Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіздің қатаң тұрақты платформалары



Pdf көрінісі
бет108/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.4 Теңіздің қатаң тұрақты платформалары
10.4.1 Пирамида типтес қадалармен бекітілген 
тұрақты теңіз платформалары
Қадалармен бекітілетін теңіз тұрақты платформалары тірек бөліктерінен 
тұрады. Теңіз түбіне қадалармен бекітілетін, жоғарғы құрылымы қосымша 
құралдармен, технологиялық құрылғылар кешенімен жабдықталған.
Тірек бөлігі бір немесе бірнеше блоктан тұрады. Ол пирамида немесе тік 
бұрышты параллелипипед формалы болуы мүмкін. Блок торның өзекшесі 
негізінен құбыр тәрізді темір элементтерден тұрады. Тірек блогының саны 
берілген нақты ауданда, сенімді және қауіпсіз жұмыс атқаруы тиіс. Ол 
техникалық-экономикалық негіздермен және теңіз тұрақты платформаларының 
тірек бөлігін жасайтын зауыттың жүк көтергіш және тасымалдау көлігінің бо-
луымен белгіленеді.
10.6
а, б, в
-суреттерінде теңіз тұрақты платформаларының Каспий теңізінде 
қолданылатын түрлері көрсетілген. Төменде «28 сәуір» атындағы, тереңдігі 
100 м кен орнында теңіз тұрақты платформаларының бір мезгілде екі бұрғылау 
қондырғысымен бұрғылаудың қысқаша техникалық мәліметтері берілген. Плат-
форма бір-бірінен 31 м аралықтарда орналасқан. 2 тірек блогынан және үш 
палубалық жоғарғы құрылымнан тұрады. Жоғарғы құрылымы 14 модульден, 
оның ішінде екеуі мұнара астында, төменгі палубаның 6 модулі әрқайсысы 450 
т пайдалану жабдықтарымен, жоғарғы палубаның 6 модулі әрқайсысы 600 т 
бұрғы жабдықтары орналасқан.


233
Платформа тұрмыстық және тұрғын жайларымен, тік ұшаққа арналған 
алаңшамен, тиеу-түсіру крандарымен жабдықталған. Платформадан 12 ұңғы 
бұрғылау қарастырылған.
Жоспардағы өлшемі, м:
Массасы, мың т:
өндірістік алаңша – 71x50
платформалар –12,1
тірек блогы – 16x49
тірек блогы – 2,04
Тірек блоктары теңіз түбіне қадалармен бекітіледі, сондай-ақ үш палубалық 
жоғарғы құрылыспен, оған қосымша құрылғылармен және жүйелермен, соған 
сәйкес технологиялық және қосымша аспап-құралдармен жабдықталады.
Мысал ретінде платформада 12 және 24 ұңғының бағыттауыш тізбектерінің 
шоғырланып орналасу үлгісі 10.6 
а, б, в
-суреттерінде көрсетілген.
10.6 а-сурет. Каспий теңізінде қолданылатын 
теңіз тұрақты платформалары үлгісі
а – төрт блокты теңіз тұрақты платформаларылар;
1 – тірек блогы; 2 – жоғарғы құрылым; 3 – мұнара типті конструк-
циялар; 4 – бұрғылау мұнарасы; 5 – айлақтық-отырғызу құрылғысы; 
6 – судан бөлектейтін тізбек, 7 – қадалық фундамент;
Теңіз тұрақты платформаларының конструкциясын дамыту мақсатында 
шетел тәжірибесінде бірнеше қағидалы шешімдер қабылданды. Мысалы, 
Солтүстік теңіздегі Эйдер кен орнының платформасын жобалауда конструкция-


234
дан – қаданы су бетінен соғып кіргізетін құрылғы қолданылмайды, ферманың 
белдеуше саны азайтылады; бақылау жүргізу тиіс жерлерінде орналасқан 
элементтердің қажалу төзімділігі 120 жыл. Қадаларды платформа тірегіне суас-
тында бекіту, суастын алыстан басқару аппаратымен жүзеге асырылады.
10.6 б, в-сурет. Каспий теңізінде қолданылатын теңіз 
тұрақты платформаларыларының үлгілері
б – екі блокты теңіз тұрақты платформаларылар:
1 – тірек блогы; 2 – жоғарғы құрылым; 3 – айлақтық-отырғызу кұрылғысы; 
4 – бұрғылау мұнарасы; 5–судан бөлектейтін тізбек; 6 – қадалық фундамент; 
в – моноблокты теңіз тұрақты платформаларылар: 
1 – тірек блогы; 2 – жоғарғы құрылым; 3 – бұрғылау 
мұнарасы; 4 – судан бөлектейтін тізбек; 5 – қадалық фун-
дамент; 6 – айлақтық-отырғызу құрылғысы
Дайындау бағдарламасы бойынша жүзгіш құралдардан ұңғыны озық 
бұрғылау қарастырылған. Платформа аз рентабельді кен орнына арналғанын 
ескере отырып, жобаға тірек блогын түптік тақтамен біріктіру енгізілген. 
Жүзгіштік қорын азайту есебінен пайдаланылатын жерде платформаны орна-
ту жеңілдетілген. Платформа тіректерін қашықтан ауытқытпай орнату мүмкін 
емес, құбырлар желілерін байланыстыру қысқартылған. Конструкцияда 
жүзуге арналған құралдар (понтондар) су бетіне жақын орналасқан, ол қымбат 
гидравликалық жүйенің орнына алыстан басқарылатын толтыру пневматикалық 
жүйесін қолдануға мүмкіндік береді.


235
1978 жылы Мексика шығанағында 312 м терендікте «Коньяк» (Макдер-
мотт фирмасының жобасы) бойынша теңіз тұрақты платформаларының қатаң 
тірек бөлігі орнатылған. Пирамида түріндегі моноблок үш бөлімнен, 8 тіректік 
және 2 көтерілетін тіректен тұрады. Көтерілетін тіректер теңіз түбінен 122 м 
биіктіктегі тіректік фермаларға, моноблоктық ферма теңіз түбіне ұзындығы 190 
м-лік қадалармен бекітілген. Қадалар теңіз түбіне 137 м тереңдетіліп, іргетастың 
сыртқы периметрі бойынша, 24 бағыттауыш құбырлар арқылы жіберілген. 
Конструкцияның өзіндік тербеліс жиілігі 4 секундтан 5 секундқа дейін болады. 
Блоктың массасы 33,5 мың т, қадалар мен бағыттауыш құбырлардың массасы 23 
мың т, теңіз тұрақты платформаларының жалпы массасы 59 мың т.
Теңіз тұрақты платформаларының пирамида тәрізді моноблогы және 
әртүрлі жобалары мен дайындаулары бар. Мысалы: «Голф оф Мексико плат-
форм» жобасы бойынша 488 м тереңдікке, «Фиксед платформ» жобасы бойын-
ша 396 м тереңдікке, 450 м тереңдікке екі тірек блогынан тұратын жоба бойын-
ша, Солтүстік теңіз үшін «Твин Тауэр» жобасы жасалған және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет