Тері қан айналымы жəне тері температурасы. Сыртқы
ортаның қолайлы жағдайлары кезінде ересек адамның тері қан ай-
налымы тыныштық күйде 0,16 л/м²/ мин-қа жуық, жұмыс кезінде
1 л/м²/мин-қа дейін, ал өте жоғары сыртқы температура кезінде
2,6 л/м²/мин-қа жетуі мүмкін. Бұл өте ыстық жағдайларда дененің
қызып кетуінің алдын алу үшін жүректің минуттық қан көлемінің
20%-ға дейін тері тамырлары торларына бағытталатындығын
көрсетеді. Қолайлы жағдайда осындай жұмыс кезінде жүректің
минуттық қан көлемінің осы үлесі тек 5%-ға жетеді. Жүктеме
қуаттылығы тері температурасына ықпал ете қоймайды. Тұрғын
жайда велоэргометрде жұмыс кезіндегі терінің орташа температу-
расы сыртқы температураның сызықтық қызметі (5°С-тан 35°С-қа
дейін шамада).
Дене жүктемесі ықпалынан ішкі температура жоғарылайды, ал
орташа тері температурасы жұмыстың əсерінен тердің бөлінуі
мен булануы салдарынан төмендейді (57-сурет). Субмаксимал-
ды жұмыс кезінде ішкі температураның жоғарылау дəрежесі тер
бөліну жүрмейінше кең диапазон (15-35°С) шегіндегі қоршаған
температураға тəуелді болмайды (M.Scurpiri et al, 1972). Сусызда-
ну (кеберсіну) ішкі температураның көтерілуіне əкеліп, осылайша
жұмысқа қабілеттілікті лимиттейді. Марафоншыда жүгіру кезінде
ректалды температура 39-40°С, ал кейбір жағдайларда 41°С-қа да
жетуі мүмкін (M. B. Maron et al., 1977).
Тері температурасы тері қан айналымы көлемімен сызықтық
283
байланысты. Тері қан айналымының күшеюі оның температурасын
арттырады жəне егер қоршаған орта температурасы тері температу-
расына қарағанда төмен болса, онда конвекция мен радиация жол-
дарымен жылудың жоғалуы жоғарылайды. Тері температурасының
жоғарылауы, сонымен бірге сыртқы радиацияның денеге ықпал
етуін азайтады.
57-сурет. Тыныштық күйде жəне дене жүктемесі кезінде дене
температурасы, жылу өндіру (қоршаушы сызықпен көрсетілген) мен жылу
шығару (бағаналар арқылы көрсетілген) (E. F. Dubois бойынша):
– бағаналардың төменгі бөлімі – сəуле шығару арқылы жылу
шығаруды;
– бағаналардың ортаңғы бөлімі – конвекция арқылы жылу шығаруды;
– бағаналардың төменгі бөлімі – булану жолымен жылу шығаруды
көрсетеді
Ауа қозғалысы конвекция жəне булану арқылы жылудың
шығаруын күшейтеді. Нəтижесінде орташа тері температура-
сы төмендейді жəне осылайша конвекция жəне радиация арқылы
284
жылудың жоғалуы үшін жағдайды онан əрі неғұрлым жеңілдететін
«ядро-тері» мен «тері-қоршаған орта» температуралық градиенттері
артады. Жоғары ауа температурасы кезінде оның қосымша
қозғалыстары жұмыс гипертермиясын қалыпты етеді. Ауаның
күшейген конвекциясы арқасында велосипед тепкен кезде жүгіруге
қарағанда орташа тері температурасы айтарлықтай төмен, ал жылу
шығару жоғары болады.
Тер түзілуі жəне тер бөлінуі. Адамда жылу шығару, ең бастысы
тыныс алу жиілеуі жолымен емес, тер бөліну есебінен жүреді. Тер
бөліну жолымен булану энергияның көп шығындалуымен байланыс-
ты емес. Дегенмен, ұзақ көп тер бөліну сусыздануға (кеберсінуге)
жəне тұздардың жоғалуына əкеліп, электролиттер балансын бұзады.
Баланстың қалпына келтірілуіне тұз жəне микроэлементтерді пайда-
лану қажет етіледі.
Адам терісінде қызметі симпатикалық жүйке жүйесімен
реттелетін 2 млн астам тер бездері бар. Олар терінің жергілікті
температурасына да жəне ми орталықтары облыстары темпера-
турасына да сезімтал келеді. Тер бөліну ішкі жəне перифериялық
температуралардың жоғарылауы кезінде максималды болады.
Тер түзілуі жəне тер бөлінуі жылдамдығы көптеген факторларға
байланысты. Олардың ішінде ең бастылары энергия өндірілу
жылдамдығы мен қоршаған ортаның физикалық жағдайлары (ауа
температурасы мен ылғалдылығы) болып табылады. Егер сол
бір дене жүктемесі түрліше сыртқы температура (өте төмен жəне
өте жоғары температураны есептемегенде) кезінде орындалса,
дененің ішкі температурасы бірдей болып тұрады, ал тер бөліну
орташа тері температурасының сызықтық қызметі ретінде артады.
Керісінше, тұрақты сыртқы температура кезінде орташа тері темпе-
ратурасы тұрақты, ал тер бөліну жылдамдығы өз кезегінде жүктеме
қуаттылығы қызметі болып табылатын дененің ішкі температура-
сымен сызықтық байланысты болады. Сəйкесінше, неғұрлым орын-
далатын жұмыс қуаттылығы көп болса, соғұрлым сол орташа тері
температурасы кезінде тер бөліну жылдамдығы жоғары болады.
Сайып келгенде, тер бөліну жылдамдығы ішкі дене температурасы-
на сияқты жəне оның қабық температурасына тəуелді болады.
Жоғары ауа ылғалдылығы тіпті, салыстырмалы төмен ауа тем-
пературасы кезінде де тер булануын қиындатады: тиімді тер булану-
ынсыз тер түзілу күшейеді. Тыныштық күйде 43°С ауа температура-
285
сы кезінде егер ауа ылғалдылығы 30-дан 84%-ға дейін жоғарыласа,
тер секрециясы 3 еседен көбірек артады. Ауыр емес жұмыс кезінде
ауа ылғалдылығының 30-дан 57%-ға дейін жоғарылауы тер түзілу
жылдамдығын 2 есеге арттырады.
Қарқынды спорттық əрекет кезінде тер бөліну жылдамдығы
өте жоғары болады. Мысалы, ауа ылғалдылығы салыстырмалы аз
жағдайда марафондық жүгіру кезінде жаттыққан спортшының тер
бөліну жылдамдығы 20-25 мл/мин-қа (1200-1500 мл/сағ.) жетеді.
Басқа осыған ұқсас жағдайларда ауа қозғалысы жылдамдығының
артуы тер бөліну үдерісін жылдамдатады. Желсіз ауа-райында ауа
ылғалдылығы жоғары кездерде тер булануы баяулайды, тер түзілу
жылдамдығы төмендейді. Бұл дене температурасының қосымша
көтерілуіне əкеледі.
Ыстық жағдайларда болу барысында тер түзілу жылдамдығы
біртіндеп төмендейді («қажу»). Бұл тіпті, судың жоғалуын толығы-
мен ішілген сумен толықтарған жағдайда да байқалады. Ыстық
құрғақ ауа кезіне қарағанда жоғары ауа ылғалдылығы жағдайларында
тер түзілу жылдамдығының төмендеуі неғұрлым айқын көрінеді.
Тер түзілудің мұндай «қажу» үдерісінің табиғаты əлі ашылмаған.
Егер адамның саунада (құрғақ ыстық ауа) қайталап болуынан кейін
тер түзілуінің «қажуы» жүрсе, ал бұлшық ет жұмысы əлі де бол-
са, онда жеткілікті қарқынды тер бөлінуін тудыруға қабілетті келеді.
Теріні дамыл-дамыл сүрту немесе ауа қозғалысы жылдамдығын ар-
тыра отырып, құрғату бұл жағдайларда тер бөліну үдерісін жылдам-
датады.
Бірдей дене жүктемесі мен сыртқы температура кезінде ер
адамдарға қарағанда, əйелдерде тер бөліну азырақ болатынын атап
өткен жөн.
Су-тұз балансы. Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы
жағдайында орындалған бұлшық ет жұмысы кезінде тер бөліну
күшеюінің ең ауыр салдарының бірі организмдегі су-тұз балансының
бұзылуы болып табылады. Ол дененің суды тез жоғалтуымен, яғни
жедел дегидратациямен (сусызданумен), сонымен қатар дененің
су кеңістіктерінде бірнеше электролиттер (тұздар) мөлшерінің
өзгеруімен көрінеді.
Дегидратация туындауының əртүрлі себептері бар: сыртқы
ортаның жоғары температурасы жағдайында болу (термиялық де-
гидратация), ұзақ жəне қарқынды бұлшық ет жұмысы (жұмыс де-
286
гидратациясы) жəне бұл екі жағдайдың комбинациясы, яғни жоғары
температура кезіндегі қарқынды бұлшық ет жұмысы (терможұмыс
дегидратациясы). Дегидратацияның əртүрлі формалары организмнің
түрлі жүйелері мен ұлпалары қызметінің біркелкі емес өзгерістерін
тудырады.
Жұмыс дегидратациясы кезінде дене жұмыс қабілеттілігінің
төмендеуі ерекше байқалады. Айтарлықтай жұмыс дегидратациясы
əсіресе, жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
орындалған тек ұзақ (30 мин. аса) жəне жеткілікті қарқынды жаттығу
(субмаксималды аэробтық қуаттылықты) кезінде дамиды. Ауыр,
бірақ қысқа мерзімдік жұмыс кезінде тіпті, жоғары ауа температура-
сы мен ылғалдылығы жағдайының өзінде соншалықты айтарлықтай
дəрежеде дегидратация дамып үлгермейді.
Дене температурасын организм үшін жарамды мөлшерде ұстап
тұру суды сақтауға қарағанда маңыздырақ. Күшті тер бөлінумен қатар
жүретін ұзақ ауыр жұмыс кезінде денеде үлкен су тапшылығы туын-
дауы мүмкін. Мысалы, марафоншылар ыстық жағдайларда жарыс
кезінде термен 6 л-ге дейін су жоғалтуы мүмкін. Тіпті, арақашықтық-
та сұйықтық қабылдау арқылы жоғалған суды толықтырып
отырғанның өзінде, марафоншылар жалпы су мөлшерінің 13-14%-
ын жоғалта отырып, дене салмақтары орта есеппен 5%-ға, ал шекті
жағдайларда 8%-ға төмендейді. Бұлшық ет жұмысы нəтижесінде
жалпы судың жоғалуын осы аралықта ішілген суды ескере отырып,
дене салмағын жұмысқа дейін жəне одан кейін салыстыру арқылы
оңай бағалауға болады.
Судың көп мөлшерін жоғалтқан адам ыстыққа төзімсіз келеді,
оның жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Тіпті, суды жоғалтудан дене
салмағының 1-2% азаюының өзі дене жұмыс қабілеттілігін (əсіресе,
жаттықпаған адамдарда) төмендетеді. Дегидратация жағдайында
организм дене температурасын нашар реттейді, сондықтан бірдей
жүктеме кезінде қалыпты гидратация тəн тұлғаларға қарағанда, дене
салмағын 3-4%-ын жоғалтқан сусызданған адамдардың дене темпе-
ратурасы жоғары болады (58-сурет).
Жұмыс кезінде неғұрлым дегидратация дəрежесі жоғары болса,
соғұрлым дене температурасы жоғарырақ келеді. Дене салмағының
3%-ы жоғалуымен жүретін дегидратация кезінде тер бездерінің
белсенділігі төмендейді.
287
Дегидратацияның барынша жағымсыз салдарының бірі қан
плазмасы көлемінің азаюы болып табылады. Дене салмағының 4%
жоғалуымен жүретін жұмыс дегидратациясы кезінде плазма көлемі
16-18% төмендейді. Сəйкесінше қан айналымдағы қан көлемі азая-
ды, бұл систолалық көлемнің төмендеу салдары ретінде веналық
қайтарылудың азаюына əкеледі. Систолалық көлемді өтеу үшін
ЖЖЖ жоғарылайды.
0
37
39
80
100
120
140
160
30
60
90
120
,
/
,
1
2
1
2
58-сурет. Дегидратацияның велоэргометрде 2 сағаттық жұмыс кезінде
ЖЖЖ мен ректалды температураға ықпалы (Я. М. Коц бойынша):
1 – дегидратация кезінде;
2 – қалыпты жағдай кезінде
Қан плазмасы көлемінің төмендеуінің басқа салдары жүрекке
көп күш түсіретін жəне оның қызметін төмендететін қан тұтқырлығы
мен гематокрит көрсеткіштерінің жоғарылауымен жүретін гемокон-
центрация болып табылады.
Дененің суды көп жоғалтуының зардапты əсерлерінің бірі жасу-
ша аралық (ұлпалық) жəне жасуша ішілік сұйықтықтар көлемінің
азаюы болып табылады. Су мөлшері азайған жəне электролит-
тер тепе-теңдігі өзгерген жасушалардың қалыпты тіршіліктері
бұзылады. Бұл атап айтқанда, дегидратация жағдайында жиырылу
қабілеті айтарлықтай төмендейтін қаңқа мен жүрек бұлшық еттеріне
қатысты.
Бүкіл дене мен оның ішкі сұйық ортасындағы қалыпты су-тұз
балансын сақтап тұруды бақылайтын физиологиялық механизмдер
288
сан алуан. Плазмадағы су мөлшерінің азаюы онда электролиттер
жəне т.б. заттар концентрациясын жоғарылатады. Бұл плазманың
осмостық қысымының жоғарылауына əкеледі. Жұмыс үдерісінде
қан плазмасының осмолярлығы да қанға белсенді бұлшық ет жа-
сушаларынан төмен молекулалы метаболизмдік өнімдер мен ка-
лий иондарының шығарылуы салдарынан үздіксіз жоғарылайды.
Нəтижесінде сұйықтықтардың бір бөлігі жасуша аралық (ұлпалық)
кеңістіктен тамырларға плазманың жоғалуын толықтыра орын ау-
ыстырады. Осының арқасында плазма көлемін қалпына келтіру
жəне оны жұмыс басындағы төмендеу кезеңінен кейін салыстыр-
малы тұрақты деңгейде ұстап тұру мүмкін болады. Термиялық
дегидратацияның дамуы барысында (жұмыс дегидратациясынан
айырмашылығы) плазма көлемі толассыз азаяды.
Жоғары сыртқы температура кезінде тері қан айналымының
күшеюі нəтижесінде тері капиллярларынан терінің тамырдан тыс
(ұлпалық) кеңістіктігіне сұйықтықтардың қарқынды фильтрация-
сы жүреді. Бұл осы кеңістіктіктерде салыстырмалы көп болатын
белоктардың лимфа айналысына қарқынды өтуіне əкеледі жəне одан
қан айналу жүйесіне барады. Қанға белоктардың өтуі осылайша қан
айналымдағы плазма (қан) көлемін ұстап тұруға көмектесе отырып,
жасуша аралық (тамырдан тыс) су кеңістіктерінен капиллярларға
судың адсорбциясының күшеюін тудыратын оның онкотикалық
қысымын арттырады. Қанға тері ұлпалық кеңістіктерден белоктар-
дың өтуі қарқынды тер буланудан туындаған қан плазмасының
күшті суды жоғалтуын автоматты түрде өтейді.
Бұлшық ет жұмысы кезінде неғұрлым жұмыс қарқындылығы
жəне кейбір жағдайларда неғұрлым ауа температурасы мен
ылғалдылығы жоғары болған сайын, соғұрлым көбірек бүйрек қан
айналысы төмендейді. Параллельді түрде аз дəрежеде болса да,
бүйрек шумақтарында су фильтрациясы жылдамдығы азаяды, яғни
зəр түзілу жылдамдығы төмендейді. Ыстық жағдайларда жұмыс
кезінде бүйрек қан айналысының жəне зəр түзілу жылдамдығының
төмендеуі бүйректерде судың кідірілуін (антидиурезді) күшейтеді.
Мұндай кідіру механизмдерінің бірі плазма көлемінің төмендеуі
(дегидратация) мен оның осмолярлығының артуына жауап ретінде
гипофизден антидиурездік гормонның (АДГ) көп бөлінуі болып та-
былады.
Бұлшық ет жұмысы уақытында тер бөлінудің маңызды қосымша
289
көзі гликогеннің ыдырауы кезінде босап шығатын гликогенмен бай-
ланысты – «эндогендік» су болып саналады. Əр грамм гликоген
2,7 г сумен байланысқан. Сонымен, гликогенолиз бұлшық ет жиы-
рылуы үшін тек энергия көзі ғана емес жəне жұмыс атқарушы орга-
низм үшін судың қосымша көзі де болып табылады.
Ұзақ уақыт күш сала орындалатын бұлшық ет жұмысы кезінде
(əсіресе, ыстық кезде) тер бөлінудің күшеюі салдарынан туындаған
су жоғалтуды толықтыру үшін жұмысты орындап жатқанда жəне
одан кейін де сұйықтықтарды (су немесе су ерітінділерін) қабылдау
басты рөл атқарады.
Организм термен суды жоғалту кезінде кейбір минералдық
заттарды (тұздарды) да жоғалтады. Басқа сұйықтықтармен
салыстырғанда тер күшті сұйытылған су ерітіндісі болып табылады.
Ондағы натрий жəне хлор иондарының концентрациясы олардың
шамамен, плазмадағы концентрациясының 1/3-ін жəне бұлшық етте
1/5-ін құрайды. Сонымен тер – қан плазмасымен салыстырғанда
гипотониялық ерітінді. Əртүрлі адамдарда тердің иондық концен-
трациясы түрліше жəне тер бөліну жылдамдығы мен жылылық ак-
климатизация күйіне өте тəуелді болады.
Тердегі натрий жəне хлор иондарының концентрациясы тер
түзілу жылдамдығының артуымен жоғарылайды, кальций ион-
дары концентрациясы азаяды, ал калий жəне магний өзгермейді.
Сəйкесінше, ұзақ күш сала орындалатын жұмыс кезінде (мыса-
лы, марафондық жүгіру кезінде) спортшы термен бірге негізінен
жасушадан тыс кеңістіктер сұйықтығында – плазма мен ұлпалық
сұйықтықтарда болатын натрий жəне хлор иондарын жоғалтады.
Бұлар – плазма мен ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын, де-
мек, денедегі жасушадан тыс сұйықтық көлемін басқалардан көп
анықтайтын басты электролиттер. Жасуша ішілік су кеңістігіндегі
калий жəне магний иондарын жоғалту айтарлықтай аз.
Дегенмен, термен электролиттерге (тұздарға) қарағанда судың
салыстырмалы көп кететінін ескеру қажет. Сондықтан электролиттер
мөлшерінің жалпы төмендеуі кезінде олардың дене сұйықтығындағы
концентрациясы жоғарылайды. Сəйкесінше ұзақ күшті тер бөліну
кезінде организмнің электролиттерді дереу қалпына келтіруге
қарағанда суды алмастырудағы қажеттілігі көбірек.
Бұлшық ет жұмысы кезінде зəрмен электролиттерді жоғалту
көбіне, өте айтарлықтай емес, себебі бұл кезеңде зəрдің түзілуі аз, ал
290
бүйрек каналдарында натрий реабсорбциясы күшейген. Бұл зəрмен
натрий иондарының экскрециясы кідіруін қамтамасыз етеді. Бұл
үдерісте қан плазмасында альдостерон концентрациясы мен ренин
белсенділігінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады.
Дене жаттығуларының алғашқы минуттарында плазма көлемі
дереу азайып, кейіннен тердің көп бөлінуіне қарамастан төмендеу
қарқынының баяулай бастайтынын атап өткен жөн. Альдостерон кон-
центрациясы, керісінше, жаттығу барысында бір қарқындылықпен
жоғарылап отырады (59-сурет).
Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде бүйректің қанмен жеткіліксіз
жабдықталуы организмде натрийдің кідіруі механизмдерін күшейтуі
мүмкін. Мұндай кідіру организмнің су балансын сақтауға мүмкіндік
береді, өйткені плазма көлемі жəне қалған жасушадан тыс сұйықтық
олардағы натрий иондарының мөлшеріне пропорциялы болады.
Ауа температурасы жоғары жағдайларда жұмыс кезіндегі бүйрек
вазоконстрикциясы мен жоғары дене температурасы нəтижесінде
зəрде белоктың пайда болуы (жұмыс протеинуриясы) мүмкін бола-
тын бүйрек шумақтарында өткізгіштіктің күшеюін тудырады.
59-сурет. Альдостерон концентрациясы мен плазма көлемінің 2 сағаттық
циклдік жаттығулар кезіндегі өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері
бойынша)
291
Қан айналу жүйесі. Жоғары ауа температурасы кезінде (мы-
салы, күн ыстық күндері) дененің тікелей қызып кетуі жағдайында
адамның тыныштық күйінде тері қан айналысы күшейеді жəне
ЖЖЖ жоғарылауынан жүректің минуттық қан көлемі артады.
Мұнда систолалық көлем өзгеріссіз қалады. Жалпы перифериялық
тамыр кедергісі жəне артериялық (систолалық) қысым төмендейді.
Мəселен, құрғақ ыстық ауа болатын фин моншасына (саунаға) түсу
шамамен, жүректің минуттық қан көлемінің 70%-ға жəне ЖЖЖ
60%-ға аса артуын тудырады.
Бұл артқан жүректің минуттық қан көлемі жылу шығаруды
күшейту үшін тері тамырларына бағытталады. Бұдан басқа тері
қан айналысы құрсақ қуысы мүшелері мен бұлшық ет арқылы (аз
дəрежеде) қан айналысының азаюымен жүретін жүректің минуттық
қан көлемінің қосымша қайта таратылуы есебінен артады. Жатыр
жəне бүйрек қан айналысы тері температурасының жоғарылауына
тура пропорциялы төмендейді.
Аэробтық қуаттылықты жұмыс кезінде көбіне, жоғары ауа тем-
пературасы О
2
пайдаланудың жалпы жылдамдығына елеулі ықпал
жасамайды. Тек ыстық жағдайда жеңіл жұмысты орындау кезінде
бейтарап жағдайға қарағанда оттекті пайдалану біршама жоғары бо-
луы мүмкін.
Жоғары ауа температурасы ұзақтығы 4-6 мин-қа дейін қысқа
мерзімдік жұмысты орындау кезінде жүрек-тамыр жүйесі
қызметінің көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етпейді. Максимал-
ды аэробтық жұмыс кезінде (ОМП деңгейінде) ыстық жəне бейта-
рап жағдайларда максималды жүректің минуттық қан көлемі, ЖЖЖ
жəне жүйелік АВА-О
2
бірдей болады. ОМП ыстық жағдайларда да
азаймайды, бірақ ОМП деңгейінде жұмыстың шекті ұзақтығы күшті
қысқарады.
Ыстық жағдайда ұзақ мерзімдік жұмысты орындау кезінде
жүрек-тамыр жүйесі жұмыс атқарушы бұлшық еттерге қажетті
оттегі мөлшерін жеткізу үшін (метаболизмдік сұраныс) олардың
адекватты (барабар) қанмен жабдықталуын жəне жылу шығару
жоғары болу үшін (жылу реттеуші сұраныс) тері қан айналысының
күшеюін бір мезгілде қамтамасыз ету қажет. Бұл міндет одан əрі қан
айналымдағы қан көлемінің азаюынан жəне оның тұтқырлығының
жоғарылауынан барынша күрделене түседі.
Ыстық жағдайларда жүректің жиырылу жиілігі жəне жүректің
292
минуттық қан көлемі ортаның бейтарап жағдайында осындай
жұмысты орындау кезіне қарағанда жоғары болады. Жүректің жиы-
рылу жиілігіне температурадан басқа жоғары ауа ылғалдылығы
да ықпал етеді. ЖЖЖ артуы ыстық жағдайда жұмыстың жаңа
басталған кезінен байқалады. Жүректің минуттық қан көлемі
жұмысты орындау үдерісінде біртіндеп артады, ал систолалық көлем
прогрессивті (ілгерілей) азаяды. Жүректің минуттық қан көлемінің
артуы жылу шығарудың күшеюі үшін тері тамырлары арқылы
қосымша қан айналысын қамтамасыз етеді.
Орындалатын жұмыс қуаттылығының артуымен жүректің минут-
тық қан көлемінің «жылылық» өсуі азаяды. Ыстық жағдайларда суб-
максималды жəне максималдыға жуық аэробтық жүктемелерді
орындау кезінде жүректің минуттық қан көлемі шамамен, бейтарап
температуралық жағдайдағы сияқты болады. Дегенмен, жоғары ауа
температурасы кезінде ЖЖЖ қосымша жоғарылауымен өтелетін
систолалық көлемнің елеулі төмендеуі жүреді. Жүректің минуттық
қан көлемі одан əрі арта алмайтындықтан, тері қан айналысының əрі
қарайғы күшеюі тек жүректің минуттық қан көлемінің қайта тара-
тылуы есебінен қамтамасыз етіледі. Нəтижесінде жұмыс атқаратын
бұлшық еттер арқылы қан айналысы азаяды, олардың оттегімен
жабдықталуында тапшылық туындайды, бұлшық еттердің энергия
өндіруде анаэробтық үлесі артады. Сондықтан сол бірдей субмак-
сималды жəне максималдыға жуық аэробтық жүктемелер кезінде
қандағы лактат концентрациясы бейтарап жағдайларға қарағанда
ыстық жағдайларда жоғары болады.
Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің қанмен жабдықталуының на-
шарлауы – ыстық жағдайларда жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінің
басты себептерінің бірі. Жоғарыда айтылғандар бойынша бұлшық
ет қан айналысының нашарлауы екі негізгі себептердің салдары-
нан болып табылады: біріншіден, жылу шығарудың күшеюі үшін
тері тамырларына бағытталған жүректің минуттық қан көлемінің
үлесі артады, екіншіден, дегидратацияның даму өлшемі бойын-
ша қан айналымдағы қанның жалпы жəне орталық көлемдерінің
төмендеуінен веналық қайтарылудың түсуімен туындаған
систолалық көлемнің азаюы нəтижесінде жүректің минуттық қан
көлемі азаяды.
Тері қан айналымының мүмкін болатын максималды көлемді
жылдамдығы – 7-8 л/мин. Сонда да тіпті, өте жоғары ауа темпера-
293
турасы кезінде де тері қан айналысы 3-4 л/мин-тан аспауы ықтимал.
Сəйкесінше тіпті осы жағдайларда да тері тамырлары біршама
тарылған (белсенді тамыр тонусы күйі). Жұмыстың жалғасуы бо-
йынша біртіндеп тамыр тонусының төмендеуінен тері тамырлары
кеңейеді. Нəтижесінде тері тамырлары торларына қанның одан əрі
көп мөлшері бағытталады, ал жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
қанмен жабдықталуы одан əрі нашарлайды.
Тері тамырларының кеңеюімен жалпы перифериялық тамырлар
кедергісі азаяды. Өзгермеген жүректің минуттық қан көлемі кезінде
бұл тіпті, тамырлық коллапсты (талуды) тудыратын деңгейге дейін
біртіндеп төмендейтін артериялық қан қысымының түсуіне əкеледі.
Əсіресе, жүректің минуттық қан көлемінің төмендеуінен артериялық
қан қысымы дереу төмендейді. Бұл ЖЖЖ сол адам үшін максимал-
ды мүмкін болатын деңгейге жеткенде жүреді, ал систолалық көлем
төмендеуі жалғасады.
Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде жатырлық қан айналысы
дереу төмендегендіктен құрсақ қуысы мүшелерінің, ең алдымен,
бауырдың жеткіліксіз қанмен жабдықталуымен байланысты орга-
низм үшін қосымша қиындықтар туындайды. Жоғары ауа темпе-
ратурасы кезінде жұмыс бүйректік қан айналысының да күшейе
төмендеуін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |