Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ


 Қазақ философиясындағы дəстүр мен жаңашылдық



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
2.3. Қазақ философиясындағы дəстүр мен жаңашылдық
 
 
 
Этномəдениеттi  диахронды  жəне  синхронды  талдау  дəстүр  мен  жаңашылдықтың
(инновациялық) арақатынасы мəселесiн алдыңғы орынға шығарады. Мəдениет өзiнiң кең 
мағынасында əлемдегi адам болмысының тəсiлiн бiлдiредi жəне бұл болмыс ұрпақтардың 
сабақтастығымен,  нақтылықты  игерудiң  əлеуметтiк-мəдени  тəжiрибесiн   тасымалдаумен 
анықталады. “Тiл мен мəдениет, - деп жазады И.Гердер, - өзiнiң бастауын əдет-ғұрыптар 
мен дəстүрлерден алады’’ (Идеи к философии истории человечества. М., 1977, 252-бет).
 
Дəстүрдiң  позициясы,  əсiресе  алғашқы  қауымдық  мəдениетте  мықты  (сондықтанда 
ол кезеңдi дəстүрлi деп те атайды). Жазудың болмаған жағдайында мəдени сабақтастық
əдет,  ғұрыптарға   сүйенедi.  Американдық
  
этнограф
 
Маргарет  Мид  дəстүрлi  мəдениеттiң 
осы  ерекшелiктерiне  көңiл  аударады  жəне  оны  постфигуративтi  деп  атайды.  Бұл 
мəдениетте дəстүрлер басымдылық маңызға ие болады, байланыс үлкеннен кiшiге қарай 
жүрiп, өткен шақ бiржақты түрде болашақты айқындайды. Ғасырлар, тiптi мыңжылдықтар 
өткенiмен  барлық  ескiлiк  сақталады. “Менiң  əкелерiм,  ата-бабаларым  не  iстесе,  мен  де 
соны iстеймiн’’,- деп жариялайды постфигуративтi мəдениеттiң өкiлi. 
 
Алайда,  мəдениеттегi  дəстүршiлдiк  тоқырау  мен  алғашқы  қауымдылықтың  көрiнiсi
емес.  Этномəдениеттiң  түбiрлерiн  дəл  осы  дəстүрлiк  кезеңнен  iздеу  қасиет,  оның 
архетиптерi осы тарихи кесiндiде қалыптасады.
 
Дүниетанымдық  типтердiң  алмасуы  барысында  мəдениеттанымдық  еңбектерде
мифалогиялық,  дəстүрлiк  жəне  жаңашылдық  кезеңдер  ерекшеленедi.  А.Х.Қасымжанов 
қазақ халқының рухани мəдениетiндегi мынадай кезеңдердi бөлiп алады: “1. Мифология.  
2. Ренессанс (қайта өрлеу). 3. Ағартушылық’’ (Духовные корни- Казах. А.1994, 90-бет)
 
Бiздiң  ойымызша  қазақтардың  дəстүрлi  мəдениетi  түркi  тайпаларының  этникалық 
бiрiгуi  тұсында  қалыптасқан.  Этникалық  процестердiң  жойқын  күшi  Исламдық 
Ренессанстың бiрiктiрушi шеңберiн бұзып шықты. Бұл процестi əртүрлi бағалауға болады. 
Қалыптасушы  этностар  (қазақтар,  қырғыздар,  өзбектер  жəне  т.б.)  тұрғысынан  көшпелi
орталық-азиялық  империялардың  құлауы  жағымды  оқиға  болды.  Бiрақ , сонымен  бiр 
мезгiлде  көршi  отырықшы  империялар  бас  көтерiп,  номадтарды  жаулап  алуға 
дайындалды.  Қазақ  мəдениетiнiң  дəстүрлi  кезеңi  түркi  номадизмiнiң  мəнiн  өз  бойына 
неғұрлым  толық  сiңiрген,  өйткенi  ол  ХХ  ғасырдың  басына  дейiн  көшпелi  мал 
шаруашылығын сақтап келдi. 
 
Мəдениеттегi  дəстүр  мен  жаңашылдықтың  арақатынасы  ең  алдымен  уақыттың
белгiлi бiр социум өмiрқамының негiзi ретiндегi түсiнiгiмен байланысты. Қазақтың дəстүрлi
мəдениетiнде  уақыт  адамнан  бөлiнбеген  жəне ‘’уақытты  өткiзу  (немес  өлтiру)’’  ол  үшiн 
мүлдем жат. 
 
Дəстүрлi  мəдениет  уақыттың  линиялық  (сызықтық)  емес  циклдiк  өлшемiн 
пайдаланады  жəне  оның  негiзiне  кəдуiлгi  табиғи  ритмдер  жатады.  Мысалы,  қазақтың  ай 
атауларын алайық - “көкек’’- құстардың оралу уақыты, “мамыр’’- жаңару кезеңi, “отамалы’’-
мал  барынша  тойынады, “қазан’’-  шөптiң  таусылуы, “қаңтар’’-  күннiң  қысқарылуы, 
қаңтарылуы  жəне  т.б.  Минут,  сағат,  секунд  сияқты  уақыттың  линиялық  өлшемдерiнiң 

орнына  қазақтар  “ат  шаптырым’’, “ет  асым’’, “сүт  пiсiрiм’’, “бие  сауым’’  жəне  т.б. 
қолданады.
 
Егер  Батыс  мəдениетiнде  (бос  кеңiстiк  жəне  абсолюттiк  шексiздiк  идеясына 
негiзделген)  адам  “күнделiктi тiрлiкпен’’  басылып  қалса  номад  бұл  мəселенi  шеше  алды. 
Табиғатпен оңаша қалған адамға əр бiр мезет құнды жəне бұл əлемдегi өз болмысының 
үйлесiмдiлiгiнiң сақтауға мүмкiндiк бередi. “Қалай жағдай?’’ деген сұраққа көшпендi жақсы 
көңiл-күймен “əдеттегiдей’’ деп жауап бередi. 
 
Номадтың  дəстүрлi  мəдениетi  болмыстың  тұлғалық   тылсымдық  ырғақтарға   мəн 
бередi.  Адам  өмiрi  өткiншi  жағдайдан  “бақи  дүниеге’’  өтпелi  кезеңi  ретiнде  қарастырады. 
Бұл  өмiрде  адамға  мəңгiлiкпен  жақындасу  мүмкiндiгi  берiледi.  Ең  басты  шарт - “адам 
болу’’ (Абай). 
 
Жыл  санаудың  он  екi  жылдық  белгiлi  циклын  жеке  тұлғаның  өзiне  де  қолдануға 
болады.  Циклдер  арасындағы  аралық  жылдар  ерекше  маңызға  ие  болады  (мүшел  жас  -
13,25,37,49,61…).  Күн  белсендiлiгiнiң  он  бiр  жылдық  циклдерi  де  өмiр  қамының 
ырғақтарына  ықпал  етедi.  Өзге  мысал:  Ресей  профессоры  А.Жабин 11842 белгiлi
қайраткерлердiң өмiрбаянын зерттей келе адамдардың шығармашылық белсендiлiгiнiң 15 
жылдық  циклi  болады  деген  қорытындыға  келдi. (“Известия’’ 1996 жыл, 24 шiлде)  Жыл 
санаудың  он  екi  жылдық  циклiнен  өзге  қазақтарда  “қозы  жасы’’- 10 жас, “қой  жасы’’- 15 
жас, “жылқы жасы’’- 25 жас жəне “патша жасы’’- 40 жас туралы көзқарастар да кездеседi. 
 
Дəстүрлi  мəдениетте  уақыт басымдылығын жоғалтып,  жаңашылдықтарға бейiмделе 
бастайды.  Мысалы,  көшпендiлердiң  дəстүрлi  құдайы  Тəңiрi  уақыт  өте  келе  Алланың 
бейнесiмен  бiрiгiп  кетедi,  Албасты  бiрте-бiрте  исламның  зұлым  рухтарының  қасиеттерiн 
бойына  сiңiрiп,  ал  Баба  түктi  Шашты  Əзиз  мұсылман  əулиесiне  айналады.      Осы   
тұрғыда   бұл    мəселенi     А.Байтұрсынов   өзiнiң
 
“Қобыланды  аңызындағы  əйел  бейнесi’’  мақаласында  қарастырады. “Кең  байтақ…  жəне 
өзгелерге  толығымен  таңсық  болған  қазақ  даласы  өз  ұлдарына  ұлттық  сипат  пен
халықтық  ерекше  бет-бейненi  əуел  бастапқы  тазалығын  бүлдiрмей  ұзақ  уақыт  сақтап 
қалуға септiгiн тигiздi. Сыртқы ықпалдан жерана арқылы қозғалған қазақтар əдет-ғұрпын, 
өз халқына (номадқа) тəн өзiндiк өмiр тəртiбiн сақтап қалды’’ (“Шахар’’, 1994, №2, 49-бет). 
 
“Қобыланды” эпосының бiрнеше варианттары болды. Оның қыпшақтық вариантында 
тəңiрiшiлдiк  пен  шаманизмнiң  көптеген  элементтерi  кездеседi  жəне  бұл  қазақтардың 
исламға  өту  жағдайын  бейнелейдi.  Бұрынғы  наным-сенiмнiң  көрiнiсi  ретiнде  кейiпкердiң 
бiрiнiң анасы Көктен кемпiр мифтiк қырымен ерекшленедi. Эпоста жаңа, мұсылман дiнiне 
орын  берген  ескi  наным-сенiмге  деген  халықтың  терең  ықыласы  байқалады.  Кейiпкердiң 
анасы   Аналық - мұсылман  əйелiнiң  символы. “Бұл - өзгенiң  қуанышымен  жəне
қайғысымен  өмiр  сүретiн  əйел” (Ə.Бөкейханов).  Оның  күйеуi  ескi  номадтық  тəртiптердi, 
ата-бабаның  наным-сенiмiн  ұмытқысы  келмейдi.  Ол  бағынышты  жан  ретiндегi  əйелге 
деген мұсылмандық көзқарасты қабылдағысы келмейдi. 
 
Қазақтардың  дəстүрлi  мəдениетiн  қарастырғанда  бiрнеше  тарихи  параллельдер 
(салыстырулар)  жүргiзуге  болады.  Батыс  Рим  империясының  құлауымен  Европада
батырлық  ғасырлар  орнайды  (А.Тойнби.  Постижение  истории.  М., 1991). Алайда 

батырлық  кодекстiң  осалдығы,  оның  институционалды  емес,  жеке  тұлғалық  сипат 
алуында болды. Көсемге деген адалдық индивидуалдық əлеуметтiк жүйеге сүйенедi. Ұзақ 
уақытқа  шыдайтын  берiк  əлеуметтiк  жəне  саяси  институттар  құруға  батырлар  қабiлеттi 
емес.  Оның  мысалын  Əтилланың  өлiмiнен  кейiн  батыс  ғұндардың  құлауынан  байқауға 
болады. Қазақ мəдениетi дəстүрлi кезеңiнiң өзiндiк санасының үстем формасы батырлық 
эпосы  болып  табылады.  Эпос  əлемi  əдетте  дəстүрлi.  Онда  қиын-қыстау  ахуалдардағы
жүрiс-тұрыс қалыптары ( агрессияны тойтару, стихиямен күрес жəне т.б.) көрiнiс табады. 
Эпикалық  дəстүрлi  кеңiстiк  мынадай  оппозицияға  негiзделедi: “бiздiкi  жəне  бiздiкi  емес 
(бөтен),” “достар – дұшпандар”.  Жəне  бұл  белгiлi  бiр  формаға  ие  болады.  Мысалы, 
қазақтың  батырлық  жырларында  шексiз  дала  “бiздiкi”  деп  есептеледi  жəне  оның  ар 
жағында  жау  бар  деп  саналады.  Батырлық  кезең  əрқашанда  оқиғаларға  толы,  қиын-
қыстау ахуалдарда ол қоюлана түседi.
 
Этномəдениет  уақытын  бағыттарына  қарай  шартты  түрде  реликтiлiк  (сақталу)  жəне 
динамикалық  (өзгермелi),  архаикалық  (көне),  актуальды   (өзектi)   жəне    футуристiк 
 (келешектi)  деп  бөлуге  болады  
 
(Л.  Н.Гумилев,  А.Тойнби).  Бұл  жерде  бiз  моральдық  бағалауға  ұмтылмаймыз.  Мысалы, 
тоталитарлық  жүйеде  утопиялық  болашаққа  (коммунизмге)  бола  бүгiнгi  күн  құрбан 
болатын.  Жəне  қазiргi  кейбiр  саясаткерлер  де  күйзелген  халықты  былайша  жұбатады: 
“Шыдай  тұрыңдар,  нарық  деген  жарқын  болашақ  орнайды”.  Алайда,  əдетте  болашаққа 
бағдар  ұстанған  динамикалық  жүйелер  өмiршең  болып  келедi.  Уақыттың  өткен  шақтан 
бүгiнгi  арқылы  болашаққа  қарай  ағатыны  сияқты  жаңашылдық  мəдениеттер  де  үлкен
жетiстiктерге қол жеткiзуi мүмкiн.
 
Зерттеу  объектiне  қайта  оралайық.  Қазақтың  дəстүрлi  мəдениетiнiң  утопиядан  бас 
тартып,  антиутопияға  бағдар  ұстанғанын  тарихи  талдаулар  дəлелдейдi.  Батырлық 
ғасырларға  қарамастан  “Гүлстан”  жəне  “Жерұйық”  идеяларын  “Зар-заман”  идеясы 
алмастырды.  Қазақ  утопиясы  өзiнiң  бастауын  шыңғыс  тұқымдарының  номадалық
ұлыстарының  дағдарысы  кезеңiнен  алады  (Сайф  Саран.  Гүлстан).  Бұл  идеяның 
классикалық  көрiнiсi “Бiрiншi  қазақ  философиясы”  
Асан  қайғының  (Ш.Уəлиханов) 
шығармаларында  орын  алады.  Асанның  “Жерұйығы”  
өзiнiң  амбиваленттiлiгiмен 
сипатталады: “жұмақ  бағы”  тəртiп  пен  Хаостың,  адам  мен  табиғаттың,  өлiм  мен 
мəңгiлiктiң, дəстүр мен жаңашылдықтың үйлесiмдiлiгi болып  табылады. Тарихи тағдырға 
орай  қазақтың  дəстүрлi  мəдениетi  өзiнiң  органикалық  дамуын  үзуге  мəжбүр  болды.  Егер 
Европалық  этностар  Ренессанстан  Реформация  арқылы  Ағартушылыққа  өтсе,  ал  Ислам 
Реннессансының дəмiн татқан  евразиялық номадалардың ұрпақтары Зар-заманға батты. 
Зар-заман  ағымының  көрнектi  өкiлдерi  Шортанбай,  Дулат,  Мұрат  дəстүрлi  мəдениеттiң 
дағдарысын көрсетiп,  оны  тəуелсiздiктiң  жоғалуымен байланыстырды.  Олардың  қайғысы 
феодализмнiң жаңғырығы да емес, орыс мəдениетiн  жек көрушiлiктiң  формасы да емес, 
жаңашылдықты  қабылдауды  терiске  шығару  да  емес.  Зар-заман  тығырыққа  тiрелген 
жағдайды  ұғынды  бiлдiредi:  дəстүрлi  құндылықтарды  қайта  бағалау  қажет,  бiрақ  еркiн 
таңдау жоқ, аяқ-қол империялық темiр бұғаумен құрсауланған.  
 
Дəстүрлi  мəдениетке  қатысты  Ресей  мəдениетiнiң  аккультуралық  жаңашылдық  рөлi

туралы  ұзақ  жылдар  бойы  мынадай  схемалар – пайымдаулар  үстемдiк  еттi: 
Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  қазақ  халқын  жоңғарлардың  қырғынынан  аман  сақтап
қалды  (бiрақ XVIII ғасырдың  ортасына  қарай  Абылайхан  жоңғарларды  толығымен  жеңiп, 
Ресеймен  жəне  Қытаймен  қалыпты  қатынас  орнатты); 2 қазақтар  Ресей  арқылы 
Европаның озық мəдениетiмен танысты (бұл “таныстық’’ үндiстердiң американдықтармен
таныстығына  ұқсас); 3. Қазақстанда  артта  қалған  феодализмнiң  орнына  озық 
капитализмнiң элементтерi ендi (бұл “жетiстiк’’ те үндiстердiң тағдырына ұқсас).
 
Бiрақ, күрделi тарихи шарттар мен орны толмас орасан зор шығындарға қарамастан
қазақ  мəдениетi  уақыттың  талабы  мен  Тағдырдың  сынына  абыроймен  жауап  бере  бiлдi. 
Қазақтардың   этномəдениетiн  күлден  қайтып  пайда  болатын  мифтiк  құс  Феникспен 
салыстыруға  болады.  Мəдениеттiң  дəстүрлi  негiздерiн  қайта  жаңғырту  əрқашанда 
жағымды процесс болып табылады. Адам өзiн ұғыну үшiн өткенге бет бұрады, онан сабақ 
алып,  келешек  даму  жолын  таңдайды.  Алайда  жаңашылдықты  түгел  терiске  шығарып, 
дəстүрдi абсолюттендiретiн бiржақты ұстаным да бар (архаизм).
 
Архаизм  ескiлiктi  көксейдi,  дамудың  өткен  кезеңдерiн  қалыптастыруға  тырысады. 
Зерттеушiлер бұл типке фундаментализм, партикуляризм, ортодокстық сияқты белгiлердi
қосады.  Əрине,  этномəдениет  өзiнiң  берiктiлiгiн  сақтауға,  мəдени  архетиптерiнен 
алшақтамауға  тырысады.  Екiншi  жағынан  адамның  жаңашылдығы,  жемiстiлiгi  жəне 
шығармашылдығы  да  белгiлi.  Архаизмнiң   бiрнеше  мысалдарын  келтiрейiк.  А.Тойнбидiң 
пiкiрiнше,  архаизм  менталитетте,  мiнез-құлық  типтерiнде,  өмiрде,  дiнде  жəне  саясатта 
көрiнiс  табады.  Мысалы,  Германияда  архаизмнiң  көрiнiсi  ретiнде - тевтонизм  мен  таза 
арийлiк  идеясын  жандандыру,  Израильде  өлi  тiл - ивриттi  тiрiлту,  Үндiстанда  санскриттi
тiрiлту  сияқты  талпыныстарды  айтуға  болады.  Дəстүршiлдiк  дүниетаным  тiрi  жүйелердi
ұйымдастырудың  фундаментальды  принциптерiне  сəйкес  келмейдi.  Дж.Холденнiң 
эволюциялық  iлiмi  бойынша  тұйық  жүйелер  дегенерацияға  ұшырайды.  Росс  Эшбидiң 
кибернетикасы жабық жəне қатаң жүйелерде энтропия ұлғаяды жəне коллапс туады деп
тұжырымдайды. Қазақстандағы азаматтық қоғ
 
амды  ру-тайпалық  басқару  жəне  хандық  билiкпен  алмастыруға,  исламды 
тəңiрiшiлдiкпен  жəне  шаманизммен  алмастыруға  жəне  т.б.  шақырған  ұстанымдарды 
архаизм ретiнде бағалауға болады. 
 
Əрбiр  халықтың  рухани  мұрасында  əлемдiк  мəдениеттiң  жалпы  қазынасын
байытатын құнды ойлар болатыны белгiлi. Халықтың бай рухани мұрасын зерттеу тек осы
мəселенi зерттеушiлер үшiн ғана маңызды емес, сонымен қатар бүгiнгi күнгi адамдардың 
өзара адамгершiлiк қатынастарын дұрыс пайымдау үшiн де қажет, болашақта адамзаттың
адамгершiлiк  процесiнiң  заңдарын  дұрыс  түсiнуге  көмек  бередi.  Қазақ  халқының 
қалыптастырған  рухани  құндылықтары  арасында  ақын-жыраулар  шығармашылығы 
маңызды орын алады. Бiз бұл жерде белгiлi философ О.А.Сегiзбаев ұсынған қазақтардың 
ақындық  шығармашылығының  дамуы  барысындағы  үш  кезеңге  бөлiнген  жiктелуiн 
келтiремiз: 
 
а)  шартты  түрде  жыраулар  дəуiрi  деп  аталатын  кезең (XV-XVIII ғасырдың  бiрiншi
жартысы);
 

ə)  ақындық  шығармашылық   кезең (XVIIIғ  екiншi  жартысы - XIX ғасырдың  бiрiншi
жартысы);
 
б)  ақындардың  өзiндiк  сайысы - айтыстың  пайда  болуымен  байланысты  кезең (XIX
ғасырдың екiншi жартысы - XX ғасырдың басы) (Казахская философия XV- нач ХХ века. 
Алматы 1996, 120-бет).
 
Асан  қайғы (XV ғасыр),  Қазтуған  жырау (XVғ),  Доспанбет  жырау (XVI ғ),  Шалкиiз 
(1465-1560),  Ақтамбердi (1675-1768), Бұқар  жырау (1668-1781), Шал  ақын (1748-1819) 
жəне т.б. - өз дəуiрiнiң, философиялық идеалдарын бiлдiрген ойшылдардың бүтiндей бiр 
шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерiн толғандырған мəңгi философиялық мəселелердi
өз  шығармаларында  бейнелей  отырып,  орасан  зор  рухани  күш  жiгердi  өз  бойларында 
қорытты. Кез-келген дамудың идеалы сабақтастық идеясымен тұтас байланыста екендiгi
белгiлi.  Осыған  байланысты  бiз  ақын-жыраулардың  дүниетанымының  қалыптасуына
ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн көрдiк. Өйткенi, олардың өздерiн де, 
шығармашылығын  да  халық  даналығының  қайнар  бұлақтары  суарып  отырды.  Олардың 
қатарына  ерте  түркi  əдеби  ескерткiштерiн,  дала  тайпаларының  əлеуметтiк-саяси, 
адамгершiлiк,  философиялық  көзқарастарының   белгiлi  дəрежеде  квинтэссенциясын 
бiлдiретiн  мақал-мəтелдер  түрiндегi  халық  ауыз  əдебиетiн  жатқызуға  болады. 
Дүниетанымның  қалыптасуына  исламға  дейiнгi  жəне  ислам  дiндерi  де  үлкен  ықпалын 
тигiздi.  Адам  жанын  ашылған  кiтаптай  оқитын,  туған  даласымен  физикалық  тұрғыда  да, 
рухани  тұрғыда  да  байланысты  болған  бiзге  белгiлi  жəне  белгiсiз  данышпандардың 
шығармашылығындағы  уақыт  жiбiнiң  сабақтастығы  дəл  осындай  өлшем  арқылы
айқындалады. 
 
Ақын-жырау  көзқарастарының  қалыптасуының  маңызды  қайнар  бұлақтарының  бiрi
ерте түркi жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткiштердiң тас плиталар мен балбал 
тастарда,  жартастар  мен  тұрмыс  жабдықтарында  сақталғаны  белгiлi.  Бiзге  дейiн  жеткен 
санаулы  ерте  түркi  жазбасының  мəтiндерiнде  түркiлердiң  ата-бабаларының  жоғарғы
адамгершiлiк  қасиеттер  туралы  этикалық  мəселелер  молынан  кездеседi.  Халықпен, 
Отанмен,  оның  абыройын  қорғаумен,  еркiндiгi  мен  тəуелсiздiгiн  сақтаумен  байланысты 
мəселелер  жазба  əдебиет  ескерткiштерiнiң  ең  ежелгiлерiнiң  бiрiнен  саналатын  Орхон-
Енисей жазбаларында өзiнiң өте өткiр қойылуымен ерекшеленедi. 
 
Бұл  жазбаларға  талдау  жасау  ертедегi  түркiлердiң  əлемге  деген  көзқарасын, 
олардың  идеалды  өткен  шағымның  толық  картинасын  түйiнге  жəне  оны  жоғары 
адамзаттық  қасиеттермен  байланыстыруға  мүмкiндiк  бередi.  Жазбаның  авторы  түркi
қағанатының құлауына экелген олардың өмiрiндегi өзгерiстердiң себебiн ата-бабалардың 
қалдырған  өсиетiнен  ауытқұдан  көредi.  
Қағанаттың  күшi  мен  құдыретi  қағанға 
адалдықпен,  аристократияның  бiрлiгiмен  сипатталады.  Автор  идеалды  батыр-қағанға 
қажет мiндеттi этикет қалыбын ұсынады:
 
1) түркi халқының заңы мен мемлекетiн құру жəне қолдау;
 
2) дүниенiң төрт бұрышындағы халықтарды басу жəне қолдау;
 
3) дана  жəне  батыл  қаған  болу.  Орхон  жазбаларында қағанды 
 
   “көктен жаратылған’’ деп атайды.
 

Түркiлердiң шынайы тарихын ерте түркiлердiң сына жазуымен салыстырғанда, оның 
ақиқаттылығы  мəтiндердегi  сипаттаудан  анағұрлым  бай  жəне  алуан  түрлi  болғандығы 
аңғарылады.  Бұл  жазбаларда  өз  дəуiрi  үшiн  қажет  идеалдарды,  моральдық  кодекстердi, 
яғни өзара қырқысқа жол бермей, ата-баба жолымен мемлекеттiң құдiретi мен тұтастығы 
идеяларын  ғана  автордың  жариялауға  мүмкiндiгi  болды.  Халық  өз  батырларын  даңққа 
бөледi, соғыста да, бейбiт уақытта да батырлық адамның жағымды адамгершiлiк қасиетi
ретiнде  жоғары  бағаланды.  Батыр  болу  ерте  түркi  қоғамында  ең  жоғарғы  өлшемдердi
қанағаттандыруды бiлдiрдi. 
 
Ертетүркi 
қоғамында 
қалыптасқан 
адамгершiлiк 
көзқарастар 
бiздiң 
ата-
бабаларымыздың  белгiлi  бiр  мораль  мəселелерi  бойынша  ақын-жыраулардың  этикалық 
көзқарастарынан  байқалатын  ойлау  деңгейiн  салыстыруға,  адамгершiлiк  дамуындағы 
сабақтастықты  анықтауға  мүмкiндiк  бередi.  Ақындардың  рухани  ойының  қалыптасуының
келесi  бiр  маңызды  идеялық  бастауы  шаманизмнiң  (бақсылықтың)  дiни-  этикалық 
концепциясы болып табылады. 
 
Шаманизм  дiннiң  атауы  ретiнде  ғылыми  қолданыста  да,  тұрмыстық  қолданыста  да 
əртүрлi  мағынаға  ие.  Белгiлi  бiр  пайғамбарлар  немесе  оның  iзбасарлары  арқылы  негiзгi
қаланған  дiндердiң  көпшiлiгiмен   салыстырғанда  шаманизм  ертеде  пайда  болғанына
қарамастан,  халық   дүниетанымының  негiзiнде  табиғи,  тарихи  жолмен  қалыптасқан  дiн 
болып  саналады.  Онда  адамның  қоршаған  табиғатқа,  оның  тылсым  күштерiне  деген 
қатынасымен  байланысты  ерте  дiни  жəне  мифологиялық  көзқарастар  да  ерекше  орын
алады. 
 
Шаманизм  адамзат  қоғамы  дамуының  ерте  кезеңдерiнде  материалдық  өмiр  мен 
ұжымдық  сананың  жалпы  заңдылықтары  шеңберiнде  табиғи  жолмен  пайда  болып, 
қалыптасты.  Шаманизм  ұрпақтан  ұрпаққа  ауызша  жəне  визуалды  дəстүр  арқылы
жеткiзiлiп сақталды жəне бұл бүгiнгi ұрпаққа осы дiн туралы белгiлi бiр түсiнiктiң болуына 
мүмкiндiк бередi. Қазақтар мұсылман болғанымен дəстүрлi шамандық наным-сенiмдерiн, 
ерте түркiлерден тарайтын Тəңiрiге, Ұмайға, Жер-Суға табынушылықтарын сақтап қалды. 
Қазақ  шамандары   (бақсылары)  өздерiнiң  құрбандық  шалуын  мұсылман  пайғамбарлары
мен  əулиелерiне  жалбарынудан,  мұсылман  сүрелерiн  оқудан  бастады  жəне  аяқтады. 
Ш.Уалихановтың  айтуынша  “Ғаламның   барлық  ғажайыптарын  тану  қажеттiлiгi,  өмiр  мен 
өлiм  мəселесi  жəне  адамның  табиғатқа  қатынасы  шамандықты,  яғни  Ғаламды  немесе
табиғатты жəне өлген адамдардың рухын қастерлеудi тудырды. 
 
Шаманизмнiң культтық (табынушылық), ғұрыптық (ритуалдық) ерекшелiгiне  кеңiнен  
тоқталмай,    бiз   оның   маңызды   қырына - моральдық-этикалық,  адамгершiлiк-тəрбиелiк 
қырына көңiл қоямыз. 
 
Қоршаған табиғат - оған бағышытлыққа орай дiни сезiм тудыратын бастапқы нəрсе. 
Табиғатты бейнелеу барлық тайпалар мен халықтарда заңды жəне универсалды құбылыс
болды.  Ол  адамдардың  бастапқы  дүниетанымын  бейнелейтiн  мифологияның, 
фольклордың,  дiни  түсiнiктердiң  өзгешелiгiн  тудыратын  қоғамдық  сана  дамуының  кезеңi
ретiнде  қарастырылады.  Бақсылар  бүкiл  өзiнiң  табынушы  құралдарымен  адамның 
құдайлар мен рухтарға толық бағыныштылығы идеясын орнықтырды. Жекелеген адамның 

тағдыры, оның өмiрi, денсаулығы, материалдық игiлiгi рухтар мен құдайларды тұтуға 
бағынышты болды. 
 
Ендiгi  жерде,  отбасылық  тұрмыс  жағдайында  адамның  рухтар  мен  құдайларға
қатысты  жүрiс-тұрыс  ережелерiнiң  кейбiр  түрлерiн  қарастырған  орынды.  Бұл  əсiресе, 
отбасы  ошағын  бiлдiретiн  от-ана  құдiретiн  тұтуға  байланысты  тыйымдарды  қамтиды. 
Жалпы  отқа  табыну  түркi  халықтарына  ғана  емес,  Азияның   моңғол  немесе  иран
халықтарына  жəне  өзге  халықтарға  да  тəн  универсалды  құбылыс.  Қазақтардағы  отқа 
табыну  жоғарыда  аталған  от-ананы  тұтумен  байланысты.  Кейде  “от-ана’’  өзiн 
құрметтемегенi,  тұтпағаны үшiн  жазалаушы  əрекетiмен де  көрiнедi.  Отты  бүлдiруге,  яғни 
оған қиқым лақтыруға, өткiр темiр заттар тастауға, оны аттап өтуге, күлдi басуға жəне т.б. 
тыйым салынады. Отты күн сайын шаңырық иелерiнiң қоректенетiн тағамынан ауыз тигiзiп 
отыру  да  мiндеттi  саналады.  Тiптi  үйдiң  ошағынан  шыққан  күлдi  де  адам  мен  мал 
баспайтын  жерге  төгедi.  Бұл  тəртiптер  мен  қалыптар  бұзылса,  от  құдайы  бұл  үйдiң 
иелерiн  зұлым рухтан қорғамайды, əртүрлi аурулармен жазалайды, кейдi тiптi белгiлi бiр 
заттарды, үйдi өртеп те жiберетiн. Өрт от құдайының ашуын, қаһарын бiлдiрдi, сондықтан 
онан кейiн құрбандық шалынып, құдайға жалбарынып құлшылық етедi. 
 
Осылайша,  ошақ  бақыт  пен  бақтың  көрсеткiшi,  зұлымдықтың  қарсыласы  ретiнде 
барлық түркi халықтарында қастерлендi. Қазақтың киiз үйiнде ошақпен қатар, табалдырық 
та қасиеттi деп саналады. Оған отыруға немесе керуге болмайтын едi, өйткенi онда үйдi
қорғайтын  есiктiң  иесi  орналасады.  Ол  да  бұл  ғұрыптан  тайғандарды  зұлым  рухтарды
немесе ауруларды жiберу арқылы жазалай алады.
 
Азиялық  көшпендiлердiң  культтық  өмiрiнде  Аспан  құдайының  (көктiң)  рөлi  мен 
маңызы  ерекше  болғандықтан  Ж.П.Ру  бұл  дiни  нанымдарды  Тəңiрiшiлдiк  деп  атады. 
Малшы  көшпендiнiң  табиғатқа  толық  бағыныштылығы  құдiреттi,  тылсым  күштердi
қастерлеуге, əулиелендiруге əкелдi. Қазақ-көшпендi барлық қайғы-қасiреттi, пəле-жаланы, 
ауру-сырқауды  көктiң  жазалаушы  күшiмен  байланыстырды  жəне  барлық  үмiтiн  де  көк 
тəңiрiмен байланыстырды.
 
Қазақтар  Айға,  Күнге,  отқа,  суға,  аспанға,  Жерге  табынды,  оларды  қасиеттi  деп 
есептедi  жəне  соның  нəтижесiнде  анттар  пайда  болды.  Ант  абырой  жəне  адалдықпен 
қатар  тұтынылды.   Антты  бұзудан  өлiм  артық  болды  (ең  жаман  қарғыс - “ант  ұрсын’’). 
Қарғыс  адамның   басына  бақытсыздық  əкеледi  деген  сенiм  пайда  болды.  Халық  бүгiнгi
күнiне де өзiнiң жек көрушiлiгiн қарғыспен, сүйiспеншiлiгi мен игi тiлегiн батамен бiлдiредi. 
Адамды  тəрбиелеуде  оны  қайырымды  iстерге  ұмтылдырып,  жаман  қылықтардан  бойды 
аулақ ұстауда батаның ролi өте үлкен.  
 
Адамдар  қазiргi  күнi  де  қайғы-қасiреттен  құтылу  осы  өмiрдегi  қайырымды  қылықтар
мен  игiлiктi iстердiң  арқасында  деп  пайымдайды.  Сондықтан  да  бата  орындалды  деп 
түсiнедi.  Мазмұндалған  бұл  материалдан  жер  бетiнде  игiлiктi  өмiр  сүрудiң  жалғыз  жолы 
рухтар  мен  құдайлар  алдындағы  бағыныштылықты  уағыздайтын  дiн  ретiндегi
шаманизмнiң идеологиялық мəнi айқын көрiнедi. Оның тағы бiр еркшелiгi адамдардың бұл 
өмiрдегi  əртүрлi  қылықтары  мен  қылмыстары,  сондай-ақ  жақсылықтары  оның  өлгеннен 
кейiнгi тағдырына əсер етпейдi.
 

Шаманизм қарапайым малшылардың дiни санасында терең жəне берiк орын алған. 
Шаманизмге  тəн  мəндi  белгi  ретiнде  оның  дiни  мəндiлiгi  жазбаша  түрде 
сипатталмағанына жəне насихат түрiнде уағыздалмағанына қарамастан тарихи тұрғыдағы
тұрақтылығын  да  айтуға  болады.  Ол  отбасылық  жəне  ру-тайпалық  деңгейде  ұрпақ 
арасындағы  үздiксiз  байланыс  жолымен  жалғасты.  Оның  маңызды  себептерiнiң  бiрi
көшпендiлер  өмiрiнiң  ерекше  экономикалық  шарттарымен  сипатталады.  Шаманизмнiң 
моральдық-этикалық  түсiнiктерi  ақын-жыраулардың  адамгершiлiк  көзқарастарының 
қалыптасуы  мен  дамуына  тiкелей  ықпал  еттi,  бұл  олардың  шығармашылығынан  айқын 
аңғарылады.
 
Ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен маңызды
идеялық  бастаулардың  бiрi  исламның  дiни-этикалық  концепциясы  болды.  Қазақ 
қоғамында  патриархалды-феодалдық   дəстүрдiң  үстемдiгi  жағдайында  мұсылмандық 
фанатизмнiң  рөлi  төмен  болды.  Арабтар  Орта  Азияны  жаулап  алғанға  дейiн  қазақтар 
Тəңiрiге  (аспанға)  табынды.  Тарихшылардың  бiрауызды  пiкiрiнше,  Орта  Азияның 
отырықшы халықтары 713-714 жылдары арабтарға толығымен бағынды. 
 
Ислам дүниетаным ғана емес, адамгершiлiк туралы iлiм де болып табылады. Ислам 
Қазақстанның,  Орта  Азияның  көптеген  халықтарының,  шетелдiк  Шығыстың  бүтiндей 
бiрқатар  елдерiнiң  адамгершiлiк  дамуына  ықпал  еттi  жəне  ықпал  етiп  келедi.  Жалпы 
исламның этикалық ойы исламның өмiр сүру тəртiбiн анықтайтын идея ретiнде осы дiннiң 
пайда болғанынан берi өмiр сүрiп келедi. Бiрақ теологиялық - этикалық  жүйе түрiндегi бұл 
ойдың  қалыптасуына  мұсылманшылықтың  негiзгi  деректерi - Құран  мен  Суннада  көрiнiс 
табатын  мұсылмандардың  моральдық  қалыптарының  жинағы  əсер  еттi.  Исламдық 
этикалық  ой  сүрелер  мен  хадистерге  идеялық  бағдар  ретiнде  сүйене  отырып  мұсылман 
қоғамының тəрбие принциптерiндегi қажеттiлiктерiн өтей алды.
 
Құран бiр жағынан ру-тайпалық қауымның дəстүрлерiн бейнелейтiн, екiншi жағынан, 
алғашқы  қауымдық  құрылыстың  қоғамдық  институттарына  қарсы  бағытталған
пайымдарды бейнелейтiн этикалық - құқықтық нормалардан құралады.
 
Құранның  моральдық қағидалары күнделiктi өмiрдiң барлық қырын қамтиды: отбасы 
қатынастары, туыстар арасындағы мiндеттер, айналысатын пайдалы нəрселердiң жиыны, 
өзге  дiн  (христиан,  иудей)  өкiлдерiмен  қатынас,  саудамен  жəне  қолөнермен  айналысу, 
тыйымдар, парызды өтеу жəне т.б. Шариатта “бес уақыт намаз адамды күнəдан айырады’’ 
деп  айтылғандықтан  намаз  оқуға,  ораза  ұстауға  кұрметпен  қарайды.  Ең  ауыр  күнə  -
Құрандағы  талаптардан  ауытқу.  Алланың  iзгiлiгi  мен  қайырымдылығына  қарамастан  бұл 
күнə кешiрiлмейдi. Ең жоғарғы қасиет - Алланың еркiне бағыну, шынайы сенiм үшiн өзiңдi
құрбандыққа  шалу.  Мұсылмандарға  iзгiлiкпен  қарау  жəне  дiнсiздердi  қудалау - Құранның 
негiзгi  ерекшелiктерiнiң  бiрi.  Ислам  қағидасы  бойынша  тек  құдайға  қызмет  жасап, 
құлшылық ету жолымен ғана бақытқа жетуге болады. Осыған орай, мұсылмандар дұрыс 
жолды  таңдай  алады.  Бұл  тезис  мұсылмандық  ойдың  өзегiн  құрайды  жəне  ол  ислам 
iзбасарларының  рухани  өмiрiнде  маңызды  рөл  атқарды.  Мұсылман  дiнiнiң  моральдық-
этикалық   жүйесiнiң  бүкiл  iргетасы  осы  бағыныштылық  талаптарымен  құрылғаны  белгiлi. 
Мұсылман  нағыз  адам  болу  үшiн,  ол  моральды  тұрғыда  таза,  өз  əрекетi  мен  сөздерiнде 

адал  болуы  тиiс.  Тек  сонда  ғана  ол  адамдар  алдында  да,  Алланың  алдында  да
құрметке ие болады. 
 
Ортағасырлық  жəне  онан 
кейiнгi  дəуiрлердегi  мұсылман  авторларының 
шығармаларының  барлығы  дерлiк  Құранның   бiрiншi  сүресiмен  басталады.  Ақтамбердi
жыраудың,  Үмбетей  жыраудың,  Бұқар  жырау  мен  Қабан  жыраудың  жəне  т.б. 
адамгершiлiк-этикалық  көзқарастарында  исламның  ықпалы  айқын  байқалады.  Ақын-
жыраулар  өздерiнiң  адамгершiлiкке  қатысты  ойларын  құдайдың,  пайғамбарлардың 
атынан  айтты  жəне  бұл  қазақ  қоғамында  олардың  көзқарастарының  ықпалын  күшейттi. 
Бұл,  əсiресе  Бұқар-жыраудың  моралистiк-дидактикалық  шығармаларынан  айқын 
байқалады.  Исламға  тəн  қайырымдылық,  аяугершiлiк, iзгiлiк  сияқты  қасиеттер
жыраулардың  кейiнгi  шығармаларында  молынан  ұшыраса   бастады.  Осылайша,  ақын-
жыраулардың  шығармашылығы  негiзiнен  дiни  сипатта,  оны  рационалдандыру  жолымен, 
моральдық-этикалық бағытта уағыздау мен насихаттау сипатында дамыды. Демек, қазақ 
ақын-жырауларының  адамгершiлiк  философиясы  адамзаттың  бүкiл  тарихи  дамуы 
барысында  жинақталған  адамгершiлiк  идеялардан  жəне  философиялық-этикалық 
теориялардан  арасы  алшақ  емес  жəне  қазақ  халқы  өмiрiнiң  тарихи  жағдайларына  сай 
келетiндей  жоғарыдағы  идеялардың  заңды  жалғасы  мен  қорытындысын  бiлдiредi.  Ақын-
жыраулардың  этикалық  ойы  қалыптасуының  ең  маңызды  бастауларының  бiрi  бiлiм  мен 
тəрбиенiң,  оның  iшiнде  адамгершiлiктiң  де  қазынасы  мен  энциклопедиясына  айналған
мақал-мəтелдер түрiндегi фольклор болып табылады.
 
Бiрнеше  ғасырлар  бұрын  пайда  болған,  данышпандықтың  сүзгiсiнен  өткен,  мəңгiлiк 
өмiр  сүруге  құқылы,  бiздiң  заманымызға  дейiн  жеткен  қазақтың  мақал-мəтелдерi, 
ертегiлерi  бүгiн  де  өз  маңызын  жоғалтпай,  өзiнiң  жарқын  бейнесiмен  халықтың 
адамгершiлiк-психологиялық  дамуының  тарихи  жолын  нұрға  бөлеп  тұр.  Қанатты  сөздер, 
мақалдар  мен  мəтелдер,  аңыздар  мен  өлеңдерге,  айтыс  пен  толғауларға  енiп  кеткен. 
Мақалдар халықтың қуанышы мен қайғысын, даналығы мен өмiрлiк тəжiрибесiн бiлдiретiн 
ең  кеңiнен  таралған  формасы  ғана  емес,  моральдық  нормалардың  өзiндiк  кодексi  де 
болып  табылады.  Мақалдардан  көрiнетiн  моральдық  кодекс  балалық  шақтан  кəрiлiкке 
дейiнгi  тəрбиеде  маңызды  рөл  атқарады.  Қазақ  мақалдарының  тақырыбы  барлығын
қамтиды.  Ол  өмiрдiң  барлық  қырын  құрамына  енгiзедi:  күнделiктi  тұрмыстан  тарихқа, 
өмiрге дейiн, халықтық этика нормаларының кең кодексiн қамтиды.
 
Көшпелi  өмiр  тəртiбiне  сай  қазақ  халқының  өз  еңбек  əрекетiне  деген  көзқарас 
мақалдарда бейнеленедi. Бақыттың көзi ретiндегi еңбекке деген көзқарас көп мақалдарда 
кездеседi.  Мысалы, “таяқпен  құлын  табасың,  құлынмен  тұлпар  табасың,  тұлпармен 
бақытыңды табасың’’.
 
Патриархалды - феодалдық  өмiр  тəртiбiн  бейнелейтiн  қазақ  мақалдарын  зерттеу 
олардың  идеялық  мазмұнының   өзегi “жаман  адам’’  мен  “жақсы  адам’’  түсiнiктерiнен 
құралатынын  көрсетедi.  Қолдаушы  формула  “жақсы  адам’’  мен  кiнəлаушы  “жаман  адам’’ 
отбасылық  өмiрдегi  де,  қоғамдық  өмiрдегi  де  моральдық  нормалардың  бүтiн  жиынтығын 
бiлдiретiн  қорытындылаушы  түсiнiктер  болды. “Жақсы’’  мен  “жаман’’  халықтық  мораль 
тұрғысында  былайша  бағаланады  немесе  сыналады: “Жақсы  iске  келедi,  жаман  асқа 

келедi’’, “Жақсыдан қашпа, жаманға баспа’’.
 
Қазақ  мақалдарында  қайырымдылықтың  зұлымдықпен  күресi  мəселесi  үлкен  орын 
алады. Халықтың қолдайтын барлық  жүрiс-тұрыс нормалары мен принциптерi, жағымды 
бағаланатын  адамгершiлiк  əрекеттердiң  барлығы  қайырымдылық  болып  табылады.  Ал 
халықтың  кiнəлайтын,  қолданатын  əрекеттерi  мен  қылықтарының  барлығы,  адамның 
қоғамдық  жəне  жеке  өмiрiне  зиян  келтiретiн  нəрсенiң  бəрi  зұлымдық  болып  табылады. 
Сонымен  қатар  қайырымдылық  ақылмен  жəне  бiлiммен  байланыстырылады, 
адамгершiлiк  өмiрде  үлкен  мəнге  ие  болып,  зұлымдыққа  қарсы  күресте  маңызды  құрал
ретiнде бағаланады. 
 
Қазақтың халық даналығы  адам абыройын түсiретiн моральдық принциптердi қатал 
айыптайды.  Жəне  керiсiнше,  батырлық,  патриотизм,  төзiмдiлiк  сияқты  жағымды 
адамгершiлiк қасиеттер бағаланады. “Ер’’ түсiнiгi туралы мақалдар өте көп. Мысалы, “Ердi
намыс  өлтiредi,  қоянды  қамыс  өлтiредi’’.  Мыңжылдық  тəжiрибеден  туындаған  “Таспен 
ұрғанды,  аспен  ұр’’  деген  даналықты  айту  үшiн  қазақ  халқы  небiр  қиын-қыстау  күндердi
бастан  өткiздi.  Көшпендiнiң  кең  пейiлдiлiгi  мен  қонақжайлылығы  мына  мақалдан  көрiнiс 
табады: “Кездескен адамыңды сыйла, мүмкiн оны соңғы рет  кездестiрген шығарсың’’.
 
Осылайша,  қазақ  мақал-мəтелдерiндегi  адамгершiлiк-этикалық  идеяларға   үстiрт 
шолу  жасаудың  өзi  Қазақстандағы   этикалық  ойдың  халық  даналығының  тереңдегi
таусылмас  қайнар  бұлағынан  нəр  алатын  бай  адамгершiлiк  материалға  негiзделгенiн 
көрсетедi.  Қазақтың  ақын-жыраулары  ойдың  асыл  iнжу-маржандарын  осы  мақал-
мəтелдерден  алып  отырды.  Көпғасырлық  халық  даналығы  адамгершiлiк-этикалық 
идеяларға  толы.  Тарихтың  бүкiл  өн  бойындағы  өзара  қатынастарды  реттеп  отыратын
адамгершiлiктiң қарапайым нормалары бүкiл халықтың жинақтаған тəжiрибесiнiң нəтижесi
мен  қорытындысы  болып  табылады.  Бiз  мазмұндалған  материалдың  өзектiлiгiн  рухани 
ақиқаттар  тұрғысынан  жеткiзуге  тырыстық,  бiрақ  оның  алғы  шарты  кез-келген 
философиялық  проблематика  сияқты  философияның  өз  дамуының  iшкi (имманенттi) 
қажеттiлiктерiмен қатар, əлеуметтiк дамудың сыртқы қажеттiлiктерiмен де сипатталады. 
 

2.4. Ағартушылар философиясы
 
 
 
  Ресейге күштеп қосылу нəтижесiнде Қазақстанда өндiргiш күштер мен халық ағарту 
iсiн  ұймдастыру  жəне  басқаруда  iлгерiлеу  байқалды.  Аймақтың  халықтары  тағдырында 
осы  бетбұрысты  байыптап  ұғынуға  деген  қоғамдық  қажеттiлiк  туды.  Ол  қажеттiлiк  ХIХ 
ғасырдың  екiншi  жартысында  пайда  болған  жəне  қоғамдық  сананың  дамуында  жетекшi
рөл атқарған ағартушылық-демократиялық ой түрiнде көрiнiс бередi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет