146
2. Үйретуді этаптарға бөлу;
3. Оперативті (жедел) бақылау жəне шұғылданушының жеке-
дара ерекшеліктеріне байланысты оқытудың сандық жəне сапалық
тұстарының өзгеру мүмкіндігі сияқты жетекші бөлімдерді бөліп
көрсетуге болады.
Бағдарламалы үйретудің негізін салушы Б. Скиннер 3 негізгі
принципін ұсынған. Сызықтық принципі бойынша егер келесі əр
операция алдыңғы операция толық, қатесіз орындалған соң орында-
латын болса, үйрену соғұрлым тиімді болады. Қозғалыстың күрделі
формаларын бағдарламалы үйретуде бұл принциптің мүмкін емес
болуы ықтимал.
Тармақталған бағдарламалау бойынша күрделі қозғалыстың
қанағаттанарлықтай
дəрежеде
орындалуына
жаттығудың
құрылымдық жəне биомеханикалық тұтастығының сақталуы
кезінде жету мүмкін болады. Тұтас қозғалыстарды орындау бары-
сында қателіксіз мүмкін емес болғандықтан, бағдарламада оларды
жою да қарастырылған. Жаттығу қатесіз орындалған жағдайларда
соңғы нəтижеге жету жолы қысқарады.
Аралас бағдарламалауда оқушының оқылатын материалға
бейімделу элементтері ескеріледі. Меңгеру үдерісі қате туындама-
ғанға дейін сызықтық бағдарламасы бойынша жүреді. Туындаған
қате тармақталған бағдарламалау əдісі бойынша бейімделудің жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отыра түзетіледі.
Сонымен қатар қозғалыстарды орындауда табыстарға жету
жағымды эмоциялық күйлермен қатар жүреді. Ал қозғалыс
дағдысының табысты орындалмауы керісінше, жағымсыз эмо-
цияларды тудырады. Жағымды эмоциялармен орындалған дене
жаттығуларының тез меңгеріліп əрі берік бекітілуі осының салда-
рынан болады. Олар жетекші эмоция жəне жағдайлық эмоция бо-
лып бөлінеді. Жетекші эмоция мұқтаждықтың пайда болуымен не-
месе күшеюімен байланысты. Бұл эмоциялық əсерленушіліктің
сапасы мен өзгешелігі, оны туғызған мұқтаждықтың түрлері жəне
ерекшеліктерімен байланысты. Жағдайлық эмоция мақсатты
жүзеге асырушы іс-қимылды, нақтылы жетістіктерді күтіп
отырған нəтижемен салыстырудан шығады. Осыған байланыс-
ты эмоциялық əсерленушілік жағымсыз немесе жағымды болуы
ықтимал. Жағымсыз эмоциялар дағдының вегетативтік бөлімдерінің
айтарлықтай күштенуін тудырады. Нəтижесінде ішкі мүшелер
147
қызметінің бұзылулары, вегетативтік невроздар пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар эмоциялық тонус жоғарылауының төзімділіктің,
максималды күш пен жылдамдықтың (шапшаңдықтың) көрінуіне
ықпал жасайтыны белгілі.