Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


І. ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет3/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

І. ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жоспары:
    1. Даму психологиясының пəні мен міндеттері


    2. Даму ұғымы

    3. Даму психологиясының əдістері.



    1. Даму психологиясына жалпы сипаттама


Адам іс-əрекетінің күрделенуінен жəне психология мен басқа да ғылымдар құрылымындағы ғылыми мəліметтердің жинақталуынан əртүрлі, ең алдымен əлеуметтік факторлармен міндеттелген өзгерістердің үздіксіз үдерісі жүруде. Бұл өзгерістер бір жағынан психологияның жеке салаларының тармақталуында, енді бір жағынан, əрі психологияның ішінде, əрі оның басқа да шектес ғылымдармен тоғысуында зерттеулердің əртүрлі салалары мен бағыттарының бірігуінде анықталады.


Даму психологиясы психология ғылымының азды-көпті оқшауланған саласы ретінде ХІХ ғасырдың соңында пайда болып, жеке тұлғаның өмір барысындағы психикалық даму үдерісінің жас ерекшеліктері мен динамикасын анықтауға бағытталған.
Даму психологиясының пəні адамның онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын жəне дамудың əрбір жас ерекшелік кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның жəне оның іс- əрекетінің даму ерекшеліктерін зерттейді.
Онтогенез – бұл туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара даму. Аталмыш ұғым биологиядағы онтогенездің жүктіліктен жəне жаңа өмірдің пайда болу мезетінен өлімге дейінгі дара даму ретінде анықталған ұғымға сəйкес келмейді. Мұндай айырмашылық кездейсоқтық емес. Психологиядағы тұжырымдамаға сəйкес психика жəне психикалық бейнелеу дүниеге келу дағдарысын білдіреді. Бейнелеудің психикалық фор- малары дүниеге келу мезетінде пайда болады. Пренатальды даму кезеңі (жүктілік мезетінен жаңа өмірдің пайда болуын дейін) бейнелеудің өзге формалары мен дамудың өзге түрлерімен сипат-
талады, сондықтан адам дамуының жалпы жіктелуіне аталмыш кезең қосылмаған.
Курс негізгі үш бөлімнен тұрады, олар: жас ерекшелік психологиясының пəні, міндеттері, əдістері; бала мен ересектің психикалық дамуының детерминанттары (қозғаушы күштері, себептері мен шарттары); жекелеген жас ерекшелік кезеңдерінің сипаттамалары.
Жас ерекшелік психологиясына деген қызығушылық дамудың ғажайып болып көрінетін оғаш пікірде анықталатын психиканың онтогенезде даму заңдылықтарын зерттеудің теориялық пробле- маларымен, сондай-ақ қоғамды жас ерекшелік психологиясына жетелейтін жаңа ұрпақты оқыту мен тəрбиелеудің практикалық міндеттерімен де шартталады.
Ең алдымен, ғасырлар бойында зерттеушілерді, философ- тарды, қоғам қайраткерлерін толғандырған дамудың қарама- қайшылықтарын қарастырып көрелік.
Бірінші қарама-қайшылық: онтогенездің басындағы қауқарсыздықтан есейген шақтағы зор қуаттылыққа дейін. Барлық дүниеге келген тірі организмдердің арасындағы ең қауқарсыз түрінен есейген шағында үйлесімді, интеллектілі қуатты тұлға қалай қалыптасады? Адамды ең мүлтіксіз ететін не нəрсе?
Екінші қарама-қайшылық: орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы жəне психикалық дамудың жетістіктері. Жа- нуарлар психикасы мен мінез-құлықтарының дамуы орталық жүйке жүйесінің дамуына байланысты екендігі көпшілікпен мойындалған. Кроманьондықтар уақытынан бері адамның морфологиялық келбетінің мүлде өзгермегендігі белгілі. Түрдің тұрақтылығында адамзаттың тұтастай жетілуінің себебі неде? Морфофизиологиялық қасиеттердің тұрақталығында адамның жаңа психологиялық қабілеттері: логикалық ойлауы, мағыналы есі, қабылдауы, музыкалық қабілеттері жəне т.с.с. қалай қалыптасады? Адамзаттың жаңа қабілеттерінің даму механизмдері қандай?
Үшінші қарама-қайшылық: тұлға дамуының жеке-да- ра жолдарының əмбебаптығы, əртектілігі, тұрақтылығы жəне даралық ерекшеліктері.
Түр, тек қасиеттері тұрақтылығының сақталуы түрді сақтаудың шарты болып табылады. Адамға нəсіліне, этникалық, əлеуметтік жағдайына қарамастан даму нұсқаларының шексіз əртектілігі
орын алған дене ұйымдасуының тұрақты ортақ негізі (сенсорлы жəне перцептивті жүйелердің, танымдық қабілеттердің жəне т.б. қасиеттері) тəн.
Қазіргі заманғы психологияда даму жолдарын түсінудің екі парадигмасы, даму үдерісін түсіндіретін екі теңеу бар:
Баспалдақтар (1-сурет) – қалыпты дамудың ықтималды жалғыз жолы;
Ұяшықтар (2-сурет). Біз жолымызды А пунктінен бастап, Б пунктіне əрқайсымыз өз жолымызбен келеміз, яғни бірыңғай нəтижені қамтамасыз ететін даму траекториясы əртүрлі болады. Дамудың дара траекториялардың кеңістігі шектеулі.



1-ǺǼǹǮǻ. NJǩǺǸǩǴǭǩáǻǩǹ 2-ǺǼǹǮǻ. èȈȁȄáǻǩǹ


Даму қарама-қайшылығы дара нұсқауларға, тұрақтылық пен вариативтіліктің арақатынасына байланысты болады. Бізді бір-бірімізден ерекшелендіріп тұратын тектілік, тұрақтылық, өзгермейтін жəне даралықтың арақатынастары қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет