241
ТМД елдерiнiң негiзгi ауылшаруашылық аймақтарында
топырақтың су режимiнiң үш: тұрақты шайылатын түрi
(ылғалдылығы мол аймақтарда), оқтын-оқтын шайылатын
түрi (ылғалдығы тұрақсыз аймақтарда) жəне шайылмай-
тын түрi (ылғалдылығы жеткiлiксiз аймақтарда) кездеседi.
Ылғалдылығы бойынша аймақтарға бөлудiң белгiсi ретiнде жыл
бойында түсетiн жауын-шашын мөлшерінiң ашық су бетiнен
булануға қатынасы алынған. Тұрақты шайылатын су режимi
жылдық жауын-шашын мөлшері буланудан артық аймақтарға
тəн. Су топырақтың барлық қабаттарын шайып өтiп, жер асты
суларына дейiн жетедi.
Оқтын-оқтын шайылатын су режимi атмосферадан түсетiн
ылғалдың көп жылдық орташа мөлшері шамамен буланудың
көп жылдық мөлшеріне тең аймақтарға тəн болады. Дегенмен,
кей жылдары атмосфералық ылғалдың жиынтығы буланудың
мөлшерінен көп не аз болуы мүмкiн. Жерасты сулары негiзiнен
тамырлар тарайтын қабаттан төмен орналасады. Шайылмай-
тын су режимi жылдық жауын-шашын мөлшері буланудың
мөлшерінен аз аймақтарға тəн болады. Топырақта əрқашан күзге
қарай ылғал тапшылығы пайда болады (яғни ЕТС жағдайындағы
пайдалы ылғал қоры мен оның нақты мөлшерінiң арасындағы
айырмашылық). Көктемде қар суы 1,0-1,5 м тереңдiкке дейiн
ғана ылғалдандырады, одан төменгi қабаттың ылғалдылығы ТС
тақау деңгейде қалады. Жерасты сулары бiрнеше метр тереңдiкте
орналасады. Мұнан басқа, су режимiнiң бусану, тоң қабаттық
жəне ирригациялық түрлерi кездеседi. Олар арнайы əдебиеттерде
талқыланады.
Ылғалдылығы мол аймақтарда су режимiн реттеудiң басты
мiндетi артық суды кетiру жəне топырақты артық ылғалданудан
қорғау (баурай бойымен немесе баурайға бұрыштап тар қашарды
(загонды) жырту, ашық жəне жабық кəрiздер (дренаждар) жасау ке-
рек. Ылғалдылығы тұрақсыз жəне жеткiлiксiз аймақтардағы жердiң
бiр бөліктерiнде су режимiн реттеудiң негiзгi тəсiлi оны суару болып
табылады.
Суарылмайтын егiншiлiкте су режимiн реттеу: қыста қарды жи-
нау жəне көктемде қар суын ұстау, топырақтағы су қорын сақтау
жəне тиiмдi пайдалану сияқты үш кезеңнен тұрады.
Астықты аймақтарда жаздық жəне күздiк бидайларды себу-
16–1427
242
ге жиi пайдаланылатын сүрi танаптар ылғал жинаудың тиiмдi
тəсiлi болып табылады. Сұр танап сенiмдi өнімнің, əсiресе,
құрғақшылық жылдары, көзі болады. Бұрынғы жылдары
Солтүстiк Қазақстанда, Батыс Сiбiрде жəне Алтай өлкесiнде сүр
танаптардың көлемін азайту өнімнің азаюына əкелiп соққан. Осы
аймақтарда 1966-1977 жылдары сүр танаптардың үлесiн арттыру
100 га жыртылған жерге шаққандағы өндiрiлген астықты 178-216
%-ын көбейтуге мүмкiндiк берген. Бiрақ, сүрi танаптың ылғал
жинау мүмкiншiлiгi əлi жеткiлiксiз. Солтүстiк Қазақстандағы сүр
танапқа 21 айда 518 мм ылғал түседi, оның тек 123 мм немесе 24%-ы
ғана топыраққа сiңедi. Екiншi қыстың ылғалының бар болғаны
5% ғана топырақтың пайдалы ылғал қорын толықтырады. Кана-
да мен АҚШ астықты аудандары бойынша деректер осыған ұқсас
келедi, онда ылғалдың сүрi танапта сiңiрiлу 19-24%, ал екiншi
қыста-9% құрайды.
В. Пелтонның деректерi бойынша, Солтүстiк Қазақстан
жағдайымен ұқсас Саскачеван провинциясындағы (Канада) ор-
ман жолақтары елеулi тиiмдiлiк көрсете алмайды жəне кеңiнен
пайдалануға ұсынылмайды. Орман жолақтарының астындағы
жерлердi есептегенде қосымша өнім 0,47 ц/га болған. Негiзгi себебi
– аңыз сабақтарына қарағанда, қардың бiркелкi түспеуi болып табы-
лады. Қардың бiркелкi түспеуiн, кей жағдайларда пайдалы əсерiнiң
болмауын өзімiздiң зерттеушiлер де атап көрсетеді (8,13,38,44).
Мəселен, П. С. Денисов Құлынды даласында ықтырмалы сүрi
танаптың жел өткізетін орман жолағынан кез келген қашықтықта
бидай 12,8-14,6 ц/га өнім берсе, ықтырмасыз сүрi танапта орман
жолағынан əртүрлi қашықтықта өнімділік 9,1-5,4 ц/га ғана болғанын
хабарлаған. Жазда желден қорғауды, қыста қар ұстауды қамтамасыз
ететiн күнбағыс ықтырмалары тек сүр танапта ғана емес, ауыспалы
егiстiң басқа танаптарында да қолданылуы мүмкiн.
Қары аз, желi қатты аудандарда əр шаршы метр жерде биiктiгi
18-20 см 200-250 дана аңыз сабағын қалдыру өте тиiмдi бола-
ды. Бұл бүкiл танапта бiрiншi тұрақты қардан кейiн аңыз сабағы
биiктiгiндей бiркелкi қар жинауға мүмкiндiк бередi, ал аңыз сабағы
жоқ (соқамен жыртылған) танаптарда ол желмен ұшып кетедi.
Қардың еру кезеңiнде бұл артықшылық сақталады. Аңызды та-
наптарда СВУ-2,6; СВШ-10 қар жыртқыштарымен аралығын 4-5 м
етiп, қар атжалдарын тұрғызу қардың жиналуын арттыра түседi
243
жəне көктемгі қар суы топырақтағы ылғалдың тапшылығын жою-
ды қамтамасыз етедi.
А. И. Шульгин қар мелиорациясының мына қағидаларын
ұстануды ұсынады:
1. Қардың қалыңдығы мелиорация обьектiсiне байланысты
анықталынуы керек.
2. Қарды тоқтатуды мүмкiндiгiнше ерте, бiрiншi түскен қардан
бастаған дұрыс.
Қар қабаты бүкiл танапта бiркелкi болуы керек. Қар суын ұстауды
аңыз сабақтары қалдырылған танаптарда саңылаулау, ал сүр танап-
тарда ЛОД-10 шұңқырлағышымен шұңқыр жасау арқылы жүргiзуге
болады. Шұңқырлағыш өткеннен кейiн əр гектарда тереңдiгi 12-
15 см жəне жалпы сыйымдылығы 250-300 м
3
болатын 13-14 мың
шұңқыр жасалады.
Орталық қара топырақты аймақтарда қар суын ұстау үшiн күзгi
топырақ өңдеудi баурайға көлденең жүргiзу, үзiк-үзiк атыздар жа-
сап жырту, айқасқан бөгеттер тұрғызып жырту, т.б. арнайы тəсiлдер
қолданылады.
Ылғал жинау шараларын жүргiзгеннен кейiн, оны топырақта
сақтау жəне тиiмдi пайдалана бiлудiң маңызы зор. Қайырмалы
құралдармен жүргiзiлген сүдiгерде жəне көптеген жағдайларда аңыз
қалдықтары сақталған танаптарда ылғал сақтау үшiн тiстi жəне инелi
тырмалармен уақытында жəне сапалы жүргiзiлген ерте-көктемдік
тырмалау арқылы топырақтың беткi қопсытылған жабынды қабатын
жасаудың маңызы зор.
А. А. Измаильскийдiң бүгiнде маңызын жоймаған тұжырымдауы
бойынша, топырақтағы ылғалдың мөлшерін арттыру негiзiнен:
а) атмосфералық ылғалдың топырақтың бетiнен ағып кетуiн азай-
ту жағдайларына;
ə) ылғалдың топыраққа сiңуiне əсер ететiн жағдайларға;
б) беткi қабатты кебуден қорғау жағдайларына байланысты.
К. А. Блэктiң мəлiмдеуi бойынша қопсытылған борпылдақ
қабаттың тиiмдiлiгi ылғалы мол топырақтарда жоғары болады.
Құрғақшылық жағдайында борпылдақ жабынды қабаттың тиiмдiлiгi
төмен. Себебi жеңiл буланатын судың көп мөлшері, жабынды қабатты
жасау үшiн топырақ өндейтін құралдарды пайдалану мүмкiншiлiгi
туындағанша ұшып кетедi.
244
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топырақтың физикалық қасиеттері дегеніміз не?
2. Топырақ құрылымы дегеніміз не?
3. Топырақтағы ылғал режимі дегеніміз не?
4. Топырақтың жылулық режимі дегеніміз не?
5. Топырақ ылғалы дегеніміз не?
6. Топырақтың су қасиеттерін дегеніміз не?
7. Қатты ылғал дегеніміз не?
8. Топырақтағы ылғал түрлері дегеніміз не?
9. Топырақ ауасы дегеніміз не?
245
9-ТАРАУ
ТОПЫРАҚ АУАСЫ
Топырақ қопсыған кеуек дене болғандықтан, оның құрамында
үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдығына,
тығыздығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп-
өніп тұрған өсімдіктерге, тағы басқа жағдайларға байланысты.
Егістіктер егілетін, өңделген топырақтарда ауаның мөлшері
топырақ көлемінің 30-40 пайызына тəн. Мұның біраз бөлігі топырақ
бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды. Ал ауаның қалған мол
бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады. Неғұрлым топырақта
су көп болса, соғүрлым онда ауа мөлшері аз, себебі мол су ауаны
топырақ құрамынан ығыстырып жібереді. Мысалы: күріш егістерінің
топырақтарында су жер бетінде көлдеп тұратындықтан, онда ауа
мөлшері мүлдем жоқ, Керісінше, ылғалы аз, жиі қопсытылып, жиі
өңделетін топырақтарда ауа мол болады.
Топырақ – көптеген өсімдіктер мен микроорганизмдердің тір шілік
ететін мекені. Олар тыныс алады, көптеген органикалық заттар ды
ыдыратып ауаға ұшырады. Осының нəтижесінде топырақ ауа сының
құрамы, атмосферадағы ауаға қарағанда өзгешелеу. Мысалы, топырақ
ауасындағы көмір қышқылының мөлшері 0,15-1,65% шамасын-
да, ал атмосферадағы оның мөлшері небары – 0,03% ғана. Топырақ
ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз.
Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроорганизм-
дерге көп əсер етеді. Топырақтағы ауаның молдығына, аздығына,
оның құрамына қарай мұнда əртүрлі микроорганизмдер өмір
сүреді. Өсімдіктер тамырының тереңдеп немесе көлденең өсуіне
топырақтағы ауа режимінің дұрыс болуының пайдасы зор.
Топырақтың қатты, сұйық жəне газ күйiндегi бөліктерінің арасын-
да тығыз байланыс бар. Көптеген факторлар бұған бiздiң көзімiздi
жеткiзiп отыр. Сiңiру құбылысының əсерiнен, ол үш бөліктің ара-
сында қатаң шек болмайды. Қатты бөлік судың жəне газдың моле-
кулаларын сорып, сiңiрiп алса, сұйық бөлікте газдар мен минералды
қоспалар еридi. Кейбiр қосындылар үш бөліктің арасында қозғалып
ауысып отырады. Топырақтың пайда болуында (химиялық жəне
биологиялық желге қағылу) жəне топырақтың тiршiлiгiнде ауаның
маңызы зор.
246
Əртүрлi топырақтар өзінiң көлемінің 0,3-0,5 мөлшеріндей газ
сiңiре алады. Топырақ сiңiрген газдар, оның биологиялық əрекетiнiң
қосымша қоры болып табылады. Топырақтың газ түрiндегi бөлігінде
өсімдік қорегiнiң жəне биологиялық əрекетiнiң ең маңызды
элементтерi – оттегi, көміртегi, азот орналасқан. Олар үнемi айна-
лыста болып, топырақтың үш бөлігінiң арасында ауысып, қозғалып
отырады. Ауа – топырақтың құнарлылығының қажеттi шарттарының
бiрi.
Топырақтың ауа режимi деп ауаның топыраққа енуi мен
топырақтағы шығыны жəне физикалық жағдайының өзгеруi
құбылыстарының жиынтығын айтады.
Топырақ ауасы өсімдіктердің тыныс алатын негiзгi көзі болып
табылады. Егер өсімдіктердің жердiң бетiндегi бөлігін оттегiмен
қамтамасыз ету адамның қатысуынсыз жүрсе, оның жердiң
астындағы бөлігін (тамырларын) оттегiмен қамтамасыз ету белгiлi
бiр деңгейде, егiншiнiң қамқорлығын керек етедi.
Мəдени өсімдіктер үшiн ауаның маңызы сумен қамтамасыз ету-
ден кем емес. Оттегi биологиялық процестердiң қалыпты жүруi жəне
тамырлардың тыныс алуы үшiн керек. Ауа жетiспеген жəне ылғал
артық болғанда тамыршалар өспейді. Оттегi жеткiлiксiз болған
жағдайда көптеген өсімдіктердің тұқымдары өнбейді.
Топырақта оттегiнiң болуы өсімдіктердің қоректiк режимiнiң
бiрқалыпты жүруiнiң шарттарының бiрi болып табылады. Топырақта
ылғал өте көп болғанда өсімдіктер оттегi мен азоттың жетiспеуiнен
зиян шегедi. Мысалы, Х. Ф. Бергманның мəлiмдеуi, бойынша ауа
жiберiлiп отырған қоректiк ерiтiндiде өсірілген сұлы, қыша, ас
бұршақ, қара құмық жəне күнбағыс өркендерінің тамыр жүйесi ауа
жiберiлмеген ерiтiндiлерге қарағанда, қарқындырақ дамыған жəне
құрғақ массасы көбірек болған.
В. А. Новиковтың деректерi бойынша, топырақ ауасында 7-12%
оттегiнiң болуы тамырлардың қарқынды тыныс алуын жəне олардың
минералдық заттарды белсендi сiңiруiн қамтамасыз етедi. Оттегiнiң
мөлшері 1-2%-ға дейiн төмендегенде тамырлардың өсуi төмендеп,
өсімдіктердің су мен қоректiк заттарды сiңiруi шектеледi, ал жердiң
бетiндегi бөлігінiң өсуi тоқталады.
Э. Рассел СО
2
концентрациясы жоғары болғанда тамырларды
өлтiретiнiн, дегенмен, олардың бiраз уақыт СО
2
9-10% дейiнгi кон-
центрациясына шыдайтынын атап көрсетеді. Тамырлардың қалыпты
247
өсуiне СО
2
концентрациясы 1%-ға төмен болуы керек. Басқа
зерттеушiлер де осындай деректер келтiредi. Көмірқышқыл газының
концентрациясының жоғары болуы тамырлардың ергежейлiлiгiне
себеп болады.
Сонымен қатар, көмір қышқылы пайдалы да рөл атқарады. Та-
мырдан бөлінетін заттардың құрамына енетiндiктен, тамырша-
лар мен тамыр талшықтарын қоршап тұрған топырақ ерiтiндiсiн
қышқылдандырады жəне сол арқылы өсімдіктердің сiңiруi қиын
қоректiк заттардың еруiне септiгiн тигiзедi. Сiлтiлi топырақтарда
көмір қышқылының болуы фосфаттардың еруiн жақсартады.
Топырақта түзiлетiн көмір қышқылы ауаның жер бетiне тақау
бөлігін байытады. Жердiң үстiңгi қабатында СО
2
мөлшерінiң артуы
өсімдіктердің өсуiн жылдамдатып, өнімділігін арттырады.
А. Г. Дояренконың есептеулерi бойынша, топырақтан бөлінетін
көмір қышқылы топырақтың бетiндегi ауаға өсімдіктер пайдаланатын
көмір қышқылының 50%-ын алады. Мұндай құбылыстың маңызы
айқын. Мəселен, кейбiр зерттеушiлердiң мəлiмдеулерi бойынша, жүгерi
жақсы өскен танапта төменгi жапырақтар жарықты аз алса да, СО
2
көбірек алады, ал сол уақытта жоғарғылары СО
2
жеткiлiксiздiгiнен
фотосинтездiк əрекетiн баяулатуға мəжбүр болады.
Топырақ жəне атмосфера ауаларының арасындағы газ алмасу екi
жаққа да пайдалы болады – топырақтың бетiндегi ауада СО
2
көбейсе,
топырақтағы ауада оттегiнiң мөлшері артады.
Топырақтағы жəне ауаның жердiң бетi қабатындағы газдың
алмасуына жыртылатын қабаттың құрылымы жəне құрылысы
(жалпы саңылаулылық, капиллярлы жəне капиллярлы емес
қуыстылықтардың қатынасы) əсерiн тигiзедi. Ауамен тұрақты
толып тұратын қуыстарды аэрациялық немесе тұрақты аэрация
қуыстылығы деп атайды.
Агрегаттардың iрiлiгi артқан сайын аэрация қуыстылығы
жоғарылап отырады. Егер топырақ 0,5 мм ұсақ түйiршiктерден
құралса, онда ауа толған қуыстардың үлесiне барлығы 2,7% тиедi
жəне ауа өткізгіштігі болмайды. Түйiршiктер 1-2 мм болғанда, ауа
өткізгіштік 100%-ға теңеледi.
Топырақтағы еркiн газ алмасу (аэрация) топырақ ең төменгi
ылғал сыйымдылық деңгейiне дейiн сумен қаныққанша орын ала-
ды. Көптеген авторлардың мəлiмдеуi бойынша, мұндай жағдайларда
топырақта 15% кем емес ауасы бар қуыстар қалады. Жыртылған
248
топырақтарда аэрация 20%-дан артық болмайтыны туралы деректер
бар.
Х. Ф. Бергманның мəлiмдеуi бойынша, кəдiмгi тоғышар (па-
разит) саңырауқұлақтардың өсуi айналасындағы оттегiнiң неме-
се көміртегiнiң мөлшеріне байланысты болатындығын көптеген
зерттеушiлердiң тəжiрибелерi дəлелдеген.
16-кесте
Топырақтың ауа өткізгіштігінiң (%) оның агрегаттарының iрiлiгi мен
ылғалдылығына байланыстылығы (А. Г. Дояренко)
Агрегат
тардың
өлшемдерi, мм
Топырақтың ылғалдылығы капиллярлық
ылғал сыйымдылығына, %
Ауада
құрғақ
20,2
38,4
62,3
84,8
100
<0,25
0,25-0,5
0,5-1
1-2
>2
43.4
85.3
97.2
96.4
100
10,2
45,2
95,4
93,8
100
-
14,1
98,2
94,8
96,4
-
-
94,1
100
98,5
-
-
99,0
95,6
100
-
-
60,1
55,2
74,2
Мысалы, С. Д. Гэрретт бидайдың тамыр шiрiгi ауруымен
(Ophyobolus gramins) зақымдануы топырақтағы көмір қышқылының
концентрациясына байланысты екендiгiн хабарлайды. Топырақтың
СО
2
жиналуына ықпал ететiн жағдайлары аурудың танаптарда пайда
болуына жəне саңырауқұлақтың бидайдың тамыры бойымен тезiрек
өсуiне əсер етедi.
Сонымен қатар, Р. Л. Гриффитс бидай өсімдігінiң тамыр шiрiгi
ауруымен зақымдануы кемидi дейдi, егер оның тұқымы жататын
төсенiш қабаты тығыз болғанда төмендiлiктi ескертедi. Мұндайда
бидайдың өсуiне қолайлы жағдайдың əсерi аурудың шектеушi
əсерiнен жоғары болады.
Топырақтың ауа режимiн реттеудiң ең тиiмдi тəсiлi оны өңдеу
болып табылады. Топырақтың күйiне байланысты оны өңдеудiң
тəсiлдерi əр түрлi – терең жəне беткi қабатын қопсыту, беткi зиянды
қабыршықты жою, тығыздау.
Сүр танапты өңдеу топырақ аэрациясына өте күштi əсер етедi.
249
А. Г. Дояренконың деректерi бойынша, қара сүр танаптың жырты-
латын қабатының ауасының құрамы атмосферанiкiмен ұқсас келедi.
Кейбiр топырақ-климат аймақтарында сүрi танаптағы жоғары аэра-
ция нитраттардың көп жиналуына əсер етедi.
Топырақ аэрациясын жақсартудың басқа тəсiлдерiне көп жылдық
шөптердi себудi, органикалық тыңайтқыштарды қолдануды,
ауылшаруашылық дақылдарын су астында тұншығудан қорғауды
жəне жасанды құрылымдар жасауды жатқызуға болады.
- атмосфералық қысымның өзгеруi. Мысалы, атмосфералық
қысым сынап бағанасы бойынша 20 мм жоғарылағанда неме-
се төмендегенде топырақтағы ауаның мөлшері 20/760, яғни 2,6%
өзгередi. Осыған сəйкес оттегiнiң мөлшері де өзередi;
- тəулiктiк температураның өзгеруi. Гей-Люссак заңына сəйкес
тұрақты қысым жағдайында газ температурасының 1
0
С жоғарылауы
немесе төмендеуі оның көлемінің газдың 0
0
С көлемінің 1/273
бөлігіне ұлғаюына немесе кiшiреюiне əкелiп соғады. Бұл ауаның
температурасының тəулiктiк ауытқуы 20
0
С болғанда, оның көлемі
20/273 бөлікке немесе 7,33% ұлғаятынын немесе кiшiрейетiнiн,
басқаша айтқанда, 13,5 күнде ауа толық алмасатынын көрсетеді,
А. Г. Дояренко бойынша бұл газ алмасуының тұрақты жəне белсендi
əрекет ететiн факторы.
- жауын-шашынның түсуi. Жауынның 40 мм (400 м
3
) суы
топырақтан осындай көлемдегі ауаны ығыстырып шығарады.
Көлемі 2000 м
3
жыртылатын қабатқа капиллярлық емес қуыстық
20% болғанда 400 м
3
ауа сыяды, яғни ол толығынан жаңарады.
- газдар диффузиясы. И. Б. Ревуттың пiкiрi бойынша, бұл газ
алмасуының негiзгi факторы. Аэрация қуыстылығы 8-10% болғанда
диффузия баяулайды. А. Г. Дояренконың деректерi бойынша, газ ал-
масу процесiнде диффузияның рөлi айтарлықтай жоғары емес.
- топырақтағы газдардың адсорбция, абсорбция жəне десорб-
ция құбылыстары өсімдік тамырларының, микроорганизмдердiң
оттегiн пайдалануы, көмір қышқыл газын бөлiп шығаруы жатады.
Кейбiр ерекше жағдайлардан басқа, табиғи жағдайларда
топырақтың ауа режимiн реттеу егiншiлiктiң бiрiншi кезектегi
мəселесi бола алмайтынын газ алмасудың барлық факторларын
келтiрмей-ақ көруге болады. Көбінесе басқа мəселелердi шешу
кезiнде ауа режимiне əрекет етiледi. Мысалы, арамшөптермен
күресте немесе топырақтың су өткізгіштігін жақсарту үшiн топырақ
250
өңдеу жəне т.б. Құрғақшылық жағдайында топырақтың артық ауа
өткізгіштігі қолайсыз болады, себебi ол топырақтың тез құрғауына
əкелiп соғады.
9.1.Топырақ аэрациясы
Ол т5
17-кесте
Атмосфера жəне топырақ ауасының құрамы, көлемдік %
Газдар
Атмосфера ауасы
Топырақ ауасы
Азот (N 2)
78,08
78,08-80,24*
Оттегі (02)
20,95
20,90-0.0
Аргон (A r)
0,93
Көмір қышқыл газы (СО2 )
0,03
0,03-20,0
Басқа газдар (Ne,He,CH4, Kr,
N2О,О3, ж.т.б)
0,04
Азот + аргон. Топырақ ауасындағы азоттың, атмосфера ауасындағы
азоттан өзгерісі шамалы. Топырақтағы азот бекітуші түйнекті бак-
терияларымен жəне денитрификация процесінің əсерінен кейбір
өзгерістер ғана байқалады. Топырақ ауасы құрамында органикалық
жеңіл газдар (этилен, метан) жəне аммиак, сутегі, болуы ықтимал.
Қоршаған ортаның əсерінен жəне топырақтағы микроағзалардың
əрекетінен өсімдік тамырларының, жəндіктердің тыныстануымен
органикалық қосылыстардың тотығуының ықпалынан топырақ ауа-
сынын құрамы құбылмалы болып келеді. Ауамен жақсы қамтамасыз
етілген, құнарлы топырақта көмір қышқыл газының мөлшері 1-2%-
дан аспайды, ал оттегінің мөлшері 18%-дан кемімейді. Ал артық
ылғалданған, батпақты топырақ көмір қышқылы газы 4-6%-ға дейін
артып, оттегі мөлшері 15 жəне оданда кем болуы мүмкін. Егістік
алқапта орташа есеппен 1 кг топырақ 1 сағатта 0,5-5 мл оттегін өзіне
сіңіреді жəне қолайлы жағдайда осындай мөлшерінен көмір қышқыл
газын бөліп шығарады. Топырақтан бөлініп шыққан көмір қышқыл
газының (С02) топырақ сіңірген оттегіне (О2) қатынасы топырақтың
тыныстану коэффициенті деп аталынады (Тк).
Тк = СО2
О2
251
Құнарлы, құрылымы жақсы топырақта тыныстану коэффициенті
1-ге тең. Топырақта көмір қышқыл газы негізінен биологиялық
құбылыстар кезінде түзіледі. Егер топырақ құрамында көмір
қышқыл газы 2-3%-дан асса, өсімдіктердің өсіп дамуы тежеледі.
Топырақ бойынан атмосфераға көмір қышқыл газының бөлінуі
топырақтың тыныстануы деп аталынады. Осылай бөлініп шыққан
көмір қышқыл газы өсімдік жапырақтарымен сіңіріліп, фотосинтез
құбылыстарының пəрменді жүруіне ықпалын тигізеді. Қара топырақ
тыныстануы арқылы жылына əр гектар алқаптан атмосфераға 40-70 т
көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Топырақтың экологиялық қызметі
пəрменді жүруі үшін топырақ ауасымен атмосфера ауасы арасында газ ал-
масу құбылысы тұрақты өтіп жатуы қажет. Осы екі ауа арасындағы алма-
су құбылысын газ алмасу немесе аэрация деп атайды. Аэрация топырақ
құнарлылығының анықтаушы жағдайының бірі болып саналады. Газ ал-
масу топырақтың ауасы бар қуыстарының атмосфера ауасымен қатынасуы
арқылы өтеді. Газ алмасу құбылысының жүруіне диффузия, топыраққа
ылғал түсу, температураның жəне ауа қысымының жел, ыза сулардың
деңгейінің өзгеруі əсер етеді. Осылардың ішінде аэрация жүруіне басты
ықпал жасайтын – диффузия құбылысы.
Топырақ ауасында атмосфера ауасымен салыстырғанда оттегі
концентрациясы кем, ал көмір қышқыл газы мөлшері сондықтан
диффузия əсерінен топыраққа оттегі сіңіп, ал одан көмір қышқыл
газы ауаға бөлініп газ алмасу тұрақты жүреді.
Аэрацияның қарымталы жүруіне топырақтың ауа қасиеттері
өткізгіштігі жəне ауа сыйымдылығы қасиеттері əсерін тигізеді.
Топырақтың ауа өткізгіштігі оның өз бойынан ауаны қабілетімен
сипатталады. Оның мөлшері топырақ гранулометриялық құрамына,
тығыздылығына, ылғалдылығына, құрылымына байланысты.
Қылтүтікті жəне қылтүтікті емес қуыстары мол, құрамында
топырақтың ауа өткізгіштігі жақсы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |