Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жаттығу жүктемесі қарқындылығын ЖЖЖ бойынша



Pdf көрінісі
бет123/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   258
Жаттығу жүктемесі қарқындылығын ЖЖЖ бойынша 
анықтау. Жаттығу жүктемесі қарқындылығын ЖЖЖ бойынша 
анықтау негізінде олар арасындағы тура байланыс жатыр, яғни 


237
неғұрлым аэробты циклдік жүктеме көп болса, соғұрлым ЖЖЖ 
жоғары болып келеді. Жасы, жынысы жəне дене дайындығының 
деңгейі (жаттығу дəрежесі) əртүрлі адамдарда физиологиялық 
жүктеме қарқындылығын анықтау үшін ЖЖЖ абсолютті емес, са-
лыстырмалы көрсеткіштерін қолданған дұрысырық. Көбіне, ЖЖЖ 
салыстырмалы жұмыс немесе ЖЖЖ салыстырмалы жұмыс өсімі 
сияқты 2 көрсеткіштің бірі қолданылады. 
ЖЖЖ салыстырмалы жұмыс көрсеткіші (ЖЖЖ
макс
%) – бұл 
жүктеме кезіндегі пайызбен өрнектелген ЖЖЖ қатынасы, яғни 
жұмыс ЖЖЖ (ЖЖЖ
ж
) көрсеткішінің сол адамға тəн максимал-
ды ЖЖЖ (ЖЖЖ
макс
) мөлшеріне қатынасы: ЖЖЖ
макс
% = (ЖЖЖ
ж

ЖЖЖ
макс
) * 100%.
Максималды ЖЖЖ (ЖЖЖ
макс
) анықтаудың қарапайым ережесі 
ретінде мына формула қолданылады: 220 – жас (жылмен). Мысалы, 
50 жастағы ер адамда максималды ЖЖЖ орта есеппен 170 екп/мин. 
(220-50 (жас)) құрайды (12-тарауда балалардың ЖЖЖ
макс 
есептеуді 
қарастырамыз). Алайда, ЖЖЖ
макс
мəні бойынша бір жас кезеңінде 
болса да түрлі адамдарда айтарлықтай айырмашылықтары болаты-
ны есте болу қажет. ЖЖЖ
ж 
дене жаттығуларын орындап жатқанда 
есептеу керек немесе тіпті, болмағанда оны аяқтағаннан соң дереу 10 
с ішінде өлшеу керек. Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың даму-
ына байланысты заманауи электродтардың болуына орай ЖЖЖ
макс 
жəне т.б. көрсеткіштерді спорттық ойындар мен жаттығулар кезінде 
өлшеу аса қиындықтар туғызбайды. 
ЖЖЖ салыстырмалы жұмыс өсімі көрсеткіші. ЖЖЖ салыстыр-
малы жұмыс өсімі көрсеткішін анықтау үшін пульстік жұмыс резер-
він (ЖЖЖ
рз
), яғни ЖЖЖ
макс
пен сол адамның тыныштық күйдегі 
ЖЖЖ (ЖЖЖ
т
) айырмасын білу қажет: ЖЖЖ
рз 
= ЖЖЖ
макс
– ЖЖЖ
т

Мысалы, ЖЖЖ
макс 
200 екп/мин, ЖЖЖ
т 
70 екп/мин. болса, ЖЖЖ
рз 
130 екп/мин. ЖЖЖ
ж
мен ЖЖЖ
т
арасындағы айырмашылықты 
ЖЖЖ жұмыс өсімі көрсеткіші (ЖЖЖ
жө
) деп атайды. ЖЖЖ салыс-
тырмалы жұмыс өсімі көрсеткіші (ЖЖЖ
сжө
) пайызбен өрнектелген 
ЖЖЖ
жө
-нің ЖЖЖ
рз
-не қатынасы: ЖЖЖ
сжө
= (ЖЖЖ
жө
/ЖЖЖ
рз

* 100%. Айталық, біздің мысалымызда ЖЖЖ
ж
160 екп/мин. деп 
алсақ, ЖЖЖ
жө
(160-70) 90 екп/мин. тең. ЖЖЖ
рз
(200-70) 130 екп/
мин. болғаны белгілі, сонда ЖЖЖ
сжө
70%-ға жуық (90/130*100%) 
болады. 
ЖЖЖ 
көрсеткіші 
бойынша 
жаттығу 
жүктемелері 


238
қарқындылығын анықтау үшін табалдырықтық, ең жоғары («шың» 
мəні) жəне орташа ЖЖЖ мəндері қолданылады. Табалдырықтық 
ЖЖЖ егер бұл көрсеткіш төмен болса, жаттығу əсері болмайтын 
ЖЖЖ-нің (қарқындылығы) ең төменгі мөлшері. Ең жоғары ЖЖЖ 
қол жеткізу мүмкін болатын ЖЖЖ-нің (қарқындылығы) ең жоғары 
шамасы, бірақ ол жаттығу барысында одан əрі жоғарыламауы тиіс. 
Орташа ЖЖЖ аталмыш дене шынықтыру сабақтары жүктемелерінің 
орташа қарқындылығына сəйкес келетін ЖЖЖ мөлшері. 
Дене тəрбиесімен айналысатын жас ерлер мен əйелдердің 
жаттығу жүктемелері қарқындылығын анықтау үшін 12-кесте-
де көрсетілген ЖЖЖ-нің салыстырмалы көрсеткіштері бойынша 
бағдарлауға болады. 
12-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет