Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жаттығудың 2 негізгі функциялық əсері



Pdf көрінісі
бет121/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   258
Жаттығудың 2 негізгі функциялық əсері.
Дене жаттығуларының белгілі бір түрімен жүйелі түрде 
шұғылдану:
1. Шынығу жаттығуларының орындалуын қамтамасыз ететін 
тұтас организмнің жəне оның жетекші жүйелерінің максималды 
қызметтік мүмкіндіктерінің күшеюі;
2. Бұлшық ет қызметін арнайы жаттықтыру барысында тұтас 
организмнің жəне оның мүшелері мен жүйелері қызметтері 
тиімділігінің (үнемділігінің) жоғарылауы сияқты екі негізгі жағымды 
функциялық əсер береді. 
Бірінші əсерге шекті, максималды, тестілер (жаттығулар) орын-
дау кезінде айқындалған максималды көрсеткіштердің өсуі дəлел 
болады. Бұл көрсеткіштер аталмыш бұлшық ет əрекетінің түрін 
орындауға қажет организмнің максималды қызметтік мүмкіндіктерін 
көрсетеді. Мысалы, төзімділік жаттығуларының əсері жөнінде 
организмнің максималды аэробтық мүмкіндіктерінің – максимал-
ды аэробтық қуаттылық пен максималды аэробты сыйымдылықтың
(белгілі бір қуаттылықты, мысалы, ОМП деңгейіндегі аэробты 
бұлшық ет жұмысын орындау ұзақтығының) артуы куəландырады. 
Ал екінші əсер болса, стандартты максималды емес жүктемелерді 
орындау кезінде организмнің түрлі жетекші жүйелері мен мүшелері 
қызметтерінің өзгерістерінің азаюымен көрінеді. Мəселен, 
бірдей жүктемені орындау кезінде жаттыққан адамда спортпен 
шұғылданбаған адаммен салыстырғанда немесе белгілі бір жаттығу 
кезеңінен кейін сол адамның өзінде функциялық (ЖЖЖ, өкпелік 
вентиляция, қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу белсенділігі деңгейі 
мен мөлшері, дене температурасы, қандағы лактат, катехоламиндер 
жəне басқа да гормондардың концентрациясы, симпатикалық жүйке 
белсенділігі жəне т.б.) өзгерістер, сонымен қатар сол жүктемені 
орындау кезінде энергиялық шығындардың төмендеуі (мысалы, О
2
пайдаланудың кемуі) азырақ байқалады. Соңғы аталған феномен 
орындалуы қозғалыстың күрделі координациясын меңгерумен жəне 


235
жетілдірумен байланысты мысалы, жүзу сияқты бұлшық ет əрекеті 
түрлерінде барынша айқын көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет