Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мұнаралы тұрақты теңіз платформалары



Pdf көрінісі
бет109/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.4.2 Мұнаралы тұрақты теңіз платформалары
Климаты суық аудандарда, осы климатқа арналған негізінен мұнара тип-
тес теңіз тұрақты платформалары қолданылады. Төменде мысал ретінде Кука 
шығанағында орнатылған «Долли Уорден» платформасының қысқаша сипат-
тамасы берілген. Платформа 32-48 ұңғымадан тұратын ұңғылар шоғырын 2 
бұрғылау қондырғысымен бұрғылау үшін жасалған және келесі параметрлерге 
есептелген.
Жылдамдық, м/с:
ең үлкен үзіліссіз жалғаспалы 
-
27 
екпінді жел
-
36
теңіз ағысы
-
3,05
Мұз қабатының қалындығы, м
-
1,8
Температура, °С: 
қоршаған ауада
-
40
су асты ортасында
-
7
Қайту мен келудің ең үлкен толқуы, м -
10,7
Мұздықтардың ең үлкен массасы, т -
40
Платформаның квадрат тұрқы теңіз түбінен 54,6 м биіктікте орналасқан. 
Тұрқының салмағы 500 т. Тұрқының диаметрі 5,2 метрлік цилиндр тәрізді 
4 тірекке тірелген. Тіректердің центрлерінің арасындағы қашықтық 24,4 м. 
Тіректер 15-51 мм қалыңдықты суыққа төзімді материалдардан дайындала-
ды. Тірек материалының ең қалың бөлігі мұз бен ауаның тоғысатын жерінде 
мезгіл сайын суланып тұратын ұзындықта орналасқан. Тірек тізбектерінің 
іші d=2,75 м-лік ішкі құбырлармен бірқатар көлденең диафрагмалар және тік 


236
қатаң қырлармен тізбектің бүкіл ұзындығы бойынша күшейтілген. Тізбектің 
үсті 19-25 мм-лік суыққа төзімді құрыш материалдарға 4 көлденең белдеуше-
мен қосылған. Белдеушенің іші сақиналы диафрагмалармен және ұзына бойы 
қатаң қырлармен күшейтілген және платформаның палубасында тірек ретінде 
қызмет етеді, Белдеушенің ішінде отын мен сұйықтардың жиынтығы, ауыз су 
және техникалық су сақтайтын бөлімдер орналастырылған.
10.7-сурет. Бағыттаушы тібектердің шоғырланған ұңғыларда орналасу үлгісі
а – 24 ұңғымаға; б – 12 ұңғымаға


237
Конструкцияның суасты бөлігі төмен жағынан 1=1,8 м көлденең және 
диагональді түтік тәрізді элементтермен байланыстырылған.
Платформа табаны теңіз түбіне ұзындығы 106,7 м, 
d
=
:
840 мм 28 қадамен, 55 
м тереңдетіліп бекітіледі. Қада әр тіректе 8 ұңғыма бұрғылауды бағыттау үшін 
де қызмет етеді. Тірек бөлігінің салмағы 4400 т.
Үш палубалық жүйе жоғарғы бұрғылау, төменгі және ортаңғы пайдалану 
палубаларынан тұрады.
Олардың бәрі теңіз тұрақты платформалары тұрқында орналастырылған.
Бұрғылау палубасы 0,040-0,075 МПа үлестік салмаққа есептелінген. Палу-
бада екі бұрғылау қондырғысы, әрқайсысы 28,3 м³ цемент сақтайтын 6 ыды-
стар, құбырларды қоятын текшелер, бұрғылау сұйықтарына арналған жұмыс 
және қосалқы ыдыстар, ал олардың үстіңгі жағында ұңғыда электрометриялық 
жұмыс жүргізуге арналған құрал-жабдықтар жиынтығы орналастырылған.
Палубаның сыртында консольда 72 адамға арналған тұрғынжай орналасқан. 
Ал бұрғылау құбырларына арналған текшелердің астында қосымша тұрғынжай, 
шатырында тікұшаққа арналған алаңша бар.
Әр бұрғылау қондырғысы платформада ілмегі 4500 кН көтеретіндей 
мұнарамен жабдықталып, 6000 м дейін бұрғылауға есептелген, лебедка электр 
жетегінде жұмыс істейді. Жалпы сыйымдылығы 100 м³ және қосалқы 90 м³ 
ыдыстардан тұратын айналым жүйесі бар.
Пайдалану палубасы 0,04-0,047 МПа үлестік салыстырмалы жүк салмаққа 
есептелген. 61 метрлік палуба, отқа төзімді бөлгіштермен 7 бөлікке бөлінген. 
Төрт бұрышты бөліктерде қабатқа су айдау, алынып жатқан мұнай манифольдтері 
және сағалық жабдық жайғастырылған. Бесінші бөлікте газлифті жүйесінің ком-
прессоры, жанармай генераторлары және орталық бөлгіш қалқаны орналасқан. 
Орталық жетінші бөлікте төрт бұрғылау сорабы, жуу сұйығын дайындайтын 
жүйе, газотурбиналы жетекпен жұмыс істейтін қабатқа су айдайтын екі сорап 
бар. Осы бөлікте цементтеуші агрегат газотурбиналы генератор және бұрғылау 
сұйықтары ыдыстарына арналған алаң бар. Пайдалану палубасына әрқайсысы 
40 л/с су айдайтын сораптармен жабдықталған, сыйымдылығы 9,5 м

бұрғылау 
сұйықтарын араластыратын 4 ыдыс жүйесі жайғасқан. Сораптар бұрғылау 
сұйығын жоғары тығыздықта айдайды, бұрғылау сораптарының екпінмен сору 
желісі сұйықтарды жұмысшы және қосалқы ыдыстарға жеткізуді қамтамасыз 
етеді.
Төменгі палубада, орталық сорап, екі қазан, бу генераторы, теңіз суын дис-
тилляциялайтын агрегат, ауа компрессорлары және мұнайды теңіз жағасына ай-
дайтын сорап бар.
Эквивалентті қуаты 129 кВт жылыту жүйесіне кіретін екі қазан сугликольді 
қоспамен қоректенеді. Ол платформадағы барлық жылытуда қолданылады, тек 
тұрғынжайлар ғана электр тогы көзімен жылытылады. Қуаты 11 кВт ортадан 
тепкіш екі сорап, сугликольді қоспамен жабық жүйедегі айналымды қамтамасыз 


238
етеді. Жұмыс құрылғыларының шоғырланған жерінде желдеткішпен 
жабдықталған автоматты жылытқыштар бар.
480 в айнымалы электр жүйесі қуаты 750-500 кВт жанармай генераторынан 
және қуаты 850 кВт газотурбиналы генератордан қоректенеді. Тірек бөліктерінің 
белдеушелерінде 570 м
3
отын сақталады. Су жылытатын ыдыстар, бу генераторы 
және барлық газ турбиналары ілеспелі газдармен жұмыс істейді. Платформада 
жұмыс істейтін бұрғылау бригадалары мен өндіру операторлары және қосымша 
көмекшілер саны 85 адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет