Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47

Төзімділік туралы түсінік

«Төзімділік»  түсінігі  адамдардың  дене  (бұлшық  ет)  жəне  ой 

еңбегі түрлерінің ұзақ орындалу қабілетін сипаттай отырып, ауызекі 

тілде  өте  кең  мағынада  қолданылады.  Адамның  қозғалыс  дене  са-

пасы (қабілеті) ретінде төзімділікке сипаттама беру салыстырмалы

яғни ол əрекеттің тек белгілі бір түріне қатысты. Басқаша айтқанда, 



181

төзімділік арнайы, демек, əр адамда əрекеттің белгілі, арнайы түрін 

орындау кезінде көрінеді. 

Орындалатын дене (бұлшық ет) жұмысы типі мен сипатына бай-

ланысты төзімділік:

1. Статикалық жəне динамикалық төзімділік, яғни сəйкесінше 

статикалық немесе динамикалық жұмысты ұзақ орындау қабілеті;



2. Жергілікті  (локалды)  жəне  ауқымды  (глобалды)  төзімділік

яғни сəйкесінше жергілікті (бұлшық еттің аз санының қатысуымен) 

немесе  ауқымды  (бұлшық  ет  массасының  жартысынан  көбірек 

бұлшық еттер тобының қатысуы кезінде) жұмысты ұзақ жүзеге асы-

ру қабілеті;

3. Күштік  төзімділік,  яғни  көп  бұлшық  ет  күшінің  көрінуімен 

қатар жүретін жаттығуды бірнеше рет қайталау қабілеті;



4. Анаэробтық  жəне  аэробтық  төзімділік,  яғни  энергиямен 

қамтамасыз  етілудің  анаэробтық  немесе  аэробтық  типтерінің  ба-

сым келуімен ауқымды жұмысты ұзақ орындау қабілеті деп 4-топқа 

жіктеледі; 

Спорт  физиологиясында  төзімділікті  көбіне,  бұлшық  ет 

массасының  көп  (дененің  барлық  бұлшық  ет  массасының  жарты-

сына жуық жəне одан асатын) бөлімінің қатысуымен орындалатын 

жəне көбірек немесе толығымен аэробтық жолмен жұмыс істейтін 

бұлшық еттерде энергия өндірілуін қамтамасыз ететін организмнің 

оттегіні үнемі пайдалануы арқасында үздіксіз 2-3 минут созылатын 

осындай спорттық жаттығулардың орындалуымен байланыстырады. 

Басқаша айтқанда, спорт физиологиясында төзімділікті аэробтық си-

патты ауқымды бұлшық ет жұмысын ұзақ орындау қабілеті ретінде 

анықтайды.

Төзімділікті  қажет  ететін  спорттық  жаттығуларға  барлық 

циклдік  сипаттағы  аэробтық  жаттығулар,  атап  айтқанда, 1500 м 

арақашықтыққа жеңіл атлетикалық жүгіру, спорттық жүріс, тас жол 

веложарыстары,  барлық  арақашықтықтағы  шаңғы  жарыс, 3000 м 

арақашықтыққа конькимен жүгіру, 400 м арақашықтыққа жүзу жəне 

т.б. жатады. 



Организмнің аэробтық мүмкіндіктері жəне төзімділік

Аэробтық сипаттағы жаттығуларды орындау кезінде оттегі пай-

далану жылдамдығы (л О

2

/мин) орындалатын жүктеменің (орын ау-



182

ыстыру жылдамдығы) қуаттылығы көп болған сайын жоғары бола-

ды.  Сондықтан  жоғары  төзімділікті  қажет  ететін  спорт  түрлерінде 

спортшылар көп аэробтық мүмкіндіктерге:



1. Оттегі  пайдаланудың  жоғары  максималды  жылдамдығына 

(көп аэробтық «қуаттылыққа»);

2. Оттегі  пайдаланудың  жоғары  жылдамдығын  ұзақ  ұстап 

тұру қабілетіне (көп аэробтық «сыйымдылыққа») ие болу қажет. 

Оттегіні максималды пайдалану (ОМП). Адамның аэробтық 

мүмкіндіктері ең алдымен, оттегі пайдаланудың ол үшін максимал-

ды  жылдамдығымен  анықталады.  Неғұрлым  ОМП  жоғары  болған 

сайын,  соғұрлым  максималды  аэробтық  жүктеменің  абсолютті 

қуаттылығы  жоғары  келеді.  Бұдан  басқа  ОМП  неғұрлым  жоғары 

болған  сайын,  соғұрлым  салыстырмалы  жеңіл  жəне  сондықтан 

аэробтық жұмысты орындау ұзақтау болады.

Сонымен,  спортшыларда  ОМП  жоғары  болған  сайын,  ол 

соғұрлым  сол  арақашықтықта  жоғары  жылдамдықты  ұстап  тұра 

алады, сəйкесінше, төзімділіктің көрінуін талап ететін жаттығуларда 

оның  спорттық  нəтижелері  жоғары  болып  келеді.  ОМП  жоғары 

болған сайын, соғұрлым аэробтық жұмысқа қабілеттілік (төзімділік) 

көбірек,  яғни  соғұрлым  аэробтық  сипатты  көп  жұмыс  көлемін 

адам орындауға қабілетті келеді. Мұнда осы ОМП-ға төзімділіктің 

тəуелділігі  неғұрлым  аэробтық  жүктеменің  салыстырмалы 

қуаттылығы азырақ болған сайын, соғұрлым көбірек (кейбір шекте) 

көрінеді. 

Осыдан  спортшыларда  төзімділіктің  көрінуімен  қатар  жүретін 

спорт  түрлерінде  ОМП  басқа  спорт  түрлері  өкілдеріне  жəне  сол 

жастағы  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда  жоғары  болатыны 

түсінікті.  Егер  жаттықпаған 20-30 жастағы  ер  адамдарда  ОМП 

орта  есеппен, 3-3,5 л/минутқа  (немесе 45-50 мл/кг-мин)  тең  бол-

са,  жоғары  білікті  ұзақ  қашықтыққа  жүгірушілерде  (стайер)  жəне 

шаңғышыларда  ол 5-6 л/минутқа  (немесе 80 мл/кг-минуттан  аса) 

жетеді.  Жаттықпаған  əйел  адамдарда  ОМП  орта  есеппен 2-2,5 л/

минутқа (немесе 35-40 мл/кг-мин) тең болса, ал шаңғышыларда 4 л/

мин. (немесе 70 мл/кг-минуттан аса) болады.

ОМП абсолюттік көрсеткіштері (л О

2

/мин) дененің өлшемімен 



(салмағымен) тура байланыста болады. Сондықтан ОМП неғұрлым 

жоғары  абсолютті  көрсеткіштері  ескекшілерге,  жүзгіштерге, 

велосипедшілерге, конькишілерге тəн болады. Бұл спорт түрлерінде 


183

сол  сапаны  физиологиялық  бағалау  үшін  ОМП  абсолюттік 

көрсеткіштері барынша маңызды. 

ОМП  салыстырмалы  көрсеткіштері  (мл  О

2

/кг·мин)  жоғары 



білікті  спортшыларда  дене  салмағымен  кері  тəуелділікте  болады. 

Жүгіру жəне жүріс кезінде дене массасының вертикалды орын ауыс-

тыруы бойынша айтарлықтай жұмыс орындалады жəне сəйкесінше 

қалған осындай жағдайларда (қайта қозғалу жылдамдықтары бірдей) 

неғұрлым  спортшы  салмағы  көп  болса,  соғұрлым  олардың  орын-

дайтын  жұмысы  (оттегі  пайдалануы)  көбірек  келеді.  Сондықтан 

ұзақ  арақашықтыққа  жүгіретін  желаяқтардың  ең  алдымен,  май 

ұлпалардың минималды саны мен сүйек қаңқасының салыстырма-

лы аз салмағы есебінен дене салмағы салыстырмалы азырақ болады. 

Егер 18-25 жастағы жаттықпаған ер адамдарда май ұлпалары дене 

салмағының 15-17%-ын, ал айтулы стайерлерде (ұзақ қашықтыққа 

жүгірушілерде)  тек 6-7%-ды  құрайды.  ОМП  ең  үлкен  салыстыр-

малы  көрсеткіштері  ұзақ  қашықтыққа  жүгіретін  желаяқтар  мен 

шаңғышыларда  байқалады,  ал  ескекшілерде  төменірек  болады. 

Жеңіл  атлетикалық  жүгіру,  спорттық  жүріс,  шаңғы  жарыс  сияқты 

спорт түрлерінде спортшының максималды аэробтық мүмкіндіктерін 

ОМП салыстырмалы көрсеткіштері бойынша бағалау дұрысырақ.

ОМП деңгейі екі физиологиялық жүйелердің:

1. Сыртқы ауадан оттегіні абсорбциялап жəне оны жұмыс істейтін 

бұлшық еттер мен дененің басқа активті мүшелері мен ұлпаларына 

тасымалдайтын оттегі тасымалдау жүйесінің;

2.  Қанмен  жеткізілген  оттегіні  жинайтын  жəне  утилдейтін 

бұлшық ет жүйесінің, яғни оттегіні утилдеу жүйесінің максималды 

мүмкіндіктеріне байланысты болады. 

ОМП көрсеткіштері жоғары болатын спортшылар осы екі жүйе 

бойынша да зор функциялық қабілетке ие.



Оттегі тасымалдау жүйесі жəне төзімділік

Оттегі тасымалдау жүйесіне сыртқы тыныс алу, қан жəне жүрек-

тамыр  жүйесі  кіреді.  Осы  жүйелердің  əрқайсысының  функциялық 

қасиеттері  біріге  спортшы  организмінің  оттегі  тасымалдау 

мүмкіндіктерін анықтайды.


184

Сыртқы тыныс алу жүйесі. Сыртқы тыныс алу оттегі тасымал-

дау жүйесінің бірінші буыны болып табылады. Ол организмді өкпе 

вентиляциясы (желденуі) мен қанға өкпе (альвеолалық-капиллярлық) 

мембранасы арқылы оттегі диффузиясы есебінен сыртқы ауадан ала-

тын оттегімен қамтамасыз етеді.

Өкпе  көлемі  мен  сыйымдылығы.  Төзімділікке  жаттыққан 

спортшыларда  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда  өкпе  көлемі  мен 

сыйымдылығы (тыныс көлемін қоспағанда) тыныштық күйде орта 

есеппен, 10-20%-дан  көбірек.  Алайда,  əсіресе,  өкпенің  тіршілік 

сыйымдылығы  (ӨТС),  жалпы  жəне  қалдық  көлем  дене  өлшеміне 

пропорциялы  болғандықтан,  дене  өлшемін  ескеру  кезінде  бұл 

айырмашылықтар азаяды.

Дене  өлшеміне  қатысты  алып  қарағанда,  өкпе  көлемі  мен 

сыйымдылығы  ОМП  мен  спорттық  нəтижелермен  əлсіз  үйлеседі 

(корреляция)  немесе  мүлдем  үйлеспейді.  ӨТС  салыстырмалы  аз 

спортшыларда  ОМП  көп  немесе  керісінше  болуы  мүмкін,  жоғары 

білікті  спортшыларда  ӨТС  жəне  ОМП  арасында  жоғары  емес 

үйлесімдік тəн. Дегенмен, жаттықпаған адамдардағы сияқты спорт-

шыларда  да  максималды  аэробтық  жұмыс  кезінде  тыныс  көлемі 

(тыныс  тереңдігі)  ӨТС-ның 50-55%-ына  жетеді.  Сондықтан  ӨТС 

аз  спортшыларда  өкпе  вентиляциясының  жоғары  болуы  мүмкін 

емес.  Оттегіні  пайдалану  жылдамдығы 4 л/мин  жəне  одан  жоғары 

болғанда ӨТС 4,5 л-ден кем болмау керек. Ең жоғары ӨТС мөлшері 

ескек есушілерде 9 л болып тіркелген.

Өкпе  вентиляциясы.  Оттегі  пайдалану  жылдамдығының 

жоғары болуына орай өкпе вентиляциясы төзімділік жаттығуларын 

орындаудың  барлық  уақытында  да  жоғары.  Мəселен,  ұзақтығы 30 

минутқа жуық жəне  жылдамдығы 10 000 м-ге сəйкес келетін тред-

банда жүгіру кезінде ұзақ қашықтыққа (стайер) жүгірушілерде өкпе 

вентиляциясы 120-145 л/мин.  аралығында  болады.  Жаттықпаған 

адамдарда мұндай ӨВ шекті əрі өте қысқа уақыт бойында ғана ұстап 

тұра алынады.

Тіпті,  максималды  аэробтық  жүктеме  кезінде  де  жұмыс  ӨВ  

максималды  ерікті  вентиляциямен  (МЕВ)  өлшенетін  тыныс 

аппаратының  шекті  мүмкіндігінен  төмен  болатыны  белгілі.  МЕВ 

төзімділікке жаттығуларды орындау кезінде спортшы көптеген ми-

нуттар жəне тіпті, сағаттар бойы өте жоғары жұмыс өкпе вентиля-

циясын ұстап тұрғандағы қысқа уақытта (көбіне, 12 с) анықталады. 


185

Жаттықпаған жас ер адамдарда МЕВ орта есеппен 120 л/мин. болса, 

ал жақсы жаттыққан спортшыларда бұл көрсеткіштер жоғары келеді.

Əсіресе,  тыныс  аппараты  төзімділігі  көрсеткіштерінде 

елеулі  айырмашылықтар  байқалады.  Мəселен,  ұзақ  қашықтыққа 

жүгірушілер  МЕВ 80% деңгейінде  өкпе  вентиляциясын  орташа 

11  мин.  ұстаса,  ал  жаттықпаған  адамдарда 3 мин.  болады.  Тыныс 

бұлшық  еттерінің  жақсы  дамуы  (тыныс  бұлшық  еттерінің  күші 

мен төзімділігі), сонымен қатар тыныс жолдарында ауа қозғалысы 

кедергісінің төмендеуі бұлшық ет жұмысы кезінде жоғары өкпе вен-

тиляциясын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Сол бірдей жұмыс өкпе вентиляциясы кезінде спортшыларда ты-



ныс  жиілігі  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда  төмен.  Сəйкесінше, 

спортшыларда  өкпе  вентиляциясының  өсуі  тыныс  жиілігіне 

қарағанда көп мөлшерде тыныс көлемінің (тыныс тереңдігі) артуы 

есебінен қамтамасыз етіледі. Бұған:

1) ұлғайған өкпе көлемі;

2) тыныс бұлшық еттері жоғары күші мен төзімділігі; 

3) кеуде қуысы мен өкпенің жоғары созылғыштығы;

4) ауа жолдарында ауа ағымына кедергінің төмендеуі мүмкіндік 

береді. Тыныс көлемі артқан кезде «өлі» кеңістік көлемі салыстыр-

малы төмендейді. Осының арқасында ӨВ тиімдірек болады, өйткені 

оның  неғұрлым  айтарлықтай  бөлімін  бұл  жағдайда  альвеолалық 

вентиляция құрайды.



Өкпе  вентиляциясы  тиімділігінің  жоғарылауы  сыртқы  тыныс 

қызметіне  қатысты  төзімділік  жаттығуының  басты  нəтижесі.  Бұл 

туралы,  атап  айтқанда,  оттегі  вентиляциялық  эквиваленті,  яғни 

өкпе  вентиляциясы  көлемінің  пайдаланған  оттегі  литріне (V

Е

/V

О2



қатынасы  бойынша  бағалауға  болады.  Тыныштық  күйдегі  оттегі 



вентиляциялық  эквиваленті  төзімділікке  жаттықтыру  нəтижесінде 

мүлдем  өзгермейді.  Дегенмен,  бұлшық  ет  жұмысы  мезгілінде 

оттегіні  бірдей  пайдалану  кезінде  желдетілген  ауа  мөлшері  спорт-

шыларда  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда  аз  болады.  Мұнда  бұл 

айырмашылық неғұрлым орындалған жұмыс қуаттылығы көп, яғни 

оттегі  пайдалану  жылдамдығы  жоғарылаған  сайын  соғұрлым  көп 

болады. 

Жаттықтыру 

нəтижесінде 

вентиляциялық 

анаэробтық 

табалдырықтың,  яғни  жұмыс  қуаттылығына  қарағанда  өкпе 

вентиляциясының  тез  өсуінен  басталатын  критикалық  жұмыс 



186

қуаттылығы  жоғарылауының  аса  маңызы  зор.  Жаттықпаған  адам-

дарда  вентиляциялық  анаэробтық  табалдырық  ОМП 50-60%-ға 

тең  жүктеме  қуаттылығына  сəйкес  келеді,  ал  төзімділікке  жақсы 

жаттыққан спортшыларда ОМП 80-85%-ға сəйкес келеді. 

Осыған  орай  спортшыларда  жоғары  аэробтық  қуаттылықты 

жаттығуларды  орындау  кезінде  қажетті  өкпе  вентиляциясы  көлемі 

спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда айтарлықтай төмен 

болады. Тіпті, айтулы спортшылар көп жағдайларда 5 л/мин. жəне 

одан да жоғары ОМП-дың ең жоғары деңгейіне, жаттықпаған адам-

дар үшін ОМП-дың барынша төмен деңгейіне жетуіне қажетті өкпе 

вентиляциясы кезінде-ақ жете алады.



Тыныс  алудың  оттектік  құндылығының  əсіресе,  критикалық, 

яғни  анаэробтық  табалдырықтан  жоғары  қуаттылық  кезінде 

өкпе  вентиляциясының  артуымен  тез  өсетіні  белгілі.  Желде-

ну  тиімділігінің  артуы  арқасында  əсіресе,  ұзақ  жұмыс  мысалы, 

марафондық  жүгіру  кезінде  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда 

спортшылардың тыныс бұлшық еттеріне оттегі азырақ жұмсалса, ал 

оның жұмыс атқаратын қаңқа бұлшық еттеріне көп барады. Деген-

мен, өкпе вентиляциясының бірдей деңгейі кезінде тыныс алудың 



механикалық жұмысы, сəйкесінше жəне оның оттектік құндылығы 

жаттыққан мен жаттықпаған адамдарда ұқсас екенін атап өткен жөн. 

Төзімділікке  жаттықтыру  нəтижесінде  қандағы  лактат  кон-

центрациясы  максималды  емес  аэробтық  жұмысты  орындау 

кезінде  төмендейді.  Осыған  байланысты  жұмыс  гипервентиля-

циясы  химиялық  стимулдарының  бірі  əлсірейді.  Бұдан  басқа 

жаттыққан төзімді спортшыларда СО

2

 əсеріне тыныс орталығының 



сезімталдығы төмен.

Сонымен,  төзімділікке  жаттықтыру  бір  жағынан  стандартты 

максималды  емес  аэробтық  жұмыс  кезінде  өкпе  вентиляциясын 

төмендетеді,  ал  екінші  жағынан  максималды  аэробтық  жұмысты 

орындау  кезінде  максималды  жұмыс  гипервентиляциясын 

жоғарылатады. Ол спортшыларда көбіне, 180 л/мин, ал жаттықпаған 

адамдарда 120 л/мин.  жуыққа  тең  болады.  Спортшыларда 

жоғары    максималды  жұмыс  гипервентиляциясының  «химиялық» 

механизміне  (өте  жоғары  оттегі  пайдалану  жылдамдығына  жуық 

немесе  оған  тең)  СО

2

  түзілуінің  күшеюі,  сонымен  қатар  макси-



малды  аэробтық  қуаттылықты  жүктемені  орындау  кезінде  артерия 

қанындағы  лактат  пен  сутек  иондарының  жоғары  концентрациясы 

жатады.


187

Өкпенің  диффузиялық  қабілеті.  Тыныштық  күйде  жəне  бұл-

шық ет жұмысы кезінде спортшыларда спортпен шұғылданбайтын 

адамдарға  қарағанда  өкпенің  диффузиялық  қабілеті  жоғары. 

Мəселен, ол тыныштық күйде марафоншы-желаяқтарда максимал-

ды жұмыс кезіндегі жаттықпаған ер адамдармен тең келеді. Деген-

мен, түрлі адамдарда өкпенің максималды диффузиялық қабілетінің 

көрсеткіштерінде үлкен айырмашылықтар бар болғанмен, тұтасымен 

алғанда олар максималды аэробтық мүмкіндіктермен тура байланыс-

та болады. 

Спортшыларда  өкпенің  диффузиялық  қабілетінің  жоғарылауы 

өкпе  көлемінің  ұлғаюымен  де  біраз  байланысты.  Ол  бастысы 

альвеолалық  капиллярлар  торының  кеңеюі  мен  қанның  орталық 

көлемінің  жоғарылауы  арқасында  өкпе  капиллярларындағы  қан 

көлемінің артуы себепті жоғары альвеолалық-капиллярлық беткейді 

қамтамасыз етеді.

Өкпенің  мұндай  жоғары  диффузиялық  қабілеті  өте  үлкен 

қуаттылықты  жүктеме  кезінде  альвеолалардан  өкпе  капиллярлары 

қанына оттегінің жылдам өтуіне жəне оның оттегімен тез қанығуына 

əкеледі.  

Артериялық  қандағы  оттегі  парциалдық  кернеуі  (РаО

2

) 

өкпедегі  оттегі  алмасуының  тиімділігі  туралы  бағалауға 

мүмкіндік  береді.  Тыныштық  күйде  ол  спортшылар  мен  спортпен 

шұғылданбайтын адамдарда бірдей жəне дені сау адамдарда 40 жасқа 

дейін  шамамен, 85-105 мм  сынап  бағанасы  мөлшері  аралығында 

(көбіне, 95-98 мм сынап бағанасы) болады.

Субмаксималды  жəне  неғұрлым  жеңіл  аэробтық  жұмыс 

кезіндегі РаО

2

 тыныштық күйінен еш айырмашылығы жоқ. Тек ол 



максималдыға  жуық  жəне  максималды  аэробтық  жұмыс  кезінде 

біраз  төмендейді:  жаттықпаған  адамдарда  көбіне, 5-10 мм  сынап 

бағанасы аспайды, ал өте жақсы жаттыққан ОМП жоғары спортшы-

ларда максималды жұмыс кезінде 10-15 мм сынап бағанасы болады. 

Спортшыларда  мұндай  РаО

2

  айтарлықтай  төмендеуі  өкпенің 



диффузиялық  қабілетінің  жеткіліксіздігі  немесе  альвеолалық 

ауадағы  оттегі  парциалдық  қысымының  төмендеуі  салдары  болып 

табылмайды.  Бұл  бəрінен  бұрын  өкпе  вентиляциясы  мен  қан  пер-

фузиясы  арасындағы  сəйкессіздіктен,  сонымен  бірге  альвеолалық 

капиллярлар  арқылы  қан  қозғалысының  жоғары  жылдамдығынан 

болуы  ықтимал.  Осымен  қатар  спортшыларда  РаО

2

  айтарлықтай 



188

төмендеуі  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда 

альвеолалық капиллярлардан өтіп кетіп, артериялық тамырлар мен 

жүрек  қуысына  тура  түсетін  веналық  қан  көлемінің – «веналық 

шунттың»  неғұрлым  айтарлықтай  болуымен  байланысты  болуы 

ықтимал. Бұл жағынан əсіресе, жүректің коронарлық венасынан қан 

ағымының жылдамдығы үлкен рөл атқарады, өйткені спортшылар-

да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда коронарлық  қан 

айналымы  көлемі  жоғары,  ал  коронарлық  вена  қанындағы  оттегі 

мөлшері төмен болады.

Тұтасымен  алғанда  спортшының  сыртқы  тыныс  алу  жүйесі 

жұмыс  атқаратын  бұлшық  еттер  мен  басқа  белсенді  мүшелер 

мен  ұлпалардың  оттегімен  тиімді  қамтамасыз  етілуіне  қажетті 

артериялық қандағы оттегі кернеуін ұстап тұрады.

Сонымен  сыртқы  тыныс  алу  жүйесіне  қатысты  төзімділікке 

жаттықтырудың басты əсерлері:

1. Өкпе көлемі мен сыйымдылығының ұлғаюынан;

2. Сыртқы  тыныс  алу  қуаттылығының  жəне  тиімділігінің 

(үнемділігінің) артуынан;

3. Өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауынан тұрады. 



Қан жүйесі

Қанның  көптеген  көрсеткіштері  аэробтық  төзімділікке  елеулі 

ықпал  ете  алады.  Ең  алдымен,  организмнің  оттегі  тасымалдау 

мүмкіндіктері қан көлемі мен ондағы гемоглобин мөлшеріне тəуелді 

болады.

Қан  көлемі  жəне  құрамы.  Төзімділікке  жаттықтыру  қан 

айналымдағы қан көлемінің (ҚАҚК) айтарлықтай артуына əкеледі. 

Ол  спортшыларда  спортпен  айналыспайтын  адамдарға  қарағанда 

едəуір жоғары болады. Мұнда қан айналымдағы қан көлемінің ар-

туы төзімділікке жаттықтырудың арнайы əсері болып табылады. Ол 

жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдерінде байқалмайды. Дене 

өлшемін (салмақты) ескере отырып, бір жағынан, жаттықпаған адам-

дар мен екінші жағынан, басқа дене сапасын жаттықтыратын спорт-

шылармен салыстырғанда төзімді спортшыларда қан айналымдағы 

қан көлемінің арасындағы айырмашылық орта есеппен, 20% жоғары 

болады.


189

Спортшыларда  қан  айналымдағы  қан  көлемінің  өсуі  эритро-

циттер көлеміне қарағанда, көп дəрежеде плазма көлемінің артуы-

мен  байланысты.  Сəйкесінше  оларда  гематокрит  көрсеткіші  (қан 

тұтқырлығы) спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда төмен 

болады.


Төзімділікке жаттығатын спортшыларда плазма көлемінің артуы 

қан айналымдағы белоктардың жалпы мөлшерінің жоғарылауымен 

байланысты. Бұл жоғарылау төзімділік жаттығулары ықпалынан ба-

уырда белоктар (ең бастысы, альбумин. мен глобулиндер) синтезінің 

күшеюімен көрінеді. Қан плазмасындағы белок концентрациясының 

артуы  оның  коллоидты-осмостық  қысымын  жоғарылатады.  Бұл 

автоматты  түрде  қанға  тамырлардан  тыс  (жасуша,  ұлпа  аралық) 

кеңістіктерден  сұйықтықтың  қосымша  мөлшерін  абсорбциялауға 

əкеледі.  Нəтижесінде  қан  айналымдағы  плазма  көлемі  артады,  ал 

қан  плазмасындағы  белок  концентрациясы 7 г/%  жуық  қалыпты 

деңгейде тұрады. Сонымен қатар жаттықпаған адамдарға қарағанда 

спортшыларда  қан  плазмасындағы  белок  концентрациясы  тіпті 

біршама азырақ болуы мүмкін жəне соған сəйкес қан плазмасының 

коллоидты-осмостық қысымы төмен болады. 

ҚАҚК  артуының  төзімділікке  жаттығатын  спортшылардың 

оттегі тасымалдау мүмкіндіктерінің жоғарылауында маңызы аса зор. 

Ең  алдымен,  ҚАҚК  артуының  арқасында  қанның  орталық  көлемі 

жəне  жүрекке  веналық  қайтарылудың  өсуі  қанның  систолалық 



көлемінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. ҚАҚК артуы тері торла-

рына қанның көп мөлшерінің баруына жағдай жасайды. Сөйтіп, ұзақ 

жұмыс кезінде жылу шығаруда организмнің мүмкіндіктерін артты-

рады.  Қан  гематокритінің  айтарлықтай  жоғарылауынсыз,  сонымен 

қатар плазманың «артығы» да жұмыс кезінде оның қосымша жоға-

луы жағдайында резерв (қор) болып табылады. Бұл үлкен аэробтық 

қуаттылықты  жүктеме  кезінде  жүректің  жоғары  жылдамдықпен 

қанның  көп  мөлшерін  «айдау»  кезіндегі  жұмысын  жеңілдетеді. 

Сонымен  қатар  плазманың  ұлғайған  көлемі  жұмыс  кезінде  қанға 

түсетін  ұлпалық  алмасу  өнімдерінің  (мысалы,  сүт  қышқылының) 

көп сұйылуын қамтамасыз ете отырып, осылайша қандағы олардың 

концентрациясын төмендетеді. 



Қанның  қызыл  элементтері  (эритроциттер  мен  гемолгло-

бин). Қандағы гемоглобин мөлшері оның оттектік сыйымдылығын 

жəне  сəйкесінше,  оның  оттегі  тасымалдау  мүмкіндіктерін 



190

анықтайды.  Сондықтан  алғаш  қарағанда  төзімділіктің  көрінуін  та-

лап  ететін  спорт  түрлері  өкілдерінде  спортпен  шұғылданбайтын 

адамдармен немесе басқа спорт түрлері спортшыларымен қандағы 



эритроциттер мен гемоглобиндер концентрациясының орта есеп-

пен бірдей немесе тіпті, одан да біраз төмен болуы күтпеген жайт 

болып табылады. 

Осымен қатар төзімді спортшыларда ҚАҚК қаншалықты артуы-

мен  оларда  қандағы  эритроциттер  мен  гемоглобиндердің  жалпы 

мөлшері  жоғары  пропорциялы  болады.  Мəселен,  жаттықпаған  ер 

адамдарда  жəне  жылдамдықты-күштік  спорт  түрлері  өкілдерінде 

қандағы  гемоглобиннің  жалпы  мөлшері  орта  есеппен 700-900 г 

немесе 10-12 г/кг (əйел адамдарда 500 г жуық немесе 8-9 г/кг), ал 

төзімді  спортшыларда  сəйкесінше, 1000-1200 г  немесе 13-16 г/кг 

(əйел адамдарда 800 г немесе 12 г/кг).

Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын спортшыларда  эритроцит-

тер мен гемоглобиндердің жалпы өнімі спортпен шұғылданбайтын 

адамдардан  асады.  Дегенмен,  эритропоэздің  жəне  гемоглобин 

түзілуінің күшеюі ҚАҚК артуымен эритроциттер мен гемоглобиннің 

«қалыпты» концентрациясын ұстап тұруын ғана қамтамасыз етеді. 

Мұндай  спортшыларда  эритропоэз  жəне  гемоглобин  түзілуінің 

қалыпты  арақатынасы  да  сақталады,  демек,  эритроциттердегі 

гемоглобиннің  орташа  концентрациясының  кəдімгі  мөлшерден 

айтарлықтай айырмашылығы болмайды. 

Эритропоэздің  (жəне  гемоглобин  түзілуінің)  күшеюіне  əсер 

ететін  механизмнің  біріне  (стимулдайтын)  күшті  жаттықтыру  мен 

жарыстар  əсіресе,  жүгіру  кезінде  жүретін  жұмыс  гемолизі  жата-

ды.  Бұл  туралы  спортпен  шұғылданбайтын  адамдармен (200 мг%) 

салыстырғанда  жаттыққан  желаяқтардағы  (орта  есеппен, 100 мг% 

жуық)  гаптоглобиннің  төмен  концентрациясы  бойынша  бағалауға 

болады. Мұнда кейбір жағдайларда өте ауыр жүктемелерден кейін 

қандағы гаптоглобин мүлдем байқалмауы да мүмкін.

Гаптоглобин  (Нр)  эритроциттер  бұзылуы  (гемолиз)  кезінде 

түзілген  бос  гемоглобинмен  байланысып,  оның  организмнен 

шығарылуының алдын алатын қан плазмасы гликопротеиді, күрделі 

белок.  Ол  бауырда,  май  ұлпаларында  жəне  өкпеде  синтезделеді. 

Түзілген 

гаптоглобин-гемоглобин 

кешені 


(Нр-Нb) 

бүйрек 


шумақтарынан өте алмағандықтан, организмде темірді  ұстап тұруға 

қабілетті келеді. Жəне соңғы жаңалықтар бойынша оның липидтер-



191

дің асқын тотығуы үдерісін тежейтін пероксидазалық белсенділікке 

де  ие  екендігі  анықталған.  Ұзақ  уақыт  гаптоглобин  мөлшерінің 

жоғары болуы ауру белгілері болып табылады. Қан плазмасындағы 

гаптоглобин  мөлшерінің  орташа  көрсеткіштері  жасқа  байланысты 

өзгеріп  отырады:  жаңа  туған  нəрестеде 50-480 мг/л, 6 айдан – 16 

жасқа дейін 250-1380 мг/л, 16-дан 60 жасқа дейін 150-200 мг/л, ал 60 

жастан асқан егде адамдарда 350-1750 мг/л. 

Спортшыларда  тыныштық  күйде  эритроциттер  концентрация-

сының  (азайған  гематокрит)  біршама  төмендеуінің  белгілі  бір 

артықшылығы  бар,  себебі  осылайша  жүрекке  жүктеме  түсуін 

азайтады.  Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  гемоконцентрация  гемогло-

бин  мөлшерінің  жоғарылауын  қамтамасыз  етеді  жəне  сондықтан 

жүктеме қуаттылығына пропорциялы қанның оттегі сыйымдылығын 

арттырады.  Осы  тұрғыдан  тыныштық  күйде  қанның  қызыл 

элементтері  көрсеткіштері  неғұрлым  төмен  (эритроциттер  мен 

гемоглобиндердің концентрациясы төмен) жəне ҚАҚК айтарлықтай 

болатын жақсы жаттыққан спортшылардың белгілі бір функциялық 

артықшылықтары бар, яғни оларда қандағы жұмыс өзгерістері диа-

пазоны  артқан,  ал  сəйкесінше  аз  жаттыққан  адамдарға  қарағанда 

оттегі тасымалдау мүмкіндігін жоғарылату үшін қызметтік қор (ре-

зерв) да көп болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет