163
44-суреттегі Фолкнер мен əріптестерінің
еңбектерінен зақым
алғаннан 3 күн өткеннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының күйін
анық көруге болады.
Дене жаттығуларының организм үшін қаншалықты маңызды
екендігіне Faulkner, Brooks жəне Zerba жүргізген зерттеулер дəлел
болады. Зерттеу нəтижелерінен 2 апта
бойы жаттығудан кейін
күштік тапшылықтың жаттықпаған кезеңге қарағанда 3 есеге жуық
кемитінін, ал зақымдалған бұлшық еттің талшықтары санының 4 есе-
ге дейін азаятындығын көруге болады. Екі жағдайда да жаттықпаған
кезеңге қарағанда айырмашылықтар нақты (Р<0,05) болған
(45-су-
рет).
44-сурет. Зақым алғаннан 3 күннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының
«елесі» (Faulkner, Brooks and Zerba (1995)
J Gerontol 50:B124-B129)
45-сурет. Бұлшық еттің зақымдалуы мен күштік тапшылыққа
дене жаттығуларының ықпалы (Koh & Brooks (2001)
Am J Physiol
281:R155-R161)
164
Сонымен қатар күштік ташылық пен бұлшық еттердің зақымдалу
пайызына пассивті жаттығу мен бұлшық
еттердің изометриялық
жиырылуын іске асыра отырып, орындалатын жаттығудың əсері са-
лыстыра зерттелген
(46-сурет).
Бұл зерттеулерде бұлшық еттердің дегенерациясы мен регенера-
циясына назар аударылған. Бұлшық еттің дегенерациясы дегеніміз
оның негізгі қабілеті – жиырылудан айырылу болса, ал оның регене-
рациясы жиырылу қабілетінің қайтадан қалпына келуі болып табы-
лады. Қартаю барысында зақымдарға шалдығудың артатындығына
жəне оның қалпына келуінің төмендеуіне
қарамастан жануарларға
жүргізілген тəжірибелер оларда да зақымдардың алдын алуға мүмкін
болатындығын көрсеткен. Бұлшық ет талшықтарын жаттықтыру
əсіресе, егде адамдарда жиырылу
кезінде оқыс зақымдалу
жағдайларын азайтуы мүмкін.
46-суретте көрсетілгендей, əсіресе,
барлық талшықтардың
ішіндегі зақымдалған талшықтар пайызы жаттықпағандарға
қарағанда пассивті жаттыққан жануарларда 2 есе аз (Р<0,05) болған.
Күштік тапшылық пайызы жаттықпағандарға қарағанда жаттыққан 2
топта да (пассивті, изометриялық жаттығу) нақты айырмашылықпен
төмен болған.
Достарыңызбен бөлісу: