142
ды. Оларды орталық жүйке жүйесіне сезім мүшелері арқылы келетін
болғандықтан
сенсорлық (сезгіш) коррекция деп атайды.
Кері байланыс ішкі жəне сыртқы болып ажыратылады.
Ішкі кері
байланыс бұлшық ет, жүрек жəне организмнің басқа жүйелерінің
жұмысы сипаты туралы, ал
сыртқы кері байланыс сыртқы ортадан
əрекет туралы (лақтыру дəлдігі, футболдағы доптың қозғалу бағыты,
күресте қарсыластың дене күйінің өзгерісі, т.б. сияқты) хабар беріп
отырады.
Дене жаттығуларын орындау кезінде ішкі кері байланыстар
қозғалыс (пропиоцептивтік), вестибулярлық жəне интероцептивтік
сенсорлы жүйелер арқылы, ал сыртқы кері байланыс көру, есту жəне
тактильді (жанасу) сезім мүшелері арқылы орындалады.
Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жаттығуды бақылап
тұрған жаттықтырушы немесе басқа тұлғалардан алынған
қосымша
ақпараттың айтарлықтай мəні бар. Қазіргі кезде бақылаудан
басқа қозғалыс актісінің кеңістіктік жəне уақыттық параметрлерін
бағалауға мүмкіндік беретін түрлі аспаптық техника, гензометрия,
электромиография, кино, бейнежазбалар, т.б. кең қолданылады.
В. С. Фарфель бойынша алынған мəліметтер «жедел» болса, яғни
қозғалыс техникасын арттыру үшін тікелей жаттығуларды орындау
барысында немесе оны келесі қайталау кезінде қолданылса, осы
мəліметтер ерекше құндылыққа ие.
Жоғарыда қарастырылған қозғалыс дағдысының қалыптасу
ерекшеліктері ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын жоққа
шығармайды. И. М. Сеченов негізін салғаннан кейін И. П. Пав-
лов пен оның шəкірттері дəлелдеген рефлекстік теорияның негізгі
заңдылықтары өз күшін жоймаумен қатар жəне автоматты (дағдылы
əрекеттенген) ерікті қозғалыстар кезіндегі орталық жəне орындау-
шы мүшелер арасында өзара байланысты зерттеу жұмыстарында да
расталып дəлелдене түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: