Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ


 Постмодернизм жəне болмыстың жаңа  стратегиясы



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
3.1.3. Постмодернизм жəне болмыстың жаңа  стратегиясы
 
Өзгермелiлiкке,  белгiсiздiкке,  тұрақсыздыққа  талдау  жасау – ХХ  ғасырдың 
ортасындағы  философиялық  iзденiстерге  тəн  нəрсе.  Қалыптасу  ретiндегi  болмыс 
жорамалының өзiн-өзi ақтауы болмыстың “жаңа” стратегиясы мен ол жүзеге аса бастаған 
ойлаудың  жаңа  формасының  қалыптасу  жолындағы  алғашқы  қадамы  болды.  Бiрақ 
болмыстың  мұндай  стратегиясын  негiздеу  үшiн  жаңа  терминология,  ұғымдық  формалар 
дайындап  алу  қажет  болды.  Егер  болмысты  қалыптасу  ретiнде  түсiнсек,  онда  бұрынғы 
логика  мен  оның  категориялық  аппаратының  жарамайтыны  анық,  өйткенi  ол  логика 
болмыстың  тұрақты  жəне  өзгермейтiн  деп  түсiндiрiлетiн  бағдарламасына  орай 

жасалынған  едi.  Жаңа  категориалдық  тiл  мен  интеллектуалдық  əрекеттiң  жаңа 
ережесiн  дайындау  болмыстың  жаңа  стратегиясын  қалыптастырудағы  негiзгi  мiндеттер 
саналады жəне бұл мiндеттi постмодернизм философиясы шешуге ұмтылады.
 
Болмыстың  “жаңа”  стратегиясын  шешудiң  басы,  постмодерн  философтарының 
пiкiрiнше  классикалық  философияның  негiзгi  жағдайларын  сынаудан  басталады:  ең 
алдымен,  идеалдар  мен  құндылықтар  иерархиясының  абсолюттiгiн  қамтамасыз  ететiн 
тұрақтылықтың  абсолюттi  кепiлi  ретiндегi  ақыл-ойдың  билiгiн  сынаудан  бастау  қажет.  Ең 
алдымен,  əрбiр  құбылыстың  артында  барлығының  шартын  бiлдiретiн  мəндiлiк  бар  деп 
түсiндiретiн классикалық философияның концептi сынға ұшырады.
 
Əлемге  деген  постмодернистiк  көзқарас  белгiлi  бiр  “центризмдердi” (антропо-, 
европо-,  логоцентризмдер)  орнату  мен  бекiту  емес,  өйткенi  европалық  əлемнiң 
болмыстың  стратегиясының  мұндай  құрылымдарының  жарамсыздығына  көзi  жеттi. 
Постмодерн  тұрақсыздық,  өзгермелiлiк,  ағымдылық  мойындалатын  əлем  үлгiлерiнiң 
өмiрiндегi  эклектизмдi  көбiрек  насихаттайды.  Тұрақсыз  процестердi  сипаттауға  көшу  –
постмодерн ғылымына тəн қасиет, ал əлемдi хаос ретiнде, мəтiн ретiнде философиялық 
пайымдау – постмодерн жағдайындағы философиялық дүниетанымның жаңа бағдары.
 
Қалыптасу  тақырыбына  бет  бұру  болмыс  стратегиясының  өзiн  басқаша  өзгертедi. 
Егер классикалық философия бiлiмiнiң негiзiн мəндiлiк, абсолют, құдай жəне т.б. ретiнде 
түсiндiрiлетiн нəрселерден iздесе, ал “жаңа” стратегия бұл мəселелердi коммуникацияға, 
“осындағы”  жəне  “қазiргi”  сұхбатқа  қарай  көшiредi.  Постмодернистер  өзiнiң  күнделiктi 
тiршiлiгiне  сай,  тұйық  ойлы,  өзiмен  жəне  өзгелермен  сұхбаттасатын  индивид  ретiндегi 
маргиналдық  құрылымға  үлкен  мəн  бередi.  Оның  болмысы  еркiн  анықталатын 
коммуникация  болып  табылады,  онда  жалғыздық  жағдайында  “менге”  қатысты  “өзiндiк 
əрекет”,  ал  “өзгеге”  қатысты  “осында”  жəне  “қазiр” iске  асырылады.  Бұл  коммуникаця, 
ойша  iске  асырылатын  iшкi “өзiндiк  əрекет”  өз  iшiндегi  таусылмас  сұхбат,  өзiңнен  тыс 
өзгелермен  сұхбат.  Сұхбатта,  коммуникацияда  қатаң  ғылыми,  легитимдi  бекiтiлген 
гиосеологиялық тұрғыда Ақиқаттың ашылуы маңызды емес, ал “Мен” жəне “Өзгенiң” қатар 
болмысындағы “əртүрлi жорамалдарды” тыңдау маңызды.
 
Күнделiктi  ойлау аурасына,  тiршiлiк  аурасына бет бұру  болмыстың постмодернистiк 
стратегиясына  тəн  сипат  болып  табылады.  Тiршiлiктiң  нағыз  аурасы,  Дерриданың 
пiкiрiнше, сұхбат, ал философияның нағыз болу саласы абсолюттiк ақиқат туралы бiлiмнiң 
легитимдiлiгi  емес,  мəтiндердiң,  жорамалдардың  түсiндiрулерi (интерпретация).  Əрбiр 
мəтiн (текст) əртүрлi түсiндiрiлуi мүмкiн, мəтiндi түсiндiрудiң мiндетi оның мəнiн ашу емес, 
кеңейтуде.  Мұндай  жағдайда  түсiндiру  процедурасының  өзi  таусылмас  шексiз  болуы 
мүмкiн, ал өзге баламалардың барлығын терiске шығарып, бiр ғана концептпен шектелуге 
ұмтылудың  мəн-мағынасы  жоқ.  Демек,  болмыстың  классикалық  стратегиясының
категориясында  жұмыс  iстеудiң  қажеттiлiгi  жоқ.  Постмодернистiк  стратегияның  мiндетi 
презентивтiлiк белгiсi бар күнделiктi тiршiлiк тақырыбымен жұмыс iстеу болып табылады. 
Бұл  тақырыпты  сипаттау  үшiн  мəндiлiк,  негiздiлiк,  себеп,  объективтiлiк,  логицизм  жəне 
объективизм  принциптерiн  қолданудың  қажеттiлiгi  жоқ.  Бұл  онтология  үшiн 
гетеорогендiлiк,  плюорализм,  көрiнiстiң  əртүрлi  ракурстары,  белгiсiздiк,  қалыптасу, 

оқиғалар  мен  процестердi  линиялық  емес  түрде  сипаттау  пайдаланылады,  ал 
жеткiзудiң  негiзгi  тəсiлi  рационалды  емес  сөз  ағымы  болып  табылады.  Болмыстың 
постмодернистiк  стратегиясында  түсiндiрушi  концепт  ретiнде  ешқандай  центризм 
болмағандықтан  коммуникацяның,  сұхбаттың,  мəтiннiң  қайнар  көзiн  белгiлеудiң  де 
қажеттiлiгi  жоқ.  Мұндай  бастауды  орнату  мүмкiн  емес,  өйткенi  ол  белгiсiз  өткеннiң, 
уақыттың, белгiсiз оқиғаның арасына сiңiп кетедi.
 
Постмодерндiк  ғылымда  релятивистiк  көзқарастар  өркен  жайған  қазiргi  жағдайда 
болмыстың  мүмкiн  болатын  стратегиясы  абсолюттiк  үмiтсiздiктен  модернистер  ұсынған 
“центризмнiң”  жаңа  жорамалын  негiздеу  жолы  арқылы  емес,  Делез  айтқандай, “əлемдi 
хаос ретiнде” мойындауға негiзделген идея арқылы жүзеге асады. “Хаос түрiндегi əлемдi” 
айғақ ретiнде қабылдау – мiне, осы болмыстың жаңа стратегиясының принципi. Делездiң 
пiкiрiнше,  болмыстың  бұрынғы  барлық  логоцентристiк  жорамалдары  болмыстың 
тұрақтылығы,  берiктiлiгi  туралы  көзқарастан  туындаған.  Классикалық  философияда 
болмыс  туралы  мұндай  көзқарасты  бекiтудiң  тəсiлi  ретiнде  ұғымдар  қолданылды. 
Болмыстың  классикалық  жорамалындағы  барлық  ұғымдар  хаосты  терiске  шығару 
позициясын  ұстанады,  ал  ой  сөздiк-дыбыстық  қалыпқа  ене  отырып,  үнемi  ұғымдармен 
өлшенуi  тиiс.  Мұндай  позиция  нəтижесiнде  алдын-ала  таңдалған  түп  негiздi  негiздеу 
жолымен  болмыстың  тұрақтылығы  туралы  көзқарасты  бекiттi.  Делездiң  ойынша,  болмыс 
стратегиясындағы  ең  басты  нəрсе  ойдың  үнемi  қозғалысын  мойындау,  оның 
територияландырылуы мен орталақтандырылуына жол бермеу.
 
Деррида  европалық  метафизика  мен  оның  сыналуын  (М.Хайдеггердi)  талдай 
отырып, оны онан əрi радикалды түрде сынауға ұмтылады. Дерриданың ескертуiнше бүкiл 
европалық  метафизика  мен  европалық  мəдениеттегi  маңызды  принциптердiң  бiрi 
философия  мен  психологияда  рационализмдi  бекiткен  центрация  принципi  болып 
табылады. Тарихта центризм презенто немесе футуроцентризмдi негiздейдi, яғни тарихи 
өткеннен  гөрi  прогрессивтi  саналатын  қазiргi  уақыт  пен  болашақты  түсiндiредi. 
Философиядағы  центрацияның  үлгiсi  субстанциалистiк  редукционизм  болып  табылады, 
ол  əлемдегi  барлық  əр  алуандылықты  қозғалмайтын,  тұрақты,  түпкi  мəндiлiктен 
шығарады.  Бұл  түп  негiз  əртүрлi  материал  кейпiнде  болады.  Осы  субстанциалистiк 
редукционизм бүкiл европалық онтологияда болмыс туралы iлiм ретiнде мойындалған.
 
Болмыс  əлемдегi  адам  онтологиясы  құрылымының  əртүрлi  варианттарын 
қамтамасыз  ететiн  тұрақтылықтың  абсолюттi  кепiлi  ретiнде  көрiнедi.  Болмыс  туралы 
iлiмнiң  өзi (онто-логия),  дiни  философияның  (тео-логия)  əртүрлi  варианттары,  сонымен 
қатар  социумның  жетiлген  мақсаты  ретiндегi  қоғамдық  идеал  туралы  концепциялар 
(телео-логия)  логоцентризмнiң  əртүрлi  жорамалдары  болып  табылады.  Осылайша,  бүкiл 
европалық  метафизиканың,  логоцентризмнiң  өзегi  болмысты  “қатысу”  арқылы  анықтау 
болып  табылады.  Болмыстың  философиялық  стратегияларының  бүкiл  тарихының 
iздеумен  жəне  анықтаумен  айналысқан  негiзiнiң,  бастауының,  орталығының  кез  келген 
атауы, Дериданың пiкiрiнше, мəндiлiк, өмiр сүру, субстанция, субъект, трансенденталдық, 
сана,  құдай,  адам  жəне  т.б.  ұғымдармен  белгiленетiн  “қатысудың  инварианттарының” 
белгiлерi ғана болды. 
 

Центризм  əрқашанда  құрылымның  түпнегiзге  бағыныштылығын  қамтамасыз  етедi. 
Дереданың  пайымдауынша,  орталықтың  функциясы  (қызметi)  жүйенiң  элементтерiн 
тұрақтандырудан  көрiнедi,  мейлi  ол  метафизикалық,  психологиялық,  экономикалық, 
саяси,  теологиялық  т.б.  болсын.  Логоцентристiк  жүйенiң  қаншама  күрделiлiгiне 
қарамастан  центризм  əрқашанда  оның  ұйымдасуы  мен  тепе-теңдiгiн  қамтамасыз  етедi. 
Барлық белгiлi центризмдердiң, философтың пiкiрiнше, қамтамасыз ететiн басты мақсаты 
– қатысу ретiндегi болмыстың детерминациясы.
 
Центризмге  этноцентризм  де  жатады.  Этноцентризм – европалық  мəдениеттi 
орталық  ретiнде  бекiтiп,  ал  европалық  емес  өзгелерiне  қысым  жасайтын  европалық 
мəдениетке  тəн  қасиет.  Этноцентризмдi  сипаттай  отырып  Деррида,  ол  ұлттық  тiлмен 
тығыз  байланысты  деп  есептейдi.  Этноцентризм  ұлттық  тiлдiң  үстемдiгiн  бекiте  отырып, 
аз ұлттарды мəдениеттiң маргиналиясына қарай ығыстырады, олардың тiлiнiң жойылуына 
əкелiп, апартеид орнатады.
 
Центризм жəне оның вариациялары – логоцентризм, фаллоцентризм, этноцентризм 
жəне т.б. сынай отырып, Деррида Ницшенi үстемдiк етiп келген болмыс категориясының 
беделiн  ең  алғаш  “шайқалтқанның”  бiрi  деп  санайды.  Барлық  философиялық  жүйе 
бекiтуге  бағдар  ұстаған  осы  болмыстан  “ауытқу”  жолындағы  оның  еңбегiн  бағалай 
отырып,  Деррида  оның  əлем  демондық  (тылсымдық)  күштердiң  ойыны  деген  идеясын 
грамматикалық  тiлге  көшiрiп,  тiлдiк  форма  ойынының  үлгiсiн  қалыптастырады.  Өз  ойын 
iске  асыра  отырып,  Деррида  əлемдi  мəтiндердiң  жиынтығы  түрiндегi  мəдениет  ретiнде 
қарастырады,  ал  тiлдiң  ойыны,  оның  ойынша,  қандай  да  болсын  құндылықтық 
бағдарлардан  “таза”  болуы  тиiс.  Оның  жүзеге  асуы  барысындағы  мiндеттiң  бiрi, 
Дерриданың  пiкiрiнше,  классикалық  метафизикадағы  дəстүрлi  ұғымның  бiрi  бiрегейлiктiң 
(немесе  тепе-теңдiк,  тождество) “негiзiн  шайқалту”  болып  табылады.  Философ 
бiрегейлiктен  айырмашылықты  аңғарады.  Айырмашылық  терминiн  өңдей  отырып  жəне
бинаризмнiң  структуралистiк  теориясын  сынай  отырып,  Деррида  “айыру” (различение) 
терминiн енгiзедi. Бұл терминге ол уақытқа жiктелу мағынасын кiргiзедi. Айыру болашаққа 
бағытталумен  қатар,  процессуалдық  сипатқа  да  ие.  Батысевропалық  ойлаудың  дəстүрлi 
тəсiлiн  сынай  отырып,  Деррида  “оппозицияны  жоюға,  олардың  қарсылығын  басуға  жəне 
болмыстан  алшақтауға”  тырысады.  Оның  деконструкциясы  қарастырылып  отырған
мəтiннiң  iшкi  қайшылықтарын,  өткен  дискурстан  мұра  болып  қалған  “қалдық  мəндердi” 
ашуға бағытталған, сондай-ақ, əдетте постмодернистер мойындайтын билiк, университет 
жəне  т.б.  сананың  фантомдарын  демистификациялауға  бағытталған.  Осылайша,  адам 
өмiр  сүруiнiң  тұрақтылығының  кепiлi  ретiндегi  болмыстың  парменидтiк  түсiнiгiмен 
салыстырғанда, 
постмодерн 
философиясы 
адамды 
абсолюттiк 
құндылықтар 
иллюзиясынан  азат  етуге  ұмтылып,  оның  назарын  процестер  мен  оқиғалар  анық  емес
жағдайда өтетiн рационалды түрде нəтиженi анықтау қиын ахуалдағы күнделiктi ағымдағы 
тiршiлiкке  қарай  бұрады.  Болмыстың  өзi  екiталай,  анық  емес  нəрсеге  айналады. 
Болмыстың жаңа стратегиясын, жаңа мəдениет пен жаңа дүниетанымның параметрлерiн 
қалыптастыру  мiндетiн  шешуге  ұмтылғанымен  постмодернизм  тек  өз  бастауын  сол
мəдениеттен алатын релятивтiк жорамалды ғана ұсынды.
 

Сонымен,  əрбiр  мəдениет  адамзат  баласының  рухани  интенцияларын  өн  бойына
қорыта  отырып,  философияда  өзiнше  ерекше  көрiнедi,  əлемдегi  адам  болмысын 
пайымдаудың əртүрлi теориялық формаларын бередi. Дүниенiң бiр екендiгiне қарамастан, 
ол  əртүрлi  онтологияда  өзiнiң  əртүрлi  концепциясымен  көрiнедi.  Ол  философиялық 
онтологияның  онан  арғы  дамуына  ықпалын  тигiзедi  жəне  əлемдегi  адам  болмысының 
белгiлi бiр векторларын қалыптастырады.
 
Осылайша,  философия  болмыстың  мəндiлiгiн  (оны  құрайтын  əртүрлi  заттар, 
құбылыстар,  жағдайлар,  деңгейлер,  процестер  жəне  т.б.  мəндiлiктерi)  игерумен,  əлемге 
деген  адами  қатынастың  мəндiлiгiн  жəне  ондағы  адамның  орнының  мəндiлiгiн  танумен 
айналысады.
 
Сонымен,  келтiрiлген  пiкiрлер  əлеуметтiк  философияның  философиялық  бiлiмнiң 
құрамдас  бөлiгi  екендiгiн  былайша  сипаттайды.  Ол,  бiрiншiден  адамға  өзiн  қоршаған 
əлеуметтiк жəне табиғи ортада өзiнiң өткiншiлiгiн игерiп жəне “сөз” арқылы өзiнiң əлемдегi 
нақтылығын  ұғынуға  мүмкiндiк  бередi.  Екiншiден,  философия  осы  нақтылықтардың 
сыртқы əсерiнiң “арғы жағына үңiлуге”, оның мəндiлiгiн игеруге жəне адамның əлеуметтiк 
жəне  индивидуалдық  өмiрi  туралы  бiздiң  бiлiмiмiздiң  өзiнiң  мəндiлiгiн  терең  ұғынуға 
мүмкiндiк бередi.
 
 
 
3.1.4. Кеңiстiк жəне уақыт.
 
Қазiргi  фантастикалық  романдардың  кейiпкерлерi  ғарыштық  саяхаттар  барысында 
жердегi  олардың  қатарлары  қартайып  қалса,  ал  олар  сол  жас  қалпында  қалып  қоятыны
жиi  кездеседi.  Бұл  романдардың  авторларының  бүгiнгi  күнi  ғылыми  жаңалық  ашуға 
ұмтылған талпыныстарында шындықтың ұшқыны бар ма? Кез-келген материалдық объект 
өзге объектiлерден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, белгiлi бiр орынды иеленедi жəне 
белгiлi  бiр  конфигурацияда  жəне  үш  өлшемдi  көлемде  болады.  Материалдық 
объектiлердiң бұл қатар өмiр сүру формаларын кеңiстiктiк формалар немесе қатынастар, 
немесе  жай  ғана  кеңiстiк  деп  атайды.  Құбылыстардың  ұзақтығы,  тек  бiр  өлшемдегi 
құбылыстардың  бiрiн-бiрi  алмастыруы, – құбылыстардың  бұл  өмiр  сүру  формаларын 
уақыттық формалар немесе қатынастар немесе жай ғана уақыт деп атайды.
 
Құбылыстардың кеңiстiктiк жəне уақыттық сипаттамалары бiздiң санамыздан тыс, өз-
өзiнен  бар  нəрсе  екендiгi  туралы  көзқарасқа  материалдық  əлемнiң  барлығына  сенетiн 
барлық  ойшылдар  мыңдаған  жылдар  бойы  иланып  келдi.  Классикалық  немiс 
философиясының  негiзiн  қалаушы  Иммануил  Кант (1724-1804) та  заттардың  объективтi 
өмiр  сүретiндiгiне  күмəн  келтiрген  жоқ.  Бiрақ  ол  материалдық  заттардың  кеңiстiктiк  жəне 
уақыттық  сипаттамаларының  объективтi  өмiр  сүруi  туралы  кең  таралған  сенiмдiлiкке 
күмəн келтiрген алғашқы философ болды. Канттың бұл мəселенi көтеруiне сол дəуiрдегi 
ғылым мен философия жетiстiктерiнiң де ықпалы болды.
 
Қазiргi  кезде  мектепте  оқытылатын  геометрияның  негiзгi  қағидаларын  ертедегi 
гректер  ойлап  шығарып,  оны  өзiнiң  “Бастауларында”  түйiндеген  Евклид  (б.з.д. III ғ.) 
болатын.  Евклидтiк  геометрия  ХIХ  ғасырдың  алғашқы  ширегiне  дейiн  адамзатқа  белгiлi 
жалғыз  геометрия  болып  келдi.  Осыған  байланысты  жəне  Кант  дəуiрiнде  евклидтiк 

геометрияның аксиомалары (мысалы, “екi нүктенiң арасындағы ең қысқа қашықтық –
түзу”, “түзуден тыс нүкте арқылы, дəл сол жазықтықта, берiлгенге параллель тек бiр ғана 
түзу жүргiзуге  болады”) ешқандай артықшылық пен түзетулердi  көтермейдi,  олар мəңгiге 
орныққан жалпы жəне қажеттi шындықтар деген пiкiр үстем болып келдi. Дəл осы сияқты 
уақыт  туралы  да  жалпы  қалыптасқан  пiкiрлер  де  түзету  мен  ерекшелiктердi  көтермейтiн 
шындықтар деп есептелдi. Мысалы, заттарға бағынбайтын тек жалғыз бiр ғана уақыт бар 
деп  есептелдi,  өйткенi  ол  уақыт  заттар  өмiр  сүре  ме  əлде  жоқ  па,  олар  тыныштықта  ма 
əлде  қозғалыста  ма,  оған  тəуелсiз  ешқандай  өзгерiстерге  ұшырамай,  бiрқалыпты  ағып 
отырады. Мысалы, француз философы Пьер Гассенди (1592-1655) осылай деп есептедi. 
Ақырында,  Кант  заманында  да  заттармен  контакт,  тəжiрибе – бiзге  белгiлi  бiр  əсер 
қалдыратын  заттардың  бiзге  ықпалы,  бақылау  (соның  арқасында  зерде  түйiндер 
жасайды); бақылаудан жалпы қағидалар, заңдар шығару мүмкiн емес,  өйткенi,  сол заңға 
бағынатын  айғақтардың  саны  шексiз  жəне  олардың  барлығын  бақылау  мүмкiн  емес  деп 
есептелдi. Евклидтiк геометрияның аксиомалары бекiтiлген сəттен берi көптеген ғасырлар 
бойы адамзат орасан зор тəжiрибе жинақтағанына қарамастан кеңiстiк пен уақыт туралы 
жалпы  қабылданған  пiкiр  ешқандай  өзгерiске  ұшыраған  жоқ.  Олардың  шынайылығы 
ешқандай  күмəн  туғызған  жоқ,  жəне  Кантқа  дейiнгi iрi  ойшылдар  да  мұндай  пiкiрлердiң 
қайнар көзi тəжiрибе емес деп түйiндедi.
 
Заттарға тəн нəрселер туралы бiз тек олармен контакт жасау арқылы ғана, тəжiрибе 
арқылы  бiле  аламыз  деп  пайымдады  Кант.  Кеңiстiк  пен  уақыт  туралы  бiздiң  пiкiрлерiмiз 
тəжiрибеден  алынған  жоқ,  демек  олардың  қайнар  көзi  сыртқы  заттарда  емес,  бiздiң 
ақылымызда.  Жəне  Кант  былайша  түйiндейдi:  кеңiстiк  пен  уақыт  туралы  көзқарас  бiздiң 
ақылымызға  барлық  пайымдауға  дейiнгi,  барлық  тəжiрибеге  дейiнгi “пайымдаудың 
формасы”  ретiнде  тəн,  ешқандай  тəжiрибе  осы  формаларсыз  мүмкiн  емес,  барлық 
тəжiрибеде  бiз  оларды пайдаланамыз.  Кеңiстiк  пен уақыт – бұл бiз  онсыз  заттарды көре
алмайтындай көзiлдiрiк тəрiздi. Жасыл көзiлдiк барлығын да жасыл етiп көрсетедi. Кеңiстiк 
пен уақыттың көзiлдiрiгi барлығын да кеңiстiк пен уақытта өмiр сүретiн етi көрсетедi. Бiрақ 
бұл көзiлдiрiк бiздiң санамызға тəн, онсыз кеңiстiк те, уақытта жоқ.
 
ХIХ-ХХ  ғасырлар  кезеңi – бұл  математика  мен  жаратылыстанудың  қарқынды
дамыған  дəуiрi.  Математикада  метрикалық  геометрияның  (онда  тек  шамалас  фигуралар 
ғана  эквиваленттi  деп  саналады) iзiнше  проективтi  геометрия  (онда  көлемнен 
алшақтайды  жəне  эквиваленттiлiк  үшiн  бiрi  бiрiнiң  перспективасы  болатын  екi  фигура 
жеткiлiктi)  қалыптасты.  Геометриялық  кеңiстiктердiң  өлшемдерiнiң  саны  ендiгi  жерде 
үшеумен  ғана  шектелмейдi.  Құбылыстардың  өте  кең  шеңберiн  қамтитындай  топология 
(онда  эквиваленттi  фигуралар  тек  үздiксiз  өзгерiстермен  ғана  байланыстырылады) 
қалыптасты.  Ақырында,  геометриялық  жəне  геометриялық  емес  математикалық
объектiлер арасындағы айырмашылықтардан алшақтайтын теориялармен қатар көпшiлiк 
жəне құрылым сияқты кең ұғымдар да пайда бола бастады. Өте жалпы жəне алшақтаған 
теориялар  мен  ұғымдарды  қалыптастыра  отырып,  математиктер  жүйелер  құра  бастады. 
Бұл жүйелерде сəйкес шектеулердi ретiмен қабылдау жолымен неғұрлым кең жəне жалпы
теориялардан  логикалық  жолмен  тар,  арнаулы  теориялар  туындайды.  Көпшiлiк 

теориясының  негiзiнде  барлық  кеңiстiк  ұқсас  қатынастар  туралы  iлiм  (топология), 
кейiнiрек  бiздiң  əдеттегi  көзқарасымызға  жақынырақ  проективтi-кеңiстiктiк  қатынастар 
туралы  iлiм  (проективтi  геометрия)  жəне  ақырында  бiзге  күнделiктi  тəжiрибеден  жəне 
мектеп  курсынан  белгiлi  евклидтiк  геометрия  бөлiнiп  шықты.  Мұнда  мынадай  маңызды 
нəрсенi  ескеру  керек.  Бiздiң  күнделiктi  бақылайтын  сыртқы  заттардың  кеңiстiктiк 
сипаттамалары 
математиктердiң 
ойша 
құрылымдарында 
заттардың 
жалпы
сипаттамасының  соңғы  логикалық  салдары  (мұның  алғашқылары  о  баста  математиктер
үшiн  бастапқы  пункт  болғанына  қарамастан)  екендiгiнен  бұл  кеңiстiктiк  сипаттамаларды 
математиктер ойлап шығарған, ал заттардың өздерi оларға ие бола алмайды деген пiкiр 
туындамауы керек.
 
Алайда   неопозитивистер  дəл  осылай  түйiн  жасайды.  Р.Карнаптың  көрсетуiнше, 
көпшiлiк теориясының негiзiнде бiз “тəжiрибе жəне пайымдаумен анықталатын логикалық
емес  құрамдас  бөлiктерге  бағынбайтын”  қатынастардың  құрылымын  құрастырып  жəне
ешқандай қашықтық та, түзу де жоқ топологиялық көпөлшемдi кеңiстiк қалыптастырамыз. 
Сонан  соң  олардың  мəнiн  өз  қалауымызға  орай  “еркiн”  анықтай  отырып,  қашықтықтық 
жəне  түзу  ұғымдарын  енгiземiз, “тəжiрибелiк  айғақтар  бiздi  бұған  мəжбүрлей  алмайды”. 
Осылайша 
табиғаттың 
белгiлi 
метрикалық 
кеңiстiгi 
пайда 
болады. 
Демек, 
жаратылыстанымның  жəне  бiздiң  күнделiктi  өмiрiмiздiң  кеңiстiгi – бұл  ешқандай 
тəжiрибеге  де,  ешқандай  сыртқы  əлемнiң  заттарына  да  қатысы  жоқ,  бiздiң  ақыл-
ойымыздың туындысы. 
 
Келесi  бiр  позитивист  Ган  Рейхенбах (1891-1953) физикада  тегi  бiр  құбылыстарды 
кейде  əртүрлi  теориялардың  сипаттайтын  жағдайын  ескере  отырып,  барлық  теориялар, 
оның  iшiнде  уақыт  теориясы  да  ғылымның  белгiлi  бiр  тiлдi  қолдануға  шешiм 
қабылдағанын  ғана  бiлдiредi,  ал  уақыттық  қатынастардың  объективтi  өмiр  сүруi  туралы 
сөз қозғаудың мəнi жоқ деп есептейдi. Əдетте, уақыт өткеннен қазiргi арқылы болашаққа 
қарай ағады деп айтады. Алайда дəл сол негiзде ол болашақтан өткенге қарай ағады деп
санауға  да  болады – барлық  айырмашылық  тек  тiлде  ғана.  Қайсы  тiл  дұрыс…? – деп 
сұрайды  Рейхенбах  жəне  өзi  жауап  бередi.  Бұл,  əрине,  мағынасыз  сұрақ.  Əрқайсысы 
өзiнше дұрыс. Тiлдер эквиваленттi жəне уақыттық қатынастардың бiздiң санамыздан тыс 
өмiр сүретiндiгiн дəлелдей алмайды.
 
Ағылшын  философы  Джон  Эллис  Мак – Таггарт (1866-1925) тап  осындай  түйiнге 
басқа  жолмен  келедi.  Оның  пiкiрiнше,  əрбiр  айғақ  кезiнде  уақыт  өткен  сайын  бiзге  қарай 
жақындай  түсетiн  болашақ  оқиға  болған  едi.  Ал  ол  жүзеге  асқаннан  кейiн  өткенге 
айналады.  Əрбiр  оқиға  бiр  мезетте  болашақ,  келесiсiнде – қазiргi,  үшiншiсiнде – өткен 
болып  табылады.  Бiрақ осы  мезеттердiң  əрқайсысының  өзi – ол да  оқиға,  жəне  оның да 
болашақ, қазiргi жəне өткен мезеттерi бар. Бұл мезеттердiң өзi де оқиғалар, жəне осылай 
шексiз  кете  бередi.  Демек,  бұл  бiткен  оқиға  оқиғалардың  таусылмас  мөлшерiн  құрайды. 
Мак  Таггарт  бойынша  уақыттың  объективтi  өмiр  сүруiн  мойындау  осындай  қайшылықты 
қорытындыға  əкеледi.  Нақты  құбылыстың  өзi iшкi  қайшылықта  болмайтындықтан,  уақыт 
тек бiздiң санамызда өмiр сүредi. Ал шын нақтылықтың өзiнде ешқандай уақыт жоқ.
 
Бұл  қағидалардың  жарқын  дəлелi  мен  нақтылануы  салыстырмалық  теориясынан

көрiнедi.  Егер  екi  жүйенiң  кеңiстiк  жағдайлары  бiр-бiрiмен  салыстырғанда  өзгеретiн 
болса,  оның  бiреуiн  санаудың  жүйесi  ретiнде  қабылдап,  ал  екiншiсiн  бiрiншiсiмен 
салыстырғанда  қозғалыста  деп  қарастыруға  болады.  Арнайы  салыстырмалылық 
теориясы бойынша, санау жүйесiндегi  бiр уақыттағы екi  əртүрлi  оқиға қозғалушы жүйеде 
бiр  уақтылы  емес.  Санау  жүйесiне  салыстырмалы  қозғалыс  жүйесiндегi  процесс  санау 
жүйесiне  қарағанда  жайырақ  жүредi.  Сириусқа  қарай  жəне  онан  керi  секундына  екi  жүз 
қырық  мың  шақырым  жылдамдықпен  ұшқан  ғарышкер  тоғыз  жылға  қартайса,  ал  жердегi 
онымен  жасты  қатарласы  он  бес  жылға  қартаяды.  Егер  қозғалушы  жүйеде  онымен 
салыстырғанда  қозғалыссыз  дене  болса,  бұл  дене  санау  жүйесiндегi  қозғалыстың 
бағытына  қарай  өзiнiң  көлемiн  кiшiрейтедi.  Мұның  бəрi  оқиғалардың  бiр  уақтылығы  мен 
денелердiң  ұзындығы  оқиғалардың  жүзеге  асатын,  ал  жол  денелердiң  орналасатын 
материалдық жүйелерiне бағынышты екендiгiн көрсетедi.
 
Арнайы  салыстырмалы  теория  бойынша  барлық  материалдық  объектiлердiң  өмiр 
сүруiнiң  формасы  бiртұтас  кеңiстiк-уақыт  болып  табылады,  ал  кеңiстiк  жəне  уақыт  сол 
тұтастықтың  айырылмас  қырлары  ретiнде  көрiнедi.  Оқиғалар  мұнда  шамалары  барлық 
санау  жүйелерiнде  сақталатын  бiрдей  кеңiстiктiк – уақыттық  интервалдармен 
байланыстырылады.  Оқиғалар  арасындағы  уақыт  интервалы – əртүрлi  санау 
жүйелерiнде,  бiрiнде уақыт интервалы қысқа,  екiншiсiнде – ұзақ,  əртүрлi  болып  көрiнетiн 
қырының  олардың  кеңiстiктiк-уақыттық  сипаттамасының  тек  бiр  жағы  ғана.  Кеңiстiктiк 
интервалда да – дененiң ұзындығында да осылай.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет