Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Гравитациялы-қадалы тұрақты теңіз платформасы



Pdf көрінісі
бет112/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.4.4 Гравитациялы-қадалы тұрақты теңіз платформасы
Гравитациялы-қадалы тұрақты теңіз платформаларының орнатылған ор-
нынан қозғалмайтындығы тек қана конструкцияның массасының әсерінен 
ғана емес, сонымен қатар тірек бөліктерінің қадалар арқылы теңіз түбіне 
бекітілгендігінің арқасында да болады. Осындай тұрақты теңіз платформа-
лары әртүрлі конструкциялы болып келеді. Құрылыс пішіні қолданылатын 
материалдарының ұқсастығы бойынша бөлінеді.
Гравитациялы-қадалы тұғырнамалар 300 м тереңдікте, көбінесе, «үшаяқ» 
түрінде болады. Тірек бөлігінің конструкциясы көлбеу үш тіректермен 
демеленетін, үлкен диаметрлі орталық тізбектен тұрады. Тізбектер үлкен 
диаметрлі тұтас темір цилиндрлер немесе ферма конструкциялы элементтер 
түрінде болады. Мысалы: Трипод тауэр платформ жобалық конструкциясында, 
d
=15 м орталық тізбек, 8 метрлік еңкейтілген 3 тіректермен ұстатылады. Барлық 
тірек қабырғаларының қалыңдығы 160 мм. Орталық тізбектер және бүйірлік 
көлбеу тіректер қатаң көлбеу элементтерімен және қиғаш тіректермен бекітіледі. 
Тұрақты теңіз платформалары конструкциясы бір-бірімен А-тәрізді құрыш ра-
мамен байланысқан және қадалармен бекітілген 4 түптік іргетасқа орнатылады.
«Хайлант» жобасында орталық тірек-ферма, жан-жағынан үш бүйірлік 
көлбеу фермалармен бекітілген. Барлық фермалардың қималары – үшбұрышты. 
Әрбір күш түсетін элемент бөлек блоктар ретінде жасалады. Орталық 
ферманың массасы 10 мың т, тіректер массасы 4,5-5 мың т. Палубада 
d
=712 мм 
16 бағыттауыш тізбектер және массасы 24 мың т. технологиялық жабдық орна-
ту қарастырылуда. Негізгі конструкциялар массасы 31 мың т., қадалар масса-
сы 20 мың т. Негізгі орталық фермадан тірек негізіне дейінгі қашықтық 110 м. 
Тіректер орталық фермаға теңіз деңгейінен төмен 40-79 м тереңдікте бекітіледі. 
Конструкциялар: бірінші түрін – 150-460 м-ге дейін және екінші түрін – 200-400 
м-ге дейін теңіз тереңдіктерінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет