Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары



Pdf көрінісі
бет110/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.4.3 Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары 
Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары қадалы тұрақты теңіз платфор-
маларынан теңізде орнату, тасымалдау, дайындау технологиясы, конструкциясы 
және материалдары бойынша өзгешеленеді.
Гравитациялы тұрақты теңіз платформаларының жел мен толқынның әсеріне 
қарсы болатын орта тұрақтылығының өзі балласт массасымен қамтамасыз 
етіледі. Сондықтан оларды теңіз түбіне қада арқылы бекітудің қажеті болмайды. 
Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары құрылыстың беріктігін сақтайтын 
теңіз түбі жыныстарының, акваторияларында қолданылады.
10.8-сурет. GBS гравитациялық платформасы


239
Гравитациялық тұрақты теңіз платформалары – тірек бөлігінен және жоғарғы 
кұрылымнан тұратын, өте алып объектілер. Тірек бөлігі темірбетоннан жасалған 
бір немесе бірнеше тізбектерден тұрады. Цилиндр немесе конус формалы 
тізбектер, көп ұялы тұрақты базаға бекітіледі. База биіктігі тізбектерге қарағанда 
едәуір кіші. Ол бір-бірімен берік бекітілген ұя – понтондар бөлікшелерінен 
және төменгі бөлігі етекпен теңіз түбіне дамыған ортақ тірекпен орнатылған. 
Көпетекті тірек тақтасының өлшемі: ұзындығы 180 м, ені 135 м.
Гравитациялы тұрақты теңіз платформаларының артықшылығы – теңізде 
оны орнатуға ұзақ уақыт кетпейді. Қадалы платформаларды құруға және бекітуге 
кететін 7-12 ай орнына, шамамен 24 сағат жеткілікті. Гравитациялы тұрақты теңіз 
платформаларының өзінің жүзгіштігі мен ауытқуға қарсы жүйесінің болуына 
байланысты оны қымбат тұратын жүк көтергіш және тасымал құралдарынсыз, 
ұзақ қашықтыққа тартып, жұмыс жағдайына орнатуға мүмкіндік жасайды. Тағы 
бір артықшылығы, оларды жаңа кен орындарында қайтадан қолдануға бола-
ды. Бұл платформа отқа төзімді, дірілге тұрақты, теңіз коррозиясына шыдам-
ды келеді, салмақ әсеріне аз деформация береді және теңізді ластамау үшін көп 
жағдай қарастырылған.
10.8-сурет. Кондип типті платформаның үлгі сұлбасы
1 – жанармайлы ыдыс; 2 – ұяшық қабырғалары; 3 – жоғарғы қақпақ; 4 – шаруа 
қондырғысының тірегі; 5 – жоғарғы құрылым; 6 – бұрғы тірек тізбегі; 7 – мұнай 
сақтау қоймасы; 8 – төменгі қақпақ; 9 – балласт; 10 – құрыш етек; 11 – штифт


240
Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары дүниежүзінің әр түрлі мұхит 
акваторияларында қолданылып жүр. Әсіресе, Солтүстік теңізде кеңінен 
қолданылады.
Норвегияның Шығыс теңіз секторындағы Статфьорд кен орнында орнатылған 
Кондип типтес платформаның сызбанұсқасы (
10.8-суретте
) көрсетілген. Гра-
витациялы тұрақты теңіз платформаларының конструкциясының төменгі бөлігі 
24 понтоннан тұратын жылжымайтын конструкцияға жалғасқан. Понтондардың 
ішінде мұнай және 4 тірек тізбектері, көмекші шаруашылық тізбектерінде құрал-
жабдықтың негізгі бөлігі сақталады. Тізбектің ішіндегі көлденең алаңшаларға 
ірі және ұсақ агрегаттар мен құрылғылар орналасқан. Мысалы: сораптар, құбыр 
желілері, желдеткіш құрылғылар, лифт және баспалдақтар, т.б. 
Жоғарғы құрылым салмағы 2000 тонналық, қосқыш құрылғы арқылы 
қосылған 2 фермадан және өлшемдері 114x55x14 м, салмағы 5000 тонналық па-
лубалардан тұрады.
10.9-сурет. Корморант «А» тереңдікті платформасы
Жеке блоктардың салмағы 2000 т құрайды. Жабдықталған палубаның орта 
тасымалдау массасы 39000 т. Фермалар тірек тізбектерінің жоғарғы бөлігінде 
орналастырылған.


241
Статфьорд кен орнында орнатылған гравитациялы тұрақты теңіз 
платформаларының қысқаша техникалық сипаттамасы 
10.1-кестеде
берілген. 
Гравитациялық платформаларды жобалауда, жасауда жаңа шешімдер 
қолданылуда. Мысалы, Карин платформасының құрастырылған конструкция 
жобасында, толқын жүктемелер әсерін бірігіп жою қолданылған. Моноблок 
платформасының геометриялық формасы – дұрыс алтыбұрыш. Алтыбұрыштың 
бұрыштарында және ортасында 7 тірек орналасқан.
Тіректердің арақашықтығы, бір-бірімен біріктірілген 2 тірекке келетін күш 
мөлшері бірдей, бағыттары қарама-қарсы болатындай етіп таңдап алынған. Бұл 
арақашықтық толқын ұзындығының жартысына тең (
10.10- сурет
).
10.10-сурет. Кондип типті платформаның 
толқындық жүктемелерді теңелту үлгісі
А – шеңбердің екі радиусына тең толқын ұзындығы; Б – екі апофемаға тең 
толқын ұзындығы; I – толқын бағыты; II – қарсы кедергілер күштерінің бағыты
10.1-кесте. 
Солтүстік теңізде, Статфьорд кен орнында орналасқан Кондип 
типтес платформаның қысқаша техникалық көрсеткіштері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет