Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің биологиялық
факторлары
Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің биологиялық фактор-
лары (көмірсуларға бай, дəруменделген тағам, кейбір биологиялық
активті заттар) организмнің энергиялық балансын жақсартатыны
сөзсіз. Н. Р. Чаговец биологиялық активті заттар қатарына трикар-
бон қышқылдары цикліндегі метаболизм өнімдерін, соның ішінде
жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге тиімді əсер ететін янтарь
қышқылын жатқызады. Аспарагин жəне глутамин қышқылдары
қалпына келу үдерістерін жылдамдатады.
126
Дене жұмыс қабілеттілігінің биологиялық стимуляторлары
организмнің энергиялық балансын жақсартады. Мəселен, қалпына
келу кезеңінде белокты артық қабылдау немесе оның синтезінің
жылдамдауы кезінде спорттық жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды.
Бұған белок алмасуы күшейтілуімен стимулданған жылдамдатылған
пластикалық үдерістер ықпал етеді.
Бұлшық ет əрекеті кезінде қуатты энергиялық көз глюкоза болып
табылады. Сонымен қатар оны артық пайдалану физиологиялық
қалыпқа (нормаға) жатпайтын өзгерістер кешенін тудырады. Глюко-
заны қабылдау қанның тұтқырлығы мен қан айналымдағы мөлшерін
арттырады. Глюкоза электролиттік тепе-теңдікті өзгерте оты-
рып, гипокалиемияны тудырады жəне осылайша кардиопатиялық
құбылыстардың дамуына əкеледі. Стероидтық гормондар тепе-
теңдігі бұзылады. Жүрек қызметінің электрокардиографиялық кар-
тинасында жүрекке күш түскен кездегі ошақтық өзгерістерге тəн
өзгерістер байқалады.
Қалпына келтірудің типтік биологиялық факторы пангам
қышқылы (В
15
дəрумені) болып табылады. Бұл стимуляторды
қабылдау липидтер метаболизмін күшейтеді. Пангам қышқылы
ұлпалардағы КрФ деңгейін жоғарылата жəне перифериялық
ұлпалардағы қалпына келу үдерістерін жылдамдата отырып,
жылдамдық төзімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
ОЖЖ арқылы жүзеге асатын анаболикалық əсерге элеутерококк
ие. Ол КрФ пен гликоген шығынын төмендетеді, бұлшық еттердегі
фосфолипидтер мөлшерін арттырады, сонымен бірге көмірсу алма-
суынан көмірсу емес энергия көзіне қосылуына мүмкіндік туғызады.
Бұлшық ет жұмыс қабілеттілігінің стимуляторы рөлін жəне
энергияның қосымша көзін бұлшық ет-аденил препараты атқарады.
Массаждың əр түрін (уқалау, ысқылау, вибромассаж), гидропро-
цедуралар (душ, шомылу, сауна) қолдану қалпына келу үдерістерін
жылдамдатады.
Олар
психотерапиямен,
гидроэлектролиттік
теңгерілумен қатар жүру керек. Жүрек қызметін қалпына келтіру
үшін оттектік терапия, сонымен қатар С жəне В дəрумендер тобын
қабылдау пайдалы.
Дəрігердің нұсқауынсыз, өз еркімен дəрумендерді көп қабылдау
зат алмасу үдерістерінің бұзылуларына əкелуі мүмкін. Мəселен,
дəрумендерді артық қабылдаудан организмде субстраттық фермент-
тер өндіріледі. Олар дəрумендердің артық мөлшерін катализдеп,
гиповитаминозға əкеледі.
127
VІ ТАРАУ
ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Спортшылардың техникалық шеберліктерінің негізі жаттығу
үдерісінде қалыптасып, спорттық нəтижеге айтарлықтай ықпал
ететін қимыл дағдылары болып табылады. Осы қимыл дағдысы
есебінен спорттық техника тиімділігі циклдік спорт түрлерінде
10-25%-ға, ал ациклдік спорт түрлерінде одан да көп пайызға
жоғарылайды деп саналады.
Түрлі қозғалыс əрекеттері туа пайда болумен қатар тіршілік ба-
рысында арнайы үйрену нəтижесінде жүре қалыптасады. Орталық
жүйке жүйесінің осы қимыл-қозғалыстарды басқарудағы жəне жұ-
мыс кезіндегі физиологиялық өзгерістердің дамуындағы реттеушілік
маңызы өте зор. Бұл спорттық динамикалық қозғалыстарды орын-
дау мен дененің белгілі бір қалпын сақтаудың тек бір ғана емес,
бірнеше тіпті, ондаған түрлі бұлшық еттердің қатысуымен қатар
жүретіндігімен байланысты. Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
құрамы жəне ондағы жиырылатын қимыл бірліктері (моторлық
бірліктер) саны үздіксіз өзгерісте болады (7-тараудағы 38-,
39-суреттерді қараңыз). Бұл тек бір қозғалыс əрекетінен келесіге
өту кезінде ғана емес, сонымен қатар сол бір фазаның өзінде де
орын алады. Сол сияқты қозғалыс кезіндегі бұлшық ет құрамы
секілді жұмысқа қатысқан қимыл бірліктерінің саны да қозғалыс
жылдамдығына, күш дəрежесіне, қажуға жəне т.б. факторларға
сəйкес құбылып отырады.
Адам баласы туа пайда болған саны мен күрделілігі бойын-
ша шектеулі қозғалыс əрекеттері қорымен (ему, жұту, кірпік қағу,
əртүрлі тітіркендіргіштерге жауап ретінде аяқ-қол бұлшық еттерінің
бүгілуі мен жазылуы, т.б.) дүниеге келеді. Осылармен қатар
үйрету арқылы өзгермелі тіршілік жағдайларына барабар қозғалыс
актілерінің жаңа түрлерін меңгеру қабілетіне, яғни жаттықтырудың
жоғары дəрежесіне жетуді қамтамасыз ететін маңызды қасиеттердің
бірі жүйке жүйесінің серпімділігі де тұқым қуалау арқылы беріледі.
Бұл қасиет спорттық жаттығулар техникасын жетілдіруде зор
мүмкіндіктер тудырады.
128
Жаттықтырылу дəрежесі тұқым қуалау арқылы беріле оты-
рып əртүрлі тұлғаларда түрліше көрініс береді. Жəне де бір
адамның өзінде түрлі əрекеттерге қатысты үнемі түрленіп отырады.
Сондықтан спорттық іріктеу кезінде морфологиялық ерекшеліктер
мен вегетативтік қызмет күйімен қатар сол немесе басқа дене
жаттығулары түрлеріне тəн белгілі қозғалыс үйлесімділігі жағынан
арнайы жаттықтырылу дəрежесін ескеру қажет.
Баланың əрекетті орындауы кейде сəтті немесе сəтсіз аяқталып
жататын көптеген ретсіз, жүйесіз қозғалыстарынан бастап, белгілі
бір мақсатқа бағытталған қозғалыс əрекеттері біртіндеп қалыптаса
бастайды. Бала əрекеті нығаюының оның дамуының неғұрлым
кешірек кезеңдерінде де, əсіресе, жаңа қозғалыстарды үйрету бары-
сында маңызы бар.
Əртүрлі жас кезеңдерінде жаттықтырылу дəрежесі біркелкі
көрінбейді. Кейбір жас кезеңдерінде жаттықтырылу дəрежесінің
жоғары болуына орай қозғалыс əрекеттерін үйрету де ерекше та-
бысты өтеді. Бұл кезеңдер ақыл-ой жəне бұлшық ет əрекеттерінің
əртүрлерінде түрліше болады. Мысалы, шетел сөздерін дұрыс айту-
мен байланысты қозғалыс үйлесімділігі балалық шақта жеңіл əрі тез
меңгеріледі.
Жаңа күрделі спорттық қозғалыстар да адамның өмірінің белгілі
бір кезеңдерінде меңгеріледі. Сондықтан болашақ жаттықтырушыға
қозғалыс техникасын үйретудің тиімді жақтарын қарастыру бары-
сында дене жаттығуларының сол түріндегі жаттықтыру дəрежесі
неғұрлым жоғары болатын жас кезеңдерін айқындап алудың маңызы
зор. Спорт практикасынан коньки, гимнастика, суға секіру жəне т.б.
дене жаттығуларындағы күрделі қозғалыс əрекеттерін үйретудің
балалық шақта айтарлықтай тиімді өтетіндігі белгілі.
Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері
Балада үйретудің ерте кезеңдерінде қалыптасатын ерікті
қозғалыстардың барлығы шартты рефлекстік қызметтің жал-
пы заңдылықтарына бағынады. Жасқа сай даму мен сананың
қалыптасуы барысында бұл заңдылықтар жаңа сапалы мазмұнға ие
болады. Қозғалысты саналы ерікті бақылай білу үйретудің табысты
болуының басты қағидасы болып табылады.
129
Қимыл дағдысының сезгіш (сенсорлық) жəне орындаушы
(оперантты) бөлімдері. Жаттықтырылу дəрежесінің физиологиялық
механизмі шартты рефлекстік жолдар арқылы пайда болған бай-
ланыс болып табылады. Шартты рефлекстің физиологиялық негізі
уақытша байланыстың тұйықталу қасиеті болып табылады. Шарт-
ты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы жүйке
орталықтарының арасындағы уақытша жүйкелік байланыс дегені-
міз – шартты жəне шартсыз тітіркендірулерді ұштастырғанда пай-
да болатын, əртүрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі қарым-
қатынасын
қалыптастыратын
мидың
нейрофизиологиялық,
биохимиялық жəне құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Ерікті
қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И. М. Сеченов ашып
көрсеткен болатын. Кейін И. П. Павлов шəкірттерімен шартты
рефлекстік байланыс механизмдері бойынша қозғалыс əрекеттерінің
жаңа түрлерінің түзілуінің негізгі заңдылықтарын ұсынған.
Ғалымның пікіріне сүйенсек, уақытша жүйкелік байланыс ми
қыртысының шартты жəне шартсыз тітіркендірілуін қабылдайтын
орталықтарының арасында «соқпақ» жолдар пайда болуы салдары-
нан қалыптасады.
Сезгіш шартты рефлекстерде афферентті сигналдарға жауап
беру (мысалы, сілекей бөліну, тітіркендіргіштер əсер етуінен қолды
тартып алу) шартсыз рефлекстік немесе ертерек жүре пайда болған
шартты реакция болып табылады. Олардағы жауап организмдегі
бұрынғы болған реакция ретінде қолданылса, тек сигнал, яғни
сезгіш бөлім жаңа шартты рефлексті қасиетке ие.
Бірақ қимыл дағдылары туралы сөз болғанда оперантты неме-
се мануалды, уақытша байланыстың түзілуі қатар айтылады. Бұл
байланыстар қозғалыстың жаңа түрімен немесе сол организмде
осы уақытқа дейін болмаған жаңа күрделі қозғалыс актісінің белгілі
элементтерінен комбинация түзілуімен сипатталады. Демек, бұл
жағдайда уақытша байланыстар тек афферентті (сезгіш) ғана емес,
сонымен қатар эфферентті, яғни қозғалыс реакцияларының орында-
ушы буындарына да қатысты.
Адамның қимыл дағдылары оларда уақытша байланыстың екі
түрінің де бір мезгілде сəйкес келуімен сипатталады. Бір жағынан,
бірінші жəне екінші сигналдық жүйелер арқылы спортшы үшін
талғаусыз (индифферентті) тітіркендіргіш пен келесі əрекет (уақытша
байланыстың сезгіш бөлімдері) арасында байланыс қалыптасса,
екінші жағынан, тек қозғалыс ғана емес вегетативтік қызмет сипаты-
130
на да сəйкес жаңа жауап қимыл реакциялары (уақытша байланыстың
оперантты бөлімдері) пайда болады.
Адамда спорттық жəне т.б. қимыл дағдыларының түзілуі бары-
сында тек бірінші ғана емес, екінші сигналдық жүйенің де əсер етуі
арқылы қалыптасатын жоғары қатардағы уақытша байланыстың
маңызы өте зор.
Қимыл дағдысының қалыптасуы əсіресе циклдік ұзақ жаттығулар
кезінде қозғалыстың вегетативтік мүшелер қызметімен неғұрлым
тиімді қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретін уақытша байланыстың
түзілуіне əкеледі (жаттығулардың жіктелуі 3-тарауда толық баянда-
лады).
Қимыл дағдысының моторлық жəне вегетативтік бөлімдерінің
бір мезгілде қалыптаспауының өзіндік маңызы бар. Салыстырмалы
қарапайым қозғалыс дағдыларында (мысалы, жүгіруде, шаңғы тебу-
де) моторлық (қимыл) бөлімдері, ал күрделі қозғалысты дағдыларда
(мысалы, гимнастикада, күресте, спорт ойындарында) вегетативтік
бөлім ертерек қалыптасады.
М. Е. Маршак пікіріне сүйенсек, дағдының қалыптасуынан кейін
вегетативті бөлімдер қимыл бөлімдеріне қарағанда неғұрлым инертті
болып келеді. Мысалы, үйреншікті əрекет түрінің өзгерісі кезінде,
яғни үздіксіз жұмыстан үзілісті қарқынды жұмысқа ауысса қимыл
қызметтері жылдам, кейбір жағдайларда сол сəтте-ақ өзгереді, ал
вегетативті мүшелер ұзақ уақыт бұрын қалыптасқан қозғалыс сипа-
тына сəйкес қызмет етеді.
Күрделі қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген
үйлесімділіктің
(координацияның)
маңызы.
Күрделі
қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген үйлесімділіктің
маңызы зор. Спорттық қозғалыстар техникасын үйрету кезінде
қимыл дағдыларының қалыптасуы əрқашанда организмнің ерте
өндірілген үйлесімділігі базасы негізінде жүреді. Мысалы, баланың
қаз тұруы бұрынғы отыру дағдысы негізінде, жүру дағдысы қаз тұру
дағдысы негізінде қалыптасады. Түрлі спорттық жаттығулар кезінде,
мысалы, гимнастика, коньки тебуде дене жаттығуларының көпшілік
бөлімдері толығымен жаңа болып табылмайды, яғни оларда бұрын
қалыптасқан дағдылардың элементтері бар.
Егер компоненттері айтарлықтай жаңа болатын күрделі
қимыл техникасын меңгеру қажет болса, онда көбінесе, даярлық
жаттығулары жəне неғұрлым қарапайым үйлесімділікте қалыптасқан
131
уақытша байланыстар базасы негізінде қимылды орындау техника-
сын біртіндеп күрделендіре отырып, элементтер бойынша үйрету
қолданылады.
Бұрын берік қалыптасқан дағдылар қимыл актісі өзінің сипа-
ты бойынша жаңа дағдылардың түзілуіне ықпал ете отыруымен
қатар кейбір жағдайларда, əсіресе, егер жаңа қозғалыс құрылымы
ескі дағдының қайта жасалуымен байланысты болса, олардың
қалыптасуына кедергі келтіруі де мүмкін. Сондықтан спорттық
жаттығуларды үйрету барысында дұрыс қозғалыс дағдысын
қалыптастырудың маңызы зор. Себебі толық қанды емес берік
бекітілген қозғалыс əрекеттерін қайта жасау ұзақ уақытты жəне көп
тер төгуді қажет етеді.
Динамикалық стереотип жəне экстраполяция қимыл
дағдысының физиологиялық негіздері
Қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байланыс-
ты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі.
Ациклдік жаттығуларда жеке фазалар белгілі тəртіпте бірізділікпен
бір-бірін алмастырып отырады. Циклдік жаттығулардың да əр
циклінде фазалардың қайта-қайта бірнеше рет қайталануымен
жүретін белгілі бір заңдылықты байланыс болады (толығымен 3-та-
рауда баяндалған).
Қимыл дағдыларының қалыптасуы барысында қозғалыстың
жеке фазалары өзіне тəн реакциялар тізбегін түзіп, динамикалық
стереотип (лат. динамика – қозғалыстың, əрекеттің көптігі; грек. сте-
рео – қатты, типос – таңдау, із) қалыптасады. Сыртқы ортадан ор-
ганизмге жүйелі жəне дəлме-дəл бірізділікпен белгілі бір мерзімде
əсер ететін тітіркендіргіштердің əрқайсысы ми қыртысындағы тиісті
қозу мен тежелу үдерістері арқылы организмнің белгілі бір реак-
циясын туғызады. Сондықтан сыртқы стереотипті (таптаурынды)
тітіркенуге сəйкес, мида осы сияқты функциялық қатынастардың
бірізді өзгерісі пайда болады. Олар сол тəртіппен бірнеше рет
қайталанған жағдайда біртұтас біріккен рефлекстер жүйесіне ай-
налады. Мұндай қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі
бірізділікпен қалыптасуы динамикалық стереотип деп аталады.
Дене жаттығуларында динамикалық стереотип қозғалыс
132
фазаларының жүзеге асырылуының тек бірізділігіне қатысты екенін
атап өткен жөн. Мəселен, жүгіру, жаяу жүру, жүзу жəне т.б. бары-
сында бұл фазалардың бірізділіктері ғана бəрінде бірдей бола-
ды, ал олардың арасындағы уақыт қатынастары, қадам жиілігі мен
ұзындығы үнемі түрленіп отырады. Қозғалыстың ішкі құрылымы,
яғни қозғалыс əрекетіне қатысатын бұлшық еттің құрамы жəне
сол бұлшық еттегі қимыл бірлігінің жиырылу саны ұдайы өзгеруі
мүмкін.
Динамикалық стереотип сыртқы құрылымдық фазалардың
бірізділігі белгілі стандарт бойынша өтетін дағдыларға (циклдік
жаттығуларға) тəн болып табылады. Сонымен қатар жиі өзгерістердің
болуына орай жаңа қозғалыстардың қайталануын қажет ететін
басқа да дағдылар (ациклдік жаттығулар) кездеседі. Мұндай тек-
тес дағдыларға жекпе-жек түрлері бокс, семсерлесу, күрес пен
спорттық ойындар футбол, хоккей, баскетбол жəне т.б. жатады.
Оларда қозғалыс фазаларының алмасуы тұрақты біртұтас жүйе
ретінде болатын динамикалық стереотип түзілмейді. Тұрақтылық
күрделі қозғалыс комбинацияларынан көрінбей, тек жеке құрам
элементтерінен (мысалы, баскетболда айып добын лақтыру кезінде)
көрінеді.
Адамның қимыл – əрекеті көп түрлілігімен сипатталады.
Жаңа құрылымдық моторлық актінің көп бөлігі ОЖЖ жоғары
серпімділігінің арқасында экстраполяция жолымен жүзеге асыры-
лады. Ол дағдылардың тасымалдануын қамтамасыз етеді жəне «сол
орыннан» жаңа қозғалыстарды іске асыруға мүмкіндік береді.
Экстраполяция дегеніміз жүйке жүйесінің бұрын болған
тəжірибе негізінде келесі туындаған қозғалыс міндеттерін барабар
шешу қабілеті болып табылады. Меңгерілген қозғалыс қорларының
артуы адамның бұрын шешілген міндеттерге ұқсас жаңа қимыл
міндеттерін арнайы үйретусіз дұрыс шешу мүмкіндігінің
айтарлықтай жоғарылауына ықпал етеді.
Экстраполяция түрлері сан алуан. Олар тек жаңа қозғалыстар
ғана емес, сонымен қатар үйреншікті қозғалыс əрекетін орындау
кезінде де (мысалы, жаяу жүріс кезінде) кең қолданылады.
Экстраполяцияның қозғалыс əрекеті сыртқы сипатының
айтарлықтай вариацияларымен қатар жүретін қимылдарды орындау
барысында маңызы орасан зор. Мысалы, футболшы допты аяғының
ұшымен де, түрлі қырларымен де, өкшемен де, əртүрлі күшпен жəне
133
əртүрлі бастапқы жағдайда тұрып тебе алады. Осындай əр алуан
қозғалыс міндеттері тəсілдердің салыстырмалы шектеулі санын
үйретуден соң экстраполяция арқасында шешіледі.
Қимыл актілерін меңгерудегі адамның экстраполяция қабілеті
біраз дəрежеде ғана тұқым қуалайтын ақпарат негізінде пайда
болған. Бұл ретте уақытша байланыстың қалыптасуының маңызы
зор. Қозғалыс əрекетін біркелкі орындау кезінде экстраполяция
мүмкіндігі төмендесе, ал əркелкі орындау барысында бұл мүмкіндік
кеңейеді. Сондықтан тек спорттық ойындар мен жекпе-жектерде ғана
емес, циклдік қозғалыстар кезінде де жаттықтыру (жылдамдығы,
ұзақтығы, салмақтары бойынша) түрліше өткізілуі қажет.
Экстраполяция диапазоны үнемі біршама шектелген. Мəселен,
футболист меңгерген дағдылар экстраполяция жолымен күрескер
немесе боксшылардың (жəне керісінше) тəсілдерін орындау үшін
қолданылмайды. Сондықтан экстраполяцияны даярлық жаттығулары
кешендерін таңдауда ескеру керек. Бұл кешен негізгі жаттығуларды
меңгеруге жағымды ықпал ететін жаттығуларды қамту қажет. Егер
бірнеше көмекші жаттығулар экстраполяция механизмі бойынша
бірдей нəтиже берсе, онда олардың санын кеміткен жөн. Даярлық
жаттығуларын таңдауда экстраполяция механизмі бойынша қозғалыс
əрекеттерін қамтамасыз ететін вегетативтік қызметтің (қан айналу,
тыныс алу, т.б.) дамуына ықпал ететін əсерлерді əрқашан ескеру
қажет.
Қимыл дағдысының қалыптасу кезеңдері. Н. В. Зимкин
бойынша қимыл дағдысының қалыптасуы келесідей көп сатылы
үдерістерден тұрады.
1-кезеңде артық бұлшық еттерді жұмысқа тарту жəне жауап реак-
цияларын генерализациялаумен (жалпыламалаумен) қатар жүретін
жүйке үдерістерінің иррадиациясы немесе таратылуы байқалады.
Бұл кезеңде бөлек жеке əрекеттердің тұтас акт түзуі басталады.
2-кезеңде жүйке үдерістерінің концентрациясы немесе
жинақталуы, координацияның (үйлесімділіктің) артуы, артық
бұлшық ет ширығуын жою жəне стереотипті қозғалыстардың
қалыптасуының неғұрлым жоғары дəрежесі байқалады.
3-кезеңде дағды тұрақтанады жəне одан əрі қозғалыс координа-
циясы мен автоматизациясы (дағдылы əрекеттенуі) жетіле түседі.
Кейбір жағдайларда бұл кезеңдердің бірінің болмауы мүмкін. Бұл
бұлшық ет жұмысының күрделілік жəне қуаттылық дəрежесімен,
134
қозғалыс
аппаратының
бастапқы
күйімен,
спортшының
біліктілігімен, т.б. көптеген факторлармен байланысты. Жоғарыда
айтылғандай, жаңа күрделі қозғалыстар пайда болған координа-
ция фонында қалыптасады. Сол себепті мысалы, гимнастикалық
жаттығуларды үйрету жаңадан бастаған, біліктілігі орташа
дəрежедегі спортшылар мен спорт шеберлерінде түрліше өтеді.
Біліктілігі жоғары дəрежелі спортшыларда жаттығуларды үйрету
бұрын жүре пайда болған дағдылар мен экстраполяция қабілетінің
арқасында бірінші, тіпті, екінші кезеңдерсіз де өтуі мүмкін.
Ерікті қозғалыстардың қалыптасуындағы шартсыз тонустық
рефлекстердің маңызы
Туа пайда болған қозғалыс рефлекстері қалыпты дене қалпын,
кеңістікте тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Тонустық
рефлекстер статикалық (қозғалыссыз) жəне статокинетикалық
(қозғалыс-қимылдық) деп екіге бөлінеді.
Туа пайда болған статикалық рефлекстерге дененің белгілі
қалпын сақтау жəне нұсқаушы немесе қалпына келтіруші рефлекс-
тер жатады. Кеңістікте белгілі дене қалпын сақтайтын рефлекске
егер дене қалпын түрлі жағдайларға байланысты өзгертсе, оны қайта
орнына келтіретін мойын-тонустық жəне лабиринт рефлекстері жа-
тады. Вестибулярлық (тепе-теңдік) аппараты бұзылса, бұл реф-
лекстер жойылады. Бірақ қызметі жойылған рецепторлардың ор-
нын көру рецепторлары басып, тонустық рефлекстерді сақтауы
мүмкін. Вестибулярлық рецепторы бұзылған адамдар көзін жұмса,
кеңістікте тепе-теңдігін сақтай алмайды. Бұл тəжірибеден тонустық
рефлекстердің тууына көру рецепторларының да қатысы барын көр-
сетеді. Басты бұру кезінде вестибулярлық аппарат рецепторларында
қозудың туындауы салдарынан бұрылған жақтағы мойын бұлшық
еттерінің тонусының рефлексті жоғарылауына əкеліп, нəтижесінде
бас бөліміне қатысты тұлғаның қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Бұл айналдыру қозғалыстарымен байланысты (балға жəне табақша
лақтыру, акробатикалық жəне гимнастикалық жаттығулар) көптеген
спорттық жаттығуларды тиімді орындауда үлкен рөл атқарады.
Нұсқаушы немесе қалпына келтіруші рефлекс – дене өз қалпында
болмаған жағдайда оны өз табиғи күйіне, яғни теріс қараған дене
қалпын оңға қарату рефлекстері. Мысалы, кеудені түзету.
135
Статокинетикалық рефлекстерге дененің ілгері-алға қарай
немесе тіке жоғарыдан төмен не төменнен жоғары қарай не шыр
айналдыру қимылдары барысында жəне қимыл шапшаңдығының
өзгеруінен пайда болатын, сөйтіп кеңістікте дене қалпын жəне
тепе-теңдікті сақтайтын тонустық рефлекстер жатады. Шыр айна-
лып қозғалғанда ортаңғы жарғақты арнадағы эндолимфаның ара-
ласуынан вестибулярлық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш
импульстар сопақша мидың вестибулярлық ядросына келіп ай-
налу қозғалыстары кезінде бас пен көздің рефлекстік өзгерістерін
туғызады.
Шыр айналу рефлексі адамды əдейі жасалған Барани кресло-
орындығына, не центрифугада айналдырғанда пайда болады.
Адамның басы біртіндеп қимыл бағытына қарама-қарсы жаққа қарай
бұрылып, тез қайта орнына келеді, ал көз алмасы бастың бұрылған
жағынан кейін қарай қозғалып, ол да тез қалыпты орнына келеді.
Бұл қимылды нистагм-ырғақты қимыл деп атайды.
Лифт рефлексі дененің тез жоғары көтерілуінен не төмен
түсуінен пайда болады. Жануарды тез жоғары көтерсе, оның
сирақтары тізе буындарынан бүгіледі, басын ішіне тартады, ал тез
төмен түсірсе, сирақтары буындарынан жазылады, мойны созылып
ұзарады. Адамда лифт кабинасымен жоғары көтерілгенде бүгілу, ал
лифт тоқтағанда кеуде мен аяқтардың жазылуы байқалады.
Ерікті қозғалыстардың түрлеріне сонымен қатар туа пайда болған
бүгу, итеру жəне ырғақтық қозғалыс рефлекстері де қатысады.
Ырғақтық рефлекстерге қасу жəне қадымдау рефлекстері жатады.
Бұл рефлекс жаяу жүру, жүзу жəне т.б. циклдік жаттығулар сияқты
күрделі қозғалыстардың (локомоциялардың) негізін құрайды. Дене
жаттығуларын орындау туа пайда болған қозғалыс рефлекстерінің
үнемі коррекциялануымен қатар жүреді. Орталық реттеуші ықпал
ерікті қозғалыстардың сипатына сəйкес бұлшық ет тонусын
қамтамасыз етеді.
Спорттық əрекет организм мен ортаның өзара əсерінің үздіксіз
өзгерістерімен байланысты. Қоршаған ортаның өзгермелі жағдайла-
ры кезінде (мысалы, ойын алаңында) дене жаттығуларын орындаудың
күрделі техникасын меңгеру осындай өзара əсердің мысалы болып
табылады. Жаттығуларды тиімді орындауға мүмкіндік беретін нақты
дифференцияның (ажыратудың) өңделуі ми қыртысының анализ
(талдау) жəне синтез (талқылау) қызметтерінің нəтижесі болып са-
136
налады. Осы қызмет негізінде ерікті қозғалыстарды басқару жүйесі
қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |