Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орын-
дау кезінде қажу ең алдымен, жұмысқа қабілеттілікті лимиттеуші
фактор болып табылатын оттегі тасымалдау жүйесімен байла-
нысты. Аталмыш жағдайда қажудың басты механизмдерінің бірі –
жұмысшы бұлшық еттердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.
115
Мұндай жұмыс үдерісінде бұлшық еттер энергияның айтарлықтай
үлесін бұлшық ет пен қанда жинақталуы (рН төмендеуі) қажудың
дамуында маңызды рөл атқаратын сүт қышқылының түзілуімен
жүретін анаэробтық гликогенолиз нəтижесінде алады.
Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды
орындау да негізінен оттегі тасымалдау жүйесінің мүмкіндікте-
рімен лимиттеледі. Оларды орындау үдерісінде фосфагендер кон-
центрациясы айтарлықтай емес төмендейді, бұлшық ет пен қандағы
лактат концентрациясы салыстырмалы көп болмайды. Қажу жүрек-
тамыр жүйесінің, əсіресе, жүректің қызметінің төмендеуімен бай-
ланысты. Жүрек қызметі бұлшық еттің оттегімен жабдықталуын
лимиттеуші басты фактор болып саналады. Жұмыс негізінен гликоге-
нолиз арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ оны жалғастыруды тоқтатуы
организмнің көмірсу ресурсының түгесілуімен байланысты емес.
Бұлшық ет пен қандағы сүт қышқылының жоғары концентрация-
сы оны максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды
орындау кезіндегі қажудың маңызды механизмдерінің бірі ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді.
Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар жүрек-
тамыр жүйесіне жүктеменің көп болуымен байланысты. Олар-
ды орындау негізгі субстрат ретінде бұлшық ет гликогені мен қан
глюкозасын пайдаланатын жұмысшы бұлшық еттердегі тотығу
үдерістерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жаттығулар кезінде қажудың
басты механизмі жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен бауырдағы
гликоген қорының түгесілуі болып табылады. Квази тұрақты күй
кезеңі барысында жүрек-тамыр жүйесі қызметінде байқалатын
көптеген өзгерістер ақыр аяғында қажуға əкеледі. Жүрекке көп жəне
ұзақ уақыт ықпал еткен жүктеме миокард қызметінің төмендеуіне
əкеледі. Қажудың дамуында жұмыстың жалғасуы барысында
жоғарылайтын қажетті дене температурасын ұстап тұру (жұмыс ги-
пертермиясы) белгілі бір рөл атқарады.
Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығулар да оттегі та-
сымалдау жүйесіне айтарлықтай жүктеме түсіреді. Мұндай
қуаттылықты жұмыстарда гипогликемияның дамуына əкелетін
бұлшық ет гликогенінің айтарлықтай жəне бауырдағы гликогеннің
күшті шығындалуы (түгесілуі) жүреді. Сонымен қан глюкозасы
жалғыз энергия көзі болып табылатын ОЖЖ екіншілік зардап шегеді.
Бұдан басқа жылу реттелу үдерісінің бұзылуының көп маңызы бар.
116
Бұл дене температурасының критикалық жоғарылауын тудыруы
мүмкін. Қосымша қан айналымының қайта таратылуы (тері қан
айналымының күшеюі мен жұмыс атқаратын бұлшық еттердегі қан
айналымның төмендеуі) нəтижесінде жылу шығару жоғарылайды.
Жұмысшы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуінің төмендеуі бұлшық
ет қажуына əкеледі.
Аз аэробтық қуаттылықты жаттығулар да орташа аэробтық
қуаттылықты жаттығулар кезіндегі қажу локализациясы мен
механизмдері сияқты сипатталады. Айырмашылығы сипатталған
үдерістердің неғұрлым баяулап өтуінен жəне майлардың көп
шығындалуынан тұрады. Толық тотықпаған өнімдер қанға түсіп
қажудың маңызды факторы болуы мүмкін.
Қалпына келу
Жаттығуды тоқтатқан соң сол жаттығудың орындалу-
ын қамтамасыз ететін физиологиялық жүйелер қызметінің кері
өзгерістері жүреді. Осы кезеңдегі өзгерістер жиынтығының барлығы
қалпына келу түсінігіне келіп саяды. Қалпына келу кезеңі барысын-
да жұмыс метаболизмі өнімдері жойылады жəне бұлшық ет əрекеті
кезінде шығындалған энергиялық қор, пластикалық (құрылымдық)
заттар (белок жəне т.б.) мен ферменттер толтырылады, яғни бұзылған
гомеостаз жұмысының қалпына келуі жүреді. Бірақ қалпына келу
организмнің тек жұмыс алдыңғы күйіне оралу үдерісі ғана емес.
Осы кезеңде организмнің қызметтік мүмкіндігінің жоғарылауын,
яғни жаттықтыру əсерінің тиімділігін қамтамасыз ететін өзгерістер
де жүреді.
Жұмысты тоқтатқаннан кейінгі қызметтердің қалпына
келуі. Жұмысты тоқтата салысымен түрлі физиологиялық жүйелер
қызметінде алуан түрлі өзгерістер жүреді. Қалпына келу кезеңінде:
1. Тез қалпына келу;
2. Баяу қалпына келу;
3. Суперкомпенсация (немесе «қайта қалпына келу»);
4. Ұзақ (кеш) қалпына келу сияқты 4 фазаны бөліп көрсетуге бо-
лады.
Əртүрлі қызметтерде бұл фазалар, олардың ұзақтығы мен си-
паты түрліше болады. Алғашқы екі фазаға қажытатын жұмыс
117
нəтижесінде төмендейтін жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келу
кезеңі, үшінші фазаға жоғары жұмысқа қабілеттілік, төртіншіге
жұмыс қабілеттіліктің қалыпты (жұмыс алдыңғы) деңгейіне оралу
сəйкес келеді (33-сурет).
Жұмыстан кейін қызметтердің қалпына келуінің жалпы
заңдылықтары келесілерден тұрады.
Біріншіден, көптеген функциялық көрсеткіштердің қалпына
келу жылдамдығы мен ұзақтығы жұмыс қуаттылығымен тура
тəуелділікте болады: неғұрлым жұмыс қуаттылығы жоғары болған
сайын соғұрлым жұмыс кезінде көптеген өзгерістер жүреді жəне
(сəйкесінше) қалпына келу жылдамдығы жоғары болады. Бұл
неғұрлым жаттығудың шекті ұзақтығы қысқарақ болған сайын
соғұрлым қалпына келу кезеңі қысқа болатынын көрсетеді. Мəселен,
максималды анаэробтық жұмыстан соң көптеген қызметтердің
қалпына келу ұзақтығы бірнеше минутқа, ал ұзақ жұмыстан кейін
мысалы, марафондық жүгіруден кейін бірнеше күнге созылады.
Көптеген функциялық көрсеткіштердің бастапқы қалпына келу ба-
рысы өзінің сипаты бойынша бабына келу кезеңіндегі олардың
өзгерістерінің айнадағы бейнесі ретінде көрінеді.
33-сурет. Жұмысты тоқтатқанға дейінгі жəне қалпына келу кезеңінде
жұмысқа қабілеттілік өзгерістерінің сызбанұсқалық көрінісі
(Г. В. Фольборт бойынша)
Екіншіден,
түрлі
қызметтердің
қалпына
келуі
түрлі
жылдамдықпен, ал қалпына келу үдерістерінің кейбір фазалары
əртүрлі бағыттылықпен өтеді, сондықтан олардың тыныштықтағы
118
деңгейге жетуі бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды болады.
Сондықтан тұтас қалпына келу үдерісінің аяқталуын бір жəне тіпті,
бірнеше көрсеткіштермен ғана шектеп көрсетпей, тек неғұрлым баяу
қалпына келетін көрсеткіштің бастапқы (жұмыс алдыңғы) деңгейге
оралуымен бағалау керек.
Үшіншіден, қарқынды жұмыстан кейін қалпына келу кезеңі ба-
рысында организм қызметін анықтайтын көрсеткіштердің көпшілігі
мен жұмысқа қабілеттілік жұмыс алдыңғы деңгейге жетіп қана
қоймай, «қайта қалпына келу» фазасы арқылы өте отырып, одан
асып түсуі де мүмкін. Энергиялық субстраттар туралы сөз болғанда,
мұндай жұмыс алдыңғы деңгейден уақытша жоғарылау суперком-
пенсация деп аталады.
Оттектік қарыздылық жəне организмнің энергиялық
қорларының қалпына келуі. Бұлшық ет жұмысы үдерісінде
организмнің оттектік қоры, фосфагендер (АТФ жəне КрФ),
көмірсулар (бұлшық ет жəне бауыр гликогені, қан глюкозасы) жəне
майлардың шығындалуы жүреді. Жұмыстан соң олардың қалпына
келуі орын алады. Тек майлар ғана қалпына келмеуі мүмкін.
Жұмыстан кейін организмде жүретін қалпына келу үдерістерінің
энергиялық сипаты жұмыс алдыңғы күймен салыстырғанда оттегі
пайдаланудың жоғарылауымен – оттектік қарыздылықпен көрінеді.
А. Хилл теориясына сəйкес оттектік қарыздылық дегеніміз жұмыс
кезінде шығындалған энергия қорының қалпына келуімен жəне
сүт қышқылының жойылуымен жүретін жұмыс алдыңғы күйге
дейін қалпына келу үшін организмді энергиямен қамтамасыз ететін
тыныштықтағы жұмыс алдыңғы деңгейден асатын оттегіні артық
пайдалану. Жұмыстан кейін оттегі пайдалану жылдамдығы экс-
поненциалды төмендейді, яғни алғашқы 2-3 минутта өте жылдам
(жылдам немесе алактатты оттектік қарыздылық компоненті), содан
соң жұмыс алдыңғы деңгейге жуық тұрақты өлшемге (30-60 мин)
жеткенге дейін неғұрлым баяулау (баяу немесе лактатты оттектік
қарыздылық компоненті) болады.
ОМП-дан 60%-ға дейін қуаттылықты жұмыстан кейін оттектік
қарыздылық оттегі тапшылығынан біршама асады. Неғұрлым
қарқынды жаттығудан кейін оттектік қарыздылық оттектік
тапшылықтан айтарлықтай жоғарылайды. Мұнда неғұрлым жұмыс
қуаттылығы жоғары болған сайын оттектік қарыздылық соғұрлым
көп болады (34-сурет).
119
Оттектік қарыздылықтың жылдам (алактатты) компоненті
бастысы жұмыс атқарушы бұлшық еттердегі жұмыс кезінде
шығындалған жоғары энергиялық фосфагендерді жылдам қалпына
келтіруге оттегі қолданумен жəне сонымен қатар вена қанындағы
оттегінің қалыпты мөлшерін қалпына келтірумен жəне миоглобинді
оттегімен қанықтырумен байланысты.
34-сурет. Əртүрлі салыстырмалы қуаттылықты жаттығулар кезіндегі
оттектік қарыздылық пен оттектік тапшылық (Х. Кнуттген, Б. Салтин
бойынша)
Оттектік қарыздылықтың баяу (лактатты) компоненті
көптеген факторлармен байланысты. Ол жұмыстан кейінгі лактаттың
көп мөлшерде қан мен ұлпа сұйықтығынан жойылуымен байланыс-
ты. Бұл жағдайда оттегі қан лактатынан (ең бастысы бауырда жəне
бүйректің кейбір бөлімінде) гликоген ресинтезі мен жүрек пен қаңқа
бұлшық еттерінде лактаттың тотығуын қамтамасыз ететін тотығу
реакцияларына пайдаланылады. Бұдан басқа оттегі пайдаланудың
ұзақ жоғарылауы қалпына келу кезеңінде тыныс алу мен қан ай-
налу жүйесінің күшейтілген қызметін, күшейтілген зат алмасу-
ын жəне т.б. үдерістерін сақтап тұру қажеттілігімен байланысты.
Ол үдерістер, сонымен қатар қалпына келу кезеңі барысында баяу
төмендейтін жоғары дене температурасының, симпатикалық жəне
120
ішкі секрециялық жүйелердің жоғары белсенділігінің ұзақ уақыт
сақтап тұрылуымен негізделген.
Оттегі қорының қалпына келуі. Бұлшық еттерде оттегі мио-
глобинмен химиялық байланысқан түрде болады. Бұл қорлар өте
үлкен емес, мəселен, бұлшық ет массасының əр килограммында
11 мл-ге жуық О
2
болады. Сəйкесінше, «бұлшық еттік» оттегінің
жалпы қоры спортшыларда 40 кг бұлшық ет массасына есептеген-
де 0,5 л-ден аспайды. Бұлшық ет жұмысы үдерісінде ол жылдам
шығындалып, ал жұмыстан кейін тез қалпына келуі мүмкін. Оттегі
қорының қалпына келу жылдамдығы тек оның бұлшық еттерге
жеткізілуімен байланысты.
Жұмысты тоқтата салысымен бұлшық ет арқылы өтетін артерия
қанындағы оттегінің парциалдық кернеуі (мөлшері) жоғары болады,
сондықтан О
2
-миоглобиннің қалпына келуі бірнеше секундта жүруі
ықтимал. Шығындалған мұндағы оттегі жəне сонымен қатар вена
қанындағы оның қалыпты мөлшерін толтыруға апаратын оттегінің
(0,2 л-ге дейін) кішкене мөлшері оттектік қарыздылықтың жылдам
фракциясының біраз бөлігін құрайды.
Сонымен, жұмысты тоқтатқаннан бірнеше секундтан соң-
ақ, бұлшық ет пен қандағы оттегі «қорлары» қалпына келеді.
Альвеолалық ауа мен артерия қанындағы оттегінің парциалдық
кернеуі тек жұмыс алдындағы деңгейге жетіп ғана қоймай, одан асып
та түседі. Жұмыстан кейінгі кезеңде оттегімен жеткілікті қамтамасыз
етілуін көрсететін жұмыс істейтін бұлшық еттер жəне басқа белсенді
дене мүшелері мен ұлпаларынан келетін вена қанындағы О
2
мөлшері
де тез қалпына келеді. Сондықтан қалпына келу үдерістерін жыл-
дамдату үшін жұмыстан кейін таза оттегімен немесе оттегінің көп
мөлшері бар қоспалармен тыныс алуды қолданудың ешқандай
физиологиялық негізі жоқ.
Фосфагендердің (АТФ жəне КрФ) қалпына келуі. Фосфаген-
дер, əсіресе АТФ өте жылдам қалпына келеді. Жұмысты тоқтатқан
соң 30 секунд ішінде-ақ шығындалған фосфагендер 70%-ға дейін
қалпына келеді, ал олардың толық толтырылуы аэробтық метабо-
лизм энергиясы есебінен, яғни оттегі қарыздылықтың жылдам фа-
засында тұтынылған оттегі арқасында бірнеше минутта аяқталады.
Шынында да, егер дереу жұмыстан кейін жұмыс атқарушы аяқ-
қолды бұрау (жгут) арқылы бұлшық еттерге қан арқылы оттегінің
баруын тежесе, онда КрФ қалпына келуі жүрмейді.
121
Неғұрлым жұмыс кезінде фосфагендер шығыны көп болса,
соғұрлым олардың қалпына келуіне оттегі көбірек қажет болады.
Мəселен 1 моль АТФ-ты қалпына келтіру үшін 3,45 литр О
2
ке-
рек. Оттегі қарыздылықтың жылдам (алактатты) фракциясының
мөлшері жұмыс соңында бұлшық еттерде фосфагендердің төмендеу
дəрежесімен тура байланысты. Сондықтан аталмыш мөлшер жұмыс
үдерісінде шығындалған фосфагендер санын көрсетеді.
Жаттықпаған ер адамдарда оттегі қарыздылықтың жылдам
фракциясының максималды мөлшері 2-3 литрге жетеді. Əсіресе, бұл
көрсеткіштің жоғары мөлшері жылдамдықты-күштік спорт түрлері
өкілдерінде тіркелген. Мəселен, жоғары білікті спортшыларда 7 лит-
рге дейін болады. Бұл спорт түрлерінде бұлшық еттердегі фосфаген-
дер мөлшері жəне олардың шығындалу жылдамдығы жаттығудың
максималды жəне арақашықтық қуаттылығын анықтайды.
Гликогеннің қалпына келуі. Басында Р. Маргарий жəне оның
əріптестерінің мəліметтері бойынша жұмыс кезінде шығындалған
гликоген сүт қышқылынан жұмыстан соң 1-2 сағат барысын-
да ресинтезделеді делінген. Қалпына келудің осы кезеңінде
шығындалған О
2
оттегі қарыздылықтың екінші, баяу немесе лак-
татты фракциясын анықтайды. Дегенмен, қазіргі уақытта бұлшық
еттердегі гликогеннің қалпына келуі 2-3 күнге дейін созылатыны
анықталған. Гликогеннің қалпына келу жылдамдығы жəне бауыр
мен бұлшық еттегі қалпына келетін қорларының мөлшері екі негізгі
факторларға:
1. Жұмыс үдерісінде гликогеннің шығындалу дəрежесіне;
2. Қалпына келу кезеңіндегі ас рационы сипатына байланысты.
Күнделікті қарқынды жəне ұзақ жаттықтыру сабақтары кезінде
жұмысшы бұлшық еттер мен бауырдағы гликоген мөлшері күннен
күнге айтарлықтай төмендейді. Сондықтан кəдімгі ас рационы
кезінде жаттықтыру арасындағы тəуліктік үзілістің өзі гликогеннің
толық қалпына келуіне жеткіліксіз. Спортшының ас рационын-
да көмірсулар мөлшерін арттыру келесі жаттықтыру сабағына
дейін организмнің көмірсу ресурстарының толық қалпына келуін
қамтамасыз етуі мүмкін.
Сүт қышқылының жойылуы. Қалпына келу кезеңінде
жұмысшы бұлшық ет, қан жəне ұлпа сұйықтығынан сүт
қышқылының жойылуы неғұрлым жұмыс кезінде сүт қышқылы аз
түзілсе, соғұрлым жылдамырақ жүреді. Жұмыстан кейінгі режим
122
де маңызды рөл атқарады. Мəселен, максималды жүктемеден кейін
жинақталған сүт қышқылын толық жою үшін толық тыныштық
күйінде, яғни отырғанда немесе жатқанда (пассивті қалпына келу)
60-90 минут қажет. Бірақ егер мұндай жүктемеден кейін жеңіл
жұмыс (активті қалпына келу) орындалса, онда сүт қышқылының
жойылуы айтарлықтай жылдамырақ жүреді. Жаттықпаған адам-
дарда «қалпына келтіруші» жүктеменің оптималды қарқындылығы
шамамен, ОМП-дан 30-45% (мысалы, жортақтап жүгіру), ал жақсы
жаттыққан спортшыларда ОМП-дан 50-60%, жалпы ұзақтық ша-
мамен, 20 минут болады. Сүт қышқылының жойылуының негізгі 4
жолы бар:
1. СО
2
жəне Н
2
О дейін тотығу. Осы жолмен барлық жиналған сүт
қышқылының 70%-ы жойылады.
2. Бұлшық ет пен бауырда гликогенге жəне бауырда глюкозаға
айналу арқылы сүт қышқылының 20%-ға жуығы жойылады.
3. Белокқа айналу жолымен барлық жиналған сүт қышқылының
10%-дан азы жойылады.
4. Зəрмен, термен бөліну арқылы барлық жиналған сүт
қышқылының 1-2 %-ы жойылады.
Активті (белсенді) қалпына келу кезеңінде аэробты жол-
мен жойылған сүт қышқылының үлесі артады. Дегенмен, сүт
қышқылының тотығуы əр алуан мүшелер мен ұлпаларда (қаңқа
бұлшық еті, жүрек бұлшық еті, бауыр, бүйрек жəне т.б.) жүруі
мүмкін болса да, оның көпшілік бөлімі қаңқа бұлшық еттерінде,
əсіресе, олардың баяу талшықтарында тотығады. Бұл неліктен ауыр
жүктемеден кейін орындалған жеңіл жұмыстың (бұған негізінен
баяу бұлшық ет талшықтары қатысады) лактаттың неғұрлым тез
жойылуына əкелетіндігін түсіндіреді.
Оттегі қарыздылықтың баяу (лактатты) фракциясының
айтарлықтай бөлімі сүт қышқылының жойылуымен байланысты.
Неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым бұл фракция
жоғары келеді. Жаттықпаған адамдарда ол максималды 5-10 литр-
ге жетеді, ал спортшыларда, əсіресе, жылдамдықты-күштік спорт
түрлері өкілдерінде 15-20 литр болады. Оның ұзақтығы 1 сағатқа
жуық. Оттегі қарыздылықтың лактатты фракциясының мөлшері мен
ұзақтығы активті қалпына келу кезінде төмендейді.
Активті (белсенді) тынығу. Жұмыстан кейін бұрынғы күйге
жетудің маңызды əдісі – активті тынығу. Активті тынығу феноменін,
123
яғни активті əрекеттен демалыс кезінде жұмыс қабілеттілігінің
жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын.
Қалпына келу үдерістерінің сипаты жəне ұзақтығы жұмыстан
кейін қалпына келу кезеңінде спортшы əрекетінің режимімен бай-
ланысты өзгеруі мүмкін. И. М. Сеченовтың тəжірибелері бойын-
ша, қажыған бұлшық еттердің жұмыстан кейін бұрынғы қалпына
келуі толық тыныштық сақтағаннан гөрі, басқа бұлшық еттерді
жұмысқа қосқан кезде тезірек жүреді. Ол бұлшық еттердің өзара ал-
масып, нəтижелі жұмыс істеу сапасын көтереді. Қол эргографында
жұмыстан қажыған қолдың жұмыс қабілеттілігі тынығу кезеңінде
басқа қол жұмысымен айналысқанда тезірек жəне толығырақ
қалпына келетінін байқаған. Бұл феноменді И. М. Сеченов талдай
отырып, тынығу кезінде басқа жұмыс атқарушы бұлшық еттерден
түсетін афферентті импульстер оларды энергиямен зарядтай оты-
рып, жүйке орталықтарының жұмыс қабілеттілігінің жақсы қалпына
келуіне себепші болатындығын жорамалдады. «Энергиямен заряд-
талуды» қажыған жүйке жасушаларының жұмыс қабілеттілігі мен
белсенділігінің жоғарылауына əкелетін торлы құрылымның үлкен
ми сыңарлары қыртысының қозғалыс орталықтарына арнайы
емес ықпалы ретінде қарастырған жөн. Активті тынығу феномені
жүйке орталықтары арасындағы индукциялы қатынаспен де
түсіндірілуі мүмкін. И. П. Павлов теріс индукцияны қажыған жүйке
орталықтарын «энергиямен зарядтауды» жүзеге асыратын потенци-
алды резерв ретінде көрді.
Сонымен қатар бір қолдың жұмысы басқа қол тамырындағы
қан айналымының артуын тудыра отырып, қажыған бұлшық
еттердің жұмыс қабілеттілігінің неғұрлым жылдам қалпына келуіне
мүмкіндік береді.
Тынығудың мəні орындалатын жұмыстың сипатына байланыс-
ты. Жалпы алғанда, пассивті (селқос) тынығу тиімсіз келеді, өйткені
одан кейін іске қосылу баяулайды жəне қиындайды. Бұл кезеңде
бұлшық еттердің жұмысқа қабілеттілігі төмендегенмен, олардың өте
жоғары электрлік белсенділігі байқалады. Сонымен қатар пассивті
тынығудан кейін ол баяу қалпына келеді.
Сондықтан пассивті тынығу ауыр жəне қолайсыз өндіріс
жағдайларында істелетін жұмыстан кейін орынды. Тынығу кезінде
шаршаған бұлшық еттерге демалыс беру үшін, дене қалпын өзгертіп
отыру керек. Ал ой еңбегінен кейінгі тынығу кезінде, керісінше,
124
дене жүктемелері қосылуға тиіс. Мұндай жағдайда жұмысқа
кіріскен бұлшық еттердің рецепторлары жүйке орталығына им-
пульстер жіберіп, оларды қоздырады. Ал қозу толқыны жайылған
ми қыртысының аймақтары индукция заңына сəйкес теже-
лу үдерістерін жаңғыртады, сөйтіп қайта қалыптасу жақсарады,
олардың қозғыштық қасиеті артады.
Тынығуды белсендіру іс-əрекет түрлерін өзгерту мен өндірістік
гимнастика арқылы қамтамасыз етіледі. Жұмысқа қабілеттілікті
жоғары деңгейде сақтау мен денсаулықты нығайту үшін үнемі
дұрыс қолданылатын өндірістік гимнастика көп пайдалы болады.
Ол əсіресе, аз қимылдайтын жұмыстарда, ақыл-ой еңбектерінде өте
тиімді.
Ал жүйкеге тиетін жəне зор зейінді талап ететін жұмыстарда,
саусақтың жоғары ырғақты, дəлме-дəл, ұсақ қимылдарында,
бірсарынды істерде жиі жəне қысқа (5-10 мин) үзілістер енгізілу ке-
рек. Өте қатты қажытатын жұмыстарда үзілістер жиі жəне ұзаққа
созылуы тиіс. Жұмыстың статикалық түрлерін динамикалық
түрлеріне, қол еңбегін ой еңбегіне алмастырып отыру қажет. Жұмыс
қабілеттілікті көтеру үшін қолайлы гигиеналық, эргономикалық
жəне психологиялық жағдайлар толық жасалуы керек. Бұл шаралар
организмнің апталық немесе тəуліктік физиологиялық ырғақтарына
сəйкес ұйымдастырылуға тиіс. Активті тынығудың оң əсері тек
жұмысқа басқа бұлшық ет топтарының қайта қосылуы кезінде
ғана емес, сол жұмыстың өзін азырақ қарқындылықпен орындау
кезінде де көрінеді. Мысалы, жоғары жылдамдықпен жүгіруден
жортақтап жүгіруге ауысса, неғұрлым тезірек қалпына келу үшін
тиімді болады. Пассивті тынығу кезіне қарағанда, активті тынығу
кезінде, яғни төмен қуаттылықты жұмыс жағдайында сүт қышқылы
қаннан тезірек жойылады. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда
жұмыс соңында немесе жарыстан кейін орындалатын жоғары емес
қуаттылықты аяқтау жұмысының оң əсері активті тынығу феномені
көрінісі болып табылады. Активті тынығу спорт практикасында
бұлшық ет жұмысының бір түрінің басқаға, қарқынды жүктеменің
аз қарқынды жүктемеге ауысуы ретінде қолданады. Активті тынығу
ретінде оптималды қарқынды жаттығулар ұсынылуы мүмкін. Деген-
мен, ұзақ бірсарынды (монотонды) жұмыстардан қажу кезінде қысқа
мерзімдік қысқа жаттығулар неғұрлым тиімдірек болады. Спорт-
шылар жаттығулар арасында активті үзілістермен қатар пассивті
125
тынығу да қолданады. Жарыстың үзіліс кездерінде кейбір спортшы-
лар аутогендік жаттығу жəне қысқа мерзімдік ұйқыны қолдана оты-
рып толығымен қалпына келуге үлгереді. Активті тынығу əдістерін
қолдану бойынша тəжірибелік ұсыныстар беруде спортшылар-
да активті жəне пассивті тынығу түрлерін кезектестіре отырып,
қалпына келу үдерістері өтуінің жеке-дара ерекшеліктерін ескеру
қажет.
Қазіргі кезде спорт жəне еңбек физиологиясында адамның
əртүрлі функциялық күйін жəне сырқатқа шалдығуын болжау өте
маңызды орын алады. Əсіресе, бұл организм мен қоршаған ортаның
арақатынасы өзгергенде, төтенше факторлар əсер еткенде, еңбек
жəне жаттықтыру жүктемелерінен кейінгі қажу пайда болғанда
қолданылады.
Организмнің
əртүрлі
функциялық
күйі
вегетативтік
(энергиялық), соматикалық немесе бұлшық ет (орындаушы) жəне
психофизиологиялық (меңгеруші) жүйелер арқылы анықталады
(П. К. Анохин, В. И. Медведев).
Қызметтердің энергиялық деңгейін ішкі мүшелердің (жүрек-
тамыр, тыныс, эндокриндік, қан жүйесі, т.б.) қызметі арқылы
бағалайды. Оның орындаушы деңгейін рефлексометрия əдісімен
бұлшық ет пен орталық жүйке жүйесінің психомоторлық
көрсеткіштері арқылы бағалайды. Ал қызметтердің меңгеруші
(психофизиологиялық) деңгейін ойлау, зейін, зерде ерекшеліктері
көрсеткіштері арқылы тексереді. Осы комплексті əдістерді
қолданып, адамның іс-əрекетіне, спортпен айналысуға мүмкіндігін
жəне қабілетін болжауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |