454
Спорттық ойындар қозғалыс белсенділігін жақсы дамытқанымен
де, алайда, олар шаңғы спортымен, жүзумен, ескек есумен жəне т.б.
бəсекеге түсе алмайды. Спорттық ойын түрлерін, əсіресе,
баскет-
бол, теннис, қол добын импульсивті-жылдамдықты жаттығулар
(ациклдік, стандартты емес-үзілістік (ситуациялық) жаттығуларға)
типіне
жатқызуға болады, олар организмнің функциялық күйін
айтарлықтай жоғарылатпайды.
Теннис – ашық алаңда жəне ғимаратта ойнауға болатын жауап
соққыларынан тұратын ойын. Ол біріне бір (жалғыздық ойын) неме-
се екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорттың бұл түрі үшін жүгіру,
секіру, бұрылу, айналу, бүгу, түзеу, соғу, сермеу жəне т.б. сынды сан
алуан қозғалыстар тəн. Теннис – табиғи интервалды жүктемелерге
белгілі физиологиялық көрсеткіштері тəн жоғары қозғалмалы ойын.
Тенниспен ерлер мен əйел адамдар да жасы ұлғайған шаққа
дейін шұғылдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: