189
Спортшыларда қан айналымдағы
қан көлемінің өсуі эритро-
циттер көлеміне қарағанда, көп дəрежеде плазма көлемінің артуы-
мен байланысты. Сəйкесінше оларда гематокрит көрсеткіші (қан
тұтқырлығы) спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда төмен
болады.
Төзімділікке жаттығатын спортшыларда плазма көлемінің артуы
қан айналымдағы
белоктардың жалпы мөлшерінің жоғарылауымен
байланысты. Бұл жоғарылау төзімділік жаттығулары ықпалынан ба-
уырда белоктар (ең бастысы, альбумин. мен глобулиндер) синтезінің
күшеюімен көрінеді. Қан плазмасындағы белок концентрациясының
артуы оның коллоидты-осмостық қысымын жоғарылатады. Бұл
автоматты түрде қанға тамырлардан тыс (жасуша, ұлпа аралық)
кеңістіктерден сұйықтықтың қосымша мөлшерін абсорбциялауға
əкеледі. Нəтижесінде қан айналымдағы
плазма көлемі артады, ал
қан плазмасындағы
белок концентрациясы 7 г/% жуық қалыпты
деңгейде тұрады. Сонымен қатар жаттықпаған адамдарға қарағанда
спортшыларда қан плазмасындағы
белок концентрациясы тіпті
біршама азырақ болуы мүмкін жəне соған сəйкес қан плазмасының
коллоидты-осмостық қысымы төмен болады.
ҚАҚК артуының төзімділікке жаттығатын спортшылардың
оттегі тасымалдау мүмкіндіктерінің жоғарылауында маңызы аса зор.
Ең алдымен, ҚАҚК артуының арқасында
қанның орталық көлемі
жəне жүрекке веналық қайтарылудың өсуі
қанның систолалық
көлемінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. ҚАҚК артуы тері торла-
рына қанның көп мөлшерінің баруына жағдай жасайды. Сөйтіп, ұзақ
жұмыс кезінде жылу шығаруда организмнің мүмкіндіктерін артты-
рады. Қан гематокритінің айтарлықтай жоғарылауынсыз,
сонымен
қатар плазманың «артығы» да жұмыс кезінде оның қосымша жоға-
луы жағдайында резерв (қор) болып табылады. Бұл үлкен аэробтық
қуаттылықты жүктеме кезінде жүректің жоғары жылдамдықпен
қанның көп мөлшерін «айдау» кезіндегі жұмысын жеңілдетеді.
Сонымен қатар плазманың ұлғайған
көлемі жұмыс кезінде қанға
түсетін ұлпалық алмасу өнімдерінің (мысалы, сүт қышқылының)
көп сұйылуын қамтамасыз ете отырып, осылайша қандағы олардың
концентрациясын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: