Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет96/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   258
Өкпенің диффузиялық қабілеті. Тыныштық күйде жəне бұл-
шық ет жұмысы кезінде спортшыларда спортпен шұғылданбайтын 
адамдарға қарағанда өкпенің диффузиялық қабілеті жоғары. 
Мəселен, ол тыныштық күйде марафоншы-желаяқтарда максимал-
ды жұмыс кезіндегі жаттықпаған ер адамдармен тең келеді. Деген-
мен, түрлі адамдарда өкпенің максималды диффузиялық қабілетінің 
көрсеткіштерінде үлкен айырмашылықтар бар болғанмен, тұтасымен 
алғанда олар максималды аэробтық мүмкіндіктермен тура байланыс-
та болады. 
Спортшыларда өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауы 
өкпе көлемінің ұлғаюымен де біраз байланысты. Ол бастысы 
альвеолалық капиллярлар торының кеңеюі мен қанның орталық 
көлемінің жоғарылауы арқасында өкпе капиллярларындағы қан 
көлемінің артуы себепті жоғары альвеолалық-капиллярлық беткейді 
қамтамасыз етеді.
Өкпенің мұндай жоғары диффузиялық қабілеті өте үлкен 
қуаттылықты жүктеме кезінде альвеолалардан өкпе капиллярлары 
қанына оттегінің жылдам өтуіне жəне оның оттегімен тез қанығуына 
əкеледі.
Артериялық қандағы оттегі парциалдық кернеуі (РаО
2
) 
өкпедегі оттегі алмасуының тиімділігі туралы бағалауға 
мүмкіндік береді. Тыныштық күйде ол спортшылар мен спортпен 
шұғылданбайтын адамдарда бірдей жəне дені сау адамдарда 40 жасқа 
дейін шамамен, 85-105 мм сынап бағанасы мөлшері аралығында 
(көбіне, 95-98 мм сынап бағанасы) болады.
Субмаксималды жəне неғұрлым жеңіл аэробтық жұмыс 
кезіндегі РаО
2
тыныштық күйінен еш айырмашылығы жоқ. Тек ол 
максималдыға жуық жəне максималды аэробтық жұмыс кезінде 
біраз төмендейді: жаттықпаған адамдарда көбіне, 5-10 мм сынап 
бағанасы аспайды, ал өте жақсы жаттыққан ОМП жоғары спортшы-
ларда максималды жұмыс кезінде 10-15 мм сынап бағанасы болады. 
Спортшыларда мұндай РаО
2
айтарлықтай төмендеуі өкпенің 
диффузиялық қабілетінің жеткіліксіздігі немесе альвеолалық 
ауадағы оттегі парциалдық қысымының төмендеуі салдары болып 
табылмайды. Бұл бəрінен бұрын өкпе вентиляциясы мен қан пер-
фузиясы арасындағы сəйкессіздіктен, сонымен бірге альвеолалық 
капиллярлар арқылы қан қозғалысының жоғары жылдамдығынан 
болуы ықтимал. Осымен қатар спортшыларда РаО
2
айтарлықтай 


188
төмендеуі спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 
альвеолалық капиллярлардан өтіп кетіп, артериялық тамырлар мен 
жүрек қуысына тура түсетін веналық қан көлемінің – «веналық 
шунттың» неғұрлым айтарлықтай болуымен байланысты болуы 
ықтимал. Бұл жағынан əсіресе, жүректің коронарлық венасынан қан 
ағымының жылдамдығы үлкен рөл атқарады, өйткені спортшылар-
да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда коронарлық қан 
айналымы көлемі жоғары, ал коронарлық вена қанындағы оттегі 
мөлшері төмен болады.
Тұтасымен алғанда спортшының сыртқы тыныс алу жүйесі 
жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен басқа белсенді мүшелер 
мен ұлпалардың оттегімен тиімді қамтамасыз етілуіне қажетті 
артериялық қандағы оттегі кернеуін ұстап тұрады.
Сонымен сыртқы тыныс алу жүйесіне қатысты төзімділікке 
жаттықтырудың басты əсерлері:
1. Өкпе көлемі мен сыйымдылығының ұлғаюынан;
2. Сыртқы тыныс алу қуаттылығының жəне тиімділігінің 
(үнемділігінің) артуынан;
3. Өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауынан тұрады. 
Қан жүйесі
Қанның көптеген көрсеткіштері аэробтық төзімділікке елеулі 
ықпал ете алады. Ең алдымен, организмнің оттегі тасымалдау 
мүмкіндіктері қан көлемі мен ондағы гемоглобин мөлшеріне тəуелді 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет