Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет5/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146

Даму ұғымы


Аталмыш ұғым қайсыбір өзгерісті, жаңа қабілеттердің туын- дауын, жетілуді қамтиды. Кез келген өзгерісті даму деп атауға бола ма? Өсу, даму жəне жетілу ұғымдарын салыстырып көрелік. Аталмыш ұғымдар өзара байланысып, өзара ұштасатын болса да, олар бір-бірінен өзгеше үдерістер болып табылады.


Өсу – жеке ағзалардың, олардың жүйелерінің, тұтастай организмнің маңызды мүмкіндіктерінің сандық өзгерістері, мөлшерлерінің ұлғаюы.
Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу үдерісі. Даму əрдайым жүйенің дамуы болып табылады, жаңа қасиет тек жүйенің қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған сəйкес даму объектісі – оқшауланған элемент емес, жүйе болып табылады.
Жетілу – генетикалық жоспарға сəйкес органикалық өсу мен дамудың бағдарламаланған үдерісі. Жетілу сандық жəне сапалы өзгерістерді қамтиды.
Адамның шынайы тіршілік əркетінде жəне психикалық да- муында аталмыш үш үдеріс бір-бірімен тығыз байланысады. Алайда зерттеу мақсатында олар бір-бірінен ажыратылуы тиіс. Даму онтогенезде генетикалық бағдарламаланған өзгерістерді болжау қажеттілігінен жетілу жағдайында жүзеге асады. Жетілу қажет алғышарттарды құрып, дамуды шектейді. Жетілу – дамуды шектейтін əрі мүмкіндіктерін қалыптастырушы объективті үдеріс болып табылады. Даму сапалы өңдеулердің негізі болып табыла- тын сандық өзгерістерге негізделеді.
Дамудың негізгі сипаттамаларын ерекше атап көрсету үшін оның философиядағы түсінігін қарастыралық.

  1. Дамудың сапалы өзгерістері. Сапалы бір күйден екіншісіне өту. Мəселен, ойлау көрнекі əрекетшіл түрінен көрнекі бейнеліге жəне сөздік қисынды ойлауға алмасады.

  2. Өзгерістердің мұрагерлігінің негізінде дамудың қайтарым-

сыздығы. Дамудың қайтарымсыздығы дегеніміз – біздің балалық шаққа, жеткіншек кезеңіне қайта орала алмайтынымыз. Мəселен, 40-45 жас шамасындағы дағдарыс кезеңінде жастық шақтың сим- волды өлімін қабылдау қажет. Дамуды алға жылжу бар да, кері қайту жоқ. Алайда, біз ойша өткен шаққа орала аламыз, оны өңдеуге мүмкіндігіміз бар, психоанализ бен психотерапия дəл осы əдіс-тəсілдерге сүйенеді. Мұрагерлік сапалы, қайтарымсыз өңдеудің сақтаумен жəне тұрақтылықпен үйлесімін білдіреді. Мəселен, «эго-ұқсастық» ұғымы орын алған барлық өзгерістерге қарамастан «Мен» ұғымының мұрагерлігі мен сəйкестігінің сақталуын білдіреді. Эго-ұқсастықтың құрылымы тұлғаның тұрақты негізін құрайды. Даму əрдайым қайсыбір тұрақтылықты болжайды. Тұрақтылықтың түрлері 1-кестеде көрсетілген.


1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет