсіз қалдықтары организмнен сыртқа 
мезгілінде шығып отырады. 
Қазіргі уақытта мезгілі жетіп дүниеге келген нəрестенің дене 
салмағы мен бойы қалыпқа сай болса да, функциялық жағынан 
толық жетілмеулері байқалады. Бұл оның қозғалыс белсенділігінің 
төмендеуімен, бұлшық еттік гипотониямен, тез қажумен, суық 
тию мен инфекциялық ауруларға төзімділіктің, яғни иммунитеттің 
төмендеуімен, эмоциялық реакцияларға əлсіз жəне тұрақсыз, 
жүйке жүйесінің əлсіз типімен көрініс береді. Физиологиялық 
жетілмеудің нəтижесі дене сапалары мен дағдыларының жеткіліксіз 
дамуы, семіздік, жақыннан көргіштік, омыртқа жотасының 
қисаюы, жалпақ табандылық, балалар травматизмі болып табыла-
ды. Бұл құбылыс адам өмірінің келесі сатыларына да ықпал етпей 
қоймайды. Физиологиялық жетілмеумен күрес фармакологиялық, 
психологиялық немесе педагогикалық шаралармен шектелмейді. 
Аталмыш құбылысқа қарсы тұрудың бірден-бір негізгі қажетті ама-
лы қозғалыс белсенділігін арттыру. Бұл көп жасауға жəне салауатты 
өмір салтына ашылған жол. 
Жаппай дене шынықтыруды дамыту денсаулықты сақтау мен 
жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатуды ғана қамтамасыз етіп қоймай 
халықты, əсіресе жасөспірімдерді зиянды əдеттерден – шылым шегу, 
маскүнемдік мен нашақорлықтан аулақ болуға əкеледі. 
Осыған орай, халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тар-
ту қажет. Айтулы спортшылардың спорттық жетістіктері қалың 
қауымға рух беріп, спортпен жүйелі түрде айналысуға əкеледі. 
Қазіргі олимпизмнің негізін салушы Пьер де Кубертен 100 адам дене 
шынықтырумен айналысу үшін 50 адамның спортпен шұғылдануы, 
50 адамның спортпен шұғылдануы үшін 20 адам жоғары білікті 


441
спортшы болуы, ал бұл адамдар үшін 5 адамның керемет жетістіктер 
көрсетуі қажет екендігін дұрыс атап өткен. 
Біздің елімізде де Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Александр Вино-
куров, Илья Ильин, Бекзат Саттарханов сынды спортшыларымыздың 
жетістіктері барша жастардың спортпен шұғылдануына түрткі бо-
лары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың қазақстандықтарды 
бұқаралық спорт түрлеріне тарту барысында атқарып жатқан 
жұмыстарының да жемісін беріп жатқанына олимпиада жетістіктері 
дəлел болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет