Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қанның қызыл элементтері (эритроциттер мен гемолгло-



Pdf көрінісі
бет98/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   258
Қанның қызыл элементтері (эритроциттер мен гемолгло-
бин). Қандағы гемоглобин мөлшері оның оттектік сыйымдылығын 
жəне сəйкесінше, оның оттегі тасымалдау мүмкіндіктерін 


190
анықтайды. Сондықтан алғаш қарағанда төзімділіктің көрінуін та-
лап ететін спорт түрлері өкілдерінде спортпен шұғылданбайтын 
адамдармен немесе басқа спорт түрлері спортшыларымен қандағы 
эритроциттер мен гемоглобиндер концентрациясының орта есеп-
пен бірдей немесе тіпті, одан да біраз төмен болуы күтпеген жайт 
болып табылады. 
Осымен қатар төзімді спортшыларда ҚАҚК қаншалықты артуы-
мен оларда қандағы эритроциттер мен гемоглобиндердің жалпы 
мөлшері жоғары пропорциялы болады. Мəселен, жаттықпаған ер 
адамдарда жəне жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдерінде 
қандағы гемоглобиннің жалпы мөлшері орта есеппен 700-900 г 
немесе 10-12 г/кг (əйел адамдарда 500 г жуық немесе 8-9 г/кг), ал 
төзімді спортшыларда сəйкесінше, 1000-1200 г немесе 13-16 г/кг 
(əйел адамдарда 800 г немесе 12 г/кг).
Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын спортшыларда эритроцит-
тер мен гемоглобиндердің жалпы өнімі спортпен шұғылданбайтын 
адамдардан асады. Дегенмен, эритропоэздің жəне гемоглобин 
түзілуінің күшеюі ҚАҚК артуымен эритроциттер мен гемоглобиннің 
«қалыпты» концентрациясын ұстап тұруын ғана қамтамасыз етеді. 
Мұндай спортшыларда эритропоэз жəне гемоглобин түзілуінің 
қалыпты арақатынасы да сақталады, демек, эритроциттердегі 
гемоглобиннің орташа концентрациясының кəдімгі мөлшерден 
айтарлықтай айырмашылығы болмайды. 
Эритропоэздің (жəне гемоглобин түзілуінің) күшеюіне əсер 
ететін механизмнің біріне (стимулдайтын) күшті жаттықтыру мен 
жарыстар əсіресе, жүгіру кезінде жүретін жұмыс гемолизі жата-
ды. Бұл туралы спортпен шұғылданбайтын адамдармен (200 мг%) 
салыстырғанда жаттыққан желаяқтардағы (орта есеппен, 100 мг% 
жуық) гаптоглобиннің төмен концентрациясы бойынша бағалауға 
болады. Мұнда кейбір жағдайларда өте ауыр жүктемелерден кейін 
қандағы гаптоглобин мүлдем байқалмауы да мүмкін.
Гаптоглобин (Нр) эритроциттер бұзылуы (гемолиз) кезінде 
түзілген бос гемоглобинмен байланысып, оның организмнен 
шығарылуының алдын алатын қан плазмасы гликопротеиді, күрделі 
белок. Ол бауырда, май ұлпаларында жəне өкпеде синтезделеді. 
Түзілген 
гаптоглобин-гемоглобин 
кешені 
(Нр-Нb) 
бүйрек 
шумақтарынан өте алмағандықтан, организмде темірді ұстап тұруға 
қабілетті келеді. Жəне соңғы жаңалықтар бойынша оның липидтер-


191
дің асқын тотығуы үдерісін тежейтін пероксидазалық белсенділікке 
де ие екендігі анықталған. Ұзақ уақыт гаптоглобин мөлшерінің 
жоғары болуы ауру белгілері болып табылады. Қан плазмасындағы 
гаптоглобин мөлшерінің орташа көрсеткіштері жасқа байланысты 
өзгеріп отырады: жаңа туған нəрестеде 50-480 мг/л, 6 айдан – 16 
жасқа дейін 250-1380 мг/л, 16-дан 60 жасқа дейін 150-200 мг/л, ал 60 
жастан асқан егде адамдарда 350-1750 мг/л. 
Спортшыларда тыныштық күйде эритроциттер концентрация-
сының (азайған гематокрит) біршама төмендеуінің белгілі бір 
артықшылығы бар, себебі осылайша жүрекке жүктеме түсуін 
азайтады. Бұлшық ет жұмысы кезінде гемоконцентрация гемогло-
бин мөлшерінің жоғарылауын қамтамасыз етеді жəне сондықтан 
жүктеме қуаттылығына пропорциялы қанның оттегі сыйымдылығын 
арттырады. Осы тұрғыдан тыныштық күйде қанның қызыл 
элементтері көрсеткіштері неғұрлым төмен (эритроциттер мен 
гемоглобиндердің концентрациясы төмен) жəне ҚАҚК айтарлықтай 
болатын жақсы жаттыққан спортшылардың белгілі бір функциялық 
артықшылықтары бар, яғни оларда қандағы жұмыс өзгерістері диа-
пазоны артқан, ал сəйкесінше аз жаттыққан адамдарға қарағанда 
оттегі тасымалдау мүмкіндігін жоғарылату үшін қызметтік қор (ре-
зерв) да көп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет