4.3.7. Этникалық жəне этносаралық процестер
К.Ясперстiң қызықты əрi терең идеяларының бiрi адамзат қарым-қатынасы мен оның
негiзiндегi өзара түсiнiстiкке талдау жасау философияның терең мəселесiн құрайды деген
ойы болатын. Бұл ой этносаралық қатынас пен өзара түсiнiстiктiң маңызды
дүниетанымдық мəселе екендiгiн аңғартады.
Методологиялық маңызы жоғарыда көрсетiлген этникалық қауымдардың əртүрлi
деңгейiн бейнелейтiн ұғымдар бiрiншi ұғымдық жүйеге жатса, методологиялық маңызы
бұлардан еш кем түспейтiн этникалық жəне этносаралық процестердi бейнелейтiн
ұғымдар екiншi ұғымдық жүйеге жатады. Кейде осы екiншiсiнiң маңыздылығы жоғары деп
есептеледi, өйткенi дəл осы этносаралық жəне этникалық процестерге жəне олардың
сəйкес категориалдық аппараттың көмегiмен қаншалықты терең əрi объективтi
бейнеленуiне өте көптеген мəселелер бағынышты. Сондықтан, екiншi ұғымдық жүйеде де
бiрiншiсiмен қатар iргелi (фундаменталды) методологиялық мəселелерге жатады, бұл
тұрғыда əлеуметтiк философия белгiлi дəрежеде рөл атқарады.
Этникалық қауымдар динамикалық жүйелер болып табылады, олар, бiр жағынан,
өзiнiң жеке дамуының нəтижесiнде, екiншi жағынан, этносаралық байланыстардың
нəтижесiнде үнемi өзгерiстерге ұшырап отырады. Қазiргi қоғамтанулық ғылымда бұл
өзгерiстер этникалық жəне этносаралық процестер ретiнде анықталады.
Əртүрлi сипаттағы, əртүрлi бағыттағы этникалық жəне этносаралық процестердi
реттеу жəне жүйелеу үшiн, этносаладағы процестердi объективтi жəне жан-жақты ашуда
оларды дұрыс пайдалану үшiн оларға типология жасау қажет болады. Бұл жағдайда
американдық ғалымдардың дұрыс бағалағанын ескеру қажет, яғни "табысты
концептуалды талдау жасаудың критерийi терминологияның толықтығымен емес, негiзгi
терминдердi дұрыс таңдаумен, олардың өзара байланысты қызмет етуiнiң жүйелiгiмен
сипатталады" жəне осыған қоса "əрбiр терминнiң мазмұндылығы, мəндiлiгiмен" қатар
берiлген процестердi толық қамту, олардың объективтiлiгi жатады.
Бастапқыда, этникалық процестер тек этникалық тиесiлiктiң өзгеруi ретiнде ғана
қарастырылды жəне бұл терминдi алғаш рет 1920-жылдары Н.Я.Марр қолданды. Кеңестiк
қоғамтанулық ғылымда этникалық процестердiң барлық алуан түрлерiн "гүлдену",
"жақындасу", жəне "бiрiгу" сияқты шектен тыс идеологияландырылған жəне
саясаттандырылған ұғымдарға əкелiп тiредi, "ассимиляция" ұғымы көп қолданылмады,
қолданылған жағдайда зорлық-зомбылық жолымен емес, табиғи жолмен жүзеге асу
ретiнде түсiндiрiледi.
Этникалық процестер "тарихи процестiң барысында жекелеген этникалық
элементтердiң, этнос бөлiктерiнiң жəне бүтiндей этностың түбiрлi өзгерiске ұшырауын,
сонымен қатар жаңа этникалық қауымдардың пайда болуын бiлдiрдi". (Этнография и
смежные дисциплины, 53-бет).
Этникалық жəне этносаралық процестердi талдау, олардың кеңестiк, кейiнгi кеңестiк
жəне шетелдiк қоғамтанулық ғылымдардағы түсiндiрiлуi этникалық ғылымдардағы
түсiндiрiлуi этникалық жəне этносаралық процестердiң төмендегiдей типологиясын
жасауға мүмкiндiк бередi. Бiрақ, алдымен мына нəрселердi анықтап алу қажет.
Этникалық қауымдарды бейнелейтiн негiзгi ұғымдарды унификациялауға, оларды тұтас
жүйеге мүмкiндiк беретiн ұғымдық жүйемен, яғни этникалық қауымдарды жiктеумен
салыстырғанда, этникалық процестерге типология жасауда бұл жағдай мүмкiн емес жəне
керек те емес. Егер бiздiң ғылыми əдебиетте типология жасалса, ал шетелдiк əдебиетте –
этникалық процестер дамуының кезеңдерi қолға алынады. Егер бұл мəселенi шешудегi
бiздiң тəсiл бүтiндей этникалық процестердi қорытындылайтын тұтастық ретiнде
сипатталса, ал шетелдiк зерттеушiлер бұл тəсiлдi қосымша толықтыра түсетiндей жəне
бұл нақтылау, ең алдымен этнобiрiктiрушi процестерге қатысты болады.
Этникалық
процестердiң
барлық
алуан
түрi
этноэволюциялық
жəне
этнотрансформациялық процестер деп бөлiнедi. Этноэволюциялық процестер этностың
кейбiр шектелген элементтерiмен ғана жекелеген отырып, этностың негiзiн бұзбайды
жəне түбiрлi өзгерiстерге алып келмейдi. Сондықтан бұл процесс берiлген этностың
төңiрегiнде ғана iске асып, жаңа этникалық түзiлiмдердiң құрылуына алып келмейдi.
Этникалық процестердiң бұл типiмен салыстырғанда этнотрансформациялық процестер
күрделi əлi көпсатылы процесс болып табылады жəне оның нəтижесiнде бiр этникалық
қауымдар жойылып, келесiлерi пайда болып отырады. Бұл процесс өз кезегiнде
этнобiрiктiрушi жəне этноажыратушы процестер деп бөлiнедi.
Этноажыратушы процестердiң өзi де күрделi құрылым жəне ол былайша бөлiнедi:
этникалық парциация – тұтас этностың бiрнеше дербес қауымдарға бөлiнiп, өзiнiң өмiр
сүруiн тоқтатуы; этникалық сепарация – этностың тек бiр бөлiгiнiң бөлiнiп, дербес этносқа
айналуы; этникалық дисперсиялану – этностың бiр бөлiгi одан да бөлiнiп, ол жеке этносқа
айналмай, этникалық топ ретiнде қалыптасады.
Этнобiрiктiрушi процестер өзiнiң құрылымы жағынан жоғарыдағыдан да күрделi жəне
консолидация, этносаралық интеграция, ассимиляция жəне этникалық миксация деген
типтерге бөлiнедi, ал бұлардың кейбiрi өз кезегiнде бiрнеше түрлерге бөлiнедi. Мысалы,
консолидация iшкiэтникалық жəне этносаралық деп бөлiнедi. Егер iшкiэтникалық
консолидация этностың құрамына кiретiн субэтникалық жəне этнографиялық топтардың
айырмашылықтарын алып тастау арқылы бiр этносқа бiрiгуi болса, ал этносаралық
консолидация тiлi жəне мəдениетi жағынан туыс тайпалардың жаңа, iрi этносқа, яғни
суперэтносқа бiрiгуiн бiлдiредi. Келесi тип ассимиляция жекелеген дербес этностардың
немесе оның кейбiр өкiлдерiнiң өзге этностың, əдетте неғұрлым iрi этностың құрамына
сiңiп кетуi. Ассимиляция табиғи жəне зорлық-зомбылық деп бөлiнедi. Табиғи
ассимиляция - əртүрлi этникалық топтардың тiкелей қатынасы нəтижесiнде, мысалы,
аралас неке арқылы iске асса, ал зорлық-зомбылықты ассимиляция бөтен этникалық
ортада этнос дамуының күшпен, қысыммен ассимиляцияның жасанды жеделдетiлуiн
бiлдiредi. Этногенетикалық миксация да этнобiрiктiрушi процестерге жатады жəне
бiрнеше туыс емес этностардың бiр-бiрiн физикалық алмастыруы арқылы iске асатын
өзара əрекет нəтжесiнде жүзеге асады. Шетелдiк əдебиетте бұл процестi белгiлеу үшiн
“амальгация” немесе “мисцегенация” ұғымдары қолданылады. Бұл типтер неғұрлым
тығыз этникалық процестермен сипатталады жəне, əдетте, жаңа этностардың түзiлуiмен
аяқталады. Осы барлық бiрiктiрушi процестердiң барлығының iшiнде этносарлық
интеграция ерекше көзге түседi. Этнобiрiктiрушi процес ретiнде этносаралық интеграция
тiлi мен мəдениетi əртүрлi этностардың өзара əрекетiн бiлдiредi жəне осының
нəтижесiнде өзiндiк сананың бiрқатар ортақ элементтерi мен сипаттары пайда болып,
жаңа этностың емес, метаэтникалық немесе этносаралық қауымның пайда болуына
əкеледi.
Этикалық процестердiң даму кезеңдерiнiң де өз күрделi құрылымы бар. Бұл, ең
алдымен, жеке этникалық жəне этносаралық процестер. Жеке этникалық процестер өзiнiң
құрылымы жағынан аса күрделi емес, өйткенi бұл шетелдiк қоғамтану ғылымында
“сақырлап қайнап жатқан қазан” деп сипатталатын iшкi этникалық процеспен байланысты.
Жəне
бұл
этникалық
қайта
өрлеумен
жəне
этностық
iшкi
топтасуымен
байланыстырылады. Ал этносаралық процестердiң, əсiресе этнобiрiгуге негiзделген
процестердiң құрылымы анағұрлым күрделiрек.
Бұл берiлген жағдайда этносаралық процестер бiрнеше жекелеген кезеңдерге
бөлiнедi. Этносаралық процестердiң ең бастапқы жəне қарапайым формасы алғашқы
түйiсу болып табылады жəне бұл жерде этносаралық контакт емес, бiр этнос өкiлдерiнiң
келесiсiнiң
мəдениетi
жəне
тұрмысымен
танысу
ғана
орын
алады.
Тек
“адаптация” (бейiмделу) мен “аккомодация” ғана этностар арасындағы нақты байланысты,
бөтен этникалық ортаға бейiмделудi бiлдiредi. Шетелдiк əдебиеттерде адаптацияның
бастапқы кезеңiн маргиналдық кезең деп те атайды жəне бұл кезең автостереотиптiң
өзгере бастауы мен өзiн жаңа қоғаммен бiрегейлендiре бастауының аралығын
сипаттайды. Қазiргi батыстық əлемде этникалық плюрализм формасы кеңiнен таралған.
Бұл кейбiр жекелеген элементтерi ортақ, тұтас ұлттық-мемлекеттiк қауымдастықты
бiлдiретiн əртүрлi этностардың қатар өмiр сүруi болып табылады. Бұл ұғым жоғарыда
қарастырылған “этносаралық интеграция” түсiнiгiмен белгiлi деңгейде сəйкес келедi.
Этникалық плюрализм бiрнеше түрлерге бөлiнедi. Мəдени плюрализм немесе
аккультурацияның нəтижесiнде өзге этностың кейбiр жекелеген элементтерiн,
нормаларын, құндылықтарын игерумен байланысты этнос мəдениетiнде өзгерiстер
болады. Келiсiмдiк плюрализм шетелдiк əдебиеттерде этникалық тиесiлiктiң, этникалық
ұйымдасудың жəне этникалық өзiндiк бағыттың ерекшелiктерi сақталатын этносаралық
процестер деп анықталады. Дұшпан плюрализмде этносаралық қайшылықтар шиеленiсе
түседi. Жəне, соңғысы, ресми плюрализм аз топтардың ерекшелiгiн құқықтық қорғау мен
олардың автономиясының кепiлiн бiлдiредi.
Этносаралық процестердiң келесi кезеңi өте тығыз байланыспен сипатталып,
ассимиляция ұғымымен түсiндiрiледi жəне аз топтың жойылып, бiрте-бiрте үстем этноспен
сiңiсуiн бiлдiредi. Шетелдiк əдебиетте ассимиляция қуғындау, жою жəне сегрегация
жолымен жүретiн - зорлық-зомбылықты жəне өзге мəдениеттi үнемi игеру арқылы iске
асатын - бейбiт ассимиляция деп бөлiнедi.
Берiлген жағдайда ағылшындандыруды зорлық-зомбылықты ассимиляция деп айтуға
болады, өйткенi ол ағылшындық құндылықтарды таңып, өз тiлiңнен, мəдениетiңнен жəне
т.б. бас тартуды бiлдiредi. Бұл процеспен салыстырғанда дұрыс қазан прогресивтi,
өйткенi ол дискриминацияны, бiр этникалық топтың үстемдiгiн терiске шығарады.
“Дұрыс қазан” барлық этникалық айырмашылықтарды қайта қайнату нəтижесiнде жаңа
этностың пайда болуын бiлдiредi. Дұрыс қазанның үш тұтастықты процесi бiрқатар
кезеңнен өтедi: конфессионалдық, кейiннен мемлекеттiк ортақтық шеңберiндегi
айырмашылықтарды өшiру.
Этносаралық процестердiң соңғы кезеңi шетелдiк əдебиетте „амальгамация” немесе
„мисцегенация” деп белгiленедi жəне нəсiлдiк-мəдени топтардың биологиялық алмасуын
бiлдiредi. Этникалық жəне этносаралық процестердiң сипаттамасын жəне олардың
классификациясын аяқтай отырып, бұл процестердiң қозғалыссыз қалпында берiлген
типологияға сəйкес келгенiмен, динамикада мұның көрiнiсi бiр мағынада бейнеленбейдi.
Бұл процестер этникалық қауымдардың əр түрлi деңгейлерiнде жəне əртүрлi
бағыттарында бiр мезгiлде iске асады. Этносаладағы нақты процестер мен оқиғаларды
талдау барысында бiз əрқашанда оның күрделiлiгiн, бiрмезеттiлiгiн, қайшылықтылығын
жəне əртүрлi бағыттылығын ескеруiмiз қажет.
4.4 Техника философиясы
4.4.1 Техника философиясы қазiргi батыстық философияның бiр бағыты
ретiнде
Философия тарихында адамзат өркениеттерiн, тарихты зерттеуде, талдауда əртүрлi
тəсiлдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына экономикалық,
географиялық, биологиялық, дiни, гуманистiк детерминизмдердi жатқызуға болады.
Олардың арасында қазiргi қоғам өмiрiндегi бүгiнгi өзгерiстердi неғұрлым толық
бейнелейтiнi технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерминизм
– бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлi туралы көзқарастардың,
постулаттардың бiрiккен жиынтығы. Шындығында да қазiргi өмiрде теника мен
технологияның маңызы жəне рөлi орасан зор.
“Адаммен бетпе-бет келген бұл мəселенiң маңыздылығы сонша, - деп жазады
К.Ясперс, - қазiргi уақытта техника бiздiң ахуалымызды түсiнудiң басты мəселесiне
айналды. Қазiргi техниканың өмiрдiң барлық салаларына енгiзiлуiн жəне оның бiздiң өмiр
сүруiмiздiң барлық қырларына тигiзген салдарын қайта бағалау мүмкiн емес. Мұны
түсiнбей жəне ойлау барысында дəстүрлi тарихи таңбаларды қолдана отырып бiздiң
қазiргi жəне өткен өмiрiмiздiң арасында салыстыру жүргiзу мүмкiн емес. Өткен мен бiздiң
заман арасында параллель жүргiзу үшiн мiндеттi түрде қазiргi техникамен байланысты
орын алған радикалды өзгерiстердi ескеру қажет” (Смысль и назначение истории, М.,
1991, 113-бет).
Техника мен технология бүгiнгi қоғамның жедел дамуының маңызды факторына
айналды жəне техника ықпалын тигiзбеген адам өмiрiнiң бiрде-бiр саласы қалмады.
Қазiргi коммуникация құралдарының арқасында мемлекеттiң еркi оның ең шалғай
аудандарына дейiн қамтып, кез-келген уақытта əрбiр үйде өзiн бiлдiре алады. Техниканың
əсерiмен терең процестер орын алады, еңбек өнiмдiлiгi өте шапшаң өседi. Оның мазмұны
өзгередi. Қоғамның əлеуметтiк құрылымы өзгередi. Оның үстiне адам да өзгередi. Қазiргi
техника тiптi адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигiзедi. Егер ертеректе
адамға табиғаттағы да, əлеуметтiк саладағы да өмiр сүрудiң өзгерген жағдайларына
бейiмделуi үшiн жеткiлiктi дəрежеде уақыт бөлiнсе, ал қазiр табиғат пен қоғамдағы
техника мен технологияның ықпалмен болатын өзгерiстердiң жылдамдығы сонша, қазiргi
адам өмiр сүрудiң өзгерген жағдайларына бейiмделiп үлгiре алмайды жəне əрқашанда
таусылмайтын жаңа мəселелердiң үнемi туындап отыруына əкеледi. Осыған байланысты
қазiргi философияда адам мəселесiн зерттеудiң техника философиясы түрiндегi жаңа
қырын қою қажеттiлiгi туындайды.
Техника философиясы—бүгiнгi күнi өзiнiң гүлдену кезеңiн бастан кешiп жатқан батыс
философиясының қазiргi бағыттарының бiрi. Батыста техника философиясының
қалыптаса бастауын И.Бекманның есiмiмен жəне 1777 жылы басылып шыққан оның
“Технология бойынша жетекшiлiк, немесе қолөнердi, фабрикалар мен мануфактураларды
тану” деп аталатын еңбегiмен байланыстырады. Бiрақ көпшiлiктiң пiкiрiнше, бұл саладағы
негiз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған жəне жүз жылдан кейiн Германияда қайта
басылып шыққан Э.Капптың “Техника философиясының негiзгi белгiлерi” деп аталатын
жұмысы болып саналады.
Техника философиясы—қазiргi əлемдегi техника феноменiн философиялық-
методологиялық
жəне
дүниетанымдық
тұрғыда
зерттеуге
негiзделген
қазiргi
философиядағы бүтiндей бiр бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Европа мен Солтүстiк
Америкада, кейiнiрек 60-80 жылдары Жапонияда кеңiнен таралды. Батыстағы қазiргi
техника философиясының бастапқы өкiлдерi қатарына Э.Капп жəне Ф.Дессауэрмен қатар
О.Шпенглердi, Ортега-и-Гассеттi, Мэмфордты, К.Шиллингтi жəне т.б. жатқызуға болады.
Бiрақ, сонымен қатар техника ұғымы ертедегi ойшылдарда да кездеседi. Мысалы,
еңбектiң табиғи жəне жасанды органдары арасындағы анология туралы ой Платон мен
Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды “құралдың құралы” деп атаса, Гегель
де осы идеяны қайталайды. Гегель техника табиғатын түсiнуде бiрқатар идеялар
ұсынады. Гегельдiң пiкiрiнше техникалық жабдықтар объекттiң табиғатымен анықталады,
ал екiншi жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы iске асатын мақсаттың
тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: “адам өзiнiң
мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзiнiң құралдары арқылы
үстемдiкке ие болады”. Антикалық авторлар мен Гегельдiң бұл идеяларын Батыстың
кейiнгi философтары Э.Капп жəне Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негiзгi идеясы техника
феноменiн “органопроекция” негiзiнде түсiнумен сипатталады. Олардың пiкiрiнше техника
жасанды орта болып табылады, бiрақ ол адам органдарының табиғи материалға
проекциясы ретiнде көрiнедi, яғни техниканың бүкiл дамуы адамның табиғи еңбек
органдарын көшiру арқылы, оларды сыртқы əлемге “проекциялау” арқылы жүзеге асады.
Техника феноменiн түсiндiруде өзге, қарама-қарсы позицияны ұстанған философ-
неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр Э.Капптың жəне Л.Нуаренiң техниканың
биологиялық концепциясымен келiспедi. Ол техника табиғат заңдарымен байланысты
жəне оның шектерiнен тысқары шықпайды деп есептейдi. Алайда бұл да еш нəрсенi
айқындамайды, техниканың автономды да мəнi бар. Оның пiкiрiнше техникалық идеялар
адамның ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегiмен ауланады. Техникалық
идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдiреттi ақыл-ойының көрiнiсi.
Техника мəселесi Хайдеггер философиясында негiзгi орындардың бiрiн алады жəне
оның көптеген шығармаларында үнемi кездесiп отырады. Бiрақ бұл тақырыпқа арналған
оның ең маңызды шығармасы “Техника туралы мəселелер” деп аталады. Бұл
жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа iргетасқа қойды. М.Хайдеггер
былай деп жазады: “техниканың мəнi белгiлi мағынада техникалық емес. Сондықтан да бiз
ол туралы жəй ғана ойлағанда, оны қолданғанда, оны басқарғанда немесе одан
қашқақтағанда техниканың мəнiне деген өз қатынасымызды ешқашанда сезiне алмаймыз.
Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, терiске шығарсақ та бiз
техникаға құлдар секiлдi ажырамастай таңылғанбыз. Бiз техниканы бейтарап нəрсе деп
есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазiргi кезде кең өрiс алған мұндай
көзқарас оның мəнiне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады” (Вопрос о технике //
Новая технократическая волна на Западе. М., 1986, 119-бет).
Хайдеггерге дейiн техника Ақыл-ой мен Қайырымдылықтың салтанатты шеруi
ретiнде бағаланып келдi. Кейбiр жағдайларда техниканың өзiне қарсы шығу емес, оны
қолдануға қарсы шығу өзектi сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер “түстi” нəсiлдер
европалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады жəне
түбiнде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керiсiнше, техниканың өзiн адам үшiн
үлкен қауiп-қатер деп есептедi. Техниканы түсiндiрудегi Хайдеггердiң тағы бiр жаңалығы,
оған дейiн техника адамзат тарихы мен мəдениет дамуының байланысындағы көптеген
факторлардың бiрi ретiнде қарастырылып келсе, ал бұл немiс ойшылының пiкiрiнше
техника қазiргi дəуiрдiң болмысы болып табылады. Жəне Хайдеггерге дейiн техника ең
алдымен мəдениет философиясы мен тарих философиясының жəне тек кейiн ғана
антропологияның мəселесi болып келсе, ал М.Хайдеггер онан метафизиканың мəселесiн
шығарды.
4.4.2 Техника болмыстың терең қасиеттерiн пайымдаудың тəсiлi ретiнде
М.Хайдеггер де техника болмыстың терең қасиеттерiн пайымдаудың маңызды тəсiлi
болып табылады. Ол болмыстағы табылуға жəне өзiнiң нағыз, бүлiнбеген кейпiнде
көрiнуге тиiс жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкiндiк бередi. Техниканың мəнi арқылы
адам болмыспен тiлдесiп, оның үнiн естидi. Бiрақ импульс дұрыс табылмауы мүмкiн,
өйткенi техника адамды өзiндiк ашылудың жалған жағына қарай итермелейдi.
К.Ясперс өзiнiң техниканы түсiндiруiнде хайдеггерлiк түсiнiкке жақын келдi. Ол өзiнiң
“Тарихтың мəнi жəне мақсаты” деген еңбегiнде техниканы əлемдiк тарихтың түбегейлi
жаңа факторы ретiнде қарастырады. К.Ясперстiң пiкiрiнше қазiргi заманда былайша
пайымдау қажет: “Қазiргi уақытта бiз тарихтың бұралаң кезiнде тұрғанымызды сезiнемiз,
бұдан жүз жыл бұрын-ақ бұл кезеңдi антикалық əлемнiң дағдарысымен салыстыра бастап
едi, ал кейiнiрек оның тек Европа мен Батыс мəдениетi үшiн ғана емес, бүкiл əлем үшiн
орасан зор маңызы бар екендiгi байқалды. Бұл өзiнiң барлық салдарларымен қоса
алғандағы техника ғасыры адамның еңбек, өмiр, ойлау саласындағы, символика
саласындағы мыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан сау-тамтық қалдырмайтын
сияқты” (Современная техника // Новая технократическая волна на Западе, 119-бет).
Қазiргi техниканың пайда болуымен барлығы да өзгередi. Ең алдымен, К.Ясперстiң
пiкiрiнше, адамның табиғатпен байланысы өзгердi. Адам техниканың көмегiмен табиғатты
бағындыра отырып, өзi табиғаттың ықпалына түседi, табиғат адамның тиранына
айналады. Техника адамның барлық күнделiктi өмiрiн өзгертiп жiбердi, ол “бүкiл өмiр
сүрудi белгiсiз техникалық механизмнiң əрекетiне, ал бүкiл планетаны—тұтас фабрикаға
айналдырды. Сонымен бiрге адамның өзiнiң түбiрiнен толық ажырауы жүзеге асты жəне
бұл бүгiнгi күнi де жалғасуда. Адам отансыз жердiң тұрғынына айналып, дəстүр
жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы функцияларды орындау мен оқып-үйрену қабiлетiне
айналды” (Современная техника, 121-бет). Ары қарай К.Ясперс былай деп жазады: “Мына
нəрсе күмəнсiз: техника адамның өзiн өзгертуге бағытталған. Адам ендi өзi
қалыптастырған техниканың ықпалынан босанып шыға алмайды. Жəне техникада шексiз
мүмкiндiктермен қатар, шексiз қауiп-қатердiң де бар екендiгi күдiк туғызбайды. Адам өзiнiң
техниканың билiгi астына қашан жəне қалай түскенiн аңғармай да қалды” (Современная
техника, 145-бет). К.Ясперстiң пiкiрiнше, техниканың маңызы мен рөлiнiң құдiреттiлiгi
сонша, оның мəнiн ашпай қазiргi ақуалды пайымдау мүмкiн емес. Техниканың нақтылығы
адамзат тарихындағы үлкен бетбұрысқа əкелдi, бiз адамзат өмiрiн механикаландырудың
нағыз дер кезiнде тұрғанымызбен оның барлық салдарларын болжау небiр ұшқыр
көрiпкелдердiң де қолынан келмейдi.
80-жылдары техника философиясында антропологиялық аспект, прогрестiң
адамзаттық өлшемiне көңiл аудару күшейе түстi. Көптеген батыстық философтар
техниканың мəнiн ұғыну оны техника мен технологияны тарихи ағымында ғана
қарастырмай мүмкiн емес деген қорытындыға тоқталды. Техника мəселесiндегi
антропологиялық тəсiл американдық философ Х.Сколимовскидiң “Техника философиясы
адам философиясы ретiнде” деген жұмысында айқын көрiнедi. Х.Сколимовски
техниканың дамуы үнемi мəдени мутациямен, терең əлеуметтiк өзгерiстермен
байланысты ма деген мəселенi зерттеумен айналысады. Ол осыған байланысты Қытайда
техниканың гүлденуi ХIV жүзжылдықта, яғни батыстық Ренессанс пен европалық ғылыми
революцияға дейiн жүзеге асқандығы туралы айғаққа көңiл аударады. Демек, ғылыми
революция əрқашанда техника гүлденуiнiң қажеттi алғышарты бола бермейдi, ал
техниканың өрiс алуы мiндеттi түрде қандай да болсын қоғамдық өзгерiстерге əкеле
бермейдi.
Х.Сколимовски техника философиясын адам философиясы ретiнде түсiнудi
ұсынады. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан гөрi, техника адам
императивiне бағынуы тиiс. Ол адамның табиғаттағы нəзiк тепе-теңдiкке құрметпен
қатынасуын жəне əлемдi бұлайша жабдықтандыру осы тепе-теңдiктi бұзбай, бекiткенде
ғана рұқсат берудi ұсынады. Оның ойынша адамның бiлiмi қалған барлық
жаратылыстарға қарсы бағытталмай, бiлiм бақылау мен жұмсау мақсатындағы күш
ретiнде қолданылмай, керiсiнше заттардың табиғатын дұрыс түсiнуге жəне үйлесiмдiлiкке
қызмет етуi тиiс. Прогрестiң гуманистiк түсiнiгi табиғаттың өзге жаратылыстарының,
сонымен бiрге адам жаны мен оның сезiмдiк потенциясының жойылуын емес, керiсiнше
оның рухани əлемiнiң кеңеюi арқасында жүзеге асатын адамның өзiндiк келбетiнiң өсуiн
бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |