Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қозғалыс дағдыларының қалыптасуындағы бұлшық ет



Pdf көрінісі
бет69/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   258
Қозғалыс дағдыларының қалыптасуындағы бұлшық ет 
қызметінің сипаттамасы. Қозғалыс дағдысының қалыптасуы 
кезіндегі бұлшық ет қызметінің ерекшеліктерін бірнеше бұлшық ет 
биопотенциалдарын бір уақытта тіркей отырып жазылатын электро-
миография мəліметтері бойынша бақылауға болады (35-сурет). 
Спорттық дағдының қалыптасуының бастапқы сатыларын-
да биопотенциалдардың тек сол қозғалыс əрекетін жүзеге асыруға 
қажетті бұлшық еттермен бірге «артық» бұлшық еттерде де 
тіркелетіні айтылып өткен болатын. Бұл жүйке орталықтарындағы 
иррадиация құбылыстарымен байланысты. Дағдының бекуіне бай-
ланысты иррадиацияның шектелуі жүреді, ал дағдының толығымен 
қалыптасуы кезінде ол тек үйреншікті емес жағдайларда ғана, мы-
салы, бөтен күшті тітіркендіргіштердің əсер етуі мен қажу кезінде 
байқалады.
Циклдік қозғалыстарда дағдының жетілуі нəтижесінде бұлшық 
ет белсенділігі кезеңдерінің ұзақтығы өзгереді. Дағдының 
қалыптасуының алғашқы сатыларында тиісті бұлшық еттердің 
электрлік белсенділігі тек қозғалыстың белсенді фазалары уақытында 
ғана емес, олардың арасындағы интервалдар да байқалады. Əрі 
қарай электромиографиялық секірмелер қысқа болады. 
35-сурет. Антагонист бұлшық еттердің электромиограммасы 
(Р. С. Персон бойынша):
1 – иықтың үшбасты бұлшық еті; 
2 – иықтың екібасты бұлшық еті;
А – жаттықпаған адамдарда;
Ə – жаттыққан адамдарда
Дағдының қалыптасу үдерісінде антагонист-бұлшық еттер 
арасындағы өзара қарым-қатынастың өзгеруі көрініс береді. 
Үйретудің бастапқы кезінде олардың биоэлектрлік белсенділігі 


141
бір уақытта көрініс берсе, салыстырмалы баяу қозғалыстарда 
олардың арасында реципроктылық (ілеспелілік) байқалады жəне 
биоэлектрлік белсенділік кезекпен туындай бастайды. Деген-
мен, тіпті, қалыптасқан дағдының кезінде де реципроктылық аго-
нист жиырылуы кезінде антагонист белсенділігінің төмендеуінде 
ғана көрініп толық айқындалмауы мүмкін. Мұнда қозғалыс темпі 
неғұрлым жылдам болған сайын, соғұрлым агонисттің биоэлектрлік 
белсенділігі бір мезгілдегі антагонист белсенділігімен үйлеседі. 
Кейбір жағдайларда антагонист-бұлшық еттердің бір мезгілдегі 
əрекеті сол қозғалыс дағдысы жетілуінің жоғары дəрежесі кезінде 
байқалатын координацияның ерекше түрі ретінде көрінеді. Соның 
ішінде бұл дене буындарының бірқалыпты ауысуын қажет ететін 
баяу қозғалыстарда, мысалы, атқыштардағы шүріппені басу кезінде 
орын алған.
Əртүрлі тұлғаларда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезінде 
түрлі бұлшық ет қозғалысына қатысу дəрежесін айғақтайтын 
биоэлектрлік белсенділік бірдей жүрмейді. Бұл тура сол қозғалыстың 
жұмыс атқарушы бұлшық еттер қызметтерінің бірнеше ерекше 
үйлесімде орындалуымен түсіндіріледі. 
Осыған 
орай 
біліктіліктері 
бірдей 
спортшылардың 
биоэлектрлік белсенділіктерінің ортақ қасиеттерімен бірге мəнді 
айырмашылықтарының да болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет