Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет163/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

13.3.3.2 АГМ-2 топтық өлшеу қондырғылары
АГМ-2 мұнай және газ ұңғымаларының дебитiн автоматты өлшеу жүйесi 
“Нефтехимавтомат” НИПИ-мен құрылған. Ол топтық өлшеу қондырғыларында 
шығымның өлшеуiн автоматтандыруға және телемеханикаландыруға мүмкiндiк 
бередi. Топтық өлшеу қондырғыларының түрлi типтерiнiң келесi функ-
ционалды тораптары бар: ауыстыру блогы, ол берiлген бағдарлама бойын-
ша әрбiр ұңғыманы жота арқылы өлшеу блогына қосады; әрбiр ұңғыманың 
шығымын өлшеуi үшiн өлшеу блогы; ол айырғыштан және өлшеуiш дебитомер 
құрылғыдан тұрады; ұңғымаларды өлшеуге аудару үшiн өлшеу құрылғысының 
жұмысын есепке алу және апатты режимдер кезiнде топтық қондырғының 
автоматты қорғанысына арналған автоматты және басқару блогы. Бiр АГМ-2 
(
13.17-сурет
) қондырғысына (8)-ден (12)-ге дейiн ұңғымаларды қосуға бола-


354
ды. Өлшеу нәтижелерi автоматты түрде диспетчерлiк пунктте берiледi. Өлшеу 
айырғышында (8) мұнай және су деңгейiн өлшеу датчигi (13) орнатылады. 
Топтық қондырғысына әрбiр ұңғымаларды айырғышқа қосу үшiн мембранды 
атқару механизмi бар (8)-(12) таралу клапандары (17) қондырылады. Бұдан 
бөлек, оған қондырғыны басқарудың электрлiк блогы (6), пневматикалық тара-
лу блогы (3), айырғыштағы сұйықтық деңгейлерiнiң нөлдiк (14) және апатты (7) 
сигнализаторларды және электр тұтыну блогы (5) қондырылады. Сәйкес атқару 
механизмнiң мембранды ұшына сығылған газды беру кезiнде таңдалған ұңғыма 
(2) жалпы коллектордан (1) айырылады және өлшеу айырғышына қосылады. 
Сонымен қатар, қондырғыда айырғыштан сұйықтың ағызуын басқаратын мем-
бранды атқару механизмi (15) бар. 
Тарату клапандарының мембранды атқару механизмi (МАМ) пневматикалық 
таратқышпен (3) басқарылады, оның сильфонды жетегiшi электропневматикалық 
клапан (16) арқылы жүзеге асырылады. Соңғысы, электрлiк импульстi қабылдап, 
пневматикалық қадамды таратқышты (ПҚТ) бiр жағдайдан екiншi жағдайға ау-
дарады, ПҚТ-да қосылған ұңғыма санына байланысты (16) немесе (24) жағдайы 
бар, оның сегiзi айырғышында қосылуына сәйкес және сегiзi – айырғыштың 
босатылуына. Ұңғыманың айырғышқа қосылуының бiрiздiлiгi бастапқыда 
таңдалған МАМ және ПҚТ клапандарының қосылу кезекшiлiгiне байланыс-
ты. Айырғыштан түсiру желiсiне орнатылған МАМ клапаны, ПҚТ-мен және 
электропневматикалық клапанмен 4 басқарылады.
13.17-сурет. АГМ қондырғысының сұлбасы


355
Диспетчерлiк пунктте басқару пультi (12), бағдарламалық құрылғы 
(10), шығымды тiркеуiн (11) және тiркелген жиiлiктер генераторы (9) 
орналастырылған. Өлшеу айырғышына 1) магниттi емес материалдан жасалған 
құбыр (4) түсiрiлген. Құбыр бойымен екi қалтқы (поплавок) (8) және (10) 
жүредi, оларға магниттер (9) және (7) қондырылады. Қалтқы тығыздығы (8) 
мұнай тығыздығынан кем, сондықтан ол бет үстiнде қалқып жүредi. Қалтқы 
тығыздығы оған суда жүзуге, бiрақ мұнайда батырылуға мүмкiндiк бередi, яғни 
ол мұнай-су бөлiну зонасында орналасады. 
Сеператор сұлбасы 
13.18-суретте
көрсетілген.
13.18-сурет. Сеператор сұлбасы
Шығымды өлшеу алдында, айырғыш бос болғанда, барабанды (2) айналды-
ратын синхронды двигатель көмегiмен сыммен (5) құбырға (4) якорь түсiредi. 
Айырғыштың сұйықтықпен белгiлi бiр төменгi деңгейге дейiн толуынан кейiн 
барабанды (2) айналымға келтiретiн синхронды двигатель қосылады, якорь 
(6) жоғары көтерiледi. Бiрiншi және екiншi қалтқылар арасынан өткен кезде 
якорь қозғалысы магниттi өрiспен тежеледi, ол әсерiнен серiппе (3) сығылады. 
Бұл кезде контактiлі құрылғылардың КВН контактiсi тұйықталады және КРД 
контактiсi тұйықсызданады. Якорьдiң су және мұнай бөлiну сызығынан (қалтқы 
10) және айырғышта сұйықтық деңгейiнен (қалтқы 8) өту мезетiнде контактiлер 


356
жүзеге асады. Контактiлердiң тұйықталу және тұйықсыздануымен диспетчерлiк 
пунктке сигналдар жiберiледi. 
Өлшеу айырғышына электропневматикалық таратқыш (ЭПТ) және МАМ 
крандары көмегiмен бұл топтық қондырғыға сегiз ұңғыманың бiреуi қосылуы 
мүмкiн. ЭПТ электромагнитына импульс берiлген кезде өлшеу үшiн келесi 
ұңғыма қосылады. Электромагниттi клапан (ЭМК) жинақтаушы коллекторды, 
айырғыштың шығару желiсiмен бiрiктiретiн МАМ клапанының мембранды ба-
сына ауа берiлуге арналған. 
Айырғыштың босатылу мезетi КВО контактiсiнiң тұйықсыздануымен 
айқындалады. Барабанды (2) айналдыратын синхронды электроқозғалтқыш 
КВР соңғылық сөндiргiшi көмегiмен тоқтатылады. Деңгей өлшену және 
көрсеткiштердiң берiлуi “уақыт-импульс” әдiсiмен жүзеге асырылады. Пункт 
басынан “су деңгейi” сигналынан қабылдағанға дейiнгi уақыт аралығы су 
бағанасының биiктiгiн анықтайды, ал “су деңгейi” және “мұнай деңгейi” сиг-
налдары арасындағы уақыт – трап iшiндегi мұнай бағанасының биiктiгi. 
Диспетчерлiк пункттен (ДП) өлшеу айырғышы жиiлiктi әдіспен таңдалады. 
ДП-тан келетін желіге өлшеу қондырғысы қосылған және оның өзінің жиілігі 
бар. ДП-тан белгілі бір жиілікпен сигнал арқылы, топтық қондырғының ДП-та 
құрастырылған өлшеу аспабына қосылуы жүзеге асырылады. Сәйкес жиілікті 
сигнал, ДП-тағы бағдарламалы құрылғымен жіберіледі. Ұңғыманың айырғышқа 
қосылу уақыты, өлшеуі және оның босатылуы, сонымен қатар айырғыштардағы 
деңгейдің өлшеу бірізділігі бағдарлама қондырғысымен бекітіледі.
Әр ұңғыманың шығымын есептеу үшін таңдап алынған ұңғыма кіретін 
топтық қондырғы сепараторының телемеханика блогы, бағдарламалық қондырғы 
жиілігіне импульсті жібереді. Бұл импульс ПШР-ді “толтыру” жағдайына 
келтіреді. Бұл кезде сығылған газ ПШР арқылы таңдалған ұңғыманың тарату-
шы клапанының МИМ-не келеді және одан сұйық өлшегіш сепараторға келіп 
түседі.
Берілген уақыт аяқталған соң бағдарламалық қондырғы ұңғыманы траптан 
сөндіріп, жалпы коллекторға қосады. Сепараторға сұйық ағып, оны толтырады. 
Сонан соң автоматты түрде телеөлшегіш қондырғы қосылып, сепаратордағы 
су мен мұнай деңгейін өлшейді. Сол кезде регистратор сепаратормен ұңғыма 
нөмірлерін басып шығарады. Мұнай мен су деңгейін өлшегеннен кейін, 
сепаратордағы сұйық жалпы коллекторға ағызылып, ұңғыма дебитін өлшеу 
циклі аяқталады. АГМ жүйесінің көп жылдық қолданылуы, оның жоғары сапа-
лы екенін көрсетті.
Соңғы кезде Нариманов Н. атындағы, Серебровский А. атындағы, “Ар-
темнефтегаз”, “Нефтяные камни” МГӨБ-да,”Нефтехимавтомат” НИПИ-нің 
қызметкерлері құрастырған, “Каспий” телемеханика жүйесі енгізіле бастады.
“Каспий” телемеханика жүйесі: екіпозициялық кешендерді телебасқару, 
технологиялық параметрлерді телеөлшеу, кешендердің жағдайының телесиг-
нализациясы және өлшегіш қондырғылардың топтарынан (ГЗУ) жиналатын 


357
ұңғыма дебитінің жалпы сұйық, газ, мұнайдағы ылғалдылықтың пайыздық 
көрсеткішін, АТМ дебитөлшегішімен немесе өлшегіш траптарымен қамтамасыз 
етілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет