Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дене жаттығуларын орындаудың энергиялық үнемділігі



Pdf көрінісі
бет76/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   258
Дене жаттығуларын орындаудың энергиялық үнемділігі
Қозғалыс əрекеті кезіндегі энергия жұмсалуының үнемділігіне 
қозғалыс пен вегетативтік қызметтердің үйлесімділігі есебінен же-
туге болады.
Энергия жұмсалу бірінші кезекте дене жаттығуларын орындау 
техникасын жетілдіру есебінен төмендейді. Толық жетілдірілмеген 
техника кезінде жүйке орталықтарындағы иррадиация (қозудың 
таратылуы) салдарынан қозғалысқа артық бұлшық еттер мен 
қозғалыс бірліктері қатысуы мүмкін. Мұндай жұмыс энергия 
шығынының жоғарылауымен сипатталады. Қозғалыс актісін орын-
дау техникасының жетілуіне байланысты жүйке жүйесіндегі кон-
центрация (қозудың жинақталуы) үдерістері нəтижесінде жұмысқа 


150
тек қажетті бұлшық ет талшықтары тартылады. Нəтижесінде энер-
гия жұмсалу төмендейді (37-сурет).
Қозғалыс техникасын жақсы меңгерген спортшыларда энер-
гия жұмсалудың үнемделуі тек қозғалыс қана емес біраз шамада 
вегетативтік қызметтердің үйлесімділігінің артуымен де байланыс-
ты.
Олар қозғалыс əрекеті үдерісінде шартсыз рефлекстер 
механизмі бойынша белсендіріледі (мобилденеді). Сонымен бірге 
қозғалыс дағдысының қалыптасуы кезінде вегетативтік шартсыз 
рефлекстердің өту сипаты, олардың бұлшық ет жұмысына емес 
аталмыш қозғалыс əрекетінің сол түріне бейімделуі өзгеруі мүмкін. 
Нəтижесінде жүрек, тыныс алу, бұлшық ет жəне т.б. вегетативтік 
мүшелердің энергия пайдалануы төмендейді. 
Дағдылардың қалыптасуы үдерісінде жүре пайда болған 
вегетативтік мүшелер қызметінің бұл ерекшеліктері қозғалыс 
актісінің шартты рефлекстік тыныс алу, жүрек-тамыр жəне т.б. 
вегетативтік компоненттерін құрайды.
спортпен шұғылдануды жаңадан 
бастаған тұлғалар
37-сурет. 3 минутта 400 м арақашықтықты өту кезіндегі техникалық 
дайындықтары əртүрлі байдаркашылардың О
2
пайдалануы 
(Ф. М. Кузнецов бойынша)


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет