Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет114/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   274
10.11, 10.12-суреттер
). Маман-
дар зерттеулерінде, серпімді платформалардың конструкциялық модельдерін 
кішірейтуге ерекше көңіл бөлінді (
10.13-сурет
).
Модельдердегі тісті сызықтар серіппенің көлденең әсерін, ал спиральдер 
серіппенің бұралу әсерін білдіреді.
10.11-сурет. Серпімді мұнаралар конструкцияларындагы негізгі 
элементтер арасындағы жүктемелерді бөлу үлгісі
Тартылмасы бар мұнара, өзекшенің төмен жағынан, топса төменгі шетіне 
қарай тұрақталған көлденең серіппе түрінде көрсетілген. Сондықтан жүзбелі 
мұнараның көлденең ауытқуларының жиілігі, тартылмасы бар мұнараға 
қарағанда біршама көп, соған сәйкес орын ауыстыру амплитудасы да көп. 
Мұнараның негізі оның төңкерілуіне онша кедергі жасамайды.


246
10.12-сурет. Серпімді платформалардың үлгілері
1– тартылмалары бар мұнара; 2 – жүзбелі мұнара; 3 – тартылма-
лары бар және қатаң негізді мұнара; 4 – икемді мұнара; 5 – серпімді 
қадалы мұнара; 6 – қатаң негізді серпімді қадалы мұнара
10.13-сурет. Серпімді платформалардың жеңілдетілген модельдері
А – жеңілдетілген модель; Б – көлденең тербелістердің периоды; В – иілу 
тербелістерінің периоды.
1,2 – тартылмалары бар мұнара және жүзбелі мұнара; 3 – тартыл-
малары бар және қатаң негізді мұнара; 4 – икемді мұнара; 5 – серпімді 
қадалы мұнара; 6 – қатаң негізді серпімді қадалы мұнара.
Мұндай өсудің алдыналу әдістерінің бірі – серпімді мұнараны қатты 
негізге орналастыру. Бұл жағдайда мұнара ауытқуларының сипаты таяз 
судағыдай болады. Зерттеулер конструкцияның ең аз массасы мұнара және 
теңіздің 10-50% тереңдікке тең биіктігіндегі негізі арасындағы біріктіру 


247
буыны есебінен қол жеткізіледі. «Эксон» фирмасының зерттеулерінде бұл 
биіктік теңіз тереңдігінің 31%-на сәйкес келетін 244 м болып қабылданған. 
Бұл конструкцияның қысқартылған моделінің төменгі шетіне қатты қадалы 
негізді модельдейтін серіппе қосылған. Қарастырылып отырған жобалардағы 
мұнараның серпімділігіне олардың негізінің топсалы бұрылмасының арқасында 
кол жеткізіледі. Ал мұнаралардың өздері қатты өзек сияқты ауытқиды.
10.14-сурет. Платформаның тіректерін қадалармен бекіту
1 – бағыттаушы төлкеге пісірілген қада; 2 – қада бағыттаушы 
төлкесінен еркін өтеді; 3 – бағыттаушы төлкені бас тірекке 
бекіту түйіні; 4 – төменгі ұзартылған бағыттау төлкесі
Икемді мұнара негізі бекітілген ферманың қаттылығы, иілмелі өзекшенің 
негізгі ауытқулары үлкен жиілікке жететіндей етіп қарастырылған. Ауытқудың 
жиілігі бастапқы бұзылуды болдырмас үшін, өте үлкен болмауы керек.
Иілмелі өзекшенің негізгі ауытқу жиілігі түсінігіне көлденең ауытқулардың 
жиілігі, ал екінші иілмелі өзекшенің ауытқу жиілігі түсінігіне – иілу жиілігінің 
ауытқуы кіреді. Балласты камераны орнату нәтижесінде мұнараның жоғарғы 
бөлігіндегі көлденең, ауытқулардың жиілігі, иілу ауытқуларының өзгеруінсіз 
41 секундқа көбейді. Осының арқасында мұнараның салмағы азайтылды. 
Серіппелі қадалы мұнара ауытқуды қатаң өзекше сияқты қабылдайды. Егер 
салыстырылып отырған тәсілдерде қадалар орталық оське жақын орналас-
са, платформаның ауып түсуіне қарсылығы аз болса, серіппелі мұнарада олар 
сыртқары шығарылған және саны көбейген. Терең сулы тәсілдерде бұл қадалар 


248
ұштарымен бағыттауышқа (цементтелмей) отырғызылған. Ал жоғарғы ұшы 
мұнараның орта бөлігіне бекітілген. Өзінің орналасуы бойынша бұл қадалар 
бұралу мен көлденең күштерді қабылдайды. Негіздер етекті қадалардан бас 
тартуға мүмкіндік береді. Серпімді қадалы мұнара, моделі жағынан тарты-
лыстары бар сияқты қарастырылады. Жоғарғы көлденең серіппесі бұралатын 
серіппемен алмастырылады. Сондықтан бұлар кезек-кезек алмасып, сығылып 
және тартылып тұрады.
Қадалардың платформаның тіректеріне бекітілуі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет